*Қазақта өнерімен биік, пайым парасатымен асқақ тұлғалар көп



Дата10.09.2023
өлшемі13.68 Kb.
#477053
Резерв


*Қазақта өнерімен биік, пайым парасатымен асқақ тұлғалар көп.


Иә, ол тұлғалар жарқын бейнесімен, мөлдір тұнық туындысымен, ерен еңбегімен мәңгілік жұрт жадында. Сондай арда азаматтардың бірі де бірегейі, әнімен әлемді тербеткен Кеңес Дүйсекеев пен сырлы өлеңімен өрнек салған Шөмішбай Сариев ағаларымыз.*

-өзіңсің жаным,


Жаңғыртқан әнім,
Каспийдің толқын, тауларын.
Сенбісің көгілдір махаббатым?
Алқызыл алаулы таңдарым.

-Тау алыстаған сайын зорая түсетін ақиқат сияқты Шәмші әндері қанша дәуір алмасса да өз маңызын жоймайтыны анық.

-Болашақтың жарқын да жан жадыратар әлемін тек махаббат шырағын маздатқан қаһарман ғана жасайды. Олар жүрегін махаббатттың құсы қонатын ұяға айналдырған, көздері асыл сезімдермен ұштасқан барлық жаратылысқа жылы жымия қарайтын асыл жандар. Олар атқан таң мен батқан күннен, жымың қағып жыбырлаған жұлдыздардан, сүйіспеншіліктің сүйрік саусағына тағылған гауһар жүзікті байқайды. Сол жүзік қазір Шәкеңнің әндеріне ғашық әрбір жанның жүрек қалауымен айналаны нұрға бөлеуде.
-Дұрыс айтасыз, сізбен толық келісем.

-Халқымыздың дара тұлғаларын бір ғасырда бір туатын адам деп мадақтап жатамыз. Ал Шәмші Қалдаяқов қазақ халқына бір-ақ рет берілген Алла Тағаланың ереккше сыйы.


-Иә. Шәмшінің әнімен жабырқаған көңіл жұбанады. Бойыңды керемет сезім билеп, ерекше шаттыққа бөленесің. Шәкеңнің тамылжыған тәтті лирикалық әсемдікке, сезім тектілігіне, жан парасатына жетелесе, ойлы әндері сырлы назымен әдептілікке, жан тазалығына жол ашады.
-Композитор Шәмші Қалдаяқов өзіне жан дүниесі, арман-тілегі, шығармашылық тынысы, өнер оңай үндес сағымдармен одақ құра білді.

-ал, ардақты ағайын, дәл қазір сахна төріне Алатаудың арғы жағындағы ағайынның аманатын арқалап келген өнер иесін шақыратын сәт келген сияқты.

-Еліміздің басты концерттік залында ұлық мереке Республика күніне арналған кешімізге қош келдіңіздер!
-осыдан тура 32 жыл бұрын 25 қазан күні Жоғарғы Кеңестің 307 қаулысымен Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданып тәуелсіздікке нық қадам жасалды.
-Ел мерекесі құтты болсын ағайын.
-Біз мерекелік кешімізді әрмен қарай жалғастырамыз.

Маңғыстау ақындарының, жазушыларының дауыс жазбаларын біріктіру




Басында домбыраның немесе қобыздың әсерлі музыкасын қосып халықтың назарын аудартып алады. Одан кейін кезекпен желдің, теңіздің, түйе, қой, жылқының шауып бара жатқан дыбыстарын қосу (алдын-ала қосып дайындап қою керек). Сосын жаймен Маңғыстау туралы өлең оқылған дауысты (ер адам оқыған болу керек) қосады. Дауыс біткеннен кейін салтанатты өлең қосылып екі жүргізуші ортаға шығады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет