2) қылмыстық заңнаманы зерделей келе рецидив қылмыс құрамының міндетті белгісі немесе саралау белгісі болатынын көруге болады.
3) қылмыс рецидиві қылмыстылық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай болып табылады.
4) қылмыс рецидивін түрлерге бөлу кезінде әртүрлі критерийлер негізге алынуы мүмкін. Жалпы рецидивті жай және арнайы деп бөлуге болады, жай рецидив кез келген қылмыстың қайлануын білдірсе, арнайы рецидив бір немесе біртектес қылмыстардың қайталануын білдіреді, сәйкесінше оның қоғамдық қауіптілігі де жоғары болып саналады. Ал Қазақстан Республикасының әрекет етуші қылмыстық заңнамасы рецидивті жіктеуде оның қауіптілік дәрежесін негізге алады. ҚР ҚК-нің 13-бабының мазмұнынан жай, қауіпті және аса қауіпті рецидивті бөліп көрсетуге болады.
5) қылмыстың рерцедиві бойынша жауаптылықты қолдану кезінде жаза тағайындаудың жалпы ережелерімен қатар бұрын жасалған қылмыстардың саны, сипаты және қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi, оның алдындағы жазаның түзетушiлiк ықпалының жеткiлiксiздiгiне себеп болған мән-жай, сондай-ақ жаңадан жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi ескерiледi. Қылмыс рецидиві бойынша жауаптылық қолдану кезінде қылмыстық заңмен соттардың жаза мөлшерін тағайындау мүмкіндіктеріне нақты құқықтың нұсқаулар көрсетілген. Ол рецидивтің қоғамдық қауіптілігімен және рецидивистке жеңіл жаза қолданып кету мүмкіндігін шектеумен түсіндіріледі.
6) қылмыс рерцедиві бас бостандығынан айыру жазасына қолданылған жазаны өтеу режиміне әсер етеді. Мысалға, аса қауіпті рецерецидив кезінде бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға – ерекше режимдегі түзеу колонияларына тағайындалады.
7) қылмыскер-рецидивисттің жеке тұлғасына келетін босақ олар көп жағдайда ерекше тұлғаға ие, мықты мінезді, ұйымдастырушылық қасиеттерге бай, өзіне басқаларды тартып тұратын адамдар болып табылады. Бірақ бұл жерде қылмыскер бір мәте бас бостандығынан айыру мекемелерінеде отырып келгеннен кейін қайтадан қоғамдық ортаға сіңуіне қиындықтар туындауына байланысты қылмыстық ортаға қайта бас салып, қылмысты қайтадан жасайтынан ескеру керек.
8) алдыңғы қайталанған қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілігінің кезеңіне байланысты қылмыс рецидивінің ерекше себептері мен шарттарын мынадай топтарға бөлуге болады: а) алдыңғы қайталанған қылмыстар үшін сотталғандығына байланысты мемлекеттік органдары қызметтерінің кемшіліктері; ә) жазаны орындау жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдырынының қызметіндегі кемшіліктер; б) бұрын сотталған тұлғаларға әкімшілік және қоғамдық бақылаудың кемшіліктері.
9) рецидивтік қылмыстылықтың алдын алу үшін ең басты қылмыстық заңның рецидивке қатысты нормаларын жетілдіру, халық арасында және әсіресе “түрме халқы” арасында құқықтық үгіт насихатты күшейту керек.
Достарыңызбен бөлісу: |