211
туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем,
ұйықтасам
деп тұрады. Бұлар тәннің құмары. Біреуі – білсем екен, көрсем екен,
үйренсем екен демелік. Мұның бәрі – жан құмары” (Абай.
Шығармалары. 2 т. – 154 б.). Дуалы ауызды Абай үшін туа біткен
қасиет (жан құмары) – жибилиде, ал жүре біткен білім (тән құмары) –
кәсіби. “Ақыл, ғылым бұлар – кәсіби.
Көзбен көріп, құлақпен естіп,
қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп тыстағы дүниеден
хабар алады. Ол хабарлардың ұнамдасы ұнамды қалпымен, ұнамсызы
ұнамсыз қалпымен әрнешік өз суретімен көңілге түседі. Ол көңілге
түсіруші бағанағы
бес нәрседен өткен соң, оларды жайғастырып
көңілге суреттемек. Ол – жанның жибили қуаты дүр”
1
. Тәнді жаннан
жоғары қоюшылық пендешілдікке жатады. Пендешілдік тобырлық
белгілері басым көпшілікке бас иеді. Олар “ұзақтай шулайды,
қарғадай барқылдайды, ауылдағы боқтықтан ұзамайды”. Пенде кісілік
қасиеттерін азайтып, хайуан малдан артығы шамалы болып қалады”
2
.
Қазақ этикасын кәсіби деңгейге көтерген ұлы тұлға — Шәкәрім.
Ол өзінің “Үш анық” атты еңбегінде этиканы “ар ілімі”
деп атап,
әдептанудың көптеген мәселелерін теориялық тұрғыдан талдады.
Шәкәрім ар-ождан о дүниеде де бар және осыған сену имандылықтың
түп-қазығын құрастырады дейді. “Егер бір адам жанның өлген соңғы
өмірі мен ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш
нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі
өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман
жолы сияқты», - дейді ғұлама. Ал әдеп жолы дегеніміз адам баласына
пайда тигізу, жақсылық ету деп түсіндіреді. Ол үшін
адам өз
бойындағы кемшіліктерден арыла білуі керек, сөйтіп өз ар-ожданына
кір келтірмейтіндей өмір сүруі қажет. Ар-ожданның мазмұнын нысап,
қанағат, тәубе, әділет, намыс құрайды деп түсінетін ойшыл олардың
мазмұнын кісілік қасиеттермен байланыстырады:
Кісіге адамшылық неге керек,
Адамдық — өзге айуаннан артық демек.
Ит талаған төбеттей қалай дейсің,
Аямай әл келгенін жұлып жемек (Шығармалары. – Алматы:
Жазушы, 1988).
ХХ ғасырдың басында қазақтың дәстүрлі әдеп мәдениетін
өзгерту қажеттігін мойындаған мынадай бағыттар қалыптасқан:
1. Түркиядағы “Танзимат” және Ресейдегі милләтшілдік пен
жәдидшілдік идеялары ықпалымен дамыған
діни-реформистік ағым
(М.-Ж. Көпеев, Ғ. Қараш, Г. Мұсағали, А. Әділбайұлы, Ә. Кердері т.т.)
Жәдидшілдік атауын қазақ тіліне “жаңару, елдікті сақтау үшін жаңа
1
әл-Фараби. Философиялық тракттар. – Алматы: Ғылым, 1973. 222 б.
2
Абай. Қара сөз. Поэмалар. – Алматы: Ел, 1992. 22 б.
212
бағытты ұстау” деп аударуға болады. Осы бағыттың бір өкілі, ақын
Ғұмар Қараш былай деген :
Надан шейх діннің соры, күннің соры,
Бір қашпа, надан шейхтан мың кері қаш.
Құран – шам, ақыл - басшы, ғылым - құрал,
Құралсыз шекпе сапар, жолың болмас!
Айырылма жатсаң-тұрсаң Құранды ұста,
Жол бастар қараңғыда ол бір компас”
1
.
Бұл бағыт қазақ топырағында жаңа мағынадағы «мұсылманшыл
қазақ әдебін» қалыптастыруға ұмтылды.
2. “Түрікшілдік бағыт” (М. Шоқай, М.Жұмабаев, Т.Рысқұлов, М.
Ходжаев т.т.)
Бұл бағыттың өкілдері түркілік өркениет тұтастығы контекстінде
қазақ адебін қалыптастыруға шақырды. Бұл типтің басты
ерекшеліктеріне тарихи сананы түркілік тұтастық идеясы негізінде
жаңғырту,
тәңіршілдік, Батыс пен Шығыстан даралану, қазақ халқы
түріктің қара шаңырағының иегері деп мойындау, т.т. жатады. Осы
бағыттың басты ерекшеліктері М. Жұмабаевтың “Пайғамбар”
өлеңінде көрнекті суреттелген.
Ерте күнде отты күннен Гун туған,
Отты Гуннен от боп ойнап мен туғам,
Жүзімді де, қысық қара көзімді
Туа сала жалынменен мен жуғам.
Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,
Мен – Күн ұлы, көзімде күн нұры бар.
Мен келемін, мен келемін, мен келемін –
Күннен туған, Гуннен туған пайғамбар.
Соқыр сорлы, көрмейме әлде көзің көр?
Күншығыстан таң келеді, енді көр.
Жердің жүзін қараңғылық қаптаған,
Жер жүзіне нұр беремін, Күн берем!”
2
.
ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамында
қалыптасқан келесі
бағытқа реформашыл либерал-демократтық сипаттағы тұлғалар
жаnады және олар Алаш ұлттық қозғалысын дүниеге әкелді (А.
Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов т.т.).
Ә. Қодар Алаш қозғалысының руханият саласында үш
тенденциясы болды дейді: а) ағартушылық (А. Бөкейханов, А.
Байтұсынов, М. Дулатов); ә) көшпелі әлеммен ностальгиялық қоштасу
1
Достарыңызбен бөлісу: