«Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті»


Материя құрылымының элементтері



бет8/23
Дата04.10.2023
өлшемі414 Kb.
#479857
түріКонспект
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Философия п нінен д ріс конспектілері

Материя құрылымының элементтері:

  • Өлі табиғат;

  • Тірі табиғат;

  • Социум (қоғам).

  • Материя қасиеттері: қозғалыс, өзіндік ұйымдасу, уақыт пен кеңістікте орналасу және бейнелеу (шағылысу).

    Өлі табиғат деңгейлері: кварк, электрондардан тұратын адрондар, атом ядросы, атомдар, малекулалар, заттар, денелер, планеталар, планеталар жүйесі, галлактикалар, метагаллактикалар, ғалам деңгейі, бүтіндей әлем.
    Материя кеңістік пен уақытта өмір сүреді. Уақыт – дегеніміз заттар мен құбылыстардың өмір сүруінің ұзақтығын, олардың әртүрлі жағдайының ауысуын білдіреді. Ол оқиғалар ағымы. Платонның сөзімен айтсақ «Мәңгіліктің қозғалу бейнесі». Әртүрлі материалдық нысанның өз уақыты бар. Сондықтан да физикалық, әлеуметтік уақыт болады. Уақыттың үш өлшемі бар: қазір, кеше және болашақ. Уақыт ұдайы алға ұмтылады, ешнәрсе, ешкім оның объективті бағытын өзгерте алмайды. Оны тоқтатуға болмайды.
    Дүниедегі заттардың барлығы да кеңістікте орналасқан. Кеңістік негізі – нүкте, ұзындық, қашықтық. Кеңістік объективті, өйткені, ол – материяның ажырамас қасиеті. Кеңістіктің үш өлшемі бар, ол ұзындығы, ені және биіктігі. Сонымен қатар, бұл өлшем тек заттық формаларға ғана емес, әр түрлі процесстерге де тән. Уақыт пен кеңістік бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, уақыт оның төртінші өлшемі болып есептелінеді.
    Кеңістік философия, математика және физика секілді салаларда пайдаланылатын күрделі ұғым. Күнделікті өмірде іс-қимыл алаңы, барлық нәрселерді қамтитын ортақ ыдыс деп түсініледі. Мысалы ғарышты жиі ғарыштық кеңістік деп атайды. Басқаша айтқанда, кеңістік заттар мен құбылыстардың бірінің жанында бірінің орналасуы болса, уақыт – дүниедегі болып жатқан оқиғалардың бірінің соңынан екіншісінің келуі.
    Әл-Фараби онтологиясы бойынша болмыс құрылымының басында Алғашқы себеп, Алғашқы Ұлы Болмыс, Алла (ас-Сабаб ал-аууал) тұрады. Одан төмен, сол Алғашқыдан жаратылған Екінші себеп (бұған аспан денелері, олар сонымен қатар «рухтар», «періштелер»), бұлар ай үсті әлеміне жатады, одан кейін, Белсенді сана, немесе Әрекетшіл ақыл-парасат «оны «адал рух», «қасиетті рух» және басқа да осындай атаулармен атаған жөн, ал мәртебе дегенімізді – періштелер жайы деп және басқа осы сияқты атаулармен атау керек». Содан кейін барып, ай асты әлемі, адамдар, хайуандар, өсімдіктер, минералдар, төрт элемент орналасқан. Бұлардың барлығы да Ең Алғашқы Ұлы Болмыстан бастау алған, жаралған және бұл процесс үздіксіз жалғасып отырады.
    Адамдар белгілі бір табиғи және әлеуметтік ортада өмірге келеді, тіршілік – әрекетке араласады. Олар қоршаған ортаның, тұтас дүниенің бар екендігіне еш шүбә келтірмейді, бір қарағанда бұл өзінен-өзі түсінікті сияқты көрінеді. Сонымен бірге адамдар табиғат пен қоғамда үнемі өзгерістер болып, оның толысып жататынына қарамастан, дүние біршама тұрақты тұтас нәрсе ретінде сақталатынын да анық аңғарады.
    Сана белгісіз, ғайыптан пайда болған, дайын күйінде біздің миымызға енген құбылыс емес. Іштен де тумайды. Әрине, адам бойында атадан балаға көшетін кейбір нәсілдік бейімділік, қабілет те болады. Оның дамуы да түрлі жағдайларға байланысты. Бірақ сана ондай қабілет емес. Сана адам миына байланысты пайда болады. Ал ми – оның мекені. Сана адам миы қызметінің жемісі. Сана-сезім дегеніміз – адамның өзін ойлай алатын, сезе білетін, әрекеттенетін субъект ретінде түсіне бастауы. Дүние – табиғат, заттар дүниесі болсын, рухани дүние болсын – үздіксіз өзгерісте, қозғалыста, дамуда бола ма, жоқ, онда тыныштық, тепе-теңдік, өзгермеушілік басым ба деген сұрақ философияның көкейтесті, оның сананың материяға қатынасын қарастыратын дүниетанымдық, методологиялық маңызы зор мәселелердің бірі болып табылады. Кез-келген философиялық ілімнің ғылыми жүйесіне теория мен әдіс кіреді. Ғылыми теория (ертедегі гректің – зерттеу, ілім деген сөзінен алынған) затарды, процестерді талдайды, шын мәнінде олардың қандай екендігін түсіндіреді. Теория – белгілі бір білім саласында басшылыққа алатын идеялар жүйесі, адамдардың жинақталған тәжірибесі.


    Әдебиет

    1. Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013.

    2. Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. «Философия». – Алматы: Эверо, 2014.

    3. Мырзалы С. Философия: оқу құралы. – Аcтана: Бастау, 2014/16. – 646 б.

    4. Канке В.А. Философия: Учебное пособие для студентов выс­ших и средних специальных учебных заведений. – М.: Логос, 2001. – 272 с.

    5. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы, 4-том, Қазіргі заман философиясы / Ғылыми ред. Нұрышева Г.Ж. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 420 б.

    6. Зотов А.Ф. Современная Западная философия.– М.: Высшая школа, 2012.

    7. Хайдеггер М. Іргелі онтология /Метафизика дегеніміз не? // «Әлемдік философиялық мұра». Жиырма томдық. 13-том. Классикалық емес батыс философиясы. Аударғандар Т. Ғабитов, Қ. Әбішев. – Алматы: Жазушы, 2006. – 528 б.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет