Қазақстандағы жекешелендіру және мемлекеттік меншіктен шығару


Жекешелендірудің нәтижелері



бет4/4
Дата26.09.2023
өлшемі150.63 Kb.
#478645
1   2   3   4
Жекешелендіру

Жекешелендірудің нәтижелері

2000 жылдан кейінгі кезеңде ел экономикасы біртіндеп дағдарыстан шықты, онда өрлеу нышандары байқала бастады. Павлодарда жобалық қуаты 250 мың т алюминий құймасын шығаратын электролиз зауыты және жіксіз болат құбырларын шығаратын 10 мың жұмыс орны бар зауыт іске қосылды. Ақтөбеде қуаты 6 млрд текше метр газ өңдейтін Жаңажол зауыты салынды. 2008 жылы 70млн т-ға жуық мұнай өндірілді. 

Дүниежүзілік қаржы дағдарысы басталғанға дейін Қазақстанда ішкі жиынтық өнім (ІЖӨ) жылына 9-10% өсім беріп тұрды. Соның нәтижесінде 2007 жылы ІЖӨ жан басына шаққанда жылына 7000 АҚШ долларын құрады. Орташа номиналды еңбекақы 50800 теңгеге жетті. 

Жас отбасылары мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қол жететін бағамен ипотекалық несие арқылы пәтер алуын қамтамасыз ететін мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Үш жыл ішінде (2005-2007жж.) 160 мың отбасы немесе жарты млн-нан астам қазақстандықтар жаңа пәтердің кілтін алды. 

Жекешелендіру бағдарламаларында ерекше орын шетел инвесторларына беріледі. Өткен уақыт ішінде жеке проектілер арқылы жекешелендіруден 170 объекті өтіп, оның 4-уі жекешелендірілді. Олардың қатарына Алматы темекі комбинаты, Алматы және Қарағанды май зауыттары және Шымкент кондитер фабрикасы жатады. 

Қорытынды

Сонымен, Қазақстандағы жекешелендіру процесі күрделі әрі ұзақ процестерге жатады.

Оның мақсаты - өндірісті монополиясыздандыру, бәсекелестікті дамытуды, сыртқы экономикалық қызмете мемлекеттік монополияны бірте-бірте жоюды және жекешелендіру елге шетелдік инвестициялар мен импорттың қажетті мөлшерін әкелуді қамтамасыз ету.

Пайдаланылған әдебиеттер мен дереккөздер

  • Камаева В.Д. «Основы экономической теории» , - Москва, 1996 год
  • Әубәкіров Я. «Экономикалық теория негіздері»- Алматы, 1998 жыл
  • Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру және мемлекеттік меншіктен шығару http://bigox.kz/kazakstan-respublikasyndagy-zhekeshelendiru-zhane-memlekettik-menshikten-shygaru/


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет