Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ы. Алтынсарин 1841-1889ж ж



бет2/2
Дата02.01.2022
өлшемі26.46 Kb.
#454165
түріСабақ
1   2
этно

Шоқан Уәлиханов(1835–1865). Аса көрнекті ағартушы, ғалым және зерттеуші Ш. Уәлиханов Құсмұрын бекінісінде туған. 12 жасына дейін Шоқан Құсмұрындағы жеке меншік мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. 1847 жылдың күзінде Шоқан Омбы кадет корпусына оқуға түсті. Кадет корпусында Шоқан Уәлиханов белгілі ғалым, географ және Азияны зерттеуші Г. Н. Потанинмен бірге оқып, достасып кетті. Ол орыс тілін тамаша меңгерді. Достоевский мен Ш. Уәлихановтың достық қарым-қатынастарын олардың түрлі уақытта жазысқан хаттары дәлелдейді. Ф. М. Достоевский өзінің хаттарында дос ретінде Шоқанға пайдалы кеңестер беріп, рухын көтеріп, оның алдына аса зор игі міндеттер қояды. 1853 жылы Шоқан кадет корпусын бітіргеннен кейін Сібір казак әскеріне қызметке жіберіледі. Көп ұзамай Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорт оның қабілеттілігіне назар аударып, 1854 жылы Шоқан оған адъютант болып тағайындалды. 1855 жылыШ. Уәлиханов Гасфорттың Омбыдан Іле Алатауына дейінгісапарына қатысады.

Этнопедагогика   -  халықтың  тарихи   өмір   тәжірибелерін   жүйелеп  тұжырымдаған   ұлттық    тәлім-тәрбие   туралы  ғылым,  этникалық   қауым  педагогикасының   дамуын  зерттейтін  педагогикалық   білімдердің   жаңа   саласы.  

 «Этнос» («этнос»  - гректің   «тайпа», «халық»,   «ұлт»  деген  сөзінен шықан) және  «педагогика»   сияқты  екі сөзден   құралып,   этнопедагоика  деп  аталатын   бұл  ғылым -  жалпы  педагогика  ғылымдарының түп негізі. 

Этнопедагогика  ғылымы  жиырмасыншы  ғасырдың  60-жылдарынан   бастап  ғылым  ретінде  зерттеліп,  оның  ғылыми-теориялық  негіздері  айқындалды. 

Халық  педагогикасымен  ұзақ  жылдар   бойы  айналысып,  көптеген  ғылыми  еңбектер  жазған   чуваш  ғалымы  Геннадий   Никандрович  Волков  педагогикалық  әдебиеттерге   тұңғыш   рет   «этнопедагогика»  деген   ұғымды  енгізген.  

Этнопедагогика   ғылымының   негізгі материалы  - халық   педагогикасы,  ол – халықтың   мәдени  мұрасы,  ұлттық  тәлім-тәрбие  құралы. 

Зерттеу  объектісі -  халықтың   тәлім-тәрбие  жөніндегі   ұғым-түсініктері,  дәстүрлері,  тәжірибесі    болып  табылатын  ғылым  саласы  ретінде  пайда  болған   этнопедагогика   ұлттық  тәлім-тәрбиенің   қайнар  бастауынан   бастап,  осы  уақытқа дейінгі   болмысын анықтап,   оның  болашағын  белгілеп  беретін, одан  әрі  дамып,  кемелдене  беретін  ғылым.  

Этнопедагогика – белгілі бір халықтың   өзіне  тән  ерекшелігі   бар  дүниетанымдық,  тәрбиелік,  мәдени  мұрасы.       

Ян Амос Коменский (1592-1670) - ұлы чех педагогы- демократ, өз отанының патриоты, өз дәуірінің жарқын ойшылдарының бірі, ғылыми педагогиканың негізін қалаушы, халықтық тәрбиенің құнды жақтарына біріншілердің бірі болып назар аударған. Оның педагогикалық жүйесі славян халықтарында қалыптасқан халықтық тәрбиенің теориялық негізі және дамытушысы болды. Халықшылдығына байланысты ол бүкіл әлемдік, жалпы адамзаттық символға айналды. Ол өзінің «Ұлы дидактикасын» «Чех дидактикасы», «Чех грамматикасы», «Чех поэзиясы», «Кәрі чехтардың даналығы» атты еңбектерінен кейін жазды. Чех халықтарының ғасырлық даналығынсыз «Адамдардың ісін түзету туралы жалпы кеңес» атты еңбегі де болмас еді. Әлемнің барлық халықтарын бір мемлекетке жинауға Шыңғыс хан да талпынған еді. Алайда оны жүзеге асыруға олар әр түрлі әдістерді таңдап алды: біреуі күш қолдану арқылы, екіншісі рухтың күшімен. 

Я.А.Коменскийдің педагогикалық идеясының өзегі – пансофизм- өркениеттердің жинақтаған білімін қорытындылау және ол білімді барлық адамдарға мектептер арқылы өз тілінде жеткізу. Ғалым адамзатты барлығына бірдей даналыққа, нақты білімге – пансофияға– үйретуді армандады және пансофиялық мектеп, яғни жалпыға бірдей даналық мектебі жобасын құрастырды. «Білу, әрекет ету және айту– міне осы даналықтың тұзы», – деп ал дана болу дегеніміз – ол заттардың айырмашылыған білу, барлық жерде жамандыққа қарсы адалдықты артық көру – деп түсіндірді».

Ұлы педагог- гуманист халықтың балаларын оқытушылар шынайы халықтық болуын талап етті. Оларға қойылатын ең бірінші және басты талап- өз ана тілін, халықтың ауызша шығармашылығын сүю. «Халық және халықтар тілі керемет жек көрушілік жағдайда, осы арқылы ұлы реніш тудыруда». 

Я.А.Коменский халықтың рухани мәдениетінде ана тілі- анағұрлым құнды қазыналардың бірі деп білді, ол халықтың педагогикалық мәдениетіне, ана тіліне терең құрмет білдірілген. «Кім ғылымда үлгеріп, адамгершілік жағынан артта қалса, сол адам озғаннан бұрын артта қалады»,- деп ол халық мәтелін қайталап, адамгершілік тәрбиесінің аса қажеттілігін атап көрсетеді.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

К.Д. Ушинский педагогика ғылымының және орыс халық мектебінің негізін қалаушы. Оның “Балалар әлемі”, “Ана тілі”, “Педагогикалық антропология” – атты еңбектері орыс педагогикалық әдебиетіннің баға жетпес классикалық болып есептеледі.



“Отаныма неғұрлым көбірек пайда келтіру – менің өмірімнің бірден – бір мақсаты”, – деп жазды К.Д. Ушинский.

К.Д. Ушинский 1824 жылы 18 ақпанда Тула қаласында туды. К.Д. Ушинский орта білімді Новгород – Северск гимназиясында алды. 1840 жылы Москва университетінің заң факультетіне түсіп, 1844 жылы бітіріп шығады.

Оқудың тиімді әдістері мен жолдарын сабаққа енгізіп, осы өзгерістердің нәтижесін зерттеді.

К.Д. Ушинский халық тұрмысын жақсартудың негізгі жолы мен құралы білімді тарату, халық ағарту ісін кеңінен дамыту деп ұғынды.

Қоғам дамуы жөнінде К.Д. Ушинский идеялист – ойшыл еді, қоғам дамуында заң мен ақылдың дамуына ерекше мән берді. К.Д. Ушинскийдің педагогикалық пікірінің негізгі мәні әрбір елде халықтың мақсат – мүддесіне, мұхтажына сәйкес өзіндік ағарту жүйесі болуы керек деген халықтық идеясында еді.

“Қоғамдық тәрбиедегі халықтық туралы” (1857) мақаласында К.Д.Ушинский еуропа елдеріндегі тәрбие дәстүрін талдай келіп, мынадай маңызды қорытынды жасайды: ол халықтық тәрбие жүйесінің тәрбиелік күші кез келген абстрактылы педагогикалық жүйеден артық деп санады.

К.Д.Ушинский халықтық тәрбиенiң мақсаты мен мазмұнына және тәрбие мен оқыту әдiстерiне тоқтала келе: “Орыс халқының бала тәрбиесi сол халықтың сан ғасырлық тарихымен тығыз байланысты, тәрбиенiң негiзiн халықтың жақсы-жаман дәстүрiнен iздестiру керек” , — дедi. К.Д.Ушинский бала тәрбиелеудегi ауыз әдебиетiнiң рөлiне де ерекше тоқталды. Ол: “Ертегiлер халықтық педагогиканың алғашқы және тамаша үлгiлерi. Ертегiлердегiдей халықтың асқан даналық тәрбиесiмен тепе-тең келетiн бiрде-бiр тәрбие құралы жоқ” ,—деген едi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А.С.Макаренко педагогикалық қызметте табысқа жетудің бірінші қолайлы шарты болып табылатын тәрбиенің мақсатын анық та және айқын елестете білу деп түсінді, онсыз ешқандай да тәрбие жұмысы мүмкін емес.



Оның айтуынша, қабілетсіз немесе “бұзылған” бала “сәтсіз педагогтардың” ойлап тапқандары, барлық “бұзылғандық, тәртіпсіздік және балалардың қылмескерлігі туа біткен және түзетуге болмайтын сапалар емес”.

Макаренко бүгінгі “бұзылған бала ертең қабілеті жануы мүмкін, отанының нағыз азаматы, Социалистік Еңбек ері болып шығады”,-деп есептеды. Макаренконың айтуынша, педагог оптимист болуға тиіс, алдағы бақытты балалық шақты көре білуі керек, адамға оптимизммен қарау керек.

А.С.Макаренко буржуазиялық және ұсақ буржуазиялық педагогиканы қатты сынға алды. Буржуазиялық және ұсақ буржуазиялық педагогика құрғақ жаттауға және баланың жеке басын басып-жанщуға, соқыр бағынуға негізделген авторитарлық педагогикадан “еркін тәрбие” анархистік теориясына негізделді.

Макаренко жұмыс бастаған жылдары Горький атындағы колонияда көптеген педагогтар “еркін тәрбие” теориясының рухында тәрбиеленген болатын-ды. Ұсақ буржуазиялық “еркін тәрбие” теориясын жақтау балаларда эгоизмді, тәртіпсіздікті және басқа жағымсыз қылықтарды тәрбиелейді.

Адамды неғұрлым құрметтеген сайын, соғұрлым талап қоя білу керек. Макаренко адамның шығармашылық күштеріне, оның үлкен мүмкіншіліктеріне терең сене білді. Макаренконың гуманизмі оптимизммен тығыз ұштасады, әрбір тәрбиеленушінің жағымды жақтарын көре білді.

Макаренко педагогикалық теория тәрбиенің практикалық тәжірибесін жинақтауға құрылуын талап етті. Горький атындағы колония мен Дзержинский атындағы коммуна мектептерінде бағдарламалық материалды орналастырудың кешенді жүйесі қолданылмады. Макаренко оқу пәндерін біржүйелі оқытудың жақтаушысы болды, ол оқыту үрдісін кез-келген бұрмалаушылыққа “Дальтон-жоспарға”, “жобалау әдісіне” қарсы болды.



Ол еңбек тәрбиесі үрдісіндегі бұрмалаушылыққа қарсы болды.

Еңбекке тәрбиелеуге ерекше мән бере отырып, Макаренко оқушылардың бұлшық ет энергиясының тәрбие жұмысымен байланыссыз өнімсіз шығынына қарсы болды. Макаренко кейбір педагогтардың сол кездегі америка прагматистік педагогикасымен алынған “Еңбек – бүкіл мектеп жұмысының орталығы” деп аталатын дұрыс емес ұранға қарсы болды. Бұл ұран бойынша, мектеп өмірінде еңбек дағдыларына ерекше мән берілді, біржүйелі жалпы білім алуға зиян келтірді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет