Аса қауіпті қайталану мынадай үш жағдайларда танылады:
бұрын ауыр немесе ауырлығы орташа қасақана қылмыс жасағаны үшін кемінде үш рет бас бостандығынан айыруға сотталған адамның қасақана қайта қылмыс жасауы; бұрын ауыр қылмысы үшін екі рет бас бостандығынан айыруға сотталған немесе аса ауыр қылмысы үшін сотталған адамның қайтадан ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталуы; бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адамның қайтадан аса уаыр қылмыс жасауы.
Рецидив қылмыс көптілігінің ең қауіпті нысаны болып табылады. Сондықтан қылмыстық заңнама рецидив заңда көзделеген шектер мен негіздерде неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтырады деп бекіткен (ҚР ҚК-нің 13-бабының 5-бөлігі). Қылмыстық құқық теориясында қылмыс рецидиві туралы әртүрлі ой-пікірлер айтылған. М.Д. Шадгородский “...қылмыскер бірінші қылмыс үшін жазаланып, оны өтегеннен келесі қылмыс жасағанда рецидив орын алады. Егер қылмыскер бірінші қылмыс үшін қылмыстық жазасын өтеп болғанша жаңа қылмыс жасаса, ол рецидив емес, үкімдердің жиынтығы болады”
Рецидив – латын термині және “қайталану” деген мағынаны білдіреді. Сөздіктерде де бұл сөз қылмыстың қайталануы деген маңынаны білдіреді
ҚК 13 бабы жоғарыда айтқандай қылмыстың қайталануын жай, қауіпті, аса қауіпаті деп үш түрге бөлгенмен қылмыстық заңның Ерекше бөлім нормаларында өзге де қайталану түрлері, мысалы арнайы қайталану кездеседі. Мысалы талан-таражды білдіретін қылмыстар үшін жауаптылық қарастыратын баптардың 3 бөлімінің «в»пункттерінде «ұрлық немесе қорқытып алушылық үшін бұрын екі немесе одан көп рет сотталған адам жасаған болса» деген кінәні ауырлататын құрам түрі кездеседі
Зерттеу жұмысын қорытындылай келе ғылыми әдебиеттер, монографиялар, мерзімді басылымдар және тергеу-сот тәжірибесі мен статистикалық мәліметтерді негізге ала отырып қылмыс рецидивіне қатысты келесідей қорытындылар жасауға болады:
1) қылмыс рецидиві қылмыс көптілігінің бір нысаны болып табылады және бұрын қасақана жасаған қылмысы үшiн соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауынан көрініс табады. Сәйкесінше қылмыс рецидивін сипаттайтын белгілерге қылмыстық қайталуын, соттылықтың болуын, алдыңғы және соңғы қылмыстың қасақанылық сипатта болуын және кінәлі адамның жасазын толық немесе ішінара өтеуі жатқызуымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |