«Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы»


Жоңғаряның талқандалуы. «Шаңды жорық»-жоңғар соғысының ақыры



бет7/16
Дата24.02.2016
өлшемі1.28 Mb.
#17050
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

2. Жоңғаряның талқандалуы. «Шаңды жорық»-жоңғар соғысының ақыры.1742 жылы генерал-лейтенант Урусовтың орнына құпия советник Неплюев тағайындалады. 24 тамыз күні сұлтандармен бірге Жәнібек батыр онымен бірге жоңғар елшілері келеді. Олар Қалдан Серен қазақтың ұлы жүзінен аманат ұстайды. Кіші жүз бен орта жүзденде аманат алып бодандық шарасын жасауға елші жібергенін мәлімдейді. Оған Неплюев 12 жылдан бері қазақтық кіші жүзі мен орта жүз Ресей протектараттығын қабылдағанын сондықтан жоңғар билеушілерімен келіс сөз бітім жасауға құқылары жоқ . Бұл мәселені Ресей императоры шешетіндігін жеткізеді. Әбілхайыр хан сұрауымен Жәнібек батырға және оның балаларына қазақ халқында бірінші тархан атағы және тархандық граммота беріледі. П.И. Рычков, Н.П. Рычков. Капитан жазбалары. “Ана тілі”1995. (31 б.) Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады:

1771 ж. қазақтар Ресейден қашқан қалмақтарды ұстауға қатысты. Қалмақтар 1630 ж Хо-Юрликтің басшылығымен Монғолиядан Ресейге келген. Еділ бойындағы даланы жаулап алып, Еділ бойын оңтүстігінде жүрген – татарлар, ноғайлар, түркімендерді т.б. бағындырды. Хо-Юрлик Алтын Орданы қалпына келтіргісі келіп Астрахан қаласын алып астанасы етпек болды. Оның өлімі жоспарларын жүзеге асыртпады.

Қалмақтар Ресейге адал болуға ант береді.

Хан Пунцук Хо-Юрликтің немересі 1661 ж. Ресейге адал болуға ант береді. Бірақ ант қағаз жүзінде қалды. Пунцук хан орнына мұрагері хан Аюке отырды, ол қалмақтарды елу жылдай биледі. Оның билігінде бүкіл Еділ бойынан Самараға дейін және Сибирскіге дейін жер қарады.

Онан кейінгі қалмақ хандары: Церен–Дондук, Дондук-Омбо, Дондук-Даша және Убашы бұл қалмақ хандары билік Ресей үкіметіне өте тәуелді болды. Бұл кейінгі қалмақ хандарында ауыз бірлік болмады таққа таластары оларды әлсіретті.

Тарихымыздағы «Шаңды жорық» атауы 1771 жылы Еділ бойы қалмақтарының Жоңғарияға қарай үдіре көшуі. Шаңды жорық кезінде Дәуітбай тархан өзінің адамдарымен Торғай өзені бойынан өткен қалмақтарды тосқан. Қырдағы халықтардың бәрінде тархан деген атақ кінәздіктің дәрежесі. Халық ішінде олардың күші ханнан асып түспесе кем түспейді деген. П.И. Рычков, Н.П. Рычков. Капитан жазбалары. “Ана тілі”1995. (58 б.) пікірден Рычковтардың “Капитан жазбаларына ” түсірген П.И. Рычков, Н.П. Рычков. Капитан жазбалары. “Ана тілі”1995. дерегінен тархан дәрежесі қазақ даласында хан дәрежесінен кем түспейтін беделдерінің бірі болғанынан хабар жеткізсе, екінші жағынан Ресей патша үкіметінің енгізген тархандар институтының екі жақ ішінде тиімді дәрежедегі баланста болғанын көреміз. Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады.XIX ғ. 70 жылдарында Рычковтардың қырда деген сөзі қазақ даласында тархандардың, хандардың билігіне сына қағатын тархандар шеніне сенсе , ол хандардың орыс үкіметімен байланысындағы тархандардың да елдің сыртқы саясатына араласатын халықты хабардар етер екі жақ үшін де халық мүддесін көздейтін түп қарадан шыққан халық өкілдері болса, Ресей патша үкіметінің хан сұлтандарға сенімсіздігін білдіретін хан сұлтандар да сезді.

Торғай өзенінің бойында мыңға жуық қазақ қолын бастаған Құдайберген тархан да Ресей бодандығынан босып қашып, өздерінің Жоңғариядағы иеліктеріне қосылғалы бара жатқан Еділ қалмақтарының жолын тосуға шыққан. П.И. Рычков, Н.П. Рычков. Капитан жазбалары. “Ана тілі”1995. Рычковтар өз дерегінде қазақ пен башқұрт арасындағы атам заманнан келе жатқан бітіспес дүшпандықтары бар табиғатынан кекшіл башқұрт халқы кек сақтаған қалпын көрсетпей қонақжайлық танытуларын таңбаныспен жазып күнделігіне қалдырған. Бұл да түбі бір түркі тілдес діні бір туыс халықтарын ежелден жау қылып көрсету арқылы кейінгі жазбаларын оқитын оқырмандарға қазақ-башқұрттық бітіс пен жау қылып көрсетпек шетінен туындаған патшалық отарлық саясатының көзілдірігімен қарап жазылған пікір. П.И. Рычков, Н.П. Рычков. Капитан жазбалары. “Ана тілі”1995. (59 б.) Қазақ пен башқұрттарды араздастырған И.Неплюев саясатына біз тархан Есет батыр қатысқан қазақ башқұрт тұсындағы 1755 ж. Башқұрт көтерілісіне қатысты жазған болатынбыз. Қазақ-башқұрт қатнасының бұзылуына бір кездері патша үкіметінің саясатының салқы тигендігі жөнінде бір ауыз пікір жоқ.

3.Қазақ-жоңғар тарихының тарихнамасы.1776 ж. Қытайлар Жоңғарларды жойғаннан кейін Левшин дерегінде 10000 шаңырақ Шерен бастаған Ресейге өтіп бодандығын қабылдады. Шерен Жоңғариядан босаған жерге отандарына қайтуға Убашыны көндіреді. Еділ бойының оң жағындағы қалмақтармен бірігіп қашуды жоспарлаған, ол үшін Еділдің мұзының қатуын күтеді. Қосылу үшін 1770-1771 ж.ж қыс жылы болып Еділ қатпайды да Убашы Еділдің оң жағындағы қалмақтардың қосылуын күтпей 1771 ж. 5 қаңтарда Жоңғарияға қарай көш басын түзейді Добрамыслов дерегінде шамамен отыз мың шаңырақ қалмақтар олар Жайыққа жақындағанда Орынбор губернаторы Нұралы ханға хабар жібереді. Қалмақтар сендерді шабуға бара жатыр, оларға соққы беріп кері қайтарыңдар дүние мүліктері сендердің олжаларың болады. Нұралы мен Абылай да хабардар болады. Казактарды жұмсай алмайды. Пугачев бұлігіне байланысты олар толқуда болатын.

Орыстың екі армиясы да қалмақтарды тоқтатуға қатыса алмады. Орынбор казактарынан құралған әскери жасақтары генерал майор Траубинберг бастаған әскер Нұралы әскеріне ақпан айының ортасында. Қосылып ат көліктерінің нашарлығымен азық-түліктерінің тапшылығынан кері қайтса, екінші жасақтары Ор бекінісіне өте кеш шығып 12 сәуірде Торғай өзені бойында ғана Нұралы әскерлеріне Торғай өзенін де қуып жетіп қалмақтардың ізін сипап қалды. Ұлы таудан бұл әскерлері де Ресейге кері оралды бұларда бірінші әскерлерінің көбін Қалмақтар сағыз Сағыз өзені бойында сұлтан Айшуақтан қатты соққы алды. Мұғалжар тауларына жеткенде Нұралы ханнан соққы алды. Ор өзені бойында Абылаймен шайқасты. Қазақтар жаңа жетістікке жетіп отырған, одан әрі жерде Әбілфейс сұлтан мен бірігіп соққы берген. Қазақ даласынан өткенше қашқан қалмақтар мал мүліктерінен қатын балаларын қазақтар олжаларды көптеген адамдарын тұтқынға алған ұлы жүз жерінде Ералы сұлтан мен буруттар соққы берген. Қытай жеріне жеткенде мал-мүліктерінен түгел айырылып адамдарының жартысы ғана жетті. А. Добромыслов дерегі сол кездегі қашқан қалмақтар Монғолияда тұрады, олар олюттар деген атпен танымал.

1773-1774 ж. Ресейдің шығыс аймағы Пугачев бұлігімен толқуда болды.

1776 ж. өлке бастығы Рейсендорп қазақтарды әскермен жазалауды сұрайды. Оған ІІ Екатерина рұқсат бермейді. Қазақтарды өшіктіріп аламыз, арты жақсы болмайды жұмсақ қатынас саясатын бұрынғыша жүргізуді талап етеді.

Дәуітбай, Құдайберген тархандар Ресейге одақтас болғаннан қалмақтар жолын тосып жүрген жоқты . Біздің пікірімізше ата жауы болып өткен Еділ қалмақтарын қазақ даласынан көктей өтетін жаудан бәрінде күтуге болатын қамсыз қалмауынан, екіншіден Жоңғарияға жібермей әлсірету мақсаты. Жоңғарияға жетіп, қайта қазақ даласына шабатындай күш қуатқа айналдырмау шараларының оңтайы келіп тұрғанда қамсыз қалмауынан болатын. П.И. Рычков, Н.П. Рычков. Капитан жазбалары. “Ана тілі”1995. (59 б.) Рычковтар жазғандай. Ресей жауларына қарсы аттандық деп, өзге халықтық алдында абыройларын асыру емес еді. П.И. Рычков, Н.П. Рычков. Капитан жазбалары. “Ана тілі”1995. (59 б.) Құдайберген, Дәуітбай тархандардың бұл әрекеттерінде халқын, жерін жаудан қорғау елдік мүдделері жатқан болатын. Деректерден қазақ тархандарының мемлекеттік мәселелердің басында жүргенін көреміз жәнеде сол кездегі қазақ қолының қару –жарағы жөнінде мынадай дерек жазу керек. П.И. Рычков, Н.П. Рычков. Капитан жазбалары. “Ана тілі”1995. (59 -60 б.) Қазақ қалаларының жауды қуғанда 60-80 шақырым жерді еш қиыншылықсыз алып отыратын әдістерін жеткізеді. Онда жауларына қарсы жорыққа шыққан әрбір қазақ үш-төрт ат ұстайды да мінеді азығында соларға артады. Соғыс күні мінетін атына тоқым салмай тоқ ұстайды П.И. Рычков, Н.П. Рычков. Капитан жазбалары. “Ана тілі”1995. (60 б.)

Ауа көшкен қалмақтар 30 мың үй шамасында, бұл 120 мыңдай халық олардың қатарында 30 мыңға тартасы әскери адамдар П.И. Рычков, Н.П. Рычков. Капитан жазбалары. “Ана тілі”1995. (76 б.). Рычковтар өз жазбаларында Еділ қадмақтарының ауа көшуі Ресей саудасына орасан зор зиянын тигізгендігінен, мемлекеттің және халықтың мүддесіне көп нұқсан келді деп өкінішпен жазған. П.И. Рычков, Н.П. Рычков. Капитан жазбалары. “Ана тілі”1995. (101 б.) Патша үкіметінің қазынасына еселеп Орынбор Троицк жерлеріндегі айырбас сауда орталықтарына пайда әкеліп отырған қазақ-орыс, қалмақ – орыс сауда қатнастарының солжылы коммерциялық пайда кірісінің мүлдем тоқтап қалып, кейіннен өте баяу жүріп коммерциялық пайда капиталының қарқыны бәсеңсіп қалғанды. Бұл деректегі коммерциялық пайданың Ресей үкіметі үшін маңыздылығының саяси астарымен құпиясын біз XIX ғасырдың 1867-1868 жылдардағы реформаға байланысты отарлау саясатын жүзеге асыру барысында ашамыз.



Бекіту сұрақтары:

1.Ресей патша әкімшілігінің Қазақстандағы ХҮІІІ-ХІХ ғ. басындағы саясатының сипаты қандай болды?

2. Жоңғаряның талқандалуының себептерін айтыңыз?

3.Қазақ-жоңғар қатынастарының тарихы туралы кімнің еңбектерін білесіз?

4.Өлке бастығы Рейсендорптың қазақтарды әскермен жазалауды сұрақанда ІІ Екатерина не себепті рұқсат бермеді ?
Дәріс №9 ХІХ ғ бірінші жартысындағы Ресейлік саяси-әкімшілік жүйесінің Қазақстанға еңгізілуі.

1.Орта және Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы.

2.1824 ж.Орынбор қазақтары жөніңдегі жарғы.

3.ХІХ ғ. ортасында Қазақстандағы казак әскерилері.

4.Жаңа әкімшілік –территориялық жүйе құрылымы.

1.Орта және Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы. Ресей империясының өзінің ауқымы мен ұзақтығы жағынан дүние жүзі тарихында бұрын-сонды болмаған көлемде шаруаларды қазақ жеріне жаппай қоныстандыруы қазақ халқының ежелден қалыптасқан салт-дәстүрі, шаруашылық жүйесін үлкен өзгеріске ұшыратты. Қазақстанның едәуір бөлігі құрамына енгеннен кейін Ресей үкіметі XIX ғасырдың 20 жыддары қазақ арасында хандық өкіметті біржолата жойып, ел басқаруды жалпы ресейлік тәртіпке жақындатуға кірісті. Бұл шараларды іске асыру Орта жүзден басталды. Орта жүзде хандық өкімет Батыс Сібірдің генерал-губернаторы М.Сперанский жасаған "Сібір қырғыздары туралы Уставқа" сәйкес 1822 жылы Қазақ хандығы жойылып, жаңа әкімшілік жүйеге бөлу енгізілді. Бұл жүйе бойынша 50-70 үй бір ауыл, 10-12 ауыл бір болыс, 15-20 болыс бір округ болып бірікті. Округта жоғары әкімшілік аға сұлтан басқаратын округтық приказ болып есептелді. Ол округтық басқармаға қарады. Приказдың құрамы әскери губернатор тағайындайтын 2 орыс және 2 жыл мерзімге билер сайлайтын "беделді" 2 қазақ заседателінен тұрды. Аға сұлтанды сайлауға тек сұлтандар қатысты. Болысты сұлтандардан сайланатын болыс басқарды. Өкіметтің төмен өкілдеріне сұлтандар қатыспайтын "қазақтардың өздерінен" сайланатын ауыл старшыңдары жатты. Сот билігі билердің қолында болды. Ал кіші жүзде хандық өкімет 1824 жылы Азия комитеті бекіткен Орынбор генерал-губернаторы П.П.Эссеннің "Орынбор қазақтары туралы Устав" деп аталған жоба (1822) негізінде жойылды. Қазақстаңда хандық өкіметтің жойылуы патша үкіметінің отаршылдық саясатына сай жүргізіліп, рулық алауыздықтардың тууына себеп болды. Елдің экономикалық және саяси дамуына кері әсерін тигізді. Хандық өкіметті жою азаттық қозғалысқа айналды.

Сонымен, Қазақ даласында билік әкімшілікке орай және жер мәселесіне байланысты талай ережелер, "қосымшалар" мен уақытша заңдар шығып мойынға түскен қыл арқан тарыла түсті.

1822 жылы Сібірді басқару туралы Ережелер шығуына байланысты қазақ даласын басқаруға көзқарас өзгерді, орыс заңдарын біртіндеп енгізу басталды. Қазақ даласы приказдар басқаратын округтерге бөлінді: округтер болыстарға, ал ол өз кезінде ауылдарға бөлінді.

Ресей империясының Қазақстанды отарлауы қазақ ауыл шаруашылығында қалыптасқан өндіргіш күштерді бұзу жолымен жүргізілді: "өлкенің дамуына және өндіргіш күшке айрықша кері әсер етті. Казактар мен келімсектер алған кең байтақ жер бөліктері көп ұзамай тақырға айналды, олар көп ретте жеке еңбекпен — егін шаруашылығымен айналысудың орнына түрлі формада қазақтарды қанаумен айналысты. 1848 жылы 100 десятина бөлік түрінде 22 376 десятина жыртылатын жер алған. Қапал станциясының казактары 1855 жылы, яғни 8 жыл өткен соң, тек 1826 десятина жерге еккен, бұл қырғыз-дардың (қазақтардың) бұрынғы егінінің 7 проценті ғана". Оған қоса шаруалар арқылы отарлау қазақ еңбекшілерінің егін шаруашылығын бүлдіруге жол ашты. Олар жерді суландыруды білмейтіндігінен көптеген егіншілік жерлер шөл далаға айналды. Сондықтан да отарлау қазақтың егін шаруашылығын өркендетуге кері ықпал етті.

1822 жылы "Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы Уставтың (жарғы)" негізінде Орта жүздің территориясы және Ұлы жүздің біраз жері 8 округқа бөлінді, округтарды округтық приказдар басқарды. Болыстарды болыстық сұлтандар, ауылдарды ауыл старшындары басқарды. Округтар Омбының облыстық басқармасына бағынды. Кіші жүзде хан өкіметі 1824 жылы жойылды, билеуші-сұлтандар басқару 3 бөлікке бөлініп, басқарудың дистанциялық жүйесі енгізілді. Барлық лауазымды қызмет адамдарын Орынбор генерал-губернаторы тағайындады. Хан өкіметін жою және басқарудың жаңа тәртібін енгізу патша үкіметінің мүддесіне сай келді. Сонымен бірге басқару жүйесіндегі өзгерістер әлеуметтік-саяси жагдайға, өлкенің өңдіргіш күшін дамытуға кері ықпал етті. Бұл халықтың наразылығын тудырып, XIX ғасырдың 20-40 жыддары ұлт-азаттық қозғалыстарға әкелді. Ең ұзаққа созылғаны 1837—1847 жылдардағы Кенесары Қасымов бастаған азаттық күресі болды.

Қорыта келгенде, 1822 жылы шыққан "Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы Жарғы (Устав)" бойынша, Орта жүзде хандық таратылған еді, жері округтерге бөлінген болатын. Кіші жүзде, жал-құйрығы күзелген, патша үкіметіне мейлінше тәуелді Ішкі Орда аталмыш ат тебеліндей Бөкей хандығы ғана сақталған болатын. 1845 жылы Жәңгір ханның өліміне байланысты бұл хандық та күшін жойды. Оны уақытша кеңес арқылы басқару, ханның шын мұрагері — орыс шенеунігінің қолына көшті.

Тарихи жағынан қазақ жеріндегі хандық мемлекет қазақтардың мүддесін қорғап келді, өйткені хандық уақытта осы аумақта өзге этностар көп болған жоқ. Сондықтан да қазақ даласындағы басқару ережелерінің жобасы жөніндегі комиссияның түсіндірмесінде: "Басқару ісіне қойылған хандар Ресейге талай рет опасыздық жасады... оның үкіметке зиянды екеніне көз жеткізіп, хан қызметі жойылды"1 делінген. Бұдан кейінгі орыс саясаты 1824 жылы хандық биліктің және одан кейін 1844 жылы басқарушы сұлтандардың жойылуынан 1865 жылы Ресейге Үлкен Орданың қосылуы, Ресей үкіметінің Қазақ даласында хандық билікті жойып, рулық бірлікті әлсіретуін халықтық және шынайы бейбітшілікті жойды.

Жаңа әкiмшiлiк басқару жүйесi бойынша Орынбор қазақтарын басқару Орынбор Шекара Комиссиясына жүктелген. 1825 жылы наурыздың 1 күнi Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы болып Г.Ф.Генс тағайындалады.



2.1824 ж.Орынбор қазақтары жөніңдегі жарғы.1824 жылғы реформа бойынша жоғарғы басқару орны болып Орынбор Азия басқармасы құрылады. Оның құрамында төрағасы, 2 кеңесшi, 2 асессор қазақтардан 4 депутат және 2 депутат Бұқар мен Хиуа хандығынан. Орта Азия хандықтарынан депутаттар енуiнiң себебi, Орынбор қаласы қазақ даласы арқылы өтетiн керуен саудасының орталығына айналады.

Бұл мекеменiң негiзгi мiндетi:



  1. Қазақ даласында тыныштық орнату;

  2. шекара бойында қазақтарды басқаруды бақылау;

  3. Азиядағы жағдайды бақылау;

  4. сот iсiн жүргiзу (әсiресе саудаға байланысты);

  5. iздеу салу қызметi. Орынбор Азия басқармасы мен Орынбор генерал-губернатор тiкелей Сыртқы Iстер Министрлiгi жанындағы Азия департаментiне бағынады.

Шекара басқармасына шекара бойындағы бекiнiстер бағынышты. Барлық шекара шебi 11 дистанциядан тұрады. Дистанцияны орыс офицерi басқарады. Мiндетi: шекара бойында тыныштық орнату, бақылау жасау, Орынбор Шекара Комиссиясы басқаратын аға сұлтандардың кеңсесi болған, олардың штаттарын Орынбор Шекара Комиссиясы бекiткен. Орынбор Шекара Комиссиясының 1828 жылы бекiтiлген жаңа штатында лауазым иелерiнiң жалақысы ептеп арттырылады. Мәселен, аға сұлтан жылына 1200 сом күмiстей жалақы алуымен қоса 60 пұт ұн алатын болған. Ал аға сұлтанның кеңсесiнде қызмет iстейтiн тiлмаштың жалақысы жылына 600 сом күмiс ақша.

Бұдан бiз Кiшi жүз қазақтарын басқару үшiн Орынбор Шекара Комиссиясы мемлекеттiк қаржыны аямағанын көремiз. Жалпы Орынбор Шекаралық Комиссиясының кеңсесiн қаржыландыру үшiн жылына 96 100 сом жұмсаған. Кiшi жүз аға сұлтандарына, старшындар мен билерге жалақыдан басқа сыйлықтар және атақтар берiлген. Бұл мысалдардан Ресей империясы басқару жүйесiнде қазақтарды бiртiндеп мемлекеттiк қызметке қызықтыра отырып, отарлық саясатты iшкi қазақ даласына енгiзе бастағанын көремiз. Жаңа басқару жүйесi бойынша аға сұлтанның мiндетi былайша анықталады: «...Қырғыздардың iс-әрекеттерiн бақылау, халықтың санын анықтап, түтiн санын, мал санын әр уақытта бiлiп отыру, орыс үкiметiнiң нұсқауларын бұлжытпай орындау. Қазақ арасындағы барымтаға жол бермеу». Қазақ даласында Ресей империясының көзi мен құлағы болып отырған әр аға сұлтанның қарамағына 200 казак солдатынан құралған отряд берiлген. Отрядтың мiндетi аға сұлтанды қорғау және Шекара Комиссиясының нұсқауларын қазақтарға бұлжытпай орындаттыру. Аға сұлтандар жылына екi рет елге шығып отырған. Ондағы негiзгi қызметi салықты жинауға көмектесу. «...Аға сұлтан салықтың дұрыс жиналуын тексерiп, түтiн саны, халықтың саны, ауыл, бөлiмшелер туралы мәлiмет алуы керек» - делiнген.

Әрбiр аға сұлтан елдi аралап келгеннен кейiн Орынбор Шекара Комиссиясына жазбаша түрде есеп берiп отырған. Сонымен, жаңа басқару жүйесiн енгiзе отырып, Ресей империясы қазақ даласын аға сұлтан арқылы басқарып, халықты күшпен, озбырлықпен билегенiн көремiз.

Ал, 1844 жылғы реформаларға келетiн болсақ, кiшi жүз даласындағы ұлт-азаттық қозғалыс Ресей империясының отарлық саясатына айтарлықтай қиындық туғызады. Ресей патшасының Кiшi жүз даласындағы әкiмшiлiк басқару жүйесiнiң әлсiздiгi, жергiлiктi басқару әкiмшiлiгi сенiмсiздiк туғызды. Сондықтан Ресей отарлық басқару жүйесiне өзгерту енгiзу, алыс қазақ ауылдарына орыс мемлекеттiк әкiмшiлiк басқару жүйесiн жаңадан құрып, жергiлiктi қазақ әкiмшiлiгiн бақылауды күшейту керек болды. Кiшi жүз даласында орыс-казак отарлық саясаты мемлекеттiк деңгейде қарастырылып, бұрынғыша сұлтандық басқару жүйесiн сақтай отырып, өте сақтықпен жүргiзу керек болды. Екi жүйе – Сiбiр жүйесi және Орынбор ведомствасын басқару жөнiндегi заңдық актiлердiң ұзақ уақыт бойы әзiрленбеуi, аяқталмаған сипаттағы қаулысын қолдануы. Қазақтарды басқару туралы заңның анық болмауы Орынбор Шекаралық комиссиясы мiндетiнiң де айқын тұжырымдалмауына әкеп соқты. 1838 жылы сыртқы iстер министрлiгi Орынбор әскери губернаторы В.А.Перовскийдiң алдына:

«Орынбор Шекаралық комиссиясының iс-қимыл ауқымы, оның мiндеттерi, бағыныштылық ретi, бекiнiстi шептер бойындағы және басқаларындағы iстер бойынша басқа жерлерге көзқарасы, оның iшкi құрамы, қандай да болсын iстердi бөлу және жүргiзу тәртiбi және басқалар дәл әрi айқын анықталсын», - деген мiндет қойды. Бұл үшiн бiрнеше жоба әзiрлендi. Қорытындысында 1844 жылы маусым айының 14-де Николай I жаңа Ереженi бекiтедi. Бұл құқықтық сипаты бар құжат әртүрлi толықтырулармен, қосымшалармен 1868 жылы қазан айында қабылданған, «Уақытша ережелерге» дейiн өзiнiң күшiн сақтады. Мазмұнына қарасақ, Ереженiң басты мақсаты «Орынбор немесе Кiшi Орда қырғыздарын басқаруды жаңа ахуалға сәйкес қайта құру». Ереженiң түпнұсқасы толық баламасы «Материалы по истории политического строя Казахстана» деген құжаттар жинағында 1960 жылы 226-258 беттерде жарияланған. Осы ереже бойынша көптеген мiндеттер қойылды:

-орданы басқарудың түбегейлi өзгертпей, осы кезге дейiн болған тәртiптiң басты негiздерiн қалдыру;

-Бұхар мен Хиуа хандықтарымен сауда қатынасын дамыту үшiн керуен сауда жолдарын нығайту;

-далада қарақшылардан қорғану, Кенесары ықпалын болдырмау;

-сол қазақтарды басқаратын Орынбор Шекаралық комиссиясына Шекаралық басқарма бойынша барлық iстердi ойдағыдай жүруiн қадағалап отыруға көп қаражат беру;

-жақсы, қорғану бекiнiстерiн салу.

Соңғы сөзiмiз дәлелдi болу үшiн, қазақ жерiнде көптеген бекiнiстер бой көтердi. 1845 жылы Орал, Торғай бекiнiстерi, 1847 жылы Райым, 1848 жылы Орал мен Ор бекiнiсi.

Ереже 8 бөлiмнен тұрады: 1 – жалпы жағдай, 2 – басқарудың құрамы, 3 – шендi қызметкерлердi қабылдау және жұмыстан босату, 4 – басқаруды ұйымдастыру дәрежесi, билiкке бағыну және қарым-қатынастардың ахуалы, 5 – мiндеттер мен жауапкершiлiк, 6 – iстi атқарудың жағдайы, 7 – сотқа тарту, 8 – кiрiс және жоғарғы буынға есеп беру.

Әкiмшiлiк билiк – тiкелей аумақтық басқару – Орынбор әскери губернаторының қолында шоғырланғанымен, тiкелей осы мәселелердi қадағалау, үйлестiру Азиаттық департамент арқылы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелдi. 1824 жылғы ережеге сай Бөкей Ордасын басқару да Сыртқы iстер министрлiгiне берiлген едi. Жаңа Ереже Орданы мемлекеттiк мүлiк министрлiгiне бағындырды. Сонымен, екiге жарылған бұрынғы Кiшi жүз 1844 жылғы Ережеге сай Петербургтегi бiр-бiрiне тәуелсiз әртүрлi екi министрлiкке ажыратылады. Екiншi жағынан алғанда, Кiшi және Бөкей Ордасы шынайы күшейiп алған Жәңгiрдiң толық билiгiнде болғанымен де Орынбор шекаралық комиссиясы сөз жүзiнде Едiл мен Жайық арасындағы хандықты бақылауды өз қолында ұстап қалды. Әскери губернатормен қатар одан да бiр саты жоғары тұрған шекаралық жалпы басқарудың үйлестiретiн лауазымды шенеунiк болды. Кейiннен шекаралық төрағаның барлық функциялары Орынбор губернаторына жүктелдi. Келесi билiк дәрежесi жағынан жоғары сатыға көтерiлген Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы (действительный статский советник) немесе қызмет бабын ажырататын шен бойынша полковник шенiндегi қызметкер. Шекаралық комиссияның штаты – 4 кеңесшiден, 4 көшпендi қазақтар арасынан тағайындалған отырыстарға тұрақты қатынасатын, сондай-ақ комиссия құрамында төтенше жағдайда ерекше тапсырмаларды дереу орындайтын тағы да екi шенеунiк және дәрiгер, мал дәрiгер, көптеген қызметкерлер кiрдi. Шекаралық комиссияның мүшелерiн – сыртқы iстер министрлiгi, ал заседательдердi Орынбор әскери губернаторы тағайындайды.

Патша үкiметiнiң басты тiрегi, әрине, билеушi-сұлтандар. 1824 жылғы ереже Кiшi жүздiң Батыс, Орталық және Шығыс аудандарын арнайы басқаратын ел билеушi сұлтандарды бекiткенi белгiлi. Жаңа Ережеге сай Жоғарғы Тобол және төменгi Тобол өңiрлерiн басқаратын қосымша екi билеушi сұлтанды қосу. Бұған қоса дистанция бастықтарының саны 75 адамға жетуге тиiс болды.

Орынбор ведомствосы басқару құрылымының төменгi буыны «жеке басқару дейтiннен тұрды, ол билеушi сұлтандардан, дистанция бастықтарынан және қазақтар арасынан тағайындалатын ауыл бастықтарынан құралды. Әрбiр билеушi – сұлтанның жанында үнемi 100-ден 200 адамға жететiн казак отряды, ал одан басқа – көмекшi, хатшы, iс-қағаздарын жүргiзушi және бес шабарман болды. Сұлтанның мiндетi: қарамағындағы халықты тәртiптi етiп, үкiметке адал және айтқанынан шықпайтын етiп ұстауға тиiс. Дистанция, ауыл бастықтарын тағайындауды лайықты, сенiмдi адамдарды таңдап алу жүргiзiлдi.Ал оларды қаржыландыру мекеменiң бiр жылдағы қаржысы 64454 сом, оның 18579 сомы қызметкерлердiң жалақысы мемлекеттiк қазынадан, ал 45874 сомы түтiн салығы арқылы жиналды.

Ережеде тұңғыш рет қазақтарды емдеу, дәрiгерлiк көмек көрсету көңiл бөлiндi. Өйткенi қазақтар арасында шешек ауруларының таралуы себеп болды. Бiрақ бұл жүйенi пәрмендi түрде 1867-1868 жылға дейiн бiр қалыпқа қоя алмады. Қазақтар арасынан арнайы фельдшерлер даярлап, Орынбор әскери госпиталында тәжiрибеден өтетiн. Қазақтардың күнкөрiсi малмен байланысты болғандықтан, 1845-1853 жылдары арнайы мал дәрiгерiн даярлау iсiмен айналысып, мал ауруларын бақылауға алған.

Әсiресе, сот iстерiндегi өзгерiстер. Сот мәселесiне Ереженiң 22 тарауын арнағанын көремiз. Жылдан-жылға әлсiреген билердiң орнына орыстың империялық сот жүйесiнiң көрiнiстерiн күшпен ендiру царизмнiң басты мiндеттерiнiң бiрi болғаны түсiнiктi. Үкiметке бағынбау, кiсi өлтiру, тонау, барымта әскери сот қарауында, ал ұрлық, алаяқтық 50 сомнан аспайтын мүлiктiк талап арызды азаматтық қылмыстық сот қарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет