«Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті»



бет7/23
Дата04.10.2023
өлшемі414 Kb.
#479857
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Философия п нінен д ріс конспектілері

Бақылау сұрақтары

  1. Философиядағы сана мәселесінің мәні неде? Философия үшін санадегеніміз не?

  2. Философиядағы жан мен рух, идея ұғымдары нені білдіреді?

  3. Философиядағы сананы зерделеудің субстанциональді, функциональді және экзистенциалды-феноменологиялық модельдері қандай?

  4. Әлемдік сана, әлемдік рух ұғымдары қай философиялық ілімдермен байланысты?

  5. Антропосоциогенез ұғымының мәні неде?

  6. Бейнелеу, сезіну, тітіркену дегеніміз не?

  7. Сана және бейсаналық арақатынасы қандай? Бейсаналықты сансыздық деп аударған дұрыс па?

  8. Тіл дегенміз не?

4-тақырып: Болмыс. Онтология және метафизика


Дәрістің мақсаты – Философиядағы болмыс және метафизика, мән және мәніс, материя, қозғалыс, уақыт пен кеңістік ұғымдарының мәнін түсіндіру.


Дәріс сұрақтары:

  1. Онтология болмыс туралы ілім. Болмыс және өмір сүру. Мән және мәніс. Мәннің онтологиялық құрылымы.

  2. Болмыс және бейболмыс (Парменид, Зенон). Болмыстың түрлері. Философия тарихындағы болмыс мәселесі. Философияның негізгі категориялары.

  3. Материя ұғымы. Дүниенің материалдық бірлігі принципі. Қозғалыс, кеңістік және уақыт.

  4. Шәкәрім қозғалыс туралы. Құдай-әлем қатынасы мәселесі. Абай дүниетанымдағы Құдай және адам мәселесі.



Кілт сөздер: болмыс, бейболмыс, онтология, материя, форма, идея, қозғалыс, кеңістік пен уақыт, себеп пен салдар, мүмкіндік пен шындық, ойлау, таза сана, субъективтік, объективтік, абсолюттік рух. Парменид, Зенон, Платон, Аристотель, Августин, Декарт, Гегель, Гуссерль, Хайдеггер.

Әлемнің сыр-сипатын, дүниенің түп мағынасын, ішкі мәнін, айнала қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, олардың дамуы мен өзгеруін, адамзат қоғамының сан түрлі құпияларын танып білу қажеттігі – “болмыс” деп аталатын кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғымның тарихи тұрғыдан қалыптасуының басты себебі әрі алғышарты болып табылады. Тарихи дамудың әр дәуірінде өмір сүрген ғұламалар мен ойшылдар бұл ұғымды философиялық ой-толғаныстардың түп қазығы, бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді.


Болмыс – өмір сүретіндердің әртүрлілігі мен тұтастай әлемнің бар болуының негізін бекітетін философиялық категория. Яғни, тіршілік ету, бар болу қасиеттерін жинақтаған бүкіл әлем, ондағы заттар мен құбылыстар, идеялар дүниесі. Ол кейде «дүние», «әлем» түсініктерімен сәйкес, синоним ретінде де қолданылады. Бірақ «болмыс» атауында оның бар болуына, тіршілік етуіне, осы әлемге қатысуына баса назар аударылса, «әлем», «дүние» сияқты түсініктер болмыстың шынайы түзілімінің тұтастығын бейнелеу үшін алынады. Мәселен, әлемдегі болмыс – әлемнің бар болу, өмір сүруін бекіте түссе, «әлем болмысы» сол әлемнің шынайлығы мен жалпы болуға қатысуын анықтай түседі. Яғни, болмыс, жалпы алғанда, ол мейлі материалдық немесе руханилық болсын, әйтеуір бар болса, соны тұтас қамтитын философиялық категория болып табылады.
Профессор Серік Мырзалының пікірінше: «Болмыс ұғымының қайнар көзі Дүниеде «болу», «өмір сүруге» келіп тіреледі (салыстырыңыз: орыс тілінде «бытие» – «быть», ағылшын тілінде «beіng» – «to be» – деген етістіктен шыққан). Болмыс ұғымы материя ұғымынан гөрі көлемі жағынан кең – материя мен рухты бірдей қамтиды, өйткені, дүниеде кең түрде алып қарағанда екі-ақ нәрсе өмір сүреді – ол, бір жағынан, материя, яғни өлі және тірі табиғат болатын болса, екінші жағынан, материалдық емес – идея, сана, рух. Олай болса, болмыс ұғымы дүниеде өмір сүріп жатқанның бәрін қамтитын кең көлемді философиялық категория».
Философиялық әдебиеттерде болмыстың мынадай негізгі түрлері аталады: 1) материалдық болмыс (табиғи және адам жасаған заттар мен процестер болмысы); 2) идеалдық (рухани) болмыс; 3) адами, адам болмысы; 4) әлеуметтік (қоғам, социум) болмысы. Соңғы жылдары адам қызметінің әртүрлі салаларында «виртуалды реалдылық» (шындық) немесе «виртуалды болмыс» деген термин кең таралуда: адам мен компьютердің өзара іс-әрекетімен жасалған реалдылықтың моделі, яғни бұл ерекше жағдай, иллюзорлық, жорамалдылық реалдылық (болмыс).
Материяға – біртұтастық, яғни бүтіндік және құрылымдылық, біркелкілік тән. Болмыс дүниедегі бардың, өмір сүретіннің бірлігін, тұтастығын белгілесе, материя дүниенің материалдық негізінің бірлігін белгілейтін философиялық категория. Ленин ”Материя, - дейді, - түйсіктеріміз арқылы мәлім болатын, бірақ адам санасынан тыс, одан тәуелсіз өмір сүретін объективтік шынайылық”. Материяның өмір сүру тәсілі – қозғалыс. Қозғалыс дегеніміз кез келген өзгеріс. Қозғалыс объективті, абсолютті, салыстырмалы, мәңгі. Қозғалыс көп түрде болады. Ф.Энгельс қозғалыстың негізгі бес түрін көрсетеді. Олар: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және әлеуметтік.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет