«Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы»



бет13/16
Дата24.02.2016
өлшемі1.28 Mb.
#17050
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Бекіту сұрақтары:

1.1867-1868 жж. Қазақстандағы патша үкіметінің реформаларының нәтижесі бойынша қазақ жері кімнің меншігіне айналды?

2.Әкімшілік және басқару жүйесінің қайта құруна байланысты билер сотының құзіретттілігі қандай болды?

3. Қоныс аудару және жер мәселесі «Уақытша ереже»?

4. Жетісуға ұйғырлар мен дүгендердің қайдан ауып келді?

5. Ұйғырлар мен дүгендер кәсіпщіліктің қандай түрімен айналысты?


Дәріс №13 ХХғғ. басындағы Қазақстан

Негізгі ұғымдар: Мемлекеттік Дума, реквезиция, бұлік, ақпан буржуазиялық-демократиялық революция, Алаш партиясы, Үш жүз партиясы, мұсылмандар партиясы.

Мақсаты: Қазақстандағы ерекше саяси жағдайды атап көрсету. Жұмысшылар мен интелигенцияның ролін ашып саралау, мұсілмандар қозғалысының мақсаттарын

Көрнекілігі: электронды оқулық. Безендірілген Қазақстан тарихы. 3 бөлім. ХІХ-ХХ ғғ. Тоғысындағы Қазақстан.

Жоспар:

1. Соғыс қарсаңындағы саяси жағдай.

2.Қазақстан І-ші дүниежүзілік соғыс жылдарында.

3. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері.

4.Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция Ресей мен Қазақстанда.

1. Соғыс қарсаңындағы саяси жағдай.1914 жылы басталған бірінші дүниежүзілік соғыс Ресей халықтарына аса ауыр қасірет әкелді. Әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді. Соғыс жылдарында жергілікті жерлердегі патша шенеуніктерінің озбырлығы мен зорлық-зомбылығы өлшеусіз өсті. Қазақтардан, бірінші кезекте Сырдария және Жетісу облыстарында жерлерін жаппай тартып алу жалғастырылды. Бір ғана Жетісу облысында соғыстың алғашқы 3 жылында 1800 мың десятина жақсы жайылымдар мен егістік алаптар тартып алынды, ал осы жерлердің нағыз қожайындары қазақтар шаруашылық жүргізуге онша жарамды емес, немесе мүлде жарамсыз шөл немесе шөлейт аудандарға күшпен көшірілді.

Соғыс орасан көп мөлшерде шикізатты, азық-түлікті, малды және басқа да материалдық құңдылықтарды жалмап жұтты. Шаңырақтарға жаңа әскери салық енгізілді. Соғыс басталған соң жергілікті халыққа салынатын салықтар 3-4 есе, ал жекелеген жағдайларда 15 есе өсірілді.

Егіс алаптарының қысқартылуы нәтижесінде ауыл шаруашылық өндірісі сұмдық құлдырап кетті.

1916 жылдың ортасына қарай патша өкіметінің қазақ халқынан тартып алған жерінің жалпы көлемі 45 миллион десятинаға теңелді.

Әлеуметтік және ұлттық езгінің күшеюі, соғыс кесапаты – халық бұқарасының қайыршылануы, қымбатшылық, ашаршылық еңбекшілердің жағдайына ауыр әсер етті және өлке халқының әр түрлі топтары тарапынан белсенді наразылық туғызды.

Соғыс жағдайларында “Қазақ” жалпы ұлттық газетінің төңірегіне біріккен қазақтың либерал-демократиялық зиялыларының жетекшілері - Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және олардың жақтастары, сондай-ақ қазақ зиялыларынан шаруа-демократиялық бағытты жақтайтын М. Сералин, Б. Майлин, С. Дөнентаев және басқалар сынды “Айқап” журналының төңірегіне топтасқан өкілдері басылып шыққан сөз арқылы өздерінің халыққа ықпалын нығайтуға ұмтылды.

Саяси көзқарастары мен әрекеттеріндегі айырмашылықтарға қарамастан, қазақ зиялыларының жоғарыда аталған өкілдерінің көптеген туындыларының өзегі “Оян, қазақ!” ұраны болды. (осы атаумен 1909 жылы Міржақып Дулатовтың өлеңдер жинағы жарияланған еді.) Қазақ оқымыстылары өздерінің жан-жақты шығармашылығымен, жалпы демократиялық талаптар ұсынып және өз ойларын екінің бірінде мысқыл тілімен білдіре отырып, өлкеде отаршылдыққа қарсы саяси жағдайдың тамыр жаюына жәрдемдесті. Халық санасына ұлт-азаттық күресінің қажет екендігі идеясын сіңірді.

2. Қазақстан І-ші дүниежүзілік соғыс жылдарында. Соғыс Ресей империясында пісіп-жетіліп келе жатқан жалпыға бірдей дағдарыс үрдісін тездетті. Қазақстанның, Орталық Азияның барлық дерлік аудандарын қамтыған, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс соның жарқын көріністерінің бірі болды.

Көтерілістің басты себептері әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар: отаршылдық езгінің күшеюі, жерді тартып алу, салықтар мен алымдардың шамадан тыс ұлғайтылуы, қазақ халқы мен аймақтың басқа байырғы халықтары жөнінде патша өкіметі жүргізген орыстандыру саясаты, қалың бұқара жағдайының күрт нашарлауы болды.

Бұл аталғандардың ішінен ежелгі қазақ жерлерінің жаппай, күшпен тартып алынуын және өлкені басқарудың отаршылдық жүйесінің күшейтілуін ең басты себеп ретінде қарастыру керек. Верный уезі Пригородный учаскесінің қазақтары өздерінің 1916 жылғы 17 қазанда Түркістан генерал-губернаторына көтерілістің себептері туралы арызында дұрыс атап көрсеткендей: оны туғызған “халық дұрыс түсінбеген тыл жұмысына жұмысшыларды шақыру ғана емес. Себеп тереңіректе жатыр. Бір жағынан, жерден қысым көру және екінші жағынан қазақтарды басқару жүйесі” қазіргі қайғылы оқиғалардың негізгі себептері болып табылады.

Жер жөнінен қазақтар соңғы он жылда өте қатты қысым көрді: облыста 1903 жылы құрылған қоныс аудару басқармасы 1908-1909 жылдарда қазақтардан жерді алып қоюды. күшті қарқынмен жүргізді. Соның салдарынан қазақтардың дайын суландыру арықтары, бау-бақшасы мен қора-қопсылары бар ең жақсы жерлері тартып алынды. Олар сусыз нашар жерлерге қуылды; орман алқаптары түгелдей қазынаның пайдаланылуына алынды.

Мұндай көрініс Қазақстанда жер-жерде байқалды.

Көтерілістің бұрқ ете қалуына патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы Қазақстанның, Орталық Азияның және ішінара Сібірдің 19 жас пен 43 жасқа дейінгі “бұратана” ер азаматтарын тыл жұмыстарына (қорғаныс құрылыстарын және әскери қатынас жолдарын салу, майдан өңірі маңайында жолдар салу және т.б.) “Реквизициялау туралы” жарлығы тікелей себеп болды. Оның үстіне жарлықта “жұмылдыру”, “әскерге шақыру” деген сөз емес, қайта әңгіме бейнебір малды реквизициялау (өткізу, алу) туралы болып отырған сияқты, “реквизиция” (жеке адамның мүлкін зорлап алу) деген сөз қолданылды. Бас штабтың салғырт бойынша тыл жұмыстарына Қазақстаннан, Орталық Азиядан 400 мың адам, соның ішінде қазақтар мекендеген барлық облыстардан 240 мыңға жуық адам алу жоспарланды. Егер өлкедегі қазақ шаруашылықтарының саны 700 мыңнан сәл асатынын ескеретін болсақ, әрбір үшінші шаруашылық қызметкерінен айырылады екен, ал сонымен бірге мұндай мөлшерде жұмысшы қолын әкету ұлттық ауқымдағы сұмдық апатқа айналатын еді.

Жарлық туралы хабар жергілікті баспасөзде жарияланды және болыс басқарушыларының жиналыстарында оқылып, қосымша түсіндірмелер мен түсініктемелер берілді. Жарлықтың бірқатар ережелерінің бұлыңғырлығын отаршылдық әкімшіліктің жергілікті шенеуніктері шебер пайдаланды. “Инженер М. Тынышбаевтың жоғары мәртебелі Түркістан генерал-губернаторы мырзаға 1916 жылғы оқиғаларға байланысты айғақтарында” Жетісу генерал-губернаторының үндеу хатында окөп жұмыстарына шақыру туралы айтылғаны атап өтіледі. Селолардағы бұрынғы орыс солдаттары қазақтарға “окөп” дегеннің не екенін түсіндірген кезде, халықты жұмылдыру (“алу”, “өткізу”) шын мәнінде қарусыз адамдарды қыруға әкеп соғады деп санады. Ал мұның өзі өз кезегінде қазақтардың патша жарлығына жаулық көзқарасын күшейтті. “... Мұның ең қауіпті жұмыс екені, - деп жазды одан әрі М. Тынышбаев, - оларға түсінікті болды... жұмысшыларды шақырудың мәнін халыққа ешкім де түсіндіріп бере алмады; оның орнына жергілікті өкімет орындары патша жарлығын асығыс түрде орындауға кірісе бастады. Кейбір жағдайларда дөрекі шаралар қолданды. Ара жігін бөліп жатпай 25 жасты (19-43) бір мезгілде асығыс алу халықты қайран қалдырды... осы ұрандармен қатар қиянат жасаушылық та қатар жүргізілді. Олар орыс әкімшілігіндегі кейбір адамдардың қатаң шаралары мен жай ғана қателіктері, болыс басқарушыларының құлқыны және тағы басқа сияқты болып келді. Бұл тәсілдер халық жанына тікелей батқандықтан, толқудың өріс алуы сөзсіз еді”.

3. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері. Қазақстандағы көтеріліс 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы жарияланғаннан кейін басталды. Шілденің бас кезінде Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай қарулы көтеріліске ұласты. Халық ашу-ызасының алғашқы соққыларына тылдағы жұмыстарға алынатындардың тізімдерін тікелей жасаған болыс басқарушылары, ауыл старшындары және патша әкімшілігінің басқа да төменгі билік иелері ұшырады. Ол кезде қазақтарда метрикалық куәліктердің болмағанын пайдаланып, олар тізімге жас шамасына қарамастан кедейлерді қалауынша енгізді, ал байдың балаларын пара алып шақырудан босатты. Іс жүзінде тізімдер жасау жүйесі жаппай парақорлық пен қиянат жасаушылық туғызды.

Оның үстіне патшалық өкімет орындары лауазымды адамдарды, болыстарды, село және ауыл басқарушыларын; байырғы тұрғындардан шыққан төменгі шенді полицейлерді; имамдарды, молдалар мен мүдәристерді, ұсақ кредит мекемелеріндегі есепшілер мен бухгалтерлерді; жоғары және орта оқу орындарында оқушыларды; үкіметтік мекемелердің шенеуніктерін, дворян және құрметті азамат құқықтарын пайдаланатын адамдарды әскерге алудан босатты.

Патша жарлығының қатаңдығы және жергілікті жерлерде оны жүзеге асырудың әділетсіз әдістері түңілуге дейін жеткізген, қолына түскенімен қаруланған еңбекшілер патша өкіметінің өкілдеріне: болыс басқарушыларына, ауыл старшындарына, полицейлерге, казактарға, шенеуніктерге бас салып “адам бермейміз!” деп айқайлап, оларды ұрып-соқты. Көтерілісшілер болыс басқарушыларының, ауыл старшындарының кеңселері мен үйлерін өртеді. Жүргізілген істер мен жұмысқа алынушылардың тізімдерін жойып, аңғалдықпен олар тыл жұмыстарына адам алудан осындай жолмен құтыламыз деп санады.

Стихиялық қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласа бастады; ірі ошақтары (Жетісу мен Торғайда) пайда болды. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды және оның өткір жүзі патша өкіметінің әскери-отаршылдық және кең көлемде орыстандыру саясатына және белгілі бір дәрежеде ауылдардың феодал-бай үстем топтарына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалысына ұласты. Осы тұрғыдан ол Ресейдің жұмысшы табы мен шаруаларының соғысқа және патша өкіметіне қарсы революциялық қозғалысымен ұштасты.

1916 жылғы көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттық болды. Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың тобы, сондай-ақ сол кезде туып келе жатқан жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болды.

Сонымен бірге көтерілістің ұлт-азаттық сипатта болуы себепті қазақ халқының барлық топтарының өкілдері (екінің бірінде байлар, болыс басқарушылары, билер), сондай-ақ демократияшыл зиялылардың жекелеген өкілдері қатысты.

Күрделі және әртекті болған көтеріліс кең-байтақ өлке аудандарының көпшілігінде ұлт-азаттық сипатқа ие болды. Тек жекелеген жерлерде ғана қозғалыстың басшылығын байлардың үстем топтары мен клерикал элементтер қолына алды.

Көтеріліске қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, қырғыздар, дүнгендер және басқа да кейбір халықтардың өкілдері қатысқан Оңтүстік облыстарды (Жетісу және Сырдария облысы) қоспағанда, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы құрамы жағынан бір ұлттың қозғалысы болды.



4. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция Ресей мен Қазақстанда. 1917 ақпанда буржуазиялық демократиялық революцияның жеңіп шығуы елдегі тап күшінің арасалмағын күрт өзгертті. Социалистік революцияның жолындағы басты кедергі — самодержавие жойылды. Бірақ революция негізгі мәселесі — өкімет туралы мәселе — өзінше шешім тапты.

Еңбекшілердің инициативасымен пролетариат пен шаруа-лардың революциялық демократиялық диктатурасының органы — жұмысшы, солдат, кейінірек оған қоса шаруалар депутаттарының Советтері пайда болды. Советтердің басшылығына еніп кеткен меньшевиктер мен эсерлердің келісім-паздық саясаты буржуазия өзінің өкімет оганы — Уақытша үкімет құруына мүмкіндік берді. Өтпелі кезеңнің аса күрделі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайын білдіретін қос өкімет дүниеге келді. Уақытша үкімет, сөз жүзінде өзгерістер енгізуге үмтыламыз дегенімен, іс жүзінде буржуазияның мүддесін көздеп, негізінен бүрынғы ішкі және сыртқы саясатты жалғастырды.

1917 жылғы 23-27 ақпанда (8-12 мамыр) болған Ақпан буржуазиялық демократиялық революциясының нәтижесіңде самодержавие құлатылып, қос өкімет: буржуазия диктатурасының органы — Уақытша үкімет пен жұмысшы-шаруалар диктатурасының революциялық-демократиялық органдары — жұмысшы, соддат және шаруалар депутаттарының Советтері қүрыдды. Бүкіл елдегідей Қазақстанда да буржуазиялық демократиялық революция барысында 1917 жыддың наурыз-сәуірде Уақытша окімет органдарымен бірге Семейде Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Павлодарда, Өскеменде т.б. қалаларда жұмысшы және солдат депутаттарының Советтері пайда бола бастады. Кейін 1917 жылдың сәуір-маусымда Әулиеатада, Перовскіде, Қазалыда шаруа депутаттарының Советтері және қырғыз (қазақ) депутаттарының Советтері қүрыдды. Буржуазиялық Уақытша үкімет самодержавияның отаршылық және үлттық саясатын жалғастыра берді. Қазақстанда жерді күшпен тартып алу, 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларды қуғындау жүргізілді.

Қазақстанның ауылдары, деревнялары мен станциялары самодержавиенің ішкі саясатының зардаптарын басынан кешіре отырып, шиелініскен әлеуметтік қайшылықтың торабына айнадды. Патшаның аграрлық-қоныс аударушылық бағытын жүзеге асырудың нәтижесінде қазақ ауылы 1917 жылы 45 млн десятинаға жуық қүнарлы жерінен айырылды. Қүнарлы жерлерді 4 казак әскерінің (Орал, Орынбор, Сібір, Жетісу) пайдасына, сондай-ақ қоныс аудару басқармалары мен Романовтардың жеке меншігіне (Алтайда) беру көшпелі және жартылай көшпелі еңбекшілерді пайдалануға жарамсыз сор және құмды далаға ығыстырды. Аса қатал аграрлық дағдарыс болатындай жағдай туды. Феодалдар мен байлар оның бүкіл ауыртаплығын орта шаруалар мен кедейлерге аударды. Ал орта шаруалар мен кедейлер бүкіл шаруашылық-тың 2/3 бөлігін қүрайтын.

Соғыс аддында экономикалық жағынан нығайтып үлгер-меген қоныс аударған деревнялардың

шаруашылықтары соғыс жылдарьшда қатал дағдарысты басынан кешірді. Ол, ең аддымен, кедейлер мен орташаларды немесе барлық шаруашылықтың 4/5 бөлігін қамтыды. Дағдарыс көптеген қазақ шаруашылықта-рына да соққы болып тиді. 1,6 млн адам түратын селолар мен станциялардан 250 мың адам армия қатарына алынды. Бұл — еңбекке жарамды ерлердің тең жартысы еді. Бірсыпыра жерлерде егістік жердің көлемі күрт азайды, сөйтіп астық тапшылығы туды (әсіресе қалаларда жөне өлкенің Оңтүстік-Батыс аймағында). Мұны село буржуазиясы астықтың бағасын көтеруге шебер пайдаланды. Соғыс жағдайыңда самодержавиенің бүрын-нан да оңып түрмаған салық саясаты кошпелі және жартылай кошпелі қазақ шаруаларына өте ауыр соқты. Малды, жемді, киізді жаппай ортаға салу, ақша салығының артуы әр түрлі алым-жиымның кобеюі кептеген шаруаларға жүтау қаупін туғызды.

1917 жылы күзде Қазақстандағы революциялық процестің дамуында елеулі өзгеріс болды. Петропавловскіде, Се-мейде, Ақтобеде, Перовскіде, Қазалыда алғашқы Қызыл гвардия меньшевиктер Советтердің көпшілігіндегі басшылық жұмыстан аластатылды, дербес большевиктік үйымдар қүру басталды. Қазақ халқының Ә.Асылбеков, С.Сейфуллин, Т.Бокин, Т.Рысқұлов т.б. сияқты адал үлдары, партия қатарына отті. Жұмысшыларға, әсіресе теміржолшыларға, шахтерлерге, кеншілерге, майдан шебіндегі қара жұмыстан оралған қазақ жұмысшыларына, ауыл-село кедейлеріне, гарнизондардағы революциялық пиғылдағы соддаттарға арқа сүйеген қазақстандық большевиктер жергілікті елдің орталық аудандарыңдағы еңбекішлердің азаттық күресін басу үшін казак әскерлері мен өлкедегі әскери бөлімдер негізінде де контрреволюциялық күш құрауына кедергі келтірді.

1917 жыл қыркүйекте — бүкіл Россияда революциялық дағдарыстың шүғыл пісіп-жетілген кезеңі болды. Жұмысшы қозғалысы өкімет билігін пролетариат қолына алар кезеңге таялды: бүкіл елде ереуіл тоқтамады, көптеген фабрикалар мен заводтарда жұмысшы бақылауы орнатылды, Қызыл гвардия айбынды күшке айнадды. Петроград пен Москва Советтеріне іле-шала Урал, Донбасс, Сібір, Орта Азия т.б. Советтері де большевиктер жағына шықты.

1917 жылдың күзінде майдан мен тылдағы солдаттар, матростардың негізгі болігі пролетариат жағына өтгі. Солтүстік-Батыс, Батыс майдандарының, Солтүстік Балтық флотының, Қазан, Сібір және Түркістан әскери округының әскерлері революцияның сенімді қарулы күшін құрады. Қазақстан территориясында Орал, Черняев, Әулиеата, Петропавл, Семей, Павлодар, Қазалы, Түркістан т.б. гарнизондардың соддаттары Совет өкіметі үшін күресті. Олар Керенскийдің Уақытша үкімет басшысы бұйрығын орындаудан бас тартқан еді. Елдегі жаңа саяси жағдай жаңа дағдарыстың таялғанын көрсетті.

Бекіту сұрақтары:

1.І -ші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстандағы саяси жағдай қандай болды?

2. Қазақстан І-ші дүниежүзілік соғысқа қатысты ма?

3. 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілісінің басталуына не себеп болды?

4.Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция Ресей мен Қазақстанда қалай жүрді?
14- тақырып. Қазақстан ақпан буржуазиялық –демократиялық төңкерісі кезінде

1.Қазақстанның әлеуметттік-экономикалық жағдайы

2.Қазақстандағы революциялық белсенділіктің өсуі

3.Қазақстандағы қос өкімет және оның саясаты

4.Жер мәселесі және ұлттық мәселе

Патшалы Ресей заманында әр қилы зорлық-зомбылықты көріп, алдағы күндерге үміт артқан қазақ зиялылары 1917 жылғы ақпан буржуазиялық төңкерісі жеңіп, патшаның тақтан түскені туралы хабарды зор қуанышпен қарсы алды. Өйткені бұл төңкерістен күткені көп болған. Осы қазақ зиялыларының көш басшысы Әлихан Бөкейханов "Қазақ" газетіне Минскіден телеграфпен сәлем жолдады. Онда былай делінген: "Ресейдегі барша халыққа ағайындық, теңдік, бостандық күні туды. Жаңа құрылған үкімет дүкенін сүйеу үшін қазаққа ұйымдасу керек. Жаңа құрылған ел бағу дүкенін нығайту үшін тегі басқа барша халықтармен үйір боларға керек. Учредительное собрание сайлауларына қазақ болып қамдану керек. Енді араздық, өштік, дау, жанжал, талас, партиялық сиыспауларды тастау керек, көксерлік жұмыстарың - бірлік, адалдық болсын!, "Жер мәселесін де қозғап, тезірек қолға ала беріңдер. Біз қалайтын патшалық түрі - демократическая республика"Бұл жеделхаттағы негізгі ой сол тарихи кезеңдегі жалпы ұлттық мүддеге сай келді, содан туындады.

Халықтың өмір бойы армандаған ұлы азаттығын әкелген бұл бостандықты баянды етіп, өзге өркениетті елдердің қатарынан қалмас үшін бай-кедейге, төре-қараға бөлінбей, ортақ іске жабыла қызмет етуге шақырды.

Қазақ халқының оқығандары өз кезінде, орыс интеллегенциясының бағыт-бағдарын таңдап, солардың көшіне ілесуі заңды құбылыс болатын.

Ахмет Байтұрсынұлы сол кездегі саяси жағдайды былай деп көрсетеді: "Қазақтарға ақпан төңкерісі қаншалықты түсінікті болса, қазан төңкерісі оларға соншалықты түсініксіз болды. Олар алғашқы төңкерісті қандай қуанышпен қарсы алса, тура сондай үреймен екіншісін қарсы алуға мәжбүр болды. Қазақ халқымен таныс адамдар үшін қазақтардың бұл төңкерісіне деген мұндай қатынасы әбден табиғи әрі түсінікті болатын. Алғашқы төңкерісті қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол біріншіден, бұл төңкерістің оларды патша үкіметінің қанауы мен зорлық-зомбылығынан құтқарғандығында және екіншіден, олардың өзімізді-өзіміз басқарсақ деген ескі үмітін нығайта түскендігінде еді"

Ақпан төңкерісінің нәтижесінде елде қос өкімет құрылды: буржуазиялық уақытша үкіметпен қатар, халықтық өкімет органдары ретінде жұмысшы және солдат депутаттарының кеңестері болды

Патшалық Ресей құрамындағы барлық отар елдер сияқты қазақ зиялылары да уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетті. "1917 жылы наурызда Қазақстанда барлық жерде уақытша өкіметтің жергілікті органдары кәсіп иелерінің, көпестердің, шенеуніктердің мүдделерін білдіретін облыстық және уездік атқару комитеттері құрылды"Уақытша үкімет өзінің саясатын жүзеге асыруда комитеттер мен қоғамдық негіздегі ұйымдарға сүйенді.

1917 жылы 5 наурызда Семейде қоғамдық ұйымдар мен армияның облыстық атқару комитеті құрылып, оның төрағасы болып К. Н. Ляшкеевич сайланды/Сарыарқа газетінде бұл жөнінде: "5-мартта облыс билігін, әмірін атқарып тұрған Семей областной исполнительный комитеті ашылды. Комитетке әрбір ұйым қауымнан екі-екі кісіден мүшелер кірді. Қазақ ішінде бұрын ұйым қауымының жоқтығынан бұл комитетке бізден кісі алынбады"

Уақытша үкімет патша үкіметінің жергілікті әкімшіліктерін таратты. Патшаның тақтан түскенін, жергілікті патша билігінің өкілдері орнынан алынғанын естіген халық пен алдыңғы ұлт зиялылары еркін әрекет ете бастады. Осылай ақпан төңкерісінен кейін Қазақстанда демократиялық қозғалыс кеңейе түсті. Тарихшы Кеңес Нұрпейсовтің: "Февраль революциясынан кейінгі алғашқы айларда кейір аудандарда бір кезде бүкіл өкімет билігін өз қолына алуға тырысқан бірнеше ұйымдар қатар әрекет жасады. Мәселен, Қазақстанның көптеген қалаларында Уақытша үкімет органдары және Советтермен қатар қырғыз - қазақ комитеттері, казачествоның әскери басқармалары, қалалық думалар, земство органдары т.с.с. қатар өмір сүріп, олардың әрқайсысы саяси өкімет билігіне ие болуға тырысты",-деген/пікірін қуаттай отырып, 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейінгі түрлі ұлттық, қоғамдық негізде құрылған ұйымдар мен өкімет орындарының қарым-қатынасына келейік.

Қазақстанда таптық, әлеуметтік, ұлттық мүдделерді арқау еткен партиялар мен қоғамдық - саяси ұйымдар осы жерде шоғырланды. Өз мүдделері мен мақсаттарын жүзеге асыру барысында пікір қарама-қайшылығы салдарынан бір-біріне қарсы болып, әр ұйым өз мүдделерін жүзеге асыруға күш салды. Осы кезеңде жергілікті саяси ағымдардың бірнеше тобы топтасты. Олар: социал-революционерлер (эсерлер), социал-демократтар (меньшевиктер), "халық бостандығы партиясы" (кадеттер) ал, қоғамдық ұйымдар мен құрылымдарға келсек оған жұмысшы және солдат депутаттар кеңесі, шаруа депутаттар кеңесі, облыстық қырғыз комитеті, орман комитеті, Әскери шаруашылық басқармасының жанындағы казактардың жер комиссиясы кіреді Ақпан төңкерісінен кейін жалпы қазақ және облыстық қазақ съездерінде және барлық баспасөз беттерінде қазақ зиялыларының Ресейдің мемлекеттік басқару түрі қандай болу керектігі жөнінде кең көлемде талдаулары жүргізілді. Барлық қарарларда демократиялық - федарациялық республика орнату мен ұлттық құқықтық автономияға да орын беру мәселесі айтылды Күн тәртібінде қойылған мәселелердің Үшінші тарауында елді басқару жүйесі жөнінде: "Осындай мемлекеттің толықсып тұрған кезінде халықты билейтін күшті ұйым керек. Ол үшін тұқымының, тобының, нәсілінің, дінінің басқалығына қарамай, халықтың санына қарай кісі кіретін, азды қорғайтын жалпы комитеттер ашу өте қажет",- деп / ұлтаралық қатынасқа назар аудара отырып, екі комитеттің бірігу жөнінде шешім қабылдап, нәтижесінде қазақтан 20 кісі облыстық атқару комитетіне мүшелікке қабылданды.


15- лекция

Қазақстанның қоғамдық-саяси ұйымдары

1.Жалпы қазақ сьезі

2.«Алаш» партиясының құрылуы және оның бағдарламасы

3.Қазақстандағы саяси ағымдары

Саяси ағымдағы күрестерге толы сол бір қиын жылдарда орыс билігінің қыспағын түсінген қазақ зиялылары, енді ұлттық мақсат -мұраттары тек өз тағдырларын өз қолына алғанда ғана шешілетінін түсінді. Ұлт азаттығы - халықтың ең маңызды мәселесі болды. Сондықтан Ақпан төңкерісі және орыс демократиясының ықпалы астында ұлттық мақсат-мүддені іске асыру үшін автономия құруға тырысты. Ол үшін, ең бастысы, жан-жақты дайындалған білікті мамандар мен халықтың қалың бұқарасын топтастыратын ұлттық саяси партия қажет болды.

Бұл мәселені іске асыру 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өткен бірінші бүкіл қазақтық съезде қаралды. Онда негізінен мына мәселелерді көтерді: 1.Мемлекет түрі қандай болу. 2.Қазақ өз тізгінін өзі алу, яғни, автономия. 3.Жер мәселесі. 4.Әскерлік 5.Земство 6.Оқу. 7.Сот. 8.Дін. Құрылтай жиылысына қазақтан сайланатын депутаттар, қазақ саяси партиясын құру сияқты барлығы 14 мәселе қаралды/81/.

Бұл съезд Ресейде демократиялық парламенттік республика болу идеясын құптады. Қазақстанды тұтас біріктіретін ұлттық автономия орнына облыстық территориялық-ұлттық автономия болуы тиіс деп есептеді. Съезде аграрлық мәселеге байланысты мынадай тұжырым жасалды: "Ең алдымен қазақтардың өздерін түбегейлі орнықтырып болмайынша, олардың жерін алуды тоқтату керек. Сондай-ақ қазақтардың жерді пайдалануы қауымдастық негізде жүргізілуі тиіс". Съезд "Алаш" партиясын құруға және оның бағдарламасын дайындауға шешім қабылдады. Барлық демократиялық қозғалыстар сияқты "Алаш" қозғалысында да прогрессивтікпен қатар әр түрлі бағыттар, оңшылдар мен солшылдар да болды.

"Алаш" партиясының қайраткерлері өз күресін жалпы ұлттық мүддеге негізделген, "Қазақ халқын отарлық езгіден құтқару үшін" деген ұранның астында топтастыруға бағыт алды. Бұл бағытты жүзеге асырудың басты құралы бірінші жалпы қазақ съезінде дүниеге келген "Алаш" партиясы болу керек деп түсінді Міне, ақпан төңкерісінен кейінгі осындай кезең әр түрлі ағымдардағы ұйымдардың көзқарастарын білдіретін газет-журналдардың жаңа бір өрлеу кезеңі болды. Осы шығарылған газет-журналдардың ұстаған қоғамдық-саяси бағыт-бағдары, көздеген идеялық нысанасы және көтерген мәселелеріне қарай жалпы үш топқа топтастырамыз. Олар: ұлттық және социал-демократтар мен либерал - демократтардың мерзімді баспасөздері.

Сәкен Сейфуллин сол уақыттағы ағымдарға мерзімді баспасөздің қаншалықты маңызы болғанын былай көрсетеді: "Әлеумет тарихына қарағанда 1917-18 жылдардағы саяси күрестің зор майданындай ұлы дүбірлерде оқыған адамдардың саясат, әлеумет күресіне қатысқандарының бәрі де сол заманында шығып тұрған газет, журналдардың айналасына жиналмақ. Егерде әлеумет ісіне қатысқандар маңайындағы газет-журналдардың бағытына риза болмаса, өздері бөлек газет, журнал шығарып майданға шықпақ. Не болмаса басқа жерлердегі бағыты үйлес деген газеттерге пікірлерін жазып майдандаспақ. Бұл - саясат, әлеумет тарихының тәжірибесі. Мұны былай болмаған деп ешкім де айта алмайды

Кадет партиясы бұрын Николай заманында ескі үкіметпен қарсы алысқан. Сол жақ қанаты партияның алдындағы көсемі еді.Мына жаңа заманда бұл партия ескіріп, саясат майданының оң жақ қанатына сырғып отыр. Кадеттер- орыс намысын жібермейтін ұлтшылдар.

"Социалист" партиясын жаңа заман жаңғыртып, әр қайсысын екіге бөліп отыр. Бұл партияның ішінде осы күнде көзге көрініп тұрған екі партия бар. Бірі - социалист-"революционерлер" партиясы, бұл өзі екіге бөлінеді "максималист" һәм "либералист" аталады. Екіншісі - жұмыскер партиясы, "Социал - демократ партиясы". Бұл да екіге бөлінеді: "большевик" һәм "меньшевик"…"Социалист" партиясының мақсаты еңбекті пұлдың үстіне шығару, жер-су, мал-мүлікке жұртты ортақ қылу. Бұл партияның іргесі жұмыскер, солдат һәм крестьян советтері.

Николай тақтан құласымен уақытша үкімет құрылып, мемлекет тізгіні кадет партиясының қолына тиді де, аға министр осы партиядан болды. Уақытша үкіметтің ең алдыңғы жұмысы жұртқа соғыс туралы пікірін ашу болды: 27 февральда жұртқа жария қылды, өлсек-тірілсек те бұл соғыста одақтас мемлекеттермен бір боламыз деп. Мұнысы жауды мұқатпай тоқтамаймыз дегені еді.

Социалист партиялары кадеттердің бұл арасына қарсы болды. Міне, осы жерден талас-тартыс туып социалистер өз ұранын шақырды. "Соғыс жойылсын! Жалпы дүние жүзіндегі жұрттың тыныштығына ірге болатын бітім жасалсын! … Әйтседе, өз арамызда тартыс басылмады. Қайта күннен күнге күшейді, жер-су, қазына, завод-фабрикалар жұртқа қылдай бөлініп беріледі" деген ұран мұжық пен жұмыскердің жүрегіне жылы тиді…

Сонымен социалистер күшейе келіп, май басында кадет министрлерді орнынан аударып, министрдің көбін аға министр Керенскийге дейін өз жағынан сайлаған еді. Социалистер жеңді. Жеңсе де, ойлаған ұранынан шықпады: сайлап қойған министрлері соғысты тоқтатқысы келмеді, қайта күшейткісі келді. Осыдан социалистердің өз арасына жік түсе бастады," - дегенобъективті ойын қазіргідей заманда құптамасқа болмайды.

Патша үкіметінің отарлық саясатының ықпалы уақытша үкімет тұсында да бірден жойылып кеткен жоқ. Жергілікті халықтың мүддесі құқықтық жағынан көбіне қорғаусыз қалды.

Қазақ зиялылары демократиялық бағытта үлкен тарихи қадам бастады. Барлық күш-жігерлерін салып, әлеуметтік қажеттілікті дәл баса отырып, жергілікті мерзімді баспасөзді ашуға үлкен үлес қосты. Материалдық қиыншылыққа қарамай қараңғылық құшағында жатқан қазақ қоғамының саяси көзқарасын оятуды, сөйтіп, жаңа заман үніне құлақ асуды насихаттады. Сол бағытта жұмыс істеді.

16 лекция

Қазақстан 1917ж. Қазан революциясы кезінде

1.Революцияның әлеуметтік базасы мен қозғаушы күштері туралы пікірлері мен тұжырымдар

2.Кеңес өкіметінің орнау ерекшеліктері

3.ІІ Жалпы қазақ сьезі Қазақ интеллигенциясының революцияға көзқарас

Монархияның ауыр мұрасы, келе жатқан ашаршылық пен күйзеліс, уақытша үкіметтің халықтарға – бітім, шаруаларға- эсер жұмысшыларға- фабрикалар , аз ұлттарға- теңдік кепілдікті құқықтар бере алмауы, ұзақ буржуазияшыл бұқара арасында анархиылық пиғылдардың өршуі жалпы ұлттық дағдарыстың пісіп жетілгенің анықтап берді. Халық корниловшылықты- контрревалюцияшыл соғысқұмаршылар диктатурасы мен пролетарлат диктатурасының бірін таңдауға тиіс болады.

Қазан ревалюциясы , яғни В.И. Лениннің атағындай « Қазан төңкерсі» осындай жағдайда жүзеге асырылады.

Бейбітшілік, жер, бостандық, ұлттың өзін-өзі билеуі сияқты жалпы азамттық қазыналарды негізгі алуының ревалюция тағдыры үшін зор маңызы болды, (ұлттың) Жер мен бітім тутралы тарихи деректердің қабылдануы, Кеңес өкіметі ұлт саясатының миллиондаған адамдардың арман- тілегіне сай келген бағдарламасын жариялауы ревалюцияның бүкіл ел көлемінде тез арада жеңіске жетуінде шешуші роль атқарды. Мәселен, «Ресей мен Шығыстың барлық еңбекшісі мұсылмандарына» атап көрсетілді: Ендігі жерде Сөздердің діни сенімдеріңіз, Сіздердің әдет- ғұрыптарыңыз, ұлттық және мәдени мекемелеріңіз ерікті және оларға қол сұғылмайтын болады деп жарияланады. Өздеріңіздің ұлттық өміріңізді өз еріктеріңізбен , ешбір бөгетсіз құра беріңіздер. Бұлай етуге Сіздердің толық құқықтарыңыз бар. Сіздердің құқықтарыңыз Ресей барлық халықтарының құқықтары сияқты, ревалюциялық және оның органдарының, жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары Кеңесінің бүкіл күш- қуатымен қорғалып отыратын біліп қойыңыздар». Сонымен бірге бітім туралы декрет зорлық- зомбылық ауқымын арттыра түсуді көздеп , ашықтан-ашық дүниежүзілік ревалюцияға шақырады. Ұлт мәселесін шешудің әскери коммуникативтік әдістері, большевиктердің унитарлық мемлекет құруға, тек кеңестер негізінде ғана автономия беруге ұмтылуы ресейлік этостардың шын мәнінде қайта өрлеуі үшін ұлттық факторды пайдалануға мүмкіндік бермеді.

Кеңес өкіметі Қазақстанның түрлі аудандарында әр кездерде орнатылды. Бұл процесс көптеген жағдайларға: белгілі бір аудандағы топтық күйлердің арақатынасына және күштердің арақатынасына және Орал мен Сібірдің ірі өнеркісіп орталықтарына, темір жолдарға жақын орналасуға, жергілікті жұмысшылардың топтасқандығына және олардың село, ауыл, қатынастың жартылай пролетар бұқарасымен байланысның беріктігіне; жергілікті жерлердегі большевиктік ұйымдардың жауынгершілік қабілетіне: ұлт- азаттық қозғалыс тасқынының толысу дәрежесіне байланысты болады.

1917 жылы 25 қазанда болған төңкеріс ақпан төңкерісі нәтижесінде болған уақытша үкіметтің қолынан саяси билік біртіндеп кете бастағанының дәлелі еді. Сөйтіп, Петроградта жұмысшылар, солдаттар мен матростар қарулы көтеріліс арқылы аса маңызды орындарды басып алды. Таңертең әскери-революциялық комитет уақытша үкіметтің құлатылғанын хабарлады Қазан төңкерісінің қанды драмалық жағдайларға толы оқиғаларынан кейін большевиктер өкімет басына келді. Жоғарыдағы А.Байтұрсынұлы бағалағанындай, қазан төңкерісін халық үреймен, түсінбеушілікпен қарсы алған еді.

Кеңес өкіметі орнағаннан бүгінге дейін Қазан төңкерісі жоғары бағаланып, Ақпан төңкерісінің беделі тарихта төмендетіліп көрсетіліп келді. Ал шындығында, сол кездегі тарихи жағдайларды суреттеген деректерге, жоғарыдағы қазақ зиялыларының тұжырымдауларында, сүйенсек Ақпан төңкерісін тарихи үлкен бетбұрыс ретінде түсініп, ал Қазан төңкерісін белгілі бір топ өкілдерінің мемлекеттің басқару орнын басып алуы деп ғана ұққан.

А.Байтұрсынов: "Россияның орталық аудандарында большевиктік қозғалыстың қалай өткендігі қазақтарға белгісіз, шет аймақтарда ол барлық жерде зорлау, қиянат жасау және ерекше диктаторлық өкімет билігімен қатар жүргізілді. Нақтырақ айтқанда, ол қозғалыс шет аймақтарда революция емес, барып тұрған анархия болды… Егер бұрын патша чиновниктері аталған адамдар тобы қазақтарды ешбір шектеусіз езіп-жаншыған болса, енді мұндай әрекеттерді большевиктер - коммунистердің атын жамылған адамдар тобы жүргізіп отыр"/254/ - деп жазады.

Қазан төңкерісін жасаған большевиктер партиясы ұлт париясы емес, тап партиясын әкелді. Күллі Ресейдің әмірі, билігі, дәулеті кедейлер табынікі екенін жариялады. Әрі бұл Ресейдегі әр ұлттардың кедей тобынан құрылған кеңес автономияларының ұйымдасып, бір жалпы Ресейдің құрама республикасы болатындығын жариялады.

1917 жылы 15(2) қарашада "Ресей халықтары құқығының декларациясын" қабылдап, кеңес мемлекеті ұлт саясатының негізгі принциптерін жариялады. Онда мынадай уәде берілді: "Патша заманында Ресей халықтары бір-біріне айдап салынды. Сондай саясаттың нәтижесінде халықтар бір-бірімен қырқысты, олар жаппай қырғынға ұшырады, құлдыққа түсті… халықтарды бір-біріне жауықтырудың мұндай саясатына тыйым салынады. Халықтардың бір-біріне толық сенімі орнайтын ашық та адал саясат жүргізіледі. Одан кейін ұлт саясаты жөнінде: "Ресей халықтарының теңдігімен тәуелсіздігі, Ресей халықтарының өзін-өзі емін-еркін билеуге құқықтығы, тіпті одан бөлініп кетіп, дербес мемлекет құруға дейін еріктілігі…." - деген алғашқы құжатта осындай мәселелерге тоқталды/255/. Міне, осындай ұранына сендірген кеңес өкіметі қаншама қазақтарды да артынан ергізе білді.

Міне, қазақ зиялыларын бұндай қадам жасауға мәжбүр еткен де ел қамы, ел тыныштығы болатын. Бірақ бұл келіссөз екі жақтың да келіспеушілігімен аяқталды. Кеңес өкіметі Алашордашылардың ұсынған бағдарламасымен келісе алмады. Өйткені, бағдарламма ұлттық мүдде тұрғысынан жасалған еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет