ҚазақТҰтынуодағЫ


С. Сисмонди – экономикалық романтизмнің өкілі



бет14/31
Дата24.02.2016
өлшемі1.27 Mb.
#12999
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31

4.4 С. Сисмонди – экономикалық романтизмнің өкілі.


Экономикалық романтизм – ұсақ буржуазияның мүдделерін білдіретін экономикалық ойлар ағыны. Ол ұсақ қол өнер кәсіпшілері мен шаруалардың кедейленуінің себебінен, жұмыссыздардың үлкен армиясының пайда болуының себебінен өнеркәсіп төңкерісі мен буржуазиялық революцияның экономикалық романтизмнің пайда болуының бір түрі еді.

Швейцариялық экономист Сисмонд де Сисмонди (1773-1842 жж) Франциядағы классикалық мектептің аяқтаушысы және экономикалық романтизмнің негізін салушы болып саналады.

Сисмонди өзінің басты еңбегі «Саяси экономияның жаңа бастауында» классикалық мектептің экономикалық көзқарастарына сын тұрғыдан баға берді. Ол былай деп санады: саяси экономия – бұл адамгершілікті ғылым, адам факторы (сезім, қажеттілік және т.б.) алынған оның негізі етіп абстрактылы категориялар (еркіндік, теңдік, бақыт және т.б.) абстрактылы түсіндіктерінен тұрады, осыған сәйкес тарихты оқып-үйрену де адамдар тәжірибе сабақтарын алуға тиіс. Ол байқағандай өмірде сұраныс ұсынысқа өздігінен бейімделуінен, артық өндіруден болатын дағдарысты жоққа шығарды. Ол қоғамның барлық зұлымды, қас жауы деп еркін бәсекелестік тәртібін өткір айыптады. Экономикалық бостандық емес, мемлекеттің экономикаға араласуы Сисмондидің талабына айналды. Еркін бәсекелестік тәртібін айыптай отырып, ол фабрикалық өндіріс пен фермерлік шаруашылыққа қарсы қолөнер кәсіпшілерінің, цехтық құрылысы пен патриархалдық шаруа қожалықтарын қарама қарсы қойды.

Сисмонди былай деп тұжырым жасады: жұмысшылар жұмыстарынан айырылады, көшеге лақтырылып тасталады; жұмысшылардың еңбекақылары төмендейді; өндірілген өнімдерге деген олардың сұранысы мен тұтыну қажеттілігі төмендейді; экономикалық дағдарыстар болмай қоймайды. Дағдарыстардың себептері өткізілген өнімдер құнының қоғамның табысымен сәйкес келмеуінде, жинақтау процесінің себебінен тауарлардың толық тұтынылмауында. Сисмондидің дағдарыстар теориясындағы қателігі, қоғамдағы өндірістік және жеке тұтынуды шектемеуінде болды, яғни ол станоктар мен машиналар нарығы тұтыну тауарлар нарығынан тәуелсіз, айырықша нарық жасалатындығын түсінбеді.

Сисмонди ең жақсы экономикалық жүйе деп ұсақ тауар өндірісін санады; өндірістің цехтық жұмыс тәртібін қорғады, ал бәсекелестік пен жалдамалы еңбекті теңсіздіктің себептері деп қарады. Оның пікірі бойынша еркін бәсекелестік тауар өндірушілер мүдделерін қақтығыстырады, сондықтан да оны мемлекеттің араласпау қағидаларын заңды түрде жойып, байлықты шоғырландыру мөлшерін белгілеп, қалғанын ұсақ кәсіпкерлер арасында бөлінсін деді. Ол жұмысшы табының экономикалық жағдайын жақсарту реформасының әлеуметтік бағдарламасын жасады.

Дегенмен, Сисмондидің ұдайы өндіріс пен дағдарыстар теориясындағы негізгі қателігі, оның капиталистік өндірістің мақсаты – тұтынуды қамтамасыз ету емес, қосымша құн өндіру екендігін түсінбеуінен тұрады. Міне, сондықтан да, ол ішкі нарықтың пайда болу процесін, капитализмнің ұсақ тауар өндірушілерді кедейлендіретінін капиталистік өндіріс қатынастарынан пайда болатындығын сезбеді.

Сисмондидің экономикалық көзқарастарын қорытындылай келіп, былай деп айтуға болады: ол өндіріс пен тұтыну арасындағы қарама қайшылықты тұтас түрде қарастырды, сонымен ол капитализмнің өзіндік қарама қайшылықтарының негізгі формаларының бірі болып саналатындығын көрмеді. Ол ірі машина өндірісінің прогрестік рөлін жете бағаламады, капиталистік мемлекет ірі өндірістің дамуын тежейді деп жалған болжам жасап, мемлекеттің таптық сипатын жоққа шығарды.

4.5 П.Ж. Прудон және оның әдісінін сипаттамасы.


Пьер – Жозеф Прудон (1809-1865 жж) капитализм қалыптасу кезеңіндегі ұсақ буржуазиялық саяси экономияның идеологы. «Меншікті теріс мақсатта пайдалану қоғамдағы кәсіпкерлер арасындағы теңдіктің бұзылуының басты себебі болып саналады» – деді ол. Сондықтан да ол «Меншік дегеніміз не?», «Экономикалық қарама қайшылықтар жүйесі немесе кедейлік философиясы» деген еңбектерінде жеке меншікке қарсы шықпастан, ірі өнеркәсіп орындары, темір жол көліктері жұмысшылар мен қызметкерлер ассоциацияларының қолына өтуін ұсынды.

Прудон, ұсақ меншік иелерінің акционерлік кәсіпорындарын құру мақсатымен тауар өндірушілерге «жұмыс квитанцияларын» беретін халық банкесін құру жолымен айырбасты қайта құру жобасын алға жылжытты. Прудонның жоспары бойынша «жұмыс ақшасын» енгізу арқылы нақты ақшаны жойып еңбексіз табыстарды, капитал мен қанауды жою мүмкіндіктерін көрсетті. Прудоның мұндай қате пікірлері оның капиталдың негізі пайдамен және пайызды түсінбеуінен болды.

Прудон өнеркәсіп капиталистерінің пайдасын олардың еңбекақысының өзіндік түрі деп, ал капиталды ақшаның бір түр деп түсіндірді. Ол қосымша құнды сіңірудің бірден бір формасы пайыз деп санады, ал қанаудың экономикалық негізін пайыздың өмір сүруінен деп санады. Осы жерде оның идеясы – айырбас (халық) банкесін ұйымдастыру арқылы, ұсақ тауар өндірушілер мен жұмыскерлерге «несиені сыйға беру» деген ұсыныс шығарды. Осылай Прудон ақшасыз, капиталсыз және пайызсыз тауарлы-ақша шаруашылығын сақтауды ұсынды.

Прудонның әдістерінің (методтарын) қателігі мынада: ол экономикалық құбылыстарды заңдық көзқарас тұрғымен түсіндірді, ал мемлекет заңдарынан туындайтын «бұйрықтарды» кез келген өзгерте алады деді. Прудон ұсақ жеке меншікті мәңгілік етуді армандады.



ТҮЙІН


Францияның классикалық саяси экономиясы байлықтың көзі айналым емес, өндіріс болып саналады деп, меркантилизмге қарсы күресті. Франциядағы классикалық саяси экономия ағымы экономикада негізгі рөлді ауыл шаруашылық өндірісіне беру физиократтардан басталды және олар ірі капиталистік фермерлердің мүдделерін қорғады.

П. Буагильбер Франциядағы классикалық мектептің негізін, еңбек құны теориясын құрушы болып саналады. Оның пікірі бойынша, құнның шамасы еңбек шығындарымен анықталды. Ол «барлық байлық» ұғымына ақшаны ғана емес, сонымен бірге дүние мен заттардың бүкіл алуан түрлерін қосты.

Франсуа Кенэ – өзінің басты еңбегі «Экономикалық кестеде» ұдайы өндіріс теориясын жасады, яғни жылдық жиынтық өнімді таптар - кластар арасында бөлімдеді.

Ұсақ буржуазияның саяси экономиясының өкілдері С. Сисмонди мен П.Ж. Прудон ұсақ тауар өндірушілердің мүдделерін қорғап, оны мәңгілік етуді армандады.



Негізгі терминдер:


Классикалық мектеп.

Меркантилизм.

Ұсақ тауар өндіруші.

Физиократтар.

Құн теориясы.

Табиғи тәртіп.

Экономикалық кесте.

Экономикалық романтизм.



Әлеуметтік реформа.

Практикум:

§1 Енді Сіз білесіз:


  1. ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы Францияның экономикалық даму ерекшеліктерін дұрыс атап көрсету;

  2. П. Буагильбердің экономикалық көзқарастарын сипаттап бере білу;

  3. «Физиократизмдік» экономикалық ағым дегеніміз не деген сұраққа жауап бере білу;

  4. Кенэнің экономикалық көзқарастарын айтып бере білу;

  5. Ф. Кенэнің «Экономикалық кестесінің» маңызы қандай екендігіне жауап бере білу;

  6. Франциядағы ұсақ буржуазиялық экономикалық ағымның пайда болу себептерін түсіндіре білу;



§2 Қайталау үшін сұрақтар:


    1. Франциядағы классикалық саяси экономияның пайда болу себептерін түсіндірініз.

    2. П.Буагильбердің – классикалық саяси экономияда алатын орны.

    3. Ф.Кенэнің «экономикалық кестесінің» негізгі идеялары.

    4. Кім бірінші саяси экономияға «тап» (класс), «ұдайы өндіріс» деген терминді енгізді.

    5. Физиократтар өкілдерінің экономикалық көзқарастарын түсіндіріп берініз.

    6. С. Сисмонди мен П. Прудоның францияның саяси экономиясындағы рөлі.

§3 Білімді өзіндік тексеруге арналған тестер:


  1. Францияның классикалық саяси экономиясының ерекшелігі ... көрінеді:

  1. Франция ХVІІІ ғасырда дворяндар мен монарх үстемдік еткен феодалдық ел болуынан;

  2. Ауыл шаруашылығының артта қалушылығынан;

  3. Өнеркәсіптің нашар дамуынан;

  4. Сыртқы сауданың дамымаушылығынан;

    1. Франциядағы классикалық саяси экономияның негізін салушы?

  1. Монкратьен;

  2. У. Петти;

  3. Ф. Кенэ;

  4. П. Буагильбер;

    1. Ф. Кенэнің «Экономикалық кестесінің» маңызы ...

  1. Ұлттық шаруашылық ауқымында тауарлар мен ақшаның айналымын көрсетуіде;

  2. Ұдайы өндірістің жалпы жағдайына кескінді талдау жасауда;

  3. Шығындарды ақша формасында негізгі және айналым капиталына бөлінуде;

  4. Кірістердің пайда болуын, жиынтық және таза өнімдерді жасауды зерттеуде;

  5. Техникаға, жалгерлік ақыға, жерді жақсартуға, тұқымға және т.б. жұмсалатын шығындарды өтуге талдау жасауда;

            1. С. Сисмондидің экономикалық көзқарастары ...

  1. Өнімдерді өткізу проблемасын шешу жолымен өндірісті ұлғайтуда;

  2. Классикалық мектеп көзқарастарына қарсы шығудан;

  3. Жұртшылықтың жеткілікті тұтынбауынан, сұраныстың төмендеуіне байлықты артық өндіруден болатын дағдарыстың сөзсіздігінде;

  4. Капиталды жинақтауға қарсы тұрудан;

  5. Меншікті бөлуге мемлекеттің араласқандығында;

            1. Байлықтың көзі ауыл шаруашылық деп, ал қол өнер кәсібің жеміс бермейтін шаруашылық деп қай экономикалық теория санады:

  1. Меркантилистер;

  2. Классиктер;

  3. Неоклассиктер;

  4. Кейнсиандықтар;

  5. Марксистер;

  6. Физиократтар;

            1. «Таза өнім» түсінігін кім бірінші пайдаланды?

  1. П. Буагильбер;

  2. А. Смит;

  3. К. Маркс;

  4. Д. Рикардо;

  5. Ф. Кенэ;

  6. С. Сисмонди.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет