Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтарының жобасы



Дата28.03.2024
өлшемі59.6 Kb.
#496847
Қазақстан тарихынан МЕ сұрақтарының жобасы (2)


Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтарының жобасы
1.Адамзат тарихындағы ең ұзақ уақытқа созылған ежелгі тас дәуірі:
2.Оңтүстік Қазақстаннан табылған палеолит дәуіріне жататын қоныстар:
3.Тасты кесу, жону, жылтырата тегістеу әдістері қай кезеңде болды?
4.«Қыш құмыралар заманы» деп аталды;
5. Солтүстік Қазақстаннан табылған мезолит дәуірінің тұрақтары;
6.Беғазы-Дандыбай мәдениеті Қазақстанның қай аймағына кеңінен таралған;
7.Қола дәуіріндегі жерлеу ғұрпының басты сипаты;
8.Қазақстан аумағында көшпелілік қалыптасқан аймақ;
9.Мезолит дәуірі қамтитын кезең:
10.«Іле аңғарындағы сақтар мен үйсіндердің ертедегі мәдениеті» еңбегінің авторы;
11.Орталық Қазақстанды темір дәуірінде мекендеген тайпалар?
12.Сақтардың бейнелеу өнерінің ескерткіші болып табылатын петроглифтер қай жерлерден табылды?
13.Аң стиліндегі өнерді шартты түрде неше кезеңге бөледі?
14.Аң стиліндегі өнердің алғашқы кезеңі;
15.Ерте темір дәуірінің хронологиясы;
16.Заратуштраның «Авеста» жинағында сақтар қалай аталды?
17.Оғыздар 965 жылы Киев Русімен одақтасып қай елді жеңді?
18.Сақтардың Бесшатыр қорымы қай жерде орналасқан?
19.Берел қорымына алғаш зерттеу жұмысы қай жылы жүргізілді?
20.Сақтар туралы мәлімет беретін ежелгі мәтіндер сақталған ел:
21.Ежелгі үнді-иран тілінде «ратайштар» деп аталғандар:
22.«Күміс олардың елінде болмайды, бірақ мыс пен алтын көп кездеседі» деп сақтар туралы жазған грек тарихшысы;
23.Сақ,сармат, үйсін тайпаларының келбеттері андроновтықтарға ұқсас екендігін айтқан антрополог ғалым:
24.Темір дәуірінде Солтүстік Кавказға, Парфияға жаулаушылық жорықтар жасаған тайпа:
25.Каспий жағалауында өмір сүрген сармат тайпасы:
26.Үйсіннің сәйгүлік мінген адам бейнеленген алтын қапсырма табылған қорым:
27.Үйсіндердің Ақтас қыстауы орналасты;
28.Үйсіндерде мүлік теңсіздігі болғандығын дәлелдейтін дерек:
29.Қаңлылардың археологиялық мәдениеттері;
30. «Халықтардың ұлы қоныс аударуын» бастаған;
31.Қаңлылылардың Қауыншы мәдениеті қай жерде орналасқан?
32.Қаңлылар туралы «Вэсаканың ер жүрек ұлдары … Канха қамалының алдында құрбандық берді» деп жазылған кітап;
33.Ғұндардың өркениетке қосқан үлесін дәлелдеп, еңбек жазған ғалым;
34.Түргештер территориясында қай жылы, қай қаланың жанында кімдердің үлкен шайқасы болды?
35.Түрік руна жазуларының ішіндегі қағандарға жазылған ескерткіштердің қайсысы ең ірісі болып табылады?
36. Батыс Түрік қағанатының саяси жағынан күшейген кезі қай қағандардың тұсында;
37.Атлах шайқасынан кейін-
38.Әл-Марвизидің деректері бойынша қарлұқтардың тайпалық құрамына қанша тайпа кірген?
39.Әл-Масудидің мәліметтері бойынша Каспий теңізіне құятын Ақ және Қара Ертіс өзендері туралы айтылады. Олар қай өзендер болуы мүмкін?
40.Оғыздардың күнделікті өмірде мемлекеттік мәселелерді шешу үшін шақырылатын шонжарлар кеңесі қалай аталады?
41.Бала кезінде әдейі атабектер тәрбиелеген, «инал» деген атағы бар мұрагерлер қай мемлекетке тән?
42.Оғыз мемлекетінің күшеюіне үлес қосқан;
43.Х ғасырда оғыздардың әскер басшысы қалай аталды?
44.Қимақтарда тайпалардың басшысын кім деп атады;
45.Дешті-Қыпшақ территориясы қандай аймақтарды қамтыды?
46.Қарахан мемлекетін Хорезм шахы Мұхамед құлатқан жыл;
47.Қарахан мемлекетінде ислам мемлекеттік дін ретінде қай қағанның тұсында қабылданды?
48.М.Қашғаридың жазуынша VІ ғасырда Сайрам деп аталған қала;
49.Моңғолдардың келуімен қазақ жерінде пайда болған жаңа этникалық топтар;
50.Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы қай ханның тұсында жүрді?
51.Алтын Орда, Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахань хандықтары болып қашан бөлініп кетті?
52.Ақ Орда билеушісі болған Барақ ханның мақсаты:
53.Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының еңбекші халқы әскерлерді азық - түлікпен қамтамасыз ету үшін қажетті заттай жиналатын салық қалай аталды?
54.Орыс хан 1374-1375жж. Хажытархан, Еділ Бұлғариясы, Сарай-Беркені бағындырған жорығынан қайтар жолда өзіне қосылмағандығы үшін төмендегі тарихи тұлғаны жазалады;
55.Моғолстан хандығы қай ханның тұсында ыдырай бастады;
56.Қазақтың халық болып қалыптасуының барысын бұзды;
57.XIII-XIV ғасырларда әскерлерді, почтаны, шенеуніктер аппаратын ұстауға жұмсалатын салықты қалай атады?
58.Қазақстан аумағында XIII-XIV ғ.ғ. халық ауыз әдебиетімен қатар жазбаша әдебиет дамыды:
59.Алтын Ордада билікке талас барысында 1357-1380 жж. аралығында қанша хан ауысқан?
60.Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы Терек өзенінің жағасындағы шешуші шайқас уақыты;
61.Алтын Ордада әскери істі бақылайтын лауазым?
62.Ноғай Ордасының негізгі аумағы?
63.Қазақ хандығы үшін саяси-экономикалық және әскери-стратегиялық маңызы болған қалалар;
64. Қазақ хандығы үшін саяси-экономикалық және әскери-стратегиялық жағынан маңызы зор болған қалалар;
65.Ақ Орда хандығы ыдырап, орнына Әбілхайыр хандығы құрылды:
66.«Қазақ сұлтандары хижраның 870 жылдары (1465-1466) билей бастады» деген мәлімет келтірілген тарихи шығарма: 
67.XV ғ-ң соңына қарай Қазақ хандығына қараған қалалар:
68.XV ғ.соңы-XVI ғ.басында қазақ хандары мен шайбанидтер арасында күрес жүргізді;
69.XVI ғасырдың 50-60 жылдарында Жетісу қазақтарының жағдайын ауырлатқан оқиға;
70.XV ғасырдың 70 жылдарында қазақ хандарының басып алған жерлері:
71.Қасым хан дипломатиялық қарым-қатынас жасаған ел;
72.Қазақ хандығы мен Өзбек хандығы арасындағы ұзақ жылдар жүргізілген соғыстың нәтижесі:
73. XVI ғасырда Хақназар хан кезінде Қазақ хандығының құрамына қосылды;
74. Тәуекел хан тұсындағы қатты шиеленісті;
75.XVII ғасырдың басында Қазақ хандығында бір мезгілде билік құрған хандар;
76.1710 жылы қазақ жерінде Қарақұм маңында бас қосудың себебі:
77.Ресей тарапы Жоңғария хандарынан қазақтарға шабуыл жасауды тоқтауды алғаш рет қашан талап етті:
78.«Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысқан билер;
79.1718 жылы салынған бекініс;
80.1718 жылы Аягөз өзенінің бойында жонғар әскерлерін женген шайқаста қазақ қолына басшылық жасады;
81.Жәңгір хан 600 жауынгерімен жоңғардың 50 мың жауынгеріне қарсы тұрған шайқас;
82.Тәуке ханның сыртқы саясатындағы мақсаты;
83.1715 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін оның орнына отырған хан;
84.Жоңғарлардың қалың қолының қазақ жеріне тұтқиылдан басып кірген жыл:
85.1723 жылы Жоңғарияның барлық күш-қуатын қазақ еліне қарсы жұмылдыруға мүмкіндік алуының себебі;
86.1731 жылы Әбілқайырды қолдап, Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының саны:
87.1723 жылы жоңғарлардың соққысына төтеп бере алмаған Ората жүз рулары ығысты;
88.Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған өңір;
89.Сарысу өзенінің бойында болған жоңғарлармен шайқас;
90.1724-1725 жылдары жонғарлар басып алған қалалар;
91.Жоңғар қонтайшысы Қалдан- Сереннің Орта жүзбен Кіші жүзге ұйымдастырған шапқыншылықтары болған жылдар;
92.1735 жылы Башқұрстанда болған патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы азаттық күреске қатысқандарды жазалау кезінде Қазақстанға қашқан башқұрттардың саны;
93.Сайланған ханның мал- мүлкін бөліп алу дәстүрі;
94.XVIII ғасырдың ортасында Жоңғариядағы билікке таласып, Цинь империясына қарсы шыққан және Абылайға арқа сүйеген;
95.1857жылы болған оқиға;
96. Қазақ халқының атақты хандары, билері сұлтандары, батырлары Абылайды хан етіп сайлады:
97.XVIII ғасырларда Ресейдің ішкі губернияларынан қазақ жеріне айырбасқа әкелінген негізгі тауарлар;
98.Е.Пугачевтің Кіші жүз ханы Нұралыға арнаған алғашқы манифесі қай жылы жарияланды:
99.Құсмұрын округі қашан құрылды:
100.Ш.Уәлиханов «Қазақ тарихы үшін Геродот даңқына лайық еңбек сіңірді » деп кімге теңеу берді?
101.Ш.Уәлихановтың Қашқарияға сапары қай жылдары болды?
102.Есет Көтібаров бастаған көтеріліс қашан болды?
103.Исатай Таймановтың ақырғы шайқасы:
104.Тентектөре бастаған көтерілісі кімдерге қарсы бағытталған
105.Арал өңіріндегі қазақтардың Хиуа және Ресей отаршылдығына қарсы азаттық күресті басқарды:
106.1870-1882 жж. Ташкенте шығып тұрған басылым:
107.XIXғ. II жартысындағы Орал мен Торғай облыстарындағы көтерілістің негізгі себебі:
108.1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы» Жарғы бойынша құрылған алғашқы сыртқы округ:
109.«Орынбор қазақтарын басқару жөніндегі жарғыны» әзірлеушінің бірі:
110.1869 жылы 19 мамырда граф-Борх отряды негізін салған бекініс:
111.1896 – 1903 жж. Далалық өлкені зерттеу үшін арнайы шығарылған , далалық өлкенің барлық уездерін зерттеуді мақсат етіп, Қазақстанда жер саясатын жүргізуді көздеген экспедиция:
112.Майор И.М.Лихарев отряды негізін қалаған бекініс:
113.1867 ж. 11 шілдеде ІІ Александр патша қандай жобаны бекіту туралы жарлыққа қол қойды:
114.1868 ж. 21 қазанда ІІ Александр патша қандай жобаны бекіту туралы жарлыққа қол қойды:
115. 1867-1868 жж. әкімшілік реформалар бойынша, түтін салығының көлемі:
116.1886 ж. 2 маусымда патша үкіметі қандай ережені бекітті:
117.1891 ж. 25 маусымда бекітілген басқару туралы заң:
118. Орынбор-Ташкент темір жолы салынды:
119.Арал теңізін зерттеу және картаға түсіру мақсатында 1848-1849 жылдары ұйымдастырылған экспедицияны кім басқарды:
120.Е.Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» атты еңбегінің екінші бөлімі қалай аталады:
121.Отарлық әкімшіліктің ең жоғары өкілі, әскери және азаматтық билікті өз қолына шоғарландырды:
122.Венгер ғалымы А.Вамберидің қазақтардың тұрмысы мен мәдени тіршілігі туралы деректер беретін еңбегі:
123.ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы үш жүз бойынша қазақ халқының саны туралы алғаш жарияланған мәліметтер кімнің еңбегінде кездеседі:
124.Атбасарда 1896 жылы Оралдан келген айдаудағы жұмысшы А.Д.Ушаков ұйымдастырған үйірме:
125.XX ғ.бас. социалистік идеяларды ұстанған, Омбы, Павлодар, Петропавл және т.б. қалаларда революциялық идеяларды насихаттаған, 1903 жылдан бастап РСДЖП мүшесі, 126.Омбыдағы почта-телеграф кеңсесінің телеграфисі:
127.1903 жыл 1 мамырда жергілікті баспахана жұмысшыларының саяси ереуілі өткен қала, ол Қазақстандағы тұңғыш саяси ереуіл болды:
128.300-ден астам жұмысшысы бар Успен (Нілді) кені қай облыста:
129.Бірінші Ресей революция жылдарында Қазақстанда барлығы қаншаға жуық социал-демократтар болды:
130.Дүниежүзілік империалистік соғыс кезеңінде Қазақстанда ұлтаралық қатынастардың шиеленісуіне алып келген жағдайлардың бірі:
131.I-Бүкілқазақтық съезде А.Байтұрсынов пен М.Дулатов Қазақ автономиясы қандай негіздегі мемлекет болуы керек деген мәселеге-
132.1918 жылдың қаңтарына дейін жекелеген нөмірлері 8 мыңға дейін жеткен басылым
133.1918 жылы мамырдың аяғында Чехословак корпусында жақсы қаруланған қанша адам болды?
134.Семейде кадет партиясының басылымы:
135.«Семипалатинский листок» газетінің редакторы, қазақ өлкесінің тарихы жөніндегі еңбектердің авторы:
136.1904 жылы Омбы кадет корпусында оқып жүрген жас В.В.Куйбышев маркстік үйірмені қай қалада ұйымдастырды?
137.І Мемлекеттік Думаға сайланған депутаттар:
138.ІІ Мемлекеттік Думаға сайланған депутаттар:
139.1905 жылы желтоқсанда Оралда бес облыстың қазақ депутататарының съезін өткізіп, 140.Ресейдің конституциялық-демократиялық партиясының бөлімшесін құруға әрекет жасаған зиялылар:
141.1905 ж. желтоқсанда интернационалдық сипат алған саяси демонстрация болған қала?
142.1905 жылғы 16-26 қарашадағы Семей қаласындағы қандай саяси ереуілді тарату үшін облыс губернаторы Галкин Қарқаралыдан әскери бөлімді шақырды?
143.XXғ.бас. патша үкіметіне қарсы күресте қазақтардың саяси белсенділігінің оянуына әсер еткен оқиға:
144.Қарқаралы петициясында қандай талаптар қойылды:
145.1905 жылы қазақтың мұң- мұқтажын патша үкіметіне жеткізген Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылар:
146.1905-1907 ж.ж. революциялық оқиғаларына байланысты алғашқылардың бірі болып теміржолшылардың кәсіподағы құрылған қала:
147.1905 жылдың тамызында Нижний Новгородта өткен қазақ дінбасылары қатысқан, 148.Бүкілресейлік мұсылмандар съезінде қандай одақ құрылды:
149.I және II Мемлекеттік Думаға Торғай облысынан сайланып, Дума жұмысында аграрлық мәселе бойынша белсенділік танытып, ұсыныстармен ескертпелер айтқан заңгер:
150.ІІ Николайдың І Мемлекеттік Думаны тарату туралы жарлығына қарсылық ретінде Дума депутаттарының үндеуі тарихта қандай атпен қалды –
151.1906 жылы 6 мың адамды, яғни теміржол бойындағы барлық жұмысшылар мен қызметшілердің 40,8%-ын біріктірген кәсіподақ ұйымы:
152.1906 жылы 9 шілдеде II Николай патша Думаны тарату туралы жарлыққа қол қойды. I Мемлекеттік Дума депутаттары «Халыққа халық өкілдерінен» атты үндеу қабылдады. Осы Выборг үндеуіне қол қойған қазақ зиялысы:
153.1906 ж. 6 қаңтарда патшаның арнайы жарлығымен Ақмола және Семей облыстарына соғыс жағдайы енгізіліп, Сібір Солтүстік Қазақстандағы революциялық күштерді басу мақсатында жазалау экспедициясын басқарған:
154.1907 жылы ақпанында «Оренбургский край», «Уральский дневник» газеттерінде жарияланған, патша үкіметінің отаршылдық саясатының қазақ халқы үшін ғана емес, жалпы Ресей үшін де апатқа соқтыратынын көрсеткен үндеу қалай аталды:
155.Бірінші орыс революциясы жылдарында революциялық прокламациялары мен үндеухаттарды Жетісуда және Қазақстанның басқа да аудандарында таратқан одақ:
156.Успен кенішінің орыс-қазақ жұмысшылары 1906 ж. 6 желтоқсанда митингіде өздерінің әкімшілікке өздерінің талаптарын әзірлеп, қандай одақ құрды:
157.I Мемлекеттік Думаға (1906 жылғы 8 шілдеде таратылды) сайланған заңгер А.Бірімжанов қандай мәселе бойынша ескертпелер мен ұсыныстар айтты:
158.Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында армияны азық-түлікпен және қару-жарақпен жабдықтауда патша өкіметінің органдары ретінде Семей, Петропавл, Верный және т.б. қалаларда құрылды:
159.XX ғ. бас. Ресейдің алдыңғы қатарлы зиялы қауымына аты мәлім болған, қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғап, тәуелсіз қазақ мемлекетін құруды мақсат еткен, өмірінің соңғы он жылында Мәскеуге жер аударылып, 1937 жылы 27 қыркүйекте өлім жазасына кесілген алаш зиялысы:
160.Абақтыға қамалып, басқа 12 басшымен бірге азаптап өлтірілген, 1916 жылғы Қарқара көтерілісінің жетекшілерінің бірі:
161.Ақпан төңкерісінен кейін алаш қайраткерлері ұйымдастырған Бірінші жалпықазақ съезі қашан және қайда болды?
162.Қазревкомның басты қызметі неде ?
163.Тұтас Түркістан идеясын ұстанған, Еуропадағы саяси эмиграциялық қызметтің негізін қалаушы, «Жас Түркістан» журналының редакторы, қоғам қайраткері:
164.1907 жылы 20 ақпаннан 3 маусымға дейінгі аралықта 103 күн қызмет етті-
165.«Қазақ» жалпыұлттық газетінің төңірегіне біріккен қазақ зиялылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтар қандай бағытты ұстанды:
166.II Мемлекеттік Дума мәжілісінде патша үкіметінің қоныстандыру саясатын айыптап, қазақ халқының атынан сөз сөйлеген қазақ зиялысы:
167.«Қазақ» жалпыұлттық газетінің төңірегіне біріккен қазақ зиялылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтар қандай бағытты ұстанды:
168.«Үш жүз» партиясының жетекшілері:
169.1916 жылдан қазақ жастарын әдебиетке тарту мақсатында, қазақ әдеби тілін дамыту, ұлттық әліпбиді қалыптастыру, ана тілінде оқулықтар шығару мәселелерін көтерген, редакторлары Б.Майлин мен Ж.Тілепбергенов болған қолжазбалық басылым:
170.1916 жылы Торғай даласында қазақ жастарын басқарған А. Имановтың жауынгер серігі, мергендер тобын басқарды:
171.1916 жылғы Жетісудағы ұлт-азаттық көтерілісте орыс шаруаларының ішінен көтерілістің Қарқара ошағын ұйымдастырушылардың бірі:
172.Қосөкімет кезеңінде либералдық-ұлттық демократиялық қозғалыс барысында Уақытша үкіметтің комиссары қызметін атқарған:
173.1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда болған бірінші Жалпықазақ съезінде құрылып, басшы органдары сайланды:
174.1917 жылы қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төңкеріс жасап, өкімет билігі кімдердің қолына көшті:
175.Мемлекеттік Думаның мүшесі Н.Н.Щепкин төрағасы болған Түркістан комитетіне қазақ зиялылары кірді олар-
176.Алашорда жетекшілерінің Кеңес үкіметімен келіссөздер жүргізу үшін В.Ленинмен және Ұлт істері жөніндегі комиссар И.Сталинмен кездесу үшін Мәскеуге жіберілген алаш өкілдері:
177.Орталығы Жымпиты қаласына орналасқан Алашорданың батыс бөлімшесін басқарды:
А. Бөкейхановтың кадеттер партиясынан шығуының себептерінің бірі:
178.1917 жылы 14 наурызда тыл жұмысына алу тоқтатылды:
179.1917 жылы наурызда Ташкентте құрылған түркі тілдес мұсылман халықтарын біріктіру, діни тұтастығын қалыптастыруды мақсат еткен ұйым:
180.Уақытша үкімет құрылғаннан кейін, Ферғана, Самарқан, Сырдария, Жетісу, Закаспий облыстарын қамтыған комитет:
181.1917 жылы Қазақстанның бірқатар қалаларында құрылған, мүшелері казактардың басшы топтарынан, кадеттерден, ірі саудагерлерден, Уақытша үкіметтің жергілікті өкілдерінен тұратын ұйым:
182.Қазақстанда Уақытша үкімет органдарына кімдер комиссарлар ретінде қабылданды?
183.Ақпан төңкерісінен кейін өз съездерінде автономия, мемлекеттік құрылыс, білім беру, азық-түлік, әйел теңдігі және т.б. мәселелерді талқылап, қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғауда маңызды қызмет атқарған:
184.Алаш қырғыз-қазақ облыстары автономиясының төрағасы болып балама негізде кім сайланды?
185.Азамат соғысы жағдайында барлық материалдық ресурстарды, бірінші кезекте азық-түлікті майдан қажетіне жұмылдыру халықтың әртүрлі топтары арасында азық-түлікті тұтынудың жаңа әдісін енгізу қажет болды. Бұл міндетті шешу үшін большевиктер экономика саласында төтенше шаралардың жүйесін енгізді. Ол қалай аталды?
186.Азық-түлік салғырты шаруалардан «артық өнімді» тартып алу үшін кімдерге артық құқық берілді?
187.Іс-қимыл бағдарламасы болған Әулиеата уезінде Тұрар Рысқұлов ұйымдастырған одақ:
188.«Жерді оны өңдейтіндерге беру керек» деген партия:
189.Бүкілтүркістандық съезд Түркістан үкіметі-Уақытша Кеңестің құрылғанын жариялады. Онда министр-төраға және ішкі істер министрі болып кім сайланды:
190.Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі қай қалада және қашан өтті?
191.Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезінде қабылдаған декреттері қаңдай?
192.1917 жылы 1(14) қарашада Жетісуда қаңдай жоғары билік құрылды?
193.1917 жылы маусымда «Шура-ислами» құрамынан шыққан мұсылмандардың топтасуымен құрылған партия:
194.«Әскери коммунизм» саясаты негізінде енгізілген еңбек міндеткерлігі мен еңбекке жұмылдырудың жойылу себебі:
195.Азамат соғысы басталған кезде ақгвардияшыларға көмек ретінде Иран мен Каспий өңіріне енген әскер:
196.Алғашқы Алаш отряды қашан және қайда құрылды?
197.Алашорда үкіметінің 1918 жылы Батыс және Шығыс бөлікке бөлінуіне себеп болды?
198.Атбасар уезінің Мариновка қонысындағы партизан командирі:
199.ҚазОАК-нің Төрағасы С. Мендешевтің 1922 жылғы 8 шілдеде ҚазОАК-нің III сессиясында жасаған баяндамасында осы жылдың көктемінде толық емес деректер бойынша Қазақстанда аштыққа ұрынған адамдар саны:
200.1920 жылы 4 қазанда қазақ кеңестік мемлекеттілігін құрудың негізгі қағидалары анықталған құжат:
201.1921 жылдың күзіне қарай Қазақ АКСР-інің аштықтан зардап шеккен аймақтардың тізіміне ресми түрде енгізілген бес губерниясын атаңыз:
202.Республиканың және Еділ бойының ашыққан тұрғындары үшін көршілес Моңғолиядан 1922 жылы сатып алынған мал саны:
203.1923 жылы құрылған Түркістан ағарту ісі жөніндегі комиссариаты бекіткен «Талап» қоғамының мақсаты:
204.1921 жылы Сібір ревкомы қарамағынан Қазақ АКСР-іне берілді:
205.Тұтыну кооперациясын және жеке сауданы дамытуға, несие жүйесін қолдануға жол ашқан саясат:
206.Индустрияландыруда дайын өнімді қайта алып келуге кететін шексіз транспорттық қаржы жұмсауға, яғни өлкені тек шикізат көзі ретінде пайдалануға қарсы болған кім?
207.1929 жылдан бастап КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуын межелеген мерзімді жоспарларының жалпылама атауы:
208.Өлкелік комитеттің ұйымдастырған тәркілеу науқанына тікелей басшылық жасайтын комиссия төрағасы:
209.1933 жылы қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланған кім?
210.Шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу қашан басталды?
211.Ірі байлардың малдарын тәркілеу мәселесі Қазақстанда алғаш рет қай жылы көтерілді?
212.1930 жылы жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін қай облыстардың жерлері пайдаланылды:
213.Сталиндік қуғын-сүргін жылдары 26 әкімшілік-шаруашылықтан құралған Қазақстандағы лагерь:
214.А.Байтұрсынұлы мен М.Сералин өзі жазбаларында Қазақстанға қосу қажет деп дәлелдеген аймақ?
215.Қазақ АКСР-ы Орталық Атқару Комитетінің алғашқы төрағасы:
216.1939 ж. Қазақстан зауыттарында балқытылған мыстың 51 %-ін берген кәсіпорын:
217.Қандыағаш-Орск темір жол желісінің құрылысы басталды:
218.1942 жылы 19-желтоқсанда Боковская-Пономаренко ауданында болған әуе айқасында жау танкілерін жойып, ерлікпен қаза тапқан Қарағанды қаласының өкілі:
219.Днепр үшін ұрыста 18 жасар қазақтар арасындағы ең жас Кеңес Одағының Батыры атағын алған:
220.Ұлы Отан соғысы жылдарында 316 –дивизияның 1073-атқыштар батальонының командирі:
221.Казачиха деревниясы үшін шайқаста қаза болған батыр қазақ қызы:
222.Қорғаныс Халық Комиссариатының 1942 жылғы 28 шілдедегі №227 бұйрық не туралы айтылған болатын:
223.Ұлы Отан соғысы жылдарында Ақтөбе қаласында жасақталған әскери құраманы ата:
224.Ұлы Отан соғысында қанша қазақстандықтар майданға аттанған?
225.Ленинград қоршауы жылдарында «өмір жолы» атанған:
226. «Халық жаулары» әйелдерін қамаған азап лагері қай жерде болды?
227.Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстан көмірінің 90 %-ін берген көмір алабы
228.1943 ж. КСРО ҒА Тарих институтының және ҒА Қазақ бөлімшесінің тіл, әдебиет және тарих институты ғылыми қызметкерлерінің ұжымы аяқтаған еңбек:
229.1943 ж. пайдалануға берілген маңызды кәсіпорын:
230.Соғыс жылдары 20-дан астам ғылыми-зерттеу институттары көшіріліп, орналастырылған Қазақстан қаласы:
231.Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Қазақстанға депортацияланған халық:
232.101 – дербес ұлттық атқыштар бригадасының командирі:
233.312 –атқыштар двизиясының командирі:
234.Соғыс жылдарында жарық көрген туынды:
235.ҰОС жылдарында еңбек армиясына қанша адам мобилизацияланды:
236.Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақ КСР-іне эвакуацияланған адамдар саны
237.Соғыс жылдары Қазақстанға эвакуацияланып, республика астанасына орналасқан мәскеулік тарихшылар тобын басқарған көрнекті тарихшы-ғалым:
238.Соғыс жылдарындағы еңбек колонналарының құрамы:
239.КСРО үкіметінің 1945 ж. қазан айындағы Қазақстан ғылымына қатысты қабылдаған шешімі:
240.Кеңес Одағының 2 мәрте батырлары тізіміндегі қатені табыңыз
241.Соғыстан кейінгі жылдары Қазақ КСР ҒА-ның толық мүшелері М.О.Әуезов, 242.Қ.И.Сәтбаев жұмыс жасаған жоғары оқу орны:
243.Соғыстан кейінгі жылдары құрылған бес ерекше лагердің Қазақстанда орналасқаны:
244.Соғыстан кейінгі жылдары көзқарасы ғылыми жалған деп танылған тарихшы- ғалым:
245.«Жылымық жылдары» деп аталған кезең КОКП ОК-нің қандай басшысының басқару кезеңімен байланысты -
246.1950 ж. шойынмен тек Қазақстанды ғана емес, Сiбiрдi, Оралды, Орта Азияны жабдықтаған металлургая комбинаты
247.1950 жылдары шығармаларында отарлау саясатын батыл сынағаны үшін феодалдық керітартпа, буржуазиялық-ұлтшыл туындылар деп айыпталған ХҮІІІ-ХІХ ғғ. алты ақын-жырауың бірі: 
248.Е.Г.Брусиловскийдің 1953 жылы дүниеге келген операсы:
249.1954 жылы мамыр-маусым айларында Жезқазғанда болған толқу:
250.«XIX ғасырдаң 20-40 жж Қазақстан» (1947 ж.) деген монографиясының авторы, ХХ ғасырдың 50 жылдарында қудалауға түскен ғалым:
251.Қазақ КСР Жоғарғы Соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының шешімі бойынша тарихшы Е.Б.Бекмахановқа берілген жаза:
252.XX ғ. 50-жылдар ортасында Қазақстанның солтүстігінде тілдік және демографиялық ахуалды өзгерткен процесс:
253.1956 жылы «Мәдениеттің ең үлкен байлығы», «Ана тілін қастерлеу» т.б.мақалалары үшін партия басшылығының сынына ұшыраған басылым:
254.ХХ ғасырдың 50 жылдары КСРО да әскери өндіріс инфрақұрылымын дамыту мақсатында салынған ірі өнеркәсіп кешені:
255.Қазақстан аумағында 3 млн. га-ға жуық жері бар, 11 ядролық жарылыс жасалған полигон:
256.1949-1989 жылдары Қазақстанда 478 жер үсті және жер асты сынақ жарылыстары жасалған полигон:
257.1965 жылы Компартияның Орталық Комитетінің наурыз пленумында қаралды;
258.1966-1979 жылдары Каспий ойпатындағы Азғыр полигонында қанша жер асты сынақтары жүргізілді:
259.1967 жылы сәуірде КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесі кандай қаулы кабылданды?
260.Тоқырау жылдары КСРО-дан іргесін аулақтатып, социалистік бағдар ұстанған:
261.XX ғасырдың 60-80 жылдарында «нөмерлерінде саяси өрескел қателіктер кеткен, партияның патриоттық тәрбие беруде жұмысына елеулі нұқсан келтіретін жарияланымдар енген» деп айыпталған журнал:
262.Барсакелмес аралында қандай қару сыналды?
263.КСРО кезеңінде Қазақ КСР-індегі ең жоғарғы билік органы:
264.Кеңестік Қазақстанда орналасқан, зиянды экологиялық күйзеліс тудырған әскери ядролық сынақ полигоны:
265.ХХ ғ. 60-70 жж. қарсаңында КСРО-дағы қоғамдық – саяси ахуалдың сипаты:
266.ХХ ғ. 70-80 жж. Қазақстанға импортталған өнім:
267.1980-90 жж. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланысындағы басым бағытта болған ерікті экономикалық аймақтар:
268.ХХ ғ. 70-ші ж.ж. Қазақстан жерінде орын тепкен аса зор территориялық-өндірістік кешен:
269.1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан жастарды басып-жаныштауға бұйрық берген ҚазКСР-інің Ішкі істер министрін атаңыз:
270.1986 жылғы шерушілерді жазалау әрекеттеріне жеке қатысуымен және тікелей басшылық жүргізген КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі:
271.1986 жылы Алматының Брежнев алаңында жиналған шерушілерді қуып тарату үшін КСРО Ішкі істер министрлігінің №0385 бұйрығымен әзірленген шартты операцияның атауы:
272.1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған көрнекті ақын, философ:
273.1989 жылдың маусымында Германияның Бонн қаласына сапарында, Желтоқсан көтерілісі болған сәттен екі жарым жыл өткен соң, оны «артта қалған, реакциялық және қайта құруға қарсы дұшпандық әрекет» ретінде сипаттаған КОКП ОК-нің бас хатшысы:
274.1980 жылдардың соңына қарай экономикалық даму бағытын нарықтық қатынастарға негіздеп қайта құру үшін Қазақстанда құрылған банк:
275.Н.Ә. Назарбаев 1992 жылдың 5-қазанында БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында сөйлеген сөзінде қандай бастама көтерді?
276.XXғ. 90 жылдарынан кейін Қазақстандағы халық санының кемуіне әсер еткен басты факторлар:
277.XX ғ. 90 жылдарынан кейінгі көші-қондағы Қазақстан үшін жағымды құбылыс:
278.1991 ж. 8 желтоқсандағы оқиғаны атаңыз:
279.1990 жылы Қазақстан байланыс орнатқан Оңтүстік Корея республикасының корпорациясы:
280.1991 жылдан бастап Қазақстан мен Қытай арасында жұмыс жасай бастаған теміржол өткелі –
281.Қазақстан Республикасының шетелдегі тұңғыш Елшілігі қай мемлекетте ашылды -
282.1991 ж. Қазақстан Республикасы сыртқы саясатта –
283.ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаев АҚШ президенті Д.Буштың шақыруымен бірлескен маңызды келісімдерге қол қойылған алғашқы ресми сапары қай жылы:
284.1992 ж. 2 наурызда болған оқиғаны көрсетіңіз:
285.1992 жылы Қазақстан қандай мемлекетпен ғылым мен білім саласында ынтымақтастық келісіміне қол қойып, нәтижесінде ЖОО мен лицейлер ашылды:
286.Қазақстаннан алыс шетелдерге қоныс аударушылардың құрамындағы басым ұлт:
287.1992 жылы ТМД шеңберінде Достастық елдерінің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әскери-саяси ынтымақтастықты нығайту мақсатында құрылған ұйым:
288.ҚР-сы қандай құжатта ядролық қаруды таратпау туралы шартқа ядролық қаруды иеленбейтін ел ретінде қосылу жөнінде міндеттемелер алды-
289.Қазақстанда мемлекеттік биліктің ең жоғарғы өкілдік органы болып табылады:
290.Қандай да бір өндіріс орнын дамытып өркендету мақсатында сол өндіріске қаржы салу немесе тарту ...... деп аталады
291.1994 ж. "Бейбітшілік үшін әріптестік" бағдарламасы:
292.1995 жылы республиканың шығармашылық зиялы қауымының бастамасымен құрылған ұлттық қор:
293.1995 жылғы 29-сәуірінде өткізілген референдумның нәтижесі:
294.Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен арадағы шекарасы қанша километрді құрайды?
295.Түркі мәдениеті мен өнерін зерттеу және әлемдік деңгейде насихаттау мен таныту мақсатында құрылған ұйым:
296.Қазақстанның қай көршілес елмен арадағы шекарасы 7591 км-ге жуық
297.1995 жылдың 20 сәуірінен шетел қазақтарына арналған апталық басылым:
298.«Қазақстан 2030» даму стратегиясының қоғамның ұзақ мерзімді жеті басым мақсаттарының біріншісі
299.ҚР Президентінің Жарлығымен «Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп жарияланған жыл:
300.1997 ж. 28 ақпанда Алматыда Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан президенттері қатысуымен өткен саммит қандай маңызды мәселеге арналды-
301.Қазақстан-2050 стратегиясының бірінші басым бағыты:
302.1998 жылдың басында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Кеден Одағы шеңберінде бастама көтерді. Бұл бағдарламалық құжат Достастық халықтарының күнделікті өмір сүруін жеңілдететін, оларға елден елге өту кезінде, азаматтық алуда, өздерінің басқа да құқықтарын жүзеге асыруда қиындық туғызбайтын шаралар қолдану туралы болды. Бұл бастама қалай аталады?
303.1998 жылы Астананы дамытудың Бас жоспары үшін графикалық идеялардың халықаралық конкурсында кімнің жобасы жеңімпаз деп танылды?
304.1998 жылғы 6 шілдеде Мәскеуде ІІІ ғасырға бағдарланған «Мәңгі достықпен ынтымақтастық туралы» Декларацияның маңызы:
305.Президент Н.Назарбаевтың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік сезіміміздің көрінісі деп бағалаған стратегиясы?
306.Ұлттық тарихты қалыптастыру, отандық тарихтың өзекті мәселелерін зерттеу, тарих ғылымын жаңғыртуды мақсат еткен бағдарлама:
307.«Халық тарих толқынында» атты бағдарлама аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де құрылып, жұмыс жасап жатқан ғылыми орталықтар:
308.Қазақстан Республикасы үкіметінің «Ғылым саласындағы сыйлықтар турады» 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685 қаулысы негізінде ҚР Білім және Ғылым Министрлігі Ғылым комитетінің ғылым саласындағы тағайындаған сыйлықтарының бірін атаңыз:
309.2000 жылдың 10 қазанында Астана қаласында өткен саммитте Кедендік одаққа қатысатын республикалар басшылары кездесу барысында келісім-шарт жасасты:
310.2000 жылғы 26-28 сәуірде Алматы қаласында өткен халықаралық экономикалық саммиттің атауы:
311.2000 жылы Қазақстанға «нарықтық экономикалы ел» деген мәртебесін берген халықаралық ұйымды атаңыз:
312.2000 жылы Қазақстанда ресми тіркелген саяси партиялар саны
313.2000 жылы ТМД мемлекеттері басшыларының саммитінде халықаралық терроризмге қарсы күресті күшейту мақсатында антитеррористік үйлестіруші орталық құруды ұсынған кім?
314.Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстан басшылары Шекара аймағындағы әскери саладағы сенім шараларын нығайту туралы келісім (Шанхай қаласы, 1996 ж.) мен Шекара аймағындағы әскери күштерді өзара қысқарту туралы келісімге (Мәскеу қаласы, 1997 ж.) қол қойғаннан кейін 2001 ж. қалыптасқан ұйымды көрсетіңіз:
315.2001 жылы 12 қыркүйекте Қазақстанмен Қытай арасындағы келісімге қол қойылды:
316.1992 жылы 17 маусымда Бермуд аралдарында Қазақстанның қай елмен үкіметаралық келісімі нәтижесінде тіркелген болатын:
317.2001 жылы 27 тамызда Алматыдан 35 км қашықтықта Алматы-Ташкент даңғыл жолының бойынша ашылған мемориал кімдердің ерлігіне арналды?
318.2002 жылы күзде Түркістанда өткен жиын:
319.Индустриялдық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру дегеніміз?
320.Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы аясында Қазақстандағы жүзеге асырылған жобалар?
321.2005 жылы 28 наурызда Астана қаласының соты ҚР Бас Прокурорының ұсынуы бойынша қандай ұйымды экстремистік ұйым деп танып және оның қызметіне республика аумағында тыйым салды?
322.Қандастарымызды орналастыру және оларға жағдай жасау мақсатында үкімет қаулысымен бекітілген «Нұрлы көш» бағдарламасы қабылданды:
323.Шетелдердегі қазақтармен байланыстарды одан әрі нығайту мақсатында, олардың тарихи отанына қайтуға кең жол ашу туралы мәселелерді талқылаған Дүние жүзі қазақтарының III құрылтайы қай жылы, қай қалада өтті:
324.2007-2009 жж. экономикалық дағдарыстың бірінші кезеңі басталғанда Елбасының тапсырмасымен...........құрылды?
325.2007 жылы Шымкент қаласында өнімінің 47 % экспортқа шығарылатын кәсіпорын
326.«Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» атты антология «Мәдени мұра» ұлттық жобасы аясында қай жылы жарық көрді?
327.Н.Назарбаев туралы «Қазақстан шынайы мақтан ете алатын үлкен жолдан өтті. Мұны небәрі бір кезең ғана деуіңіз арқылы да Сіз кемеңгерлік көрсетіп отырсыз. Еліңізді заманаға лайық деңгейде орнықтырып, оның халықаралық аренадағы асқақ мұраттарын қамтамасыз етуді қажет санап, Сіздің бекем бел буып отырғаныңызға қуаныштымын!»деп пікір білдірген мемлекет қайраткері:
328.Астана қаласындағы өзінің жалпы мағынасында негізгі үш философиялық түсінікті- жер, өмір және аспан ұғымдарын білдіретін құрылыс:
329.«Ғасыр келісімі» деген бағаға ие болған келісім, қай мемлекеттер арасында жасалды?
330.«Ланкестік, сепаратизм және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы» деп аталатын құжат қандай ұйымда қабылданды:
331.2009 жылғы санақ нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының халық саны:
332.2009 жылы Ақтөбе облысында іске қосылған мұнай құбыры қалай аталады?
333.Н.Ә.Назарбаевтың қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлығының шыққан жылы, күні ?
334.''Нұрлы көш'' бағдарламасының іске асырылу мерзімі көзделген уақыт аралығы:
335.2010 жылы желтоқсанда республикамыздың әлемдегі беделі мен атқаратын маңызды рөлін айқындай түскен жағдай:
336.«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы Н.Назарбаевтың қай мақаласында көрініс тапты?
337.Парламенттің айрықша құқығын көрсетіңіз:
338.Қазақстан 2011 жылы қандай халықаралық ұйымға төрағалық етті:
339.«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы Елбасының қай стратегиясында айқын басымдықтарды жүзеге асыруға бағытталған
340.«Америка этникалық топтарының Гарвард Энциклопедиясына» сәйкес 1960 жылдары АҚШ-та қанша қазақ отбасы тұрды:
341.1995 жылғы Конституция бойынша Қазақстан парламентінің палаталары:
342.Түркиядағы қазақ диаспорасы қалыптасқан:
343.2009 жылғы халық санағы бойынша Қазақстандағы қазақтардың үлесі:
344.Еуропада, Орталық Азияда және Солтүстік Америкада орналасқан 56 елдің басын біріктірген ұйымға Қазақстанның төрағалық етуі:
345.Қазақстанның еуропалық саясатында басым бағыты қай мемлекетке аударылды-
346.2016 жылы 31 наурызда Елбасы Н.Ә. Назарбаев Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммитте жариялады:
347.2017 жылы Қазақстанның Астана қаласында өткен ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбы қалай аталды?
348.Тарихи және мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру, археологиялық зерттеулер жүргізу, Қазақ тарихына қатысты алыс және жақын шетелдердегі қолжазба деректерді зерделеу және т.б. мақсат еткен бағдарлама:
349.ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік Мұралар тізіміне енген ескерткіштер:
350.«Қазақстан-2050» стратегиясының басты мақсаты Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған ...
351.“Рухани жаңғыру” бағдарламасы негізінде қазақ мәдениетін жаңғыртуға бағытталған қандай басылым жарық көрді?
352.Қазақтардың тұңғыш дүниежүзілік құрылтайында қабылданған шешімдер:
353.«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауда қандай мәселелер қарастырылды?
354. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес мемлекеттің ең қымбат қазынасы:
355.Қазақстан мен Ресей арасындағы -7591 шаршы шақырымды қамтитын мемлекеттік шекара белгіленген құжатқа қол қойылды:
356.Оқу орындарын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ететін Ы.Алтынсарин ат. Қазақ білім академиясының басылымы:
357.Қазақстандағы қоғамды демократияландыру, ауыл еңбеккерлерінің мүддесін қолдау, агросекторды қолдауды күшейтуге басымдық берген партия?
358.Қазақстан халқы Ассамблеясының басты міндеті:
359.ЮНЕСКО-ның шешімімен «Әлем қаласы», «Бейбітшілік қаласы» деп аталған қала:
360.ҚР Президенті 2012 жылы 27 қаңтарда «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында тұрғын үй- құрылыс индустриясын дамытуды көздейтін бағдарламаны әзірлеуді тапсырды. Бағдарламаның атауы:
361.Құрамында Қазақстан, Ресей, Беларуссия, Армения, Қырғызстан мемлекеттерінің экономикалық өсуін қамтамасыз етуді мақсат етіп құрылған одақ;
362.1995 жылы Конституция бойынша ҚР-ның басқару формасы
363.1998 жылдан бастап Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты шығара бастаған журнал
364.Тұңғыш президент «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының мақсаты:
365.Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрді:
366.Н.Ә. Назарбаев 2018 жылдың 5 қазанындағы Жолдауында 2019 жыл қандай жыл болып жариялады?
367.2019 жылдың наурыз айындағы Тұңғыш президент үндеуінің мазмұны:
368.Қазақстан Республикасында соңғы халық санағы қай жылы жүргізілді:
369.«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаланың авторы
370.2022 жылдың 16 наурызында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының атауы:

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет