Қазақстандағы өлкетанудың қалыптасуы мен дамуы және xixғ орыс зерттеушілері және олардың қазақ өлкесін зерттеудегі рөлі Жоспар



бет5/8
Дата19.03.2023
өлшемі44.52 Kb.
#470969
1   2   3   4   5   6   7   8
сөж4-5

Бірінші кезең. Бірінші кезеңдегі зерттеулерді жалпылама қарастыруды жөн санап отырмыз. Себебі Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстандағы тарихи зерттеулер негізінен жалпылама, сипттамалық болып келгені жəне ондай зерттеулерде көбінесе тарихи, этнографиялық, археологиялық жəне географиялық сипаттамалар аралас болып келгені белгілі. Бұл кезеңде нақтылы ғылыми салааралық жіктелудің қалыптаспағандығынан, тарихнамалық шолу жасау барысында жалпы қарастыра отырып, тарихи география мəселелерін ажырату арқылы баға беру дұрыс болады.
Қазан төңкерісіне дейінгі зерттеулерге тарихнамалық шолуды қазақ халқының көрнекті ғалымы жəне қоғам қайраткері Ш.Уəлихановтың еңбектерінен бастаған дұрыс. Ш.Уəлихановтың қазақ халқының этногенезі, саяси-əлеуметтік тарихына, рухани жəне материалдық мəдениетіне арналған зерттеулері өзекті мəселелерге арналып, «Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тұрмысын зерттеуге аса бағалы үлес болып қосылып, замандастарының орасан зор ынтасын туғызды» [6, 533б]. Шоқан Уəлихановтың тарихқа қосқан үлесі мен тың бастамалары күні бүгінге дейін көптеген зерттеулерге арқау болып келеді. Сонымен қатар Ш.Уəлихановтың Орта Азия мен Шығыс Түркістан халықтарының географиясын, этнографиясы мен фольклорын зерттеуге үлкен үлес қосты. Қазақстандағы тарихи-географиялық зерттеулердің бастамасын Ш.Уəлихановтың еңбектерін зерделеуден, ғалымның ізденістеріндегі жəне зерттеулеріндегі мəселелерді қарастырудан бастап отырмыз. Əрине, осы уақытқа дейін Ш.Уəлихановтың өмірі мен шығармашылығы арнайы жəне тарихнамалық зерттеулерде орын алып келді . Бірақ оның еңбектерінің тарихнамасы тарихи-географиялық тұрғыдан арнайы түрде қарастырылған жоқ.
Ш.Уəлихановтың еңбектерін тарихи-географиялық тұрғыдан: біріншіден, Шығыс Түркістанның тарихи-географиялық мəселелері топтамасы; екіншіден, Орта Азияның тарихи географиясын анықтайтын еңбектер топтамасы; үшіншіден, Қазақстаннның тарихи географиясына қатысты мəселелер топтамасы. Шығыс Түркістанның тарихи географиясына келесі еңбектерін жатқызамыз:
1. «Жоңғария очерктері»;
2. «Ыстықкөл сапарының күнделіктері»;
3. «Қытай империясының Батыс өлкесі жəне Құлжа қаласы»;
4. «Қашғарға баратын жəне Алатау округіне қайтатын жолдың сипаттамасы»;
5. «Алтышар жəне Нан-Лу қытай провинциясының алты шығыс қаласының (Кіші Бұқария) сипаттамасы»;
6. «Географиялық сипаттамаға қосымша» — бұл зерттеуде Тянь-Шань, Болор, Куэньлунь арқылы өтетін жəне Қытайдың Батыс өлкесінің ішкі қатынас жолдарының сипаттамасы берілген.
Екіншіден, Орта Азияның тарихи географиясын анықтауға болатын еңбектері:
1. «Қырғыздар» («Орда тарихы», «Көне мұралар бөлімдері»);
2. «Орта Азия хандықтары: Хиуа, Бұқара жəне Қоқан жəне олардың Ресейге қатынасы»;
3. «Ресейдің Хиуамен қатынасы»;
4. «Түркімендер туралы»;
5. «Қатынас жолдары» (Орта Азиядағы қалалардың арасындағы қатынас жолдары берілген. - Ж.Ж.).
Үшіншіден, Қазақстанның тарихи географиясына қатысты мəселелерді қарастыруға болатын еңбектері:
1. «Қырғыз-қайсақтардың (қазақтардың. — Ж.Ж.) молалары жəне көне ескерткіштері туралы»;
2. «Қырғыз (қазақ. - Ж.Ж.) шежіресі»;
3. «Баянауыл округі туралы»;
4. «Абылай туралы»;
5. «Қазақтардың көші-қоны туралы»;
6. «Қарқаралы сыртқы округінің болыстықтарының қысқы көштері»;
7. «Жұбан-ана мазары»;
8. «Ресей империясының географиялық-статистикалық сөздігіндегі» мақалалары (оның ішінде қазақтар туралы мақаласы. - Ж.Ж.).
Ш.Уəлихановтың еңбектерінен келесі тарихи-географиялық көрсеткіштерді, яғни:
- рулардың орналасуы, қоныстануына;
- қатынас жолдарына;
- тарихи-мəдени ескерткіштеріне байланысты мəліметтерді көре аламыз.
Мысалы, «Қырғыз шежіресі» жəне «Баянауыл округі» туралы зерттеулерінде қазақ ру-тайпаларының, оның ішінде Орта жүз қазақтарының территориялық орналасуы мəселелері қарастырылған. «Абылай туралы» атты зерттеуінде 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қазақтардың қандай территорияларға орналасқаны, Абылайдың қырғыздарға жорығы туралы тарихи-географиялық мəліметтер , «Қазақтардың көші-қоны туралы» зерттеуінде мал шаруашылығына байланысты мəселелер, «Қарқаралы сыртқы округінің болыстықтарының қысқы көштеріне» байланысты деректер бар, онда Сарыарқа өңірінің жер-су атаулары берілген.
Тарихи география саласы бойынша ең маңызды мəселелердің бірі — сауда жəне қатынас жолдарының сипаттамасы. Бұл Ш.Уəлиханов еңбектерінде жиі кездесетін мəліметтердің қатарын құрайды. Автордың еңбектерінің негізінде Қазақстандағы бірнеше сауда жəне қатынас жолдарын: мысалы, Семей қаласынан Қоқанға дейінгі, Семейден Шығыс Түркістанға, Құлжа қаласына, Қырғыздарға баратын қатынас жолдары берілген. Сонымен қатар жазбаларында Шығыс Түркістан мен Орта Азияның тарихи географиясы жан-жақты сипатталған.
Ш.Уəлихановтың қазақ даласындағы тарихи-мəдени ескерткіштер туралы зерттеулері құнды. Мұнда, біріншіден, ескерткіштердің орналасуы, екіншіден, ескерткіштердің салынуы себептері, үшіншіден, ескерткіштердің сипаттамасы берілген.
Ш.Уəлихановтың түркітілдес халықтардың тарихы мен этнографиясына қатысты еңбектерін саралай отырып, тарихи-географиялық мəселелерді анықтаймыз. Мысалы, оңтүстік сібір тайпаларына жүргізген зерттеуінде рулардың тарихи кезеңдердегі қоныстануы мен орналасуы мəселелері қарастырылған .
Ш.Уəлихановтың картографиялық мəліметтерді жинақтап, əрі зерттеген өңірлердің картасын сызып, жасалған карталарға қосымшалар енгізгені белгілі. Оған «Азия карталары туралы жазбалары» дəлел болады .Қолымен сызған карталарының көшірмелері сақталған, олар: Торғай даласы мен Құсмұрын округінің, Сырымбет тауы ауданындағы қазақтардың күзектері мен қыстауларының схемалық карталары жəне т.б.
Бірінші кезеңге тəн тарихнамалық ерекшелік - тарихи-географиялық мəліметтердің көбіне сипаттамалық негізде болуы. Қазақстанның тарихи географиясының зерттелуі Ш.Ш.Уəлихановтың еңбектерімен байланысты. Ш.Ш.Уəлихановты тарихи географияның негізін салды деп айтуға болады.
Екінші кезең, кеңестік дəуірдегі отандық тарихнамалық шолуда ХХ ғасырдың 20-шы жылдарынан Қазақстанның тəуелсіздік алған уақытына дейінгі жарияланған зерттеулер қарастырылды. Мұнда, біріншіден, тарихи зерттеулерді; екіншіден, археологиялық; үшіншіден, этнографиялық зерттеулерді қарастыру алға қойылды. Бұл кезеңнің өзін іштен бөлу тарихи географиялық-мəселелердің кеңінен қарастырылуынан туындады.
Белгілі түрколог, шығыстанушы ғалым Ю.А.Зуевтың еңбектерінде Қазақстанның тарихи географиясына байланысты бірнеше мəселелер қамтылған. Оның үйсіндердің этникалық тарихын саралауға арналған зерттеуінде қытай деректерінің негізінде үйсіндердің ежелгі дəуірлердегі мекен еткен жерлері анықталған. Үйсіндердің бастапқы кезде Аньдин-Пинлян (Қарағалы өзені) деген жерді мекендеп, IV ғасырдың соңында Цинь мемлекетінің Лунси, Бэйди жəне Шанцзюнь облыстарын басып алғаннан кейін батысқа қоныс аударғаны айтылады. Сонымен қатар Ю.Зуевтың Орта Азия жəне Қазақстан территориясын мекендеген түркі-монғол тайпаларының тарихы мен этнографиясын зерттеуде маңызды болып саналатын қытайдың «Танхуйяо» тарихи шығармасының «Тамги лошадей вассальных княжеств» деп аталатын бөлімінің аударамасы жəне оның түсініктемелері ортағасырлардың тарихи географиясы үшін маңызды. Онда ерте ортағасырлардағы түркі тайпаларының қоныстану территориялары көрсетілген.
Сондай-ақ Ю.А.Зуевтың қазақтардың үштік (триалды) жүйесінің қалыптасуын анықтауға бағытталған зерттеуінде тарихи-географиялық мəселелер қамтылған. Қазақ халқының Орта жүз рулық бірлестігіне жататын тайпалардың орта ғасырларда орналасуы мен қоныс аудару бағыттарын анықтай отырып, осы үрдістің нəтижесінде бірнеше ру-тайпалардың Орта жүзге бірігуін көрсетеді.
Қазақстандық шығыстанушы, көрнекті ғалым В.П.Юдиннің еңбектері отандық тарихнамада ерекше орын алады. Оның «Орды: Белая, Синяя, Серая, Золотая» зерттеуі Қазақстанның тарихи- географиясының мəселесіне арналған . Автор Қазақстанның ортағасырлық тарихынан орын алып отырған Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда тəрізді саяси құрылымдардың пайда болуы мен қалыптасуына, олардың айырмашылықтарына талдау жасайды. Мұнда тарихи географиялық тұрғыдан ең маңыздысы, саяси бірлестіктердің қалыптасуынан бастап қандай территорияларды қамтуын анықтауы болып табылады. Автор «Шыңғыснаме» мəліметтеріне сүйене отырып, Жошы ұлысының батыс бөлігінде, Польшамен шекаралас территорияда Шайбанның иелігінің болғанын жəне оның Боз Орда аталғанын көрсетеді . Бұл ортағасырлық тарихи география үшін маңызды дерек. Сонымен қатар В.П.Юдин Мамай, Мұрат, Қырым жəне тағы басқа Қазақстанмен шекаралас территориялардағы саяси бірлестіктерді де қарастырды.Көшпелі бірлестіктердің географиялық орналасуына байланысты аталуы да ерекше қызығушылық туғызады. Мысалы, Жембойлық Ордасының атауы «Жем өзенінің бойы» деген ұғымнан туындағанын айтады.Сондай-ақ В.П.Юдиннің Моғолстан территориясын мекендеуші тайпалардың орналасуын зерттеу тəжірибесі де өте маңызды болып табылады.
Қазақстандағы этнографиялық зерттеулердің ішінде де тарихи-географиялық зерттеулер болды. Оның ішінде бірінші кезекте танымал этнографтар, апалы-сіңілі Б.Х.Қармышева, Дж.Қармышевалардың Қазақстанның тарихи географиясын зерттеуге арналған «Арқа жұрт дегеніміз не?» ғылыми мақаласын айтуға болады . Авторлар халық арасындағы «Арқа» ұғымының географиялық мағынасын анықтауға талпыныс жасайды. Қазақстанның орталық, шығыс жəне солтүстік бөліктерін Арқа атайтыны туралы ғылыми айналымға Қ.Халид мəліметтерін енгізеді . Мұндай тарихигеографиялық атаудың қалыптасуының кезеңін анықтауда ғалымдар Əбілқайыр ханның «көшпелі өзбектер мемлекетінің» уақытынан бастау алады деген тұжырымға келеді .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет