ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет97/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

З.А. Ахметов. О языке казахской поэзии. Алма-ата, 1970. С. 36. 
2
Батырлар жыры, 1- том.– Алматы: Жазушы, 2006. – 21 б. 


312 
Ләйлі-Мәжнүн болмаса, 
Өзгеден артық келбеті.... 
Өзі он төрт жасында-ай, 
Кебісінің өкшесі 
Бұхардың гәуһар тасындай, 
Ақ маңдайы жалтылдап, 
Танадай көзі жарқылдап, 
Алтын шашбау шашында-ай. 
Қыз Жібектің ақтығы 
Наурыздың ақша қарындай, 
Ақ бетінің қызылы 
Ақ тауықтың қанындай, 
Екі беттің ажары 
Жазғы түскен сағымдай ... 
Оймақ ауыз, құмар көз 
Іздеген ерге табылады-ай. 
Өткірлігін байқасаң. 
Ұсталар соққан кетпендей. 
Нұр тұқымын еккендей, 
Екі ауыз сөз сөйлескен 
Мұратына жеткендей»
1

Келтірілген үзінділер қазақтарда өткен заманда әсемдік туралы 
түсінігі қандай болғандығын тануға мүмкіндік береді. 
Қазақтардың ауызша-поэтикалық шығармашылығында, әсіресе 
эпос пен ертегілерде, көп құбыластар қиял-ғажайып образдармен 
өңделген, бірақ, бұған қарамастан, халық ауыз әдебиетінің 
туындыларының мазмұны шынайы болмыстың көрінісі болып 
табылады, өйткені, Н. Шамота әділ көрсеткендей, «ең бай қиял, ең 
дамыған елестету, өз формаларымен тірі өмір формаларын еске 
салмайтын болса, ештеңені жасауға мүмкіншілігі болмайды»
2

Қазақ эпосында да, халық әр түрлі кезеңде басынан өткізген, 
ақиқат оқиғалар, оның отан тәуелсіздігін жаулап алушылардан қорғап 
қалу күресі, оның күнделікті қайғы мен қуаныштары, сәулетті 
сезімдері мен тұрмыстық ұсақ-түйектер, дүниетанымы мен әлеуметтік 
құрылымы, өнегелік және эстетикалық көзқарастары көрініс тапты. 
Міне 
сондықтан 
қазақтар 
ата-бабалардың 
шығармашылық 
данышпандығының туындысы, баға жетпес мұраны әрбір жаңа 
ұрпаққа сақтап әрі байытып жеткізеді. 
1
Қыз Жібек. Лиро-эпикалық поэма. – Алматы: Мектеп, 2003. –51, 53 бб. 
2
Шамота Н. Художник и народ. М., 1960. С.9. 


313 
Міне, сондықтан эпос қазақ халқы үшін де, басқа халықтар үшін 
де, эстетикалық көзқарастардың қалыптасуының негізгі көздерінің 
бірі болып табылады. 
Барлық халықтарда, соның ішінде қазақтарда да, ауызша-
поэтикалық шығармашылықтың кең таралған түрі әндер болған. Ұлы 
қазақ ақыны әрі ағартушысы Абай Құнанбаев, қазақ әнмен әлем есігін 
ашады және ән оның өмірлік мәңгі серігі болады деген. Қазақ өмірінде 
не болып жатса да – қуаныш па, қайғы ма – ол өз жан тебіренісін 
өлеңмен шырқаған.
Қазақтар өз әндерінде табиғатты, өзінің даласын, тауларды, 
атақты батырлардың бастан кешірген оқиғаларын мадақтаған, сондай-
ақ махаббат туралы, ғашықтардың ажырасуы мен қайғысы туралы да 
ән салған. Олар өлеңдерде өздерінің әсерлерін, қасірет-қайғыларын, 
қоршаған әлемнен алған эстетикалық ләззатын білдірген. Ал өлең 
шығаруда қазақтар үлкен шебер еді. 
Атақты өнертанушы, қазақ халық әндерін жинақтаушы Б.Г. 
Ерзакович, оларды төмендегідей түрлерге бөледі: лирикалық, тарихи 
және әлеуметтік наразылық, еңбекке қатысты, жанұялық-тұрмыстық, 
тұрмыс-салт жырлары
1

Қазақтар әнді бір өзі, екеуі, анда-санда ғана бірнеше адам бірігіп 
айтқан (революцияға дейін қазақтарда хормен өлең айту болмаған
мүмкін бұл, тағы да, тұрмыс жағдайлары мен салттарға байланысты 
болар). Ән салғанда қазақтар сөздердің дұрыс айтылуына, әннің 
мазмұны мен әуеніне мұқият қараған, бұл олар үшін талғаусыз 
болмаған. Мейрамдарда немесе әр түрлі көп халық жиналған 
жиылыстарда қазақтар сөзсіз өлең айтады, ең жақсы көретін көңіл 
көтеру түрі болған, ақындар сайысы – айтыс ұйымдастырады. Бұл 
сайыстарда әншілер өз шеберлігін көрсетеді.
Үйлену тойы, ас беру, баланың дүниеге келуі қазақ халқында
сайыстармен сөзсіз қоса өткізілетін, орасан зор салтанат. 
Әннің қазақ халқының өмірінде қаншалықты маңызды рөл 
атқарғандығын халықтың өзінің ақындық шығармашылық жайында 
жоғарғы түсінігі туралы, оның адам өміріндегі эстетикалық мәні 
туралы айтылған әннің шығуы тарихын баяндайтын аңыз арқылы 
бағалай аламыз. Ертедегі заманда, ән, аспанда қалықтап ұшып бара 
жатқанда, қазақ даласына, басқа жерлерге қарағанда, төмендеп түсіпті 
деп баяндайды аңыз. Міне сондықтан, дейді аңыз, қазақтар әлемдегі 
ең жақсы әншілер.
Қазақ 
халқының 
әндері 
оның 
табиғилығы 
мен 
қарапайымдылығының ең жоғарғы нақтылы түрде көрсетілуі болып 
табылады. Қазақ әндері бізге халықтың эстетикалық көзқарастарын 
1
Қар.: Ерзакович Б.Г. Песенная культура казахского народа. Алма-Ата, 1968. 


314 
көрсетуге мүмкіндік береді. «Шығыс поэзиясында.... суреттелген 
оқиғалардың немесе түйсінулердің қарапайымдылығы мен өмірге 
орайлылығымен қатар, тілдің таң қаларлық бейнелілігі және тіпті 
көпірмелілігі байқалады. Тыңдаушыларды тартатын, оларға әншілерді 
бірнеше сағат тыңдататын, мүмкін осы шығар»
1
, – дейді революцияға 
дейінгі зерттеушілер. 
Қазақ әншілерінің арасында нағыз асқан шеберлер бар. Олар әнге 
үлкен мәнерлілік бере алады, әндерді өңдеп, асқан шеберлікпен 
орындайды. Дарынды орындаушының айтқан әнін тыңдағанда, қазақ 
болмысының өзіндік құрылымына шарықтағандай боласың, өзіңді 
кең байтақ далада, ғажайып табиғат аясында жүргендей елестетесің. 
Мазмұны әр түрлі бұл әндерде халықтың эстетикалық 
көзқарастары, оның әсемдікті түсінуі көрініс тапқан. Әлемдегі барлық 
халық әндері бір тілде сөйлейді деп жазған Анри Барбюс. Ештеңеге 
қарамастан, олар өмір қуанышы туралы, жастық шақ туралы, көктем 
туралы, салттардың көркемдігі туралы айтады, өйткені адам жаны, 
қандай болғанда да, күнге талпынады, бостандыққа жол іздейді. Ал 
аңыздар мен өлеңдер – бұл бақытсыздардың немесе даңқы 
шыққандардың жанды қымбаттысы, халық қасіретінің сүйеніші 
болған құндылықтар. Оларда көпшіліктің дауысы естіледі, оларда 
тарихтың шақырған дауысы естіледі
2

Бұл анықтама қазақ халқының ән шығармашылығына да бүтіндей 
түседі. Егер өлеңдерді «жанды құндылықтар» деп санасақ, онда 
«мұндай құндылықтардың ерекше көптігінен, – деп жазады 
А.Затаевич, жақында ғана, өзінің басым көпшілігінде кедейлік пен 
бишаралық халге түскендіктің синонимі тәрізді саналған, қазақ халқы 
әлемдегі халықтардың өте байларының бірі болып танылуы қажет, 
оның әндеріндегі мазмұн мен күйзелістер тереңдігі, сондай-ақ 
формаларының көркемдігі мен таңдамашылығы оның үлкен ойлы 
дарындылығының дәлелі»
3

Өнер арқылы адамдар бір-біріне өздерінің ойлары мен сезімдерін 
жеткізетіні, жұртқа мәлім.
Қазақ халқы үшін өлеңдер ерекше қарым-қатынас құралы болған, 
қазақтар олардың көмегімен бір-бірімен қоршаған болмыс туралы 
эстетикалық әсерлерімен алмасқан. 
Ерте замандағы адамдар лирикасы – «бұл ... ішкі дүниенің 
толықтығы мен молдығынан болатын, өз болмысы мен сыртқы әлемді 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет