Қазақстанның Қызыл кітабына енген сүтқоректілер

бет15/15
Дата03.01.2022
өлшемі1.07 Mb.
#451059
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
10-апта жаратылыстану суткоректлер

Қарақал – шапшаң қозғалатын жыртқыш. Негізінен құмтышқандарды, қосаяқтарды, сарышұнақтарды, кейде кірпілерді, жайраларды, бауырымен жорғалаушыларды, жәндіктерді азық етеді, жазда суға жақын жүреді. Қарақалдар ін қазбайды, өзіне баспана ретінде жайраның, түлкінің індерін бірнеше жыл қатарынан пайдалана береді. Буаздық мерзімі 70 күндей. Аналығы сәуір айының басында 3 – 4 күшік туады. Күшіктері тез өседі. Қазақстанда Қарақалдың Үстіртте, Маңғыстау облысында 10 шақты дарабасы бар деп есептеледі. Жылдан-жылға саны азаюда, сондықтан қорғауға алынып, Халықар. табиғат қорғау одағының және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Қазір Қарақал Қазақстанда Үстірт қорығында, Ақтау-Бозащы, Қарақия-Қарақол қорықшаларында өсіріледі.

Байқоңыр қояны – қояндардың ішіндегі ең кішісі. Дене тұрқы 38 – 53 см, салмағы 1,5 – 2,5 кг. Арқасы мен бүйірі қоңыр, сұр, ал бауыры ақ түсті. Қазақстанда Байқоңырдан басқа Арал,Қарақұм, Қызылқұм, Мойынқұмда және Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарындағы құмды жерлерде мекендеген. Қорегін іздеуге ымырт түскен кезде, түнде шығады. Ұйығуы қаңтар мен ақпанның аяғында басталады. Құм қояны – өте өсімтал, жылына 3 рет көбейеді, әр туғанда 1 – 9 көжектен табады. Қазірде санының күрт азаюына байланысты қорғауға алынған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет