Қазақстандағы өлкетанудың қалыптасуы мен дамуы және xixғ орыс зерттеушілері және олардың қазақ өлкесін зерттеудегі рөлі Жоспар



бет1/8
Дата19.03.2023
өлшемі44.52 Kb.
#470969
  1   2   3   4   5   6   7   8
сөж4-5


Қазақстандағы өлкетанудың қалыптасуы мен дамуы және XIXғ орыс зерттеушілері және олардың қазақ өлкесін зерттеудегі рөлі


Жоспар:
1. XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанды батыс және орыс ғалымдарының зерттеуі
2. Отандық зерттеушілер мен орыс саяхатшылары және тарихшыларының қазақ өлкесін зерттеудегі маңызы
1. XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанды батыс және орыс ғалымдарының зерттеуі
XVIII ғасырда батыс еуропалық шығыстануда Қазақстанды зерттеу онша орын алған жоқ; мұны ішінара зергтеушілер қолында болған деректемелердің аз екендігімен түсіндіруге болады. Бірақ XIX ғасыр ішінде көптеген саяхатшылардың, дипломаттардың, көпестер мен миссионерлердің күш-жігері арқасында ортаазиялық аймақ халыктарының әлеуметтік-экономикалық және саяси тарихы туралы алуан түрлі фактологиялық материал жинақталды.
Қазіргі авторлар Э. Бэкон. Л. Кралер, Дж. Уилер, Ш. Акинер, М. Олкотт, Э. Саркисяниц, А. Бенигсендер мен басқалардың монографиялары қазақ халқының тарихи өткен кезеңдеріне жаңа концептуалдық көзқарас (жаңғыртушылық концепция, құрылымдық-функционалдық талдау, диффузионизм мектебі және тағы басқалар) арнасында жасалған.
C. Гедин Орынбордан, Мәскеуден, Нижний Новгородтан тауарлар әкелінген Қарабұтақтағы, Ырғыздағы, Қазалыдағы, Түркістан мен Шымкенттегі сауданың жай-күйін көрсете келіп: «Ең кызу айырбас сауда Троицк мен Оралда жасалады, өйткені ең бай қырғыздардың (қазақтардың. ) ауылдары сол жерде» деп жазған.
Шетелдіктер саяхаты, әдетте, елді мекендер арқылы жасалған, сондықтан олар Қазақстандағы кала өмірі туралы едәуір көп материал жинаған, кол материал Верныйда, Шымкентте, Әулиеатада, Перовскіде, Қапалда, Аягөзде, Семейде, Ақмолада, Гурьевте, Оралда, Ырғызда. Өскеменде және баска да елді мекендерде тұрғындар саны өсуінің сипаты, қала тұрғындарының этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер, саяси қыры туралы хабардар болуға мүмкіндік береді.
Қазіргі батыс тарихнамасы XIX тасырдан белгілі әлеуметтік және саяси дәлелдемелер бар бірқатар идеялар мен тұжырымдарды мұраға алып калды. Американ тарихшысы Марк Раефф «Сібір және 1822 жылғы реформа» деген кітабында Орта Орданың атақты адамдары (сұлтандар, билер мен батырлар) жөнінде патша әкімшілігінің оларды Ресейге «өз еркімен бодан болуға көндіру үшін едәуір көлемде сатып алу саясатын жүргізгенін көрсетеді.
«Орыс империялық саясатының ұлттар жөніндегі модельдері» деген мақаласында ол Қазақстанды оның халкының «өзіндік ерекшелігіне қастандық жасау» болған жаулап алушылықты әскери-стратегиялық (мемлекеттің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы шекараның қауіпсіздігін камтамасыз ету) және экономикалық (өңдеуге арналған бос жер іздестіру) дәлелдермен түсіндіреді. Неміс тарихшысы Отто Гётч Қазақстан мен Орта Азияны «иемденуді» әскери-стратегиялық және одан кемірек дәрежеде, экономикалық қажетгерге байланысты оқиға деп қарастырады. Ресейдің географиялық жағдайының өзі-ак, - деп жазады автор, - оны «амал жоқтықтан» шығыс бағытына баруға мәжбүр етті. Кингстон қаласындағы (Канада) Королева Университетінің тарих ғылымының профессоры Ричард Пирс бірінші қатарға экономикалық, екінші қатарға әскери-стратегиялық дәлелдерді қояды. Калифорния (Беркли) университетінің профессоры Николас Рязановскидің пікірінше, Орта Азия ауматын Ресейге қосып алудың себептері «орыстардың ұлттық болмысында» жатыр. Э. Саркисянц (ГФР) «1917 жылға дейінгі Ресейдің шығыстағы халықтарының тарихы», «Орыстардың Орта Азияны жаулап алуы» деген еңбектерінде орыс-қазақ катынастарының тарихын еуразиялық тұжырымдамалар тұрғысынан түсіндіруге ұмтылады. Оның пікірінше, мұсылман көшпелілер мен орыстар ешкашанда нәсілдік үні шаушылыққа бөлінген емес. Осы жағдай, сондай-ақ орыстардың Қазақстанды біртіндеп отарлау үрдісі «орыстар мен жергілікті халық арасындағы шыңыраудың тарылуына жеткізді, сонымен катар оларды еуразиялыҡ кеңістіктер халықтарының тағдыры деп аталатынмен байланыстырып, бұл өлкеге орыстардың кіруін жеңілдетті». Ол Қазақстанның Ресейге қосылуының, қазақтардың жоңғарлармен және еділ қалмақтарымен, Орта Азия хандықтарымен, башқұрттармен және жайық қазақтарымен өзара қатынастарының негізгі кезеңдерін жаза келіп, орыс-қазақ қатынастарының ауқымды көрінісін, оның айтуына қарағанда. «орталықтандырылған монархия құруға, қазақтарды отырықшылыққа көшіруге ұмтылған» Абылай ханның саясатын ашып көрсетеді. Нейстегі (ГФР) Дюссельдорф университетінің приват-доценті Франк Гольчевски сауда-саттық саясат және стратегиялык жәйттер «орыс экспансиясында» әрқашанда елеулі рөл атқарып келді деп және мұны орыстардың Сібірдегі сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақ даласына «басып кіруі» мысалымен, сондай-ақ Ресейдің «жылы теңіздерге» жол ашуға ұмтылуымен түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет