«Қазақстан тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 10-сынып



бет2/14
Дата20.05.2022
өлшемі229.78 Kb.
#458383
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
10 сын ТЖБ

Түсіну


    • Қазақстанның тарихи даму процестері мен құбылыстарының, негізгі оқиғалардың мәнін;

    • ежелгі Орталық Азияның өркениет ошақтарын, көшпенділіктің әр түрлерінің, Қазақстан территориясындағы қалалық және көшпелі мәдениеттің сипатты белгілерін;

    • әлемдік мәдени-тарихи прогресс үшін Орталық Азия халықтарының жетістіктерінің маңызын;

    • түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстандағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын түсінеді.



Қолдану


    • Қазақстан мен Орталық Азия территориясында өмір сүрген мемлекеттер мен мәдениет ошақтарын уақыт пен кеңістікте анықтау кезінде;

    • Орталық Азия көшпенділер мәдениетінің қалыптасу мен даму ерекшеліктерін анықтауда;

    • түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық мәдени даму ерекшеліктерін анықтау кезінде;

    • Қазақстанның өткен және қазіргі кездегі оқиғалары мен құбылыстарына қатысты өз позициясын анықтау кезінде тарихи ойлау дағдыларын қолданады.



Талдау


    • түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан территориясындағы өркениеттер мен мемлекеттердің қалыптасуы мен дамуына түрлі факторлардың (географиялық, демографиялық, миграциялық, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) ықпалын;

    • себеп-салдар байланыстарын анықтау мақсатында Қазақстан тарихындағы тарихи оқиғалар, процестері мен құбылыстарды;

    • Қазақстан аумағындағы этногенез, саяси және мәдени процестерге қатысты негізгі ғылыми теорияларды талдайды.



Жинақтау


    • тарихи талдау әдістерін қолдана отырып шығармашылық, танымдық, зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды;

    • Қазақстан тарихы туралы тұтас түсініктері мен тарихи санасын қалыптастыру үшін тұжырымдар мен гипотезаларды жинақтайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет