«Қазақстантану – 10» ғылыми конференция болатынын хабарлайды. Осы конференция 2006-2014 жылдары өткен «Қазақстантану-Казахстановедение»



Дата20.07.2016
өлшемі72.7 Kb.
#212065
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
«Тұран-Астана» университеті 2015 жылы 13-14 қараша аралығында Қазақ хандығының (мемлекеттілігінің) 550 жылдығына және «Тұран-Астана» университетінің «Қазақстантану» ғылыми орталығының 10 жылдығына арналған кезекті халықаралық «Қазақстантану – 10» ғылыми конференция болатынын хабарлайды.

Осы конференция 2006-2014 жылдары өткен «Қазақстантану-Казахстановедение» конференцияларының және «Тұран-Астана» университетінің «Қазақстантану» ғылыми орталығы өткізіп отыратын дәстүрлі Теориялық-әдіснамалық семинарларының тақырыптық жалғасы болып табылады. Ғылыми форум жұмысының негізгі мақсаты - Қазақстанның дамуы мен оның өз-өзіне тақылеттестігі мәселелерін анықтау және шешу жолдарын қарастыру.


Қосаұйымдастырушылар:

  • «Тұран-Астана» университеті;

  • «Тұран» университеті;

  • «Санжы» университеті (ҚХР, Санжы қаласы);

  • Пеш мемлекеттік университеті (Венгрия, Пеш қаласы);

  • Стамбул университеті (Турция, Стамбул қаласы);

  • Жол қатынастары Омбы мемлекеттік университеті (Ресей, Омбы);

  • Сібір бизнес және ақпараттық технологиялар университеті (Ресей, Омбы);

  • Н.А.Некрасов атындағы Кострома мемлекеттік университеті;

  • М.В. Ломоносов атындағы ММУ жанындағы қоғамдық ғылымдар Орталығының Қазақстандық өкілдігі;

  • Қазақстанның экономикалық ғылымдар академиясы;

  • Философия шаруашылығы Академиясы (Ресей);

  • «UNIVERSUM-METAEPISTEMIA» Қоғамдық академиясы;

  • «Тұран-Астана» университетінің «Қазақстантану-Казахстановедение» ғылыми орталығы;

  • «Тұран» колледжі;

  • «Қазақстантану-Казахстановедение» теориялық-әдіснамалық семинары.


Конференцияда мына мәселелер карастырылады:


  1. «Қазақстантану»: зерзаттық (пәндік) өз-өзін анықтау және Қазақстанның өз-өзіне тақылеттестігінің метапарадигмасы.

  2. Қазақстантануды философиялық тұрғыдан зерделеу.

  3. Қазақстантану қазіргі заманғы теориялық және отандық тарих ғылымның талкысында. Қазақ хандығының (мемлекеттілігінің) 550 жылдығы – Қазақстанның даңқты тарихындағы ұлы құбылыс.

  4. Қазақстантанудың этнологиялық қыры және түркітану мен қазақтану оның өзекті құрамдас бөлігі.

  5. Қазақстантанудың экономикалық негіздері.

  6. Қазақстантанудың әдебиеттік-лингвистикалық құрамы.

  7. Қазақстантанудағы саясаттану ғылымының пәндік ерекшеліктері.

  8. Қазақстантанудағы психология ғылымдарының алатын орны.

  9. Қазақстантанудың өнертаным, өркениеттаным және мәдениеттаным кұндылыктары.

  10. Қазақстантануды әлеуметтану ғылымы аясында зерделеу.

  11. Қазақстантану құкықтық ғылымдар аясында.

  12. Қазақстанның педагогикалық ғылымы және білім беру жүйесі қазақстантанудың маңызды бағыты ретінде.

  13. Қазақстантануды техникалық-технологиялық және жаратылыстану ғылымдары аясында қарастыру.

  14. Қазақстантанудағы туризмнің орны: өткені, бүгінгісі және болашағы.

  15. Қазақстантану және қазіргі қазақстандық ғылым мен жаңашылдық (инновация) мәселелері.

  16. Қазақстантану, ресейтану, қырғызстантану, украинтану, беларустану, қытайтану, американтану, жапонтану, монғолтану және т.б.: тәжірибе және салыстырмалы талдау.

  17. Әлемдік қазақстантану: өткені, бүгінгісі және болашағы.

  18. Заманауи қазақстандық әлеумет әлемдік өркениет және мәдениет аясында.

  19. ҚР Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы қазақстантану идеясын нақты жүзеге асырушы ретінде ұлттық маңызды іс-шара.

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс және ағылшын.

Қатысушылар 2015 жылдың 1 қарашасына дейін конференцияға қатысу туралы өтініш қағаздарын және баяндамаларын жіберуі қажет (қосымшаны қараңыз). Баяндама көлемі 8 парақ. (Тапсырыс мақалалары 16 парақ). Конференцияға қатысуға байланысты шығындар – қатысушылар есебінен.

Мақалаларды рәсімдеу талаптары: мәтін WINWORD ХР немесе *. RTF терілуі қажет. Қазақ тіліндегі материалдар үшін Times New Roman қаріпі, 14 кегль; ал орыс тілінде Times New Roman қаріпі, 14 кегль. Барлық қаріптер толықтай Windows ХР (2000) операциялық жүйeciнe сыйуы қажет. Жазба мәтіні бip жоларалығында (интервал) терілуі қажет. Парақтың оң жақ жоғары бұрышында автордын аты-жөні, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі мен атағы жазылады. Парақтың ортасында бас әріптермен материалдардың атауы жазылады, содан кейін жиектерінің көлемі мынадай болатын: сол жағы - 20 мм, оң жағы - 20 мм, жоғары жағы - 20 мм, төменгі жағы - 20 мм мәтін теріледі. Азат жолының шегінісі 1,25 таңбадан басталады. Сілтемелер мәтіннің соңында жазылады. Формулаларды тек қана Microsoft Equation формула редакторы қосымшасы түрінде теріледі. Мақала соңында қазақ тілінде (орыс тілді баяндамашылар үшін), орыс тілінде (қазақ тiлдi баяндамашылар үшiн) және ағылшын тілінде түйіндеме болуы қажет. Қаладан тыс қатысушылар жұмыстарын мына электронды мекен-жайға жібереді iskakov82@mail.ru (көшірмесін: aliyevu@mail.ru мекен-жайына). Астана қаласының қатысушылары жұмыстарын дәстүрлі поштамен немесе қолма-қол алып келу арқылы (дискетаны және қағазға басып шығарылған мәтіннің бip данасын) ұсынады.

Баяндамалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің ережелерін қатаң есепке ала отырып мұқият редакциялануы қажет. Редакциялық алқа баяндамаларды редакциялаумен айналыспайды. Көрсетілген талаптар орындалмаған баяндамалар конференцияға жіберілмейді.

Тіркеу жарнасы (байланыс, ұйымдастырушылық және баспа шығындарын жабу үшін) 3000 теңгені құрайды (конференция материалдары жинағының бір данасы қатысушыға беріледі). Конференция материалдарының жинағы конференция өткеннен кейін 1,5 ай ішінде жарық көреді.


Мекен-жайы және байланыс телефондары:

Астана қ. «Тұран-Астана» университеті 010000, Ы.Дүкенұлы көшесі 29, (бұрынғы Дружба көшесінің Ш. Уалиханов көшесімен қиылысы), тел. 8 (7172) 39-69-28, 39-81-18, 39-81-69.



Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Алиев Орақ Жолмырзаұлы, э.ғ.д., профессор, «Universum-Metaepistemia» Қоғамдық академисының президенті. Байланыс телефондары: 8(7172)-39-81-69, 8-701-555-23-70, 8-707-155-23-70. E-mail: aliyevu@mail.ru

Ұйымдастыру комитетінің төрағасының орынбасары: э.ғ.к., доцент, Экономикалық зерттеулер және ғылыми зерттемелерді коммерциялау ҒЗИ директоры Искаков Бауыржан Мұратбекұлы. Байл.тел.: 8 (7172) 39-50-51, 8-701 592 40 28; e-mail: iskakov82@mail.ru

Конференция үйлестірушілері:

  • Сагымбаева Гулбану Рахманқызы. Байл.тел.: 8 (7172) 39-81-69, 8-701-615-08-30.

  • Мурзатаева Алия Біржанұызы. Байл.тел.: 8 702 934 68 98.



Банк реквизиттері

«Тұран-Астана» университеті

010000, Астана қ., Ы.Дүкенұлы көшесі, 29

РНН 620300235314

ИИК KZ 51319Y010000365157

БИК ABKZKZKX

Филиал «Астана» АО «БТА Банк»

КБЕ 17 КНП-861

БИН 03114004668

Тел: 8(7172) 39-68-89.

Қосымша

«Қазақстантану – Казахстановедение – 10»

халықаралық ғылыми конференцияға қатысу тапсырмасы


Т.А.Ж. _______________________________________________________________________________

Мақаланың аты ________________________________________________________________________

Секция _______________________________________________________________________________

Ғылыми атағы, дәрежесі_________________________________________________________________

Жұмыс орны ___________________________________________________________________________

Қызметі _______________________________________________________________________________

Мекен-жайы___________________________________________________________________________

Телефон/факс, e-mail ____________________________________________________________________



Қонақ үйде орынының қажеттілігі ____________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет