ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет123/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

Бақбергенов С. Дина. Алматы, 1959, 10-б. 


385 
Кеңес кезеңіндегі Қазақстанда концерт тәрізді жаңа музыканы 
орындау формасы пайда болғанда эстрадаға күйлердің өздері ғана 
көшірліп, олардың аңыздары тыс қалған. Өйткені концертте 
музыканы қабылдауға ыңғайлы жағдайлар болғандықтан эстрадаға 
аңыздардың көшірілуі керек емес болды. Қазіргі кездегі концерттік 
орындау формасы тұрмыстан әдейі алыстаған түрінде музыканы таза 
эстетикалық жағынан қабылдауға мүмкіндік туғызды. Осындай 
болмыстың әсерінен дәстүрлі қазақ қоғамында көшпелі өмір салттың 
өзгешеліктеріне байланысты өзіне жеткілікті жеке орындау түріне 
айнала алмайтын.
Әр 
музыкалық 
мәдениетте 
қоғамдағы 
музыкалық 
шығармалардың болмысы белгіленеді. Бұл ғасырлар бойы заңды 
түрде қалыптасатын формалар қоғамның әлеуметтік қажеттіліктерінен 
туындаса да, олардың толық қалыптасуы әлеуметтік-экономикалық 
мүмкіндіктермен байланысты болады.
Дәстүрлі-көшпелі 
өмір 
жағдайында 
арнайы 
жекеленген 
концерттік орындау формаларының жеке түрде болмауынан олар 
басқа әлеуметтік араласу формалармен тығыз байланыстарды 
орнатуға себеп туғызды.
Қазақтарда дәстүрлі орындаушылықтың формалары тек қана 
жеке түрде қалыптасқан. Ансамбльдік, вокалдық және аспаптық 
формалардың болмағаны бұл өнер тек индивидуалды және 
субъективті көріністерді бейнелейді деуге әрине болмайды. Өнердегі 
индивидуалдылықтың және ұжымдылықтың өзара қарым-қатынасы 
музыканы орындаудың түрімен емес, қоғамдық қарым-қатынастардың 
дамуының деңгейімен белгіленеді. Көшпелі өмір салттан туындаған 
жеке орындау түрі индивидуалды көріністерді бейнелеуге көптеген 
мүмкіндік туғызған. Оның қасында осыған ұқсас көріністерді дәстүрлі 
түрде дамыған басқа халықтардың ансамбльдік жүйелері қамти 
алмаған. Жеке орындаушылықтың негізінде фольклордың дамуы 
кәсіби өнердің пайда болуына әкелген болар. Өйткені жер 
шаруашылығымен айналысқан халықтардың фольклорында жеке 
орындауды қажет ететін жанрларда (батырлар жырларын, ертегілерді 
айту) кәсібиліктің пайда болуы кездейсоқ құбылыс болған жоқ деп 
ойлаймыз. Дегенмен, индивидуалдылықтың дамуына қоғамның әсері 
зор екенін еске сала кетейік. Сондықтан қазақтың дәстүрлі өнерінің 
жеке тұлғалары мен соңғы ғасырлардағы еуропалық композиторларын 
салыстыруға болмайды. Оған қоса қазақтың музыка мәдениетінің 
ауызекілігі оның индивидуалдығына ерекше әсер еткені белгілі.
Ауызекі дәстүрде алдымен жалпы заңдылықтар сақталып, содан 
кейін ғана жеке индивидуалды белгілер көрінеді. Ауызекі 
шығармашылықтың 
практикасында 
қабылдаушылардың 
есту 


386 
қабілетінің тәжірибесіне сәйкестілік жазба мәдениетке қарағанда 
басты рөл атқарады. Шығармалардың ауызекі түрде таралуы олардың 
индивидуалды белгілерін азайтады. Көптеген күйшілер күйлерді 
орындаған сайын оларға өзгерістер енгізіп отыратын. Кейде бұл 
өзгерістердің нәтижесінде авторлық нұсқаға ұқсас варианттар пайда 
болатын, кейде күйлер күрделендіре түсетін, бірақ қазіргі жағдаймен 
салыстырғанда күйлер бір күйшіден басқа күйшіге ауысқанда 
жеңілдетіліп, қарапайымдылық жағына өзгеретін. Мысалы, Динаның 
шығармаларының жарқын өзгешелігі – оның индивидуалдық ой 
жүйесі мен орындаушылық мәнерімен қатар, оның қайталанбас 
техникасының 
қолтаңбасы. 
Динаның 
ойнағанын 
замандас 
орындаушылардың ешқайсысы қайталай алмайтын (оның ұстазы 
Құрманғазыдан басқа). Динаның күйлері, егер оның орындауында 
таспаға жазылмаса, музыканттардың бір ұрпағынан өтіп, нотаға 
түсірілмесе – олар жеңілдетіліп, индивидуалды белгілерін жоғалтатын 
еді. Домбыра өнерінде Динаның шығармашылығы индивидуалды 
стильдің ең биік шыңдарының бірі болып табылатының себебі – оның 
күйлері автордың өз орындауында жазылғандықтан болар.
Қазақтың дәстүрлі кәсіби мәдениетінде жоғары дамыған 
индивидуалдық шығармашылық пен индивидуалды белгілерді жоюға 
бағытталған күйлердің таралу формасы арасында қайшылық көрінеді. 
Ноталық жазба болмаған жағдайда мұндай қайшылықтар кәсіби 
музыка мен фольклордың арасындағы шекараларды кетіретін. 
Шынымен, қазақтың музыка мәдениетінде Еуропамен салыстырғанда 
индивидуалдық белгілер анық көрінбейді. Аспаптық музыкада 
күйлердің композициялық, аппликатуралық, штрихтік ерекшеліктерін 
нығайтқан әр алуан терминология, аспаптың тұрақты құрылымы 
күйлердің индивидуалды ерекшеліктерін сақтауға көмек болған. Ал 
вокалдық музыкада орындаушылық тәсілдердің бірегейлігі аспаптық 
музыкадағыдай 
болмағандықтан, 
шығармалардың 
өзгерістерін 
туындытатын.
Бұл қайшылықтарды кәсіби мәдениеттің өкілдерінің өздері де 
түсінетін. Олардың кейбіреулері өз шығармаларының бұзылмауын 
қалап, басқа домбырашылар үйрене алмасын деп әр түрлі шаралар 
қолданатын. Бірақ ондай домбырашылар бірең-сараң болмаса көп 
кездеспейтін. Керісінше, атақты домбырашылардың көбісі дарынды 
жастарды тәрбиелеуге уақытын бөліп, өзінің шеберлігі мен 
репертуарын неғұрлым толық түрінде үйретуге тырысатын. Өнерді 
кәсіби түрде үйрету жүйесі – ауызекілігіне қарамастан оны 
шығарушылардың индивидуалды тәжірибесін сақтап, дамытуға әсер 
ететін маңызды фактор.


387 
Аңыздарда көрініс табатын музыка мәдениетінің эстетикасы 
қоғам мен музыканттардың өз өнеріне қойған талаптары туралы дерек 
береді. Адамдардың рухын көтеріп, қайғысына ортақтасып, белгілі 
өмірдің бір жағдайына дереу ән немесе күй шығарып, шынайы 
адамның немесе жыр батырының батылдығын, ерліктерін, 
парасаттылығын, ақылын, оның жан серігі – жылқысын мадақтап, 
сараңдылықты, надандықты, қоян жүректілікті келекелеу сияқты 
қасиеттері жоғары бағаланған. Сонымен қатар ән немесе күйді бір 
ойнағаннан үйреніп алу музыканттың дарындылығын көрсететін 
шеберлік ретінде саналатын. Музыканттар туралы көптеген 
аңыздардың мазмұнында олардың шығармаларының индивидуалды 
ерекшеліктеріне назар аударатын аңыздар кездеспейді. Олардың 
ішінде егер музыкант белгілі бір нұсқаға ұқсатып күй шығарса да 
индивидуалды орындаушылықтың ерекшеліктері туралы сөз 
қозғалмайды.
Шығармашылық ұғымының жоспарсыз, кенеттен пайда болуын 
ескере отырып, оның қалай ойға келуін, оны шешу жолын табуын, 
іске асыру қиындығы, яғни индивидуалды шығармашылық 
ізденістерді 
қамтымайтыны 
белгілі. 
Мұндай 
түсініктемеде 
шығармашылық музыканттың белгілі әрекетінің нәтижесі емес, оған 
сырттан кірген күштердің әсері деп саналатын
1
. Сондай-ақ, жақсы 
музыкант болғысы келген адамдар бірнеше жолдардың қиылысқан 
жерінде түнеу керек деген ұғымдар осы қатарды жалғастырады.
Осындай көзқарастар бойынша шығармашылықтың пайда болуы 
адамның күші келмейтін, тылсым дүниенің әсерінен болады деген 
сенімдердің салдарынан күйшінің индивидуалды үлесінің маңызына 
назар аударылмаған. Мысалы, айтыстарда ақын өзінің руын, дауысын, 
шеберлігін, суырыпсалмалығын, көптеген жеңістерін мадақтау 
дәстүрі болса, ал оның шығармашылығының жеке индивидуалды 
қайталанбастығы туралы сөз қозғалмайтын. Қоғамның өзі де 
индивидуалдылықты 
жоғары 
бағаламаған, 
сондықтан 
музыканттардың өздері оған жетемін деп тырыспаған.
Дегенмен, атақты күйшілер мен әншілердің шығармашылығы 
жарқын өзгешеліктеріне бай болып, ғасырлар өткен сайын өз 
ерекшеліктерін сақтап қалған. Мысалы, Мұхиттің, т.б. стилі – жарқын 
және дереу танылады, өзінің сұлулығымен, төлтумалығымен 
сипатталады.
Ауызекі 
мәдениет 
жағдайында 
суырыпсалмалық 
пен 
орындаушылық мәнері арқылы индивидуалдықтың белгілері 
танылады. Домбыра өнеріндегі суырыпсалмалылық ғасырлар бойы 
рациональды схемалардың жүйесінде форманы құратын үрдістерге 
1
Мұндай ұғымдардың генезисы бақсы идеологиясынан тамыр алады. 


388 
бағынатын. Суырыпсалмалықтың нәтижесінде күйлердің бірнеше 
варианттары пайда болғаны заңды құбылыс. Күйлердің бірнеше 
түрлері болғандығы бұл кәсіби өнерді фольклорға жақындатады.
Еуропаның жазба мәдениетімен салыстырғанда күй өнерінде 
көркемдік бейнені құру үшін суырыпсалмалық пен орындау мәнерінің 
маңызы 
басым 
болатын. 
Әр 
түрлі 
композиторлардың 
шығармаларының 
индивидуалдық 
өзгешеліктері 
олардың 
шығармаларын нотаға түсіргенде анық көрінбейді, ал сол музыканы 
тыңдағанда айырмашылығы дереу естіліп те, көрініп те тұрады. 
Кәсіби күйші өз шығармашылығында жеке индивидуалдық орындау 
мәнері мен суырыпсалмалылықты дамытуға талпынатын, өйткені ол 
көбінесе композитор да, орындаушы да болған. Домбыра өнерінде 
суырып салмалылық үш деңгейде көрінеді: авторлық, авторлық-
орындаушылық және орындаушылық тұрғыларынан
1
. Еуропалық 
музыка мәдениетінде ХІХ ғасырда суырыпсалмалық бірінші екі 
деңгейде маңызын жоғалта бастаса, ал домбыра музыкасында оның 
үш деңгейі дамыған
2

Домбыра музыкасының ауызекі дәстүрімен байланысты тағы бір 
белгісі – домбыра күйлерінің ұзақ уақытқа созылмайтын формалары. 
Домбыра 
күйлерінің 
кішігірім 
формаларының 
ауқымында 
толыққанды, үйлесімді шығарма құрылады. Ең ұзақ деген күйлерінің 
өзі уақытқа қарағанда алты минуттан аспайды. Күйлердің орташа 
формалары олардың бейнелік мазмұнымен де байланысты, өйткені 
көбінесе бір күйде бір музыкалық бейне көрініс тауып, контраст 
кездеспейді. Мұндай құбылыс байырғы аңыз-күйлерде орын алған, 
онда бірнеше әр түрлі бейнелер дамымай бірінен кейін бірі өзгеріссіз 
кезектеседі. Ал бір күйде бірнеше образдардың дамуы ХІХ-ХХ 
ғасырларда 
бір-екі 
ерекше 
дарынды 
композиторлардың 
шығармашылығында кездеседі. Бірақ көрсетілген ерекшеліктер жалпы 
дәстүрлі өнердің бейнелі жүйесіне онша әсер тигізбеген. Оның 
бейнелі амплитудасы өте кең – жеке адамның ой-армандарынан 
философиялық терең пайымдауға дейін, қарапайым би элементтерінен 
бүкіл халықтың қозғалыстарына дейін, табиғат дыбыстарына 
еліктеуден терең ой толғауларға дейін суреттейді.
Бұл өнерде көшпелі өмір салтымен байланысты тұрақты 
семантика қалыптасқан. Мысалы, халықтың өмірін суреттейтін 
1
Бұл туралы толығырақ келесі жұмысты қараңыз: Аманов Б. Домбыра күйлерінде тақырыптылық 
пен форма-құрылыс (Қолжазба Санкт-Петербург консерваториясында сақтаулы). 
2
Дегенмен, күйлердің дыбыс қатарын бұлжытпай сақтап басқа музыкалық жүйеге ауыстырғанда 
олардың бейнелі мазмұны өзгереді. Ал егер оны мүлдем ұқсамайтын еуропаның музыкалық 
жүйесіне ауыстырса, оның мазмұнына жағымсыз әсер тиеді. Дәстүрлі даму жағдайында 
индивидуалдылық ұлттық белгілерді көрсетеді, ал басқа музыкалық жүйеге ауысқанда дәстүрлі 
материалды қолданудағы индивидуалды белгілер жойылып та кетуі мүмкін.


389 
бейнелер Еуропа музыкасында көбінесе марш немесе көпшілік би 
белгілері арқылы іске асырылса, домбыра өнерінде көбінесе аттың 
шабысын суреттейтін ырғақ арқылы беріледі. Шабыстың ырғағы 
домбыра күйлерінде негізгі орын алады, тіпті басым болып келеді. 
Шабыс ырғағы көшпелі халықтардың өнерінде Еуропа музыкасына 
қарағанда әрине маңызды орын алады. Дегенмен, оның жиі 
қолданылуы және жоғары деңгейде дамуы оны әр түрлі 
эмоционалдық көңіл-күйлерді көрсетуге мүмкіндігі жететін дәрежеге 
көтерді. Мысалы, шаттық пен зор қуаныш (Түркештің «Көңіл 
ашары»), ер жүректің мұңы (Құрманғазының «Ақсақ киігі»), 
халқының трагедиясына ортақтасу (Құрманғазының «Кішкентайы»), 
бейғамдық көтеріңкі көңіл-күй (Құрманғазының «Бозшолағы»), зар 
(«Ақсақ құлан»). Аталған образдардың мән-мазмұны шабыс ырғағы 
арқылы жеткізіледі. Ол еуропа музыкасының тұрғысынан қарағанда 
түсініксіз болса, көшпелі қазақтың есту қабілетіне дәстүрлі болып 
қабылданады.
Домбыра музыкасынынң даму тәсілдері әр түрлі эмоционалды 
көңіл-күйлерді көрсетумен қатар бір бейнені жан-жақты және әр түрлі 
әдістермен жеткізе алады. Осының барлығының жиынтығы 
көшпелілер дүниетанымының бір қырын көрсетеді.
Домбыра күйлерінде маңызды бейне күйдің аз ғана көлемінде 
көрініс табады. Күйлердің осындай сипатына қарап, көптеген 
зерттеушілер күйлердің симфонияға ұқсастығын белгілейтін.
Ауызекі дәстүрдің ерекшеліктеріне сәйкес домбыра музыкасында 
материалды сақтауға бағытталған тәсілдер көп кездеседі. Олар кейде 
кейбір музыкалық бөлімдердің өзгеріссіз қайталануында, кейде 
музыкалық тақырыптың экспозициясы көп уақытқа созылуында 
көрініс табады.
Домбыраға арналған шығармаларда музыкалық тақырып күйдің 
жалпы мазмұнын ашады деуге болады, өйткені күйдің дамуында әуен 
көбінесе өзгермей, сол түрінде қайталанады.
Дәстүрлі музыканы орындау түрлері, музыканттардың ауызекі 
жағдайдың ерекшеліктеріне сәйкес қалыптасқан ойлану жүйесі, жеке 
шығармашылықта жалпы және индивидуалдықтың өзара қарым-
қатынасы сияқты музыка мәдениетінің қырлары музыкалық 
шығармалардың құрылымдарында тікелей немесе жанама көрініс 
табады, сондықтан оларды талдау керектігі тек жеке шығармаларды 
ғана емес, жалпы аспаптық мәдениетті түсіну үшін қажет... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет