«Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы»



бет10/16
Дата24.02.2016
өлшемі1.28 Mb.
#17050
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

Көтерілістің салдары. Көтеріліс талқандалғаннан кейін отаршылдык өкімет орындары мен хан жағындағы үстем топтың оған қатысушылар мен ұсақ топтарға бөлініп, дала өңірінде бой тасалауға тырысқан, бір бөлігі Арал өңіріндегі қоныстарға кеткен, оған тілектес бейбіт ауылдарды қатыгездікпен қудалауы басталды. Қазақ жүздіктері мен арнаулы жазалау отрядтары көтеріліске белсене қатысу-шыларды колға түсіріп, көптеген ауылдарды талап-тонауға ұшыратты.

Көтеріліске қатысушылар дүре соғылып, өлімші етіп жазаланды, каторгалық жұмысқа кесіліп, тұтқындар роталарына жіберілді, Сібірге айдалды, мүліктері тәркіленіп, мәңгілікке жер аударылып жіберілді. Махамбет Өтемісовтің бауырлары Ысмайыл мен Сүлеймен: біріншісі 500 адамдық саптан үш қайтара өткізіліп, сым шыбыкпен дүреленуге және алты жылға Ригаға крепостниктік жұмысқа айдалуға, бұл мерзімнен өткен соң Сібірге мәңгі қоныстандыруға, ал екіншісі «қаны шыққанша» қамшымен дүре соғуға, кейіннен солдатқа жіберілетін болып, Киевке крепостниктік жұмысқа айдалуға жазаланды. Исатайдың адал серіктері Нұрғыс, Ергіс, Көшім Сартовтар мен олардың әкесі Сарт Ералин одан да ауыр жазаға кесілді. 1838 жылдың маусым айында Орынбордың әскери орындары көтеріліске белсене катысушылардың 16 адам құрамындағы алғашқы тобын кейіннен крепостниктік және каторгалық жұмыстарға айдайтын болып, қамшымен және сым шыбықпен дүре соғуға кесті. Нақсол кезде Оралда, ресми деректер бойынша, көтеріліске белсене катысқан 39 адам сотсыз жне тергеусіз қамауда ұсталған. Біраз көтерілісші түрмелерде сотқа дейін-ақ өліп кеткен.

Халықтың ханға, билеуші сұлтандар мен олардың төңірегіндегілерге, сон-дай-ақ отаршылдық өкімет орындарына деген өшпенділігі көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін өзі қарсы бағытталғандарға әлі де көп уақыт бойы үнемі үрей туғызған қаһарлы күш болып кала берді. Көтеріліс басып-жанышталғаннан кейін бес жылға жуық уақыт өткен соң Жәңгір хан Орынбор комиссиясына: «...Исатай карақшыларының арам ниетті қалдыктары да мені үнемі аландатып келеді», - деп жазды. Хан оларды «өзіне кастық ойлайтын арам ниетті адамдар» деп сипаттаған.

Көтеріліс жетекшісі Исатай Тайманов қаза тауып, көтерілісшілердің соққы беретін күштері жеңіліске ұшырағаннан кейін Махамбет Өтемісов дала өңірінде бой тасалап жүрді, бірақ бірсыпыра уақыт өткен соң халық бұқарасы арасында ханға және патшаны жақтайтын пиғылдағы барлық шонжарларға қарсы кайтадан үгіт жүргізуге кірісті.

Махамбеттің халық арасында қандай құрметке ие екенін және оның қанат бітіретін шешендікпен ұштасқан теңдесі жоқ ақындық дарынын білетін Жәңгір хан мен билеуші-сұлтан Айшуақов оның өздеріне қарасты рулар мен ауылдарға келуіне жол бермеуге тырысты. Олар жауынгерақын шақырудан шаршамаған халық ашу ызасының жаңа дүмпуінен қауіптенді. 1843 жылдың басында Махамбеттің Жайық өзеніне жақын ауылдарға келгенін ести салысымен, хан шекаралық басқармаға дереу былай деп жеткізген: «Исатай қарақшыларының басшысы Махамбет Өтемісов соттың шепке жақындауына тыйым салғанына қарамастан, оған жакын жерде тұрып жатыр, үнемі тиімсіз сыбыс таратып, Ішкі ордадан қашқандарды өзіне қосып алуда».

Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов басшылық еткен шаруалар көтерілісі жеңіліс тапты. Сол бір нақты тарихи жағдайларда оның басқаша бітуі мүмкін емес болатын, өйткені хан билігі мен билеуші-сұлтандар жағында патша үкіметінің күшқуаты таразы басып қана қойған жоқ, сонымен қатар шаруалар козғалысы аясы тар және шектеулі болды, Қазақ-станның басқа бөліктеріндегі азаттық қозғалысымен байланысы болмады, оның үстіне Ресейдегі басқа да азаттық қозғалыстарымен байланыссыз жүргізілді. Алайда көтерілісшілердің батылдығы сүйсінуге лайық. Олар өлкеде езушілерге қарсы күрес туын жоғары сатыға көтеріп, әлеуметтік бостандық жолындағы күрес эстафетасын жаңа ұрпақтарға ұстатты.



5.Кенесары Қасымұлы басқарған көтеріліс (1837-1847 жж.) Қасым сұлтан мен оның балаларының қаза табуы, бой көрсетулердің алдыңғы кезеңі стихиялы, ұйымдаспаған сипатта болғанына қарамастан, Орта жүзде әкімшілік-саяси жаңалықтардың қатан енгізілуі жағдайында отаршылдыққа қарсы күрестің жалғастырылуына тың тыныс қосты, казақ жерлерін біріктіруші Абылай хан ұрпақтарының тар өрісті рулық, әулеттік мүдделерін екінші қатарға ығыстырып, қозғалысқа неғұрлым айқын көрінген халық-азаттық сипатын берді. Бұл күресті енді Абылай немерелерінің бірі - сұлтан, кейін хан тағына отырған Кенесары Қасымов (1802-1847) басқарды.

Кенесары Касымов тарихи аренаға Казақстанның 1822, 1824 жылдардағы сібір және орынбор қазақтары туралы Жарғылардың қабылданғанына қарамастан саяси оқшаулығын сақтауды жалғастырған аудандарының тәуелсіздігіне патша әскерлерінің жаппай аттаныстары салдарынан катер төнген жағдайда Абылай ханның ісін жалғастырушы ретінде келді. Сондықтан да көтеріліс жасаған сұлтанның басты мақсаты Абылай хан кезіндегі Қазақстанның аумақтық шектерінің тұтастығын калпына келтіру, «дуандарды» (XIX ғасырдың 20-30-жылдарында Казақстанда құрылған округтер оның хаттарында осылай көрсетілген) тарату, Ресей құрамына әлі кірмеген жерлердің толық дербестігін сақтап қалу болды. «Бұлікшіл сұлтан» күресінің негізі талаптары оның император I Николайға, орынбор губернатор-лары В. А.Перовскийге, В.А.Обручевке, сібір губернаторы, кінәз В.Д. Горчаковқа, Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы А.Ф.Генске және басқаларға жолдаған көптеген хаттарында айқын анықталған. Ғүбайдолла сұлтан да, атақты ағасы Саржан да Кенесары Касымовпен бір қатарға тұра алмайды, М. Красовскийдің пікірінше, ол «ақылы жөнінен атасынан кем түскенімен, одан да, әкесінен де (Қасым төре.-Рет.) мінезінің өрлігімен асып кетіп, бүкіл далаға әйгілі болды».

«Айлакер, ерекше сипатты саясатшы» ретінде Кенесары Касымов сұлтан құдіретті Ресей державасымен күрес қазақтың үш жүзінің күштерін біріктіруді, едәуір құрбандықты, әскери ғана емес, дипломатиялықта күш-жігер жұмсауды талап ететінін жақсы білді. Ол халық қозғалысынан бөлініп қалған жекелеген сұлтандардың, старшындардың, билердің бетімен кетушілігін аяусыз басып, Ресей саясатын колдағандарды қатаңжазалағанмен, бәрі бір патша үкіметімен түсініспеушіліктерді, негізінен алғанда, бейбіт жолмен шешуді жақтаушы болып қала берді. Соғыс тұтқындарына, соның ішінде орыстарға да төзімділікпен қарады, олардың кейбіреулері оған қызмет етті, Ресей елшілерін сыпайылықпен қабылда-ды, қырғыздармен тайталас кезеңінде мінез танытқаны болмаса, өз әрекеттерінде қатыгездікке жиі жол бермеді. Дегенмен, көтеріліс мүдделерін сатып кеткендер, әскери тәртіпті бұзғандар оның каһарына үшырап отыруы жиі болып тұрды.Атап айтқанда мұны «Кенесары-Наурызбай» дастаны дәлелдейді, онын авторы ақын әрі жауынгер Нысанбай атақты «қазақ Шәмілінің» барлық іс-әрекеттеріне белсене катысқан. Айтпақшы Кенесарыға еріксіз тұтқын болған барон Услар (Услар) суреттеген ханның сөзбен сипатталған портретін келтіре кету артық болмас: «Кенесарының бойы биік емес, ашаң, оның бет әлпетінде қалмақ сипатты бітім бар және оның шыққан тегін еске салады. Айта кетелік, оның кысыңқы көздері мысқыл араласқан ақыл нұрын шашып тұрады, ал оның кескінінен әсте де қаталдық байқалмайды, алайда ол көптеген жағдайларда қаталдык керсеткен».

Ақылды саясатшы Кенесары сұлтан Ресейге қарсы ұзаққа созылып, титықтататын қарулы күрестің бүкіл қиындығын ұғынып, Сібір және Орынбор әкімшіліктерімен келіссөздер жүргізу арқылы үздік дипломатиялык касиеттерін керсетті.

Орынбор генерал-губернаторы В. А. Перовскийдің атына жазған алғашқы хатында-ақ ол Казақстан аумағында бекіністер салуды, қазақ жерлерін басып алуды 35 жылға тоқтата тұруды ұсынған.

Казақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатында қазақ жерлерін басып алуды кеңейткен және Ресей ықпалы шегінен тыс қалған аудандарда жаңа округтер кұрған патша үкіметімен алауыздықтарды қазақ ханының бейбіт жолмен шешуге ұмтылыстарын дәлелдейтін қызықты кұжаттар сақталған. Омбы қала бастығына Үшбұлак округтік приказының 1838 жылғы 26 желтоқсандағы хабарламасында ханның жеке өкілдері - Көкшетау, Ақмола және Баянауыл округтерінің бес қазағы (Тобылды Тоқтин, Жүсіп Жанкүшіков, Мәмберді Қонысбаев, Тайтоқа Дөненов және Қосымбай Қазанғапов) ұсталғаны туралы хабарланған, оларға хан Ресей императоры мен Батыс Сібір генерал-губернаторына арналған екі хатты жеткізуді тапсырған. Е. Бекмахановтың кітабында Кенесары сенім білдірген бес адамның екеуі аталады.

Кенесары үш жүздің дәстүрлі топтарын, рулық белімшелерін бірік-тіруге барлық амалдарды қолданды, дегенмен бұл мақсатқа азаттық күрестің 1844-1845 жылдардағы ең шырқау биігіне көтерілген кезеңінің өзінде де қол жетпеді.

Көтерілістің ең басынан-ақ қазақ шонжарлары қарама-қарсы екі лагерьге бөлінді: олардың үкімет қолдаған бір бөлігі отаршылдық әкімшіліктің қолдануына сүйеніп, омбы және орынбор әкімшіліктерінен әр түрлі пұрсаттылықтар алуға тырыса отырып, өздерінің саяси дұшпандарын күйретуге ұмтылды. Ақмола округінің аға сұлтаны Коңырқұлжа Құдаймендин Кенесарының ымырасыз жауы болды, Кіші жүздің билеуші-сұлтандары Ахмет және Мұхаммед Жантөриндер, Айшуақов сұлтандар көтерілісшілерге қарсы өршеленген күрес жүргізді. Кенесары Жетісуға барғаннан кейін азаттық күресі жетекшісінің өз туыстары, Абылай хан материалдық және өзге де құралдарды керек етті, әлбетте, бұл салық ауыртпалығының ұлғайтылуына әкеп соқты.

Кенесарының мемлекеті қазақтардың егіншілікке көшуін көтермеледі. Басқа мән-жайлармен қоса, мұны патша әкімшілігі тарапынан сауда жолдарын бақылау катайтылған жағдайларда көтеріліске шыққан ауылдарды астықпен камтамасыз етудің кажеттігі талап етті. Көтеріліс аудандарына астық жеткізуші керуендер қолға түскен жағдайда астығы тәркіленді, ал кепестер, саудагерлер қатаң жауапка тартылды, мұның өзі көшпелі халық үнемі көшіп-қонып отырған жағдайда да ханды егіншілікті көтермелеуге мәжбүр етті. Үкіметтің катаң шараларына қарамастан астық артылған керуендер жер-жерден, тіпті алыстағы Кіші жүзден де келіп жатты. Ол егіншілікті бірден-бір және «күнкөрістің молшылық көзі» деп білді. 1846 жылдың күзінде Іле өзенінің оң жағасына жақын Қарақамау алқабы ауданынан «...ол жалайыр руының егіншілерін тапты. Егіншіліктің артықшылықтарын көрген хан өзіне еріп жүргендерге де диқаншылықпен айналысуды ұсынды».

Кенесарының саудасаясатының да өзіндік ерекше-ліктері болды. Кәпестер керуендерінен алынатын баж едәуір кіріс келтіретінін көрген хан оларды тонауды тоқтатты, кейде керуенбасыларын өзі қабылдап, тауарлар алып өткені үшін баж төлеуден жалтарғандарға қосымша салықтар салып отырды. Оның хандығының шегінен шыққаннан кейін приказчиктердің өздерін «жауап алу үшін» тоқтатқан қазақ отрядтарының командирлеріне жағынуға тырысып, ол туралы тек қана «қарақшы» деп айтуы сирек кездеспесе де, Кенесары ауылдарында тоқтатылған көпестерге меймандостық пен қамқорлық көрсетілгені туралы кұжаттар жетіп жатыр.

Бұрынғы мемлекеттік кұрылыс едәуір кайта ұйымдастырылды. Жоғары кеңесші орган ретіндегі Хан кеңесі халық мүдделеріне берілген батыр-лардан, билерден, сұлтандардан, туыстарынан тұрды. Бірақ шешуші дауыс Кенесарының өзінде болды. Хан кеңесіне, негізінен алғанда, азаттық күресінің мүдделеріне адал,сол кездің өзінде-ақ халықтың ақылды да шебер саясатшылар деп тануына лайық болған жеке ерлігін, дипломатиялык қабілетін көрсеткен, адамдар кірді.

Хан кеңесі шешімдерінің, үндеулерінің ауылдарда таралуын, түсіндірілуін және орындалуын арнаулы басқару қызметі қадағалап отырды. Мемлекет басында болғанында Кенесары шыққан тегіне қарамастан, теңдесі жоқ жеке касиетін көрсеткен адамдардың басқару ісіне тартылуын көтермелеп отырғандығы тарихтан белгілі.

Хан Ресейдің, Орта Азияның лауазымды адамдарына үнемі хат жолдап отырды. Диплом-атиялык қызметті ұйымдастыруға ол ерекше зор мән берді. Оныңхаттары, жолданымдары мазмұнының айкын накты,талаптарының дәлелді болуымен ерекшеленеді. Орыс дипломаттары Гернді, Долговты, барон Усларды, белгілі көпестерді кабылдаған кезінде хан өзін дипломатиялык әдептілікпен ұстаған.

«Дінсіз кәпірлерге қарсы одақ» жасасу үшін «даңқты батырдың даңқты Хиуа мемлекетінің» елшілерін қабылдауы жағдайларының бірін Я.Палферов сипаттаған.

Кенесары жекелеген жасақтарына әскери кеңестің мүшелері, атақты батырлар басшылық еткен ұрысқа кабілетті қалың қол ұйымдастыра білді.

Кенесарының жүздіктерге және мындықтарға бөлінген әскері ұзаққа созылатын дала соғысы жағдайларына бейімделген болды. Кенесарының жеке өзі кадағалап отырған катаң тәртіп, оның айтарлықтай кысқа уакытта жауынгерлердің толық жиналуын қамтамасыз етуіне мүмкіндік берді. Кенесары өз әскерлеріне айырым белгілерін енгізді. Көтеріліс жетекшісінің өзі кейде орыс армиясының алтынды офицерлік эполеттерін тағынып жүргенін көптеген деректемелер растайды: «.„ақбоз атқа салт мініп, алтын оқамен көмкерілген шолақ шекпен киген және орыс полковнигінің эполеттерін тағынған әскербасының өзін де дүрбімен көру мүмкін болды.Оның басында офицерлер киетін арнайы фуражка, ал бір иығында артқа тастаған күміс салпыншақ шарф», - 1844 жылдың тамызында Екатерина станицасын қоршау кезінде Кенесары осылай сипатталған.

Кенесары өзіне қажетті мәліметтер жеткізіп отырған жансыздарының кызметін шебер пайдаланды.Осындай акпараттың арқасында, хан жазалау күштерінің әскери жүріс-тұрысының жоспарларын алдын ала біліп отыр-ды, бұл оның өз адамдарын орынсыз қырғынға үшыратуды болғызбауына мүмкіндік берді. Кенесарының соғыс кимылдарын жүргізу тактикасы полковник Дуниковскийдің, әскери старшын Лебедевтің рапорттарында, есептерінде, хабарламаларында, XIX ғасырдағы, тарихшылар Н.Середаның, В.Пттонның, Л.Мейердің және басқалардың еңбектерінде егжей-тегжеилі суреттелген.

Кенесары жеке басының ерлігімен, өр мінезіімен ерекше көзге түскен, өзінің калың нөкерлерінің алдында «әрқашанда сәңді барқыт бешпент киіп, салт атпен салтанат кұрып жүрген», іс-қимылында ол «жолындағының бәрін жайпап өтетін дауыл сияқты болған».

Хандық басына келген соң Кенесары қазақ жерлерін азат ету жолындағы күресті бұрынғысына қарағанда неғұрлым батыл жалғастырды. Қоқанның Созақ бекінісін алған соң Кенесары соғыс кимылдарын кеңейтіп қана қоймаи, сонымен бірге өз жақындарының қаза тапқаны үшін кек қайтаруға да ниеттенді.

1843 жылға дейін үкімет көтерілісшілерге қарсы тұрақты армияның ірі контингентін пайдаланудан тартынып, отаршылдыққа қарсы қозғалыстың негізгі ошақтарын қазақ бөлімдерімен тұншықтыруды жөн көрді. Оның үстіне XIX ғасырдың 40-жылдарына дейін жоғары дәрежелі әскери-әкімшілік шенділер жалпы халықтық қозғалысты «қару қолданбай, Ұлы мәртебелінің мейірбандық сезімдеріне сәйкеес келетін адамгершілік сенімдермен» басу үмітін жоғалтпады. Атап айтқанда, генерал-майор Жемчужников осындай көзқарасты жақтаушы болды, ол әскери министр Чернышевті өз жоспарын қабылдауға сендірді.. Бұл орайда Жемчужниковты Сібір және әсіресе Орынбор генерал-губегрнаторлықтарының проблеманы беибіт жолмен шешу көзқарасын ұстаған жекелеген патшалық әскери қайраткерлерінің қатарына жатқызу, әрине қате болар еді. Жемчужников мұндай қорытындыға кең ауқымды күрес басталған кезден 4-5 жыл бойы бытыраңқы отрядтармен кимыл жа саған қазақ құрамалары командирлерінің үлесіне тиген талай сәтсіздіктеррдің себебінен келген еді.

Алайда көтерілісің әлдеқашаннан бері имперрия бодандығында болып келген шалғайдағы аудандар мен аймақтарды одан әрі қамтуы патша өкіметін қатты мазасыздандырды. Азаттық күүресінің белсенді кезеңі Солтүстік Кавказ таулықтары қозғалысының өрлеуіне тұстас келді, ал Петербург сарайы таулықтар козғалысын басуға едәуір әскери күштер бөлуге мәжбүр болған еді. Араларында ортақ белгілер де, сонымен бірге ерекшелік те көп болған отаршылдыққа карсы осы мейлінше куатты қозғалыстар ыкпалының көршілес аймақтарға таралу болашағы патша өкіметін Оралдан арғы шет аймақта орналастырылған тұрақты әскери күштерді колдана отырып, Кенесары ханға қарсы нағыз соғыс бастауға мәжбүр етті.

«Бір мемлекетте екінші мемлекет болмауы керек» деген қарарға қол қоя отырып, I Николай 1843 жылғьі 27 маусымда Кенесарыға карсы кең көлемде соғыс жорығына рұқсат етті. Әскери старшина Лебедевтің 300 адамнан тұратын отряды алдыңғы соққы беретін күш болуға тиіс еді, кейіннен оның отрядындағылар саны 1900 адамға жетті; 1843 жылдың тамызында А. Жанторин және Б. Айшуақов сұлтандар бастаған екінші топ жарақталды. Тайталасушы тараптардың 1843 жылғы 7 тамыздағы шайқасы үкіметке тілегендей нәтиже бермеді. Полковник Бизанов бастаған қарулы топ көтерілісшілердің негізгі күштерін кездестірмей, Орск бекінісіне кайтып оралды. Өлкені жақсы білген Кенесары шабуылға шығып, 1844 жылғы 20 шілдеден 21 шілдеге қараған түні Жантөрин сұлтан отрядының быт-шытын шығарды.

Әскери старшина Лебедев сылбырлығы және дереу көмек көрсетпегені үшін әсқери отрядқа басшылық етуден шеттетілді. Жеңіспен жігерленген Кенесарының негізгі күштері 1844 жылғы 14 тамызда Екатерина станицасына шабуыл жасады, маңындағы елді мекенді, форштадты өртеп, 40 адамды тұтқынға алды."

Көтерілісті басу үшін Орынбор жағынан полковник Дуниковскийдің отряды щықты, ал әскерлердің сібір тобын генерал Жемчужников басқарды. Кенесары патша отрядтарының қудалауынан құтылып кетті. Үкі-меттік топтарды абыржушылық жайлады. Оның үстіне Шәмілмен ұзаққа созылған соғыс үкіметтің күш-кұралдарын одан әрі аландата берді. Кенесарымен соғыс та тез жеңіске жеткізбейтін сыңайда болды. Мұнымен қоса Орынбор губернаторы В. А. Перовский мен Сібір губернаторы В. Д. Горчаков арасында Кенесарыға қарсы күрес жолы жөнінде кереғар көзқа-рас пайда болды. Перовский бұрынғысынша жанжалды бейбіт жолмен шешуді, ал Горчаков көтерілісті қарулы күшпен басып-жаныштауды жақтады.

Орынбор бастықтары Долгов пен Гернді елшілікке жіберу қажет деп тапты, елшілік алынған нұсқауларға сәйкес Кенесарының алдына кабылдауға болмайтын шарт койды: көтерілісшілерге үкімет белгілеген шектеулі аймақ шегінде көшіп жүруге рұқсат етілді. Патша елшілері алға қойылған мақсатқа жетпей, кері қайтуға мәжбүр болды. Бұл орайда Долгов Орынбор әкімшілігіне Кенесарының барлық орыс бекіністері жойылып, басып алынған жерлер қазақтарға қайтарылған, дала өңіріндегі талап-тонау мен зорлық-зомбылық тоқтатылған жағдайда ғана өзінің Ресей протекторатын кабылдауға келісетіні туралы жауабын жеткізді.

Енді үкімет Арал-Сырдария алабы өңірінде бірнеше бекініс салып, Кенесары ханды Орынбор өлкесінен ығыстырып шығаруға тырысты. Екі жақтан Қыспаққа алынған Кенесары Сарыарқадан кетіп, көтеріліс орта-лығын Ұлы жүзге көшіруге мәжбүр болды.

Ал Сібір өкімет орындары Кенесары жасақтарының аймаққа келуінің алдын алу мақсатымен, халық және мал санағын жүргізуді сылтауратып, Жетісуға Сібір Шекаралық басқармасының торағасы генерал Вишневский басқаратын зеңбірегі бар едәуір әскери күштер жіберді.

Кенесары ханның Жетісуға келуі халық арасында терең жік туғызды. Сірә, жалпы халықтық қозғалыстың ыкпалына үшырамаған бірде-бір ірі ру бөлімшесі болмаған шығар. Бұл да генерал-губернатор В.Д.Горчаковтыы 1846 жылдың жазында Лепсі-Каратал ауданында старшындар, сұлтандар, атақты билер, ықпалды болыс басқарушылары съезін шакыруға өкім беруге итермеледі, мұндағы мақсат отаршылдыққа қарсы қозғалысты айыптайтын, үкімет үшін тиімді келісімді оларға зеңбіректерден атылған гүрсілдер тұсында және қатаң жауапқа тарту жөнінде қорқыту арқылы қазақ ақсүйектерін ресми өкімет орындарының ханды саяси жағынан окшаулауға және оның көтерілісшілерін Ұлы жүз шегінен ығыстырып шығаруға бағытталған ұстанымына ынтымақтастық білдіруге мәжбүр ету болатын.

Кұжаттың түпнұсқасында «қаскүнемдерді жою жөнінде» және олар табылған жағдайда ең жақын приказ арқылы Ресей Үкіметіне «дереу жеткізу» үшін 17 сұлтанға, 27 биге, бірқатар болыстық старшындарға жүктелген негізгі міндеттемелердің мәні ашылып көрсетілген. «Бұлікшіл ауылдардың» қонысына ең жақын өңір Аягөз және Алатау округтері болып шықты; көтеріліс қамтыған өңірге бір жағынан жасаул Нюхаловтың отряды; оңтүстіктен - жүзбасы Абакумов-тың қазақ командасы жіберілді. Ол кезде ақылымен және шешендігімен әйгілі болған болыс басқарушысы, Абайдың әкесі - Кұнанбай Өскенбаев үкіметті жақтау-шылар қатарында болған.

1846жылдың жазында Кенесары Балқаш көлінің жағалауындағы Камал түбегін басып алды; сол жерден ол жазалау отрядтарына жансала қарсыласу мақсатымен жаңа ауылдарды тарту есебінен өз негізін кеңейтуге ниет етті. Бірнеше зеңбірегі бар ханның он мыңдық жасағы едәуір күш болатын. Жазалаушы кұрамаларға қарсы осыныңалдындағы қақтығыстар бойынша жауынгерлік тәжірибе жинақтаған көтерілісшілердің каруы да жаман емес еді.

Оларға Қоқан хандығына қарсы белсенді күрес кезеңінде қосылған хиуалык жеті шебер оқ ататын зеңбірек дайындап берген.

Жетісуда жүрген және азық-түлікпен қамтамасыз етілу аудандарынан шеттеп қалған хан өз ауылдарын астықпен жабдықтау проблемасын өзінше шешті: нақ сол Нюхаловтың хабарлағанындай, Кенесары өзіне бағынғысы келмеген, «егіс егіп, оларға астық дайындап беруге тиісті» «500 шаңырақ үйсіндерді» тұтқында ұстады.

Талантты қолбасшы ретінде Кенесары өз жасағына да, оның үстіне бүкіл көтеріліске де тұрақты бөлімдер кенеттен қоршауы мүмкін болған жағдайда, өзінің Балқаш өңіріне орналасуының сәтсіз екенін айқын түсінді. Сонымен бірге оның жасағы Орта жүз бен Жетісу аралығында қимыл жасап жүрген басқа да бытыраңкы жасақтардан бөлініп қалды. Кенесары жағдайды дұрыс бағалап және күресті жалғастыру үшін жағдайдың әлсіздігін біліп, өз ауылдарымен бірге Іле өзенінің оң жағалауына өтті және сұлтан Рүстем Әбілфейізовтің жасақтарымен бірікті, мұның өзі кешірілмес жаңсақтық болатын. Бұдан кейінгі окиғалар Рүстем сұлтанның дәйексіздігін көрсетті. Бұл көтерілістің жеңіліс табуын тездетті. Жетісуда болған кезінде Кенесары қырғыз манаптарына жергілікті ха-лыктан зекет жинау үшін екі мың адамдык жасақ жіберді. Алғашкы кақтығыстардың өзі-ақ қырғыз руларының қазақ ханы өктемдігіне бағынбауға бел байлағанын көрсетті. Оның үстіне аймаққа ниеті белгісіз ірі карулы күштер келгені туралы ескертілген ең басты кырғыз манаптары қарсылық көрсету үшін қол жинап үлгерген болатын. Екі мың адамдық жасақтан «мың шақты адам ашжалаңаш қайтып келіп, жеңіліске ұшырағандарын және өздерінің кашып кұтылғандарын хабарлады».

Кенесары өз жағдайының киын екенін, Абылай ұрпақтарының арасындағы терендей түскен алауыздыктарды ықпалды манаптармен жасырын байланысы бар қазақ отрядтарының командирлері шебер және дер кезінде пайдаланатынын жақсы түсінді. Ол былай тұрсын, Кенесары өз жорықтарына қатысуға күштеп мәжбүр еткен ыкпалды қазақ батырларының бірі Сыпатай Ормон ханмен құпия байланыс жасап, казақ жетекшісін - таудың сыртында қырғыздардың қалың қолы тұр, сен олардың осы уақытқа дейін тек «шабақтарымен айналыстың, сазандарымен енді ғана кездесесің» деп иландырды.Бастапқы мақсатқа жету - Тянь-Шань қырғыздарын, Ұлы жүздің бір бөлігін өзіне бағындыру, Шу өзенінде қыстап шығу, одан соң Үш-Алматыны жайлау мүмкін еместігі барған сайын айқындала түсті. Оның Цин Кытайының шығыс шектерінде кешіп жүруге оның келісімін алуға тырысуы Кенесарының қырғыздармен қантөгісті қақтығыстар жасамау ниетіне байланысты болатын. Іле өзенін бойлай жоғары өрлеген ол көптеген ауылдармен бірге қытай шекарасына терендей кіріп, Үйгентаска токтады да, одан Шыңжаң билеушісіне Кұдайменді Саржанов сұлтан, Шоқтар Бактыбаев би және Сұйдақ қожаны елшілікке жіберіп, «оның жерінде көшіп жүруге рұқсат ету туралы» өтініш жасады, бұған рұксат ала алмады. «Ол қытай қамқорлығына алынбайды және қайдан келсе, сонда кетсін, қытайдың өкімет орындары сізбен де, іспен де кінәлі болғысы

келмейтін Ақ патшадан мейірім сұрасын...» Кенесары өз елшілерін жібергеннен кейін бір ай өткен соң, оның ауылына арнаулы тілмаштар жеткізген жауаптың мәтіні осындай болды, мұның өзі оны Ұлы жүз бен Қырғызстан шегінде көше жүріп, Жантай, Ормон манаптарға мынадай мазмұндағы хат жолдауға мәжбүр етті: «Менің мұнда келу мақсатым жауласу және қан төгу емес, кайта қырғыздар мен қазақтарды біріктіру... және жалпы алғанда, қоқандықтардың қысым көрсетуінен кұтқару...». Алайда ол озінің бейбіт ниеттерін жүзеге асыра алмады: мұның үстіне қырғыз ауылдарына дұшпандары таратқан оның «кырғыз руларын жоюды», ойлайтыны, сондай-ак қырғыз елшілеріне менсінбей қарауы туралы сыбыстар қырғыздардың қарсы қимылын қатайта түсті. Бас манаптар Жантай Қарабеков, Ормон Ниязбеков өз қимылдарын жасаул отрядтарына жансала қарсыласу мақсатымен жаңа ауылдарды тарту есебінен өз негізін кеңейтуге ниет етті. Бірнеше зеңбірегі бар ханның он мыңдық жасағы едәуір күш болатын. Жазалаушы кұрамаларға қарсы осыныңалдындағы қақтығыстар бойынша жауынгерлік тәжірибе жинақтаған көтерілісшілердің каруы да жаман емес еді. Оларға Қоқан хандығына қарсы белсенді күрес кезеңінде қосылған хиуалык жеті шебер оқ ататын зеңбірек дайындап берген.

Жетісуда жүрген және азық-түлікпен қамтамасыз етілу аудандарынан шеттеп қалған хан өз ауылдарын астықпен жабдықтау проблемасын өзінше шешті: нақ сол Нюхаловтың хабарлағанындай, Кенесары өзіне бағынғысы келмеген, «егіс егіп, оларға астық дайындап беруге тиісті» «500 шаңырақ үйсіндерді» тұтқында ұстады.



Талантты қолбасшы ретінде Кенесары өз жасағына да, оның үстіне бүкіл көтеріліске де тұрақты бөлімдер кенеттен қоршауы мүмкін болған жағдайда, өзінің Балқаш өңіріне орналасуының сәтсіз екенін айқын түсінді. Сонымен бірге оның жасағы Орта жүз бен Жетісу аралығында қимыл жасап жүрген басқа да бытыраңкы жасақтардан бөлініп қалды. Кенесары жағдайды дұрыс бағалап және күресті жалғастыру үшін жағдайдың әлсіздігін біліп, өз ауылдарымен бірге Іле өзенінің оң жағалауына өтті және сұлтан Рүстем Әбілфейізовтің жасақтарымен бірікті, мұның өзі кешірілмес жаңсақтық болатын. Бұдан кейінгі окиғалар Рүстем сұлтанның дәйексіздігін көрсетті. Бұл көтерілістің жеңіліс табуын тездетті. Жетісуда болған кезінде Кенесары қырғыз манаптарына жергілікті ха-лыктан зекет жинау үшін екі мың адамдык жасақ жіберді. Алғашкы кақтығыстардың өзі-ақ қырғыз руларының қазақ ханы өктемдігіне бағынбауға бел байлағанын көрсетті. Оның үстіне аймаққа ниеті белгісіз ірі карулы күштер келгені туралы ескертілген ең басты кырғыз манаптары қарсылық көрсету үшін қол жинап үлгерген болатын. Екі мың адамдық жасақтан «мың шақты адам ашжалаңаш қайтып келіп, жеңіліске ұшырағандарын және өздерінің кашып кұтылғандарын хабарлады».

Кенесары өз жағдайының киын екенін, Абылай ұрпақтарының арасындағы терендей түскен алауыздыктарды ықпалды манаптармен жасырын байланысы бар қазақ отрядтарының командирлері шебер және дер кезінде пайдаланатынын жақсы түсінді. Ол былай тұрсын, Кенесары өз жорықтарына қатысуға күштеп мәжбүр еткен ыкпалды қазақ батырларының бірі Сыпатай Ормон ханмен құпия байланыс жасап, казақ жетекшісін - таудың сыртында қырғыздардың қалың қолы тұр, сен олардың осы уақытқа дейін тек «шабақтарымен айналыстың, сазандарымен енді ғана кездесесің» деп иландырды.Бастапқы мақсатқа жету - Тянь-Шань қырғыздарын, Ұлы жүздің бір бөлігін өзіне бағындыру, Шу өзенінде қыстап шығу, одан соң Үш-Алматыны жайлау мүмкін еместігі барған сайын айқындала түсті. Оның Цин Кытайының шығыс шектерінде кешіп жүруге оның келісімін алуға тырысуы Кенесарының қырғыздармен қантөгісті қақтығыстар жасамау ниетіне байланысты болатын. Іле өзенін бойлай жоғары өрлеген ол көптеген ауылдармен бірге қытай шекарасына терендей кіріп, Үйгентаска токтады да, одан Шыңжаң билеушісіне Кұдайменді Саржанов сұлтан, Шоқтар Бактыбаев би және Сұйдақ қожаны елшілікке жіберіп, «оның жерінде көшіп жүруге рұқсат ету туралы» өтініш жасады, бұған рұксат ала алмады. «Ол қытай қамқорлығына алынбайды және қайдан келсе, сонда кетсін, қытайдың өкімет орындары сізбен де, іспен де кінәлі болғысы келмейтін Ақ патшадан мейірім сұрасын...» Кенесары өз елшілерін жібергеннен кейін бір ай өткен соң, оның ауылына арнаулы тілмаштар жеткізген жауаптың мәтіні осындай болды, мұның өзі оны Ұлы жүз бен Қырғызстан шегінде көше жүріп, Жантай, Ормон манаптарға мынадай мазмұндағы хат жолдауға мәжбүр етті: «Менің мұнда келу мақсатым жауласу және қан төгу емес, кайта қырғыздар мен қазақтарды біріктіру... және жалпы алғанда, қоқандықтардың қысым көрсетуінен кұтқару...». Алайда ол озінің бейбіт ниеттерін жүзеге асыра алмады: мұның үстіне қырғыз ауылдарына дұшпандары таратқан оның «кырғыз руларын жоюды», ойлайтыны, сондай-ак қырғыз елшілеріне менсінбей қарауы туралы сыбыстар қырғыздардың қарсы қимылын қатайта түсті. Бас манаптар Жантай Қарабеков, Ормон Ниязбеков өз қимылдарын жасаул Нюхаловпен келісе отырып, «жанталаса қимылдауға -өлім, яки оның көзін жоюға шешім жасады». Сол екі арада Кенесарының жасақтары жат жерде ұсақ-түйек қақтығыстарға барғанмен, түбегейлі бетбұрысқа қол жеткізе алмады. 1847 жылғы сәуірдің ортасына карай қырғыздар негізгі күштерін біріктіріп, бейне бір жүз мыңдык әскер жинаған сияқты, дегенмен бұл деректердің көп асыра көрсетілгені көрініп тұр. Адам саны жөнінен артықшылық қазақ ханының жаулары жағында болғаны анық. Шешуші шайқас 1847 жылғы 17 және 25 сәуір аралығында қазіргі Тоқмаққа жақын, қазақ сарбаздарын қырғыздар кақпанға түсірген терең шатқалда болды. Таулы жер ханға өз артықшылығын пайдалануға мүмкіндік бермеді, оның өз қолында бар жеңіл зеңбіректермен атуды барынша пәрменді түрде пайдалануға мүмкіндігі болмады. Кең далада ойдағыдай қолданылып, сынақтан өткен атты әскерлер де кең қанат жаюы мүмкіндігінен айырылды. Үш тәулікке созылған тең емес шайқас қазақтардың күшін титықтатты; жағдайды ұрыс алаңынан Рүстем сұлтан мен Сыпатай би жасақтарының кенеттен шегініп кетуі қиындата түсті. Кенесары және 30-дан астам сұлтан тұтқынға түсті, қалғандары «бытшыт болып, жан-жаққа қашып кетті». Кырғыздардың тұтқынына мыңнан астам сарбаз түсіп, құлақестіп көрмеген қатыгездікпен өлтірілді. «Кұлдықтың қасіретті шынжырын лақтырып тастағысы келген көшпелілердің үміті», қазақтың соңғы ханы осылай қаза тапты.

«Осы бұлікшіні құртқаны үшін» кырғыздардың басты манаптары Ормон Ниязбеков, Жантай Карабеков, оның інісі Калығұл Әлібеков, сұлтан Рүстем Әбілфейізов, Сыпатай би Мырзагелдин патша үкіметінен мол марапаталды.

Кенесары қайтыс болғаннан кейін алты жылдан соң Ұлы жүздің аға сұлтаны қызметіне үміткерлерді таңдау кезінде Рүстем Әбілфейізовтің Ұлы жүздің аға сұлтаны қызметіне кандидатурасы «оның бұрынғы сенімсіз әрекеттері себепті» қабылданбай тасталды, яғни оның бастапқыда Кенесары Қасымовпен уақытша байланыс жасағаны ескерілді.

Ханның жеңіліс табуы мен қайтыс болуы орыс отрядтарының Іленің арғы жағындағы өлкеге және Солтүстік Қырғызстанға одан әрі тереңдей енуіне қолайлы жағдай жасап, аймақты Ресей империясына қосып алуды жеңілдетті.

Кенесары Қасымовтың көтерілісінің біршама қайшылықтары, анықталмаған мән-жайлары бар: бір жағынан, Қоқан хандығымен (қазақтарды азат ету мақсатын көздеген) соғыс, ал екінші жағынан, бауырлар қырғыздармен қантөгісу соғысы, тағы бір жағы, өзін қолдаудан бас тартқан қазақ руларына мейірімсіздігі.

Шұрайлы қоныс, шүйгін жайылым үшін дәстүрлі күрес бұл жолы да қазақ руларының қасиетті мақсат жолында - өкімшілік-отарлаушылық жаңа тәртіптердің енгізілуіне қарамастан, саяси оқшаулығын сақтап келе жатқан, кең-байтақ аймақтардың мемлекеттік тәуелсіздігін калпына келтіру жолында бірігуіне кедергі жасады; тағдырлы стратегиялық мақсаттардан тар өрісті рулық мүдделердің басым болуы дәстүрлі аристократияның Орталық Азияның оңтүстік-шығыс шектерінде Англия мен Ресей мүдделерінің барған сайын ашық қақтығысуы жағдайларында солтүстік көршісінің әскери-саяси қысымы алдында осалдық көрсетуін тереңдете түсті.

Ресейдің Оралдан арғы шет аймақтарындағы аса ірі халық көтерілісі жеңіліс табуының мән-жайларын айтқанда, Казақстанның геосаяси орналасуының ерекшелігін ескермеуге болмайды: Хиуаның да, Бұхара әмірлігінің де Кенесарымен ынтымактастық жасауында мұсылмандық факторы да елеулі рөл атқарғанымен, олар Кенесарыны өздерін Ресей тарапынан жасалатын болашақтағы қауіптен корғау дәрежесінде ғана қолдады; бірак хан өз каруының өткір жүзін Қоқанға карсы бағыттасымен-ақ бұрынғы қолдау біртіндеп бәсендей берді; Ресейге қарсы да, Қоқанға карсы да күресі қазақ ханының түзеуге келмес катесіне айналды.

Ұлы Абылай заманындағы егеменді мемлекеттілікті калпына келтіруді максат еткен қазақ халкының XIX ғасырдағы аса ірі ұлт-азаттық көтерілісі бұл жолы да жеңіліспен аякталды, бірақ ол Орта Азия мен Қазакстан халықтарының жадында өшпес із қалдырды. Ол Ресей империясына қарсы халықтардың Польшаға, Кавказға, басқа да аймактарға құлаш жайған күресінің бір буыны болды. Шәміл жетекшілік еткен таулықтардың көтерілісімен қатар, аса көрнекті саясатшы, қолбасшы Кенесары Қасымов басшылық еткен қазақ халқының күресі де империяның отаршылдық басып алуынан азаттық жолындағы ұлттык шет аймақтар күресі арнасындағы ең табанды, қажырлы және ұзаққа созылған көтерілістер қатарына жатады.

Кенесары ханның өз басы, оның саясатшы, қолбасшы, дипломат ретіндегі теңдесі жоқ қасиеттері тоталитарлық жүйенің өктемдігі жағдайында жылдар бойы ескерусіз қалдырылып келсе де, халық жадында берік сақталған. Кенесары Қасымов хан өз дәуірінің ұлы қайраткерлері шоғырында лайықты орын алады. Орыс халқының тәуелсіздігін жат жерліктердің шапкыншы-лығынан қорғаған қолбасшылар Дмитрий Донской, Михаил Кутузов және басқалар сияқты, Кенесары хан да Қазақстанның дербес мемлекет ретінде оқшаулануын сақтау жолында жеке басының теңдесі жоқ қасиеттерін көрсетіп, өз өмірін соның жолында кұрбан етті.

Кенесарының жанын пида еткен күресі, оның халық мүдделеріне шексіз берілгендігі, қолбасшылық өнері, капиталистік жүйе орныққанға дейінгі даланың ғажайып кемеңгер, өзгеше сипаттағы саясаткері ретіндегі ерен қасиеттері оны көзінің тірісінде-ақ бүкіл халықтың құрметіне бөледі, оның жеке басы сол дәуірдегі патшалық отаршылдық империя апологеттерінің өзін де кайран қалдырды. Дала өңірінің суырып-салма жырау-лары жырға қосқан хан бейнесі бүкіл даланы кеңінен шарлап кетті. Плюрализм және соз бостандығы қайтадан мүмкін болған казіргі тәуелсіз Қазақстан жағ-дайында орынсыз ұмытылған есімдер халыққа қайтарылды, солардың ішінде қазақ жүздерінің соңғы ханы, Абылай ханның немересі - Кенесары Қасымов бар. Біздің ғасырымыздың 30-жылдарында-ақ ұрпақтар есінде калдырылған Кенесары ханның қозғалысы, патша өкіметінің аймақта әскери-саяси белсенділігі жағдайында табысқа жеткізбесе де, атасы Абылай ханның ісі сияқты оның ұлы істері туралы халық есінде ізгілікпен сақталғанының куәсі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет