- Электр энергиясына мұқтаждық өндірісте де, транспортта да, ғылыми мекемелерде де, сонымен қатар тұрмыста да үнемі артып отырады. Бұл мұқтаждықты екі түрлі жолмен өтеуге болады.
- Бір қарағанда ең табиғи және бірден-бір тәсіл - жаңа қуатты жылу, гидравликалық және атом электр станцияларын салу. Алайда жаңа ірі электр станцияларын салу үшін бірнеше жыл уақыт және көп қаражат керек. Осы кезде жылу электр станциялары қалпына келтірілмейтін табиғат ресурстарын: көмір, мұнай және газды пайдаланады. Сонымен қатар, бұл бір мезгілде біздің планетамыздың экологиялық тепе-тендігіне үлкен кесел келтіреді.
Алдыңғы қатарлы технологиялар электр энергиясына мұқтаждықты басқа жолмен камтамасыз етуге мүмкіндік береді. Электр станцияларының қуатын арттыру емес, электр энергиясын пайдаланудың тиімділігін арттыру алғы шепке шығуы тиіс. Электр энергиясын тиімдірек пайдалану мүмкіндіктері бар және де олар аз емес. Соның бірі жарықтандырумен байланысты, оған мәселен, өндірілген энергияның 25%-іне жуығы кетеді. - Алдыңғы қатарлы технологиялар электр энергиясына мұқтаждықты басқа жолмен камтамасыз етуге мүмкіндік береді. Электр станцияларының қуатын арттыру емес, электр энергиясын пайдаланудың тиімділігін арттыру алғы шепке шығуы тиіс. Электр энергиясын тиімдірек пайдалану мүмкіндіктері бар және де олар аз емес. Соның бірі жарықтандырумен байланысты, оған мәселен, өндірілген энергияның 25%-іне жуығы кетеді.
- Қазіргі кезде АҚШ-та және басқа елдерде ықшам люминесценттік шамдар жасалынған, олар қыздыру шамдарына қарағанда энергияны 80%-ке дерлік аз пайдаланады. Мұндай шамдардың құны жай шамдарға қарағанда қымбатырақ, бірақ олар тез есесін қайырады. Мұнымен қатар үйлерді және өңдірістік орындарды жарықтандыруды үнемді жүргізу бойынша жүргізілген қарапайым шаралардың өзі бірталай эффект береді.
Қажетсіз кезде шамдарды жағып қалдырмау керек, жүмыс орындары және т.б. жерлер ғана жарықтандырылатындай етуге тырысу керек. - Қажетсіз кезде шамдарды жағып қалдырмау керек, жүмыс орындары және т.б. жерлер ғана жарықтандырылатындай етуге тырысу керек.
- Электр энергиясын тұрмыста мұздатқыш қондырғыларда, теледидарда, компьютерлерде және т.б. пайдаланудың тиімділігін арттырудың көптеген басқа да мүмкіншіліктері бар.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |