Сұрақтар:
-
Фразеологизмдер ұттық тілдің қандай ерекшеліктерін көрсетеді?
-
Абай фразеологиясын зерттеген ғалым?
-
Көркем мәтіннің тілдік талдауларының ең сүбелі жері?
-
Фразеологиялық материалдар үшін ұлттық мәдени маңызы бар түп деректер төркінінің бірі.
-
Фразеологиялық материлдардың мәдени деректер түсінігіне жататын қазақ тіліндегі ұлан-ғайыр паремиологиялық қор.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы С. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы. – А.: Санат, 1993.
-
Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – А.: Ғалым, 1977.
-
Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы – А., 2005.
-
Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері – А., 1998.
-
Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі – А., 1995.
-
Смағұлова Г. Мағыналас фразеологиздердің ұлттық-мәдени аспектілері – А.,1998.
-
Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. – А., 1996.
-
Уәлиев Н. Фразеология және тілдік норма – А., 1998.
Қайдар Ә. Халық даналығы (қазақ мақал-мәтелдерінің түсіндірме сөздігі және зерттеулер). – А.: Тоғанай
№15 Дәріс
Тақырыбы: Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы.
Мақсаты: Көркем әдебиет тілі мен фразеологизмдердің стильдік қолданысы мәселелерінің зерттелуіне шолу. Көркем әдебиет тіліне тән ерекшелік – оның коп стильдігі екендігі. Фразеологизмдер ойды әсерлі берудің негізгі тәсілдері. Көркем әдебиет тіліндегі фразеологизмдердің кейіпкер тілі, авторлық баяндау, диалог, монолог, пейзаждық суреттеулерде қолданылуы. Қөркем әдебиет тілінің өзіндік ішкі формасының болуы. Көркем проза фразеологизмдердің стильдік жақтан саралау.
Жоспар:
-
Көркем әдебиет тілі мен фразеологизмдердің стильдік қлданысы мәселелерінің зерттеуі.
-
Көркем әдебиет тіліне тән ерекшелік – оның көп стильдігі.
-
Көркем әдебиет тіліндегі фразеологизмдердің кейіпкер тілі, авторлық баяндау, диалог, монолог, пейзаждық суреттеулерде қолданылуы.
-
Көркем әдебиет тілінің өзіндік ішкі формасы.
-
Көркем проза фразеологизмдердің стильдік жақтан саралау.
Мазмұны:
Тілдің әрі ұтымды, әрі сымбатты байлықтарының біразы – тұрақты тіркестер: мақал-мәтелдер, фразеологиялық тірестер, қанатты сөздер.
Бұларды әсіресе көркем әдебиетте, публицистикалық әдебиетте, көпшілікке арналған лекция, әңгімелерде мол пайдаланады.
«Жел үп етсе болғаны, қалың қамыстай тары сыбдыр қағып, сыбыр сала жөнеледі» (Ғ.Мұстафин) тәрізділер көркем әдебиет стиліне тән. Шаруаларға тары өндіру туралы жасаған баяндамада солай сөйлеу ерсі болар еді. Бірақ баяндама, лекция, әңгіме тілін жандандыру үшін әдеби тілде бар кестелі сөздерді иайдаланудың ешқандай ерсілігі жоқ, қайта олар ұтымды сөздің аса керекті элементтері болады. Олар мыналар:
Мақал-мәтелдер – халық даналығының айнасы, оларды тудырған халықтың тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдердің көбі өмір шындығының қорытындысы, іс-әрекеттің ережесі болып келеді. Олардың «бәрі заңның, өсиеттің, ереженің күшіндей күші бар қысқа-қысқа нақыл сөзге айналып, тілде сақталып қалады».
Мақал-мәтелдер аз сөзді, терең мағыналы әрі ұтымды болатындықтан, сөйлеген сөзде пайдалана беру керек-ақ. «Сөздің көркі – мақал, жүздің көркі – сақал» дегендей, мақал-мәтел сөзіңе әр береді.
Қазақ мақал-мәтелдерінің бәрі бірдей ұстамды емес: біздің қазіргі идеологиямызға жанасымды, тәрбиелік мәні мәні зор өнегелілері бар да, ескі өмірдің кертарпалары шығарған ұстамсыздары да бар. Оларды таңдап, талғап орынды жерінде пайдалану керек. Осы талаптар тұрғысынан кейбір өткір нақылдары керісінше, не аздап өзгеріс енгізіп, қазіргі өмірге жанасымы етіп пайдалануға да болады. Орасша «Один в поле не воин» - «И один в поле не воин» деп өзгертіп айтқанындай, С. Мұқанов «Құрылыс жырында»:
«Құм жиылып тас болып,
Құл жиылып бас болып,
Шаруа ұстап ел болып...» - деп жазыпты.
Фразеологиялық тіркес – қісінің ойын мәнерлі түрде айту үшін жұмсалатын сөздер тобы. Ондай тіркестер әдетте тұрақты болады. Олар «идиомалық тіркес», «фразалық тіркес» деп екіге бөлінеді. Идиомалардың білдіретін мағыналарына олардың құрамындағы сөздердің мағыналары қатынаспайды, мүлде басқа мағынада, сол тұрақты қалпында ойды әсерлі, көрікті етіп айту үшін жұмсалады; олар мынадай тіркестер: қара қылды қақ жару, қой үстіне боз торғацй жұмыртқалау, жүрегі шайылу, қас пен көздің арасында, қой аузынан шөп алмау, тіс қаққан, сіркесі су көтермеу, аузымен орақ ору.
Фразалық тұрақты тіркестер де ауыспалы мағынада жұмсалады. Олардың идиомалық тіркестерден айырмашылығы – құрамындағы сөздердің (не бірінің) әдепкі мағынасы айтылған ойға қатысты болады. Мысылы: тіл алмау, көз қырын салу, жаны ашу, түймедейді түйедей ету, басына әңгір таяқ ойнату, үрейін ұшыру, тасы өрге домалау, жар құлағы жастыққа тимеу, тырнақ астынан кір іздеу. Бұл топқа мынындай тіркестер де енеді: аузынан тастамау, қайратқа міну, күш жұмсау, қолқабыс ету, шамасы келмеу, қолынан келмеу, көзі түсу, басы қату, ойын бөлу, есіне салу, көңіліне келу.
Фразеологиялық тіркестерді қолдана білу – тіл білудің бір белгісі. Халық тілін жақсы білетін кісі тілдің осы байлығында молынан, дұрыс қолдану арқылы ой өрнегін түрлендіріп, ұтымды, түсінікті, ықшамды етіп салады. Сондықтан әрбір мәдениетті, сауатты кісі, тілге шешен болғысы келген оқушы, студент халық тіліндегі тұрақты тіркестерді көңілге тоқи жүріп пайдалануы тиіс.
Идиома, фразалық тіркестердің бір тілде қалыптасқан құрамын жөн-жорығы жоқ, өзгертіп айтып, жазуға болмайды. Мысалы, «Табан астында» дегенді «табан аузында», «қаға берісте қалып қойды» дегенді «қаға беріске қарай айнала берді»(С. Шаймерденов) тәрізділер кездеседі. Мұндай ойсыраған кемшілік жоқ, сонда да ол айтқанда «аяқты» дәл баспай, сол қия басқандық байқалмай ма? Біз үшін сондай елеусіз сәл-пәлдің үлкен мәні бар. Мүмкін болғанша тұрақты тіркестердің тобын жазбауға тырысу керек. Дәлдікке бой ұрған кісі үшін «екі көзімді төрт қылды» (сағындырды) дегеннің сөздерін өзгертіп, орнын ауыстырып айтудың жөні жоқ. Тек өлеңді сөйлемде ұйқас үшін ол сөздер басқаша құрылуы мүмкін:
Төрт қылып екі көзді сағындырып
Жүр екен біздің қалқа қандай жерде!
(Б. Майлин)
Өзім жоқта орныма шөп сап қойып,
Ақ жүзімді ел-жұртқа қылма салық.
(Абай)
Бір тілде бар идиомалық тіркестерді екінші тілде сөзбе-сөз аударуға болмайды. өйткені олардың білдіретін мағыналары құрамындағы сөздердің мағыналарынан құрылмайды, мүлде басқа ауыспалы мағынаны білдіреді. «Вот, где собака зарыта» дегенді Ленин томдарының аудармысында – «мәсленің түйіні осында жатыр» деп дұрыс аударған. Сонымен қатар оны «Иттің көмілген жері міне осы» деп те аудару кездеседі.
Соңғы жылдары аударма арқылы қазақ тілінде «ештен кеш жақсы», «балық та емес, ет те емес», «қасқыр да тоқ, қой да аман», «талабы зор-ақ, тағдыры – дозақ» (охота смертная, да участь горькая), «ауыр жүкке жегілме, жегіле қалсаң, егілме» (взялся за гуж – не говори, что не дюж) тәрізділер аударма арқылы еніп жүр.
Көркем әдебиет шеберлерінің жазғандарында тұрақты тіркестер құрамын әдейі өзгертіп, не араларына басқа сөздерді қосып айту кездеседі, бірақ олардың көбінде ерекше стильдік өң болады. Мысалы, орыс тілінде «взглянуть с высоты своего величия» дегенді Чехов: «взглянул на мир с высоты своего подлости» деп жазыпды. Сол сияқты «көзімнің жасы көл болды» дегенді күшейтіп айту үшін С.Торайғыров: «еөз жасым көктен құйған жауын еді» деп жазады.
Жауабың бүгін-кеше болмаған соң,
Көз жасым көктен құйған жауын еді.
Поэзия тілінде «жүні жығылды», «соққы жеді» тіркестерінің құрамы өзгеше болыпта кездеседі.
Сұрақтар:
-
Фразеологизмдердің идиомалық тіркестерден айырмашылығы.
-
Көркем әдебиетте тұрақты тіркестердің құрамының өзгеруі.
-
«Көз жасым көктен құйған жауын еді» деп Торайғыров қай фразеологизмді өзгертті?
Пайдаланған әдебиеттер:
-
Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы – А., 2005.
-
Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері – А., 1998.
-
Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі – А., 1995.
-
Смағұлова Г. Мағыналас фразеологиздердің ұлттық-мәдени аспектілері – А.,1998.
-
Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. – А., 1996.
-
Уәлиев Н. Фразеология және тілдік норма – А., 1998.
-
Қайдар Ә. Халық даналығы (қазақ мақал-мәтелдерінің түсіндірме сөздігі және зерттеулер). – А.: Тоғанай Т,2004.
№1 Тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Сөздің анықтамасы
Мақсаты: Сөзге анықтама берудің қиындығын меңгеру. Сөзді лексикалық-семантикалық жүйе жағынан қарастыру.
Жоспары: 1. Сөзге анықтама берудің қиындығы.
2. Сөздің мазмұны
3. Сөзге тән белгілер
4. Лексика-семантикалық жүйе
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Сөз дегеніміз не?
2. Сөздің лексикалық және грамматикалық жағы дегеніміз не?
3. Тіл-тілде сөз формасының неше түрі бар?
4. Сөз варианттары дегеніиіміз не?
5. Сөздің лексикалық мағынасының грамматикалық мағынадан айырмашылығы.
Пайданылған әдебиеттер:
1. І.Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев «Қазіргі қазақ тілі» Алматы.1962
2. М. Белбаева «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы» Алматы. 1976
3. К. Аханов «Тіл білімінің негіздері»
4. Ә. Болғанбайұлы, Ғ. Қалиұлы «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы » Алматы. Санат 1997
№2 Тәжірибелік сабақ
Тақырыбы:Сөз мағынасының өзгеру себептері
Мақсаты::Сөз мағынасының өзгеруінің, оның жаңа мағынаға ие болуының себептерін қарастыру. Сөз мағынасын функционалды семантика заңы бойынша қарастыру
Жоспары:Сөз мағынасы өзгеруінің, жаңа мағына иеленуінің сыртқы (экстралингвистикалық) және (лингвимстикалық) себептер болатындығы. Ауыспалы мағынасы тудыратын тәсілдер. Сөз мағынасының функционалды семантика заңы бойынша да өзгеретіндігі.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Сөз мағынасының өзгеруінің неше түрі бар?
2. Лингвистикалық себеп дегеніміз не?
3. Сөз мағынасының ауысуы, келтірінді мағынада жұмсалуы қандай тісілдер арқылы іске асады?
4. Метафора тәсілі дегеніміз не?
Пайданылған әдебиеттер:
1. І.Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев «Қазіргі қазақ тілі» Алматы.1962
2. К. Аханов «Тіл білімінің негіздері»
Қосымша әдебиеттер:
1. И.В Арнольд. «Лексикология современного языка» М. 1959
2. А. А. Реформатский «Введения в языковедения» М. 1967
№3 Тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Көп мағыналылық.Омонимдер.
Мақсаты: Лексикалық мағыналардың түрлерін қарастыру Сөздердің мағыналық қатысына қарай жіктелуін қарастырыу.Омонимдердің жасалу жолдары мен типтерін анықтау.
Жоспары:
1. Лексикалық мағыналардың түрлері: тура (номинативті) мағына фразеологиялық байлаулы мағына,синтаксистік шартты мағына
2.Сөз мағыналары н затпен, құбылыспен байланысу сипатына қарай, функциялық- стильдік реңктеріне қарай топтастыр
3. Сөздердің мағыналық қатысына қарай жіктеліуі
4. Омонимдердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы. Омонимдердің жасалу жолдары. Омонимдердің типтері.
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Полисемия дегеніміз не?
2. Фразеологиялық байлаулы мағына дегеніміз не?
3. Сөздің тура және номинативті мағынасы?
4. Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің айырмашылығы
Пайданылған әдебиеттер:
1. І.Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев «Қазіргі қазақ тілі» Алматы.1962
2. Ә. Болғанбаев «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы» Алматы. 1988
3. К. Аханов «Тіл білімінің негіздері» Алматы. Санат 1993
4. К. Аханов «Қазақ тілі лексикологиясының мәселелері» Алматы. 1955
№4 Тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Синонимдер. Антонимдер.
Мақсаты: Синонимдер мен антонимдердің өзіндік ерекшеліктерін қарастыру, дисфелизм, эвфелизм, табу құбылысына кеңінен тоқталу.
Жоспары: Синонимдердің айырым белгілері. Синонимдік қатар және доминант. Синонимдердің мағыналық, контекстік, стильдік реңктері. Синонимдердің жасалу жолдары. Антонимдердің ерекшеліктері, жасалу жолдары. Табу. Эвфелизм. Дисфелизм.
Бекіту сұрақтары:
-
Синоним және синонимдік қатар дегеніміз не?
-
Синоним мен омонимнің өзіндік ерекшеліктері.
-
Синонимдер мен антонимдердің пайда болу жолдары.
-
Табу, эвфемизм, дисфемизм дегеніміз не?
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Болғанбайұлы Ә. Қалиұлы С. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – А: Санат, 1997
-
Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А, 1962
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – А, 2002
№5 Тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Қазіргі қазақ тілі лекцикасының шығу арналары.
Мақсаты: Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры және сөздік құрамымен танысу, ерекшелігін көрсету.
Жоспары: Қазақ тілінің сөздік құрамы мен негізгі сөздік қоры. Сөздік құрамының жалпы сипаты. Негізгі сөздік қордың басты белгілері. Негізгі сөздік қор мен сөздік құрамның арақатынасы. Түркі тілдеріне ортақ сөздер.
Бекіту сұрақтары:
-
Түркі тілдерінің тектестігін дәлелдейтін ортақ сөздердің қандай түрлері бар?
-
Актив және пассив сөздер дегеніміз не?
-
Сөздік құрамның толығу жолдарын ата?
-
Күрделі сөздер, қос сөздер, біріккен сөз ерекшелегі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Болғанбайұлы Ә. Қалиұлы С. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – А: Санат, 1997
-
Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А, 1962
-
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – А, 2002
№6 Тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Өзге тілдерден енген сөздер.
Мақсаты: Бүгінгі күні тілімізде қолданылып жүрген өзге тілдерден енген сөздердің ерекшелігін, тілдегі орны мен қолданылуын талдау.
Жоспары: Монғол тілдерінен енген сөздер. Араб, парсы тілдерінен енген сөздер. Орыс тілінен енген сөздер. Кірме сөздердің лексикалық, семантикалық, фонетикалық және грамматикалық жағынан игерілуі.
Бекіту сұрақтары:
-
Орыс тілінен енген сөздер, олардың қолданылуы туралы айт.
-
Кірме сөздер категориясы дегеніміз не?
-
кірме сөздердің фонетикалық, морфологиялық ерекшеліктері.
-
Кірме сөздердің қолданылу аясы, пассив және активтілігі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Болғанбайұлы Ә. Қалиұлы С. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – А: Санат, 1997
-
Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А, 1962
-
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – А, 2002
№7 Тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні..
Мақсаты:Қазақ тіліндегі лексиканың пайда болуымен , шығу арналарын жан-жақты ашып көрсету.
Жоспары:
1.Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері.
2.Әдеби тілге тән басты белгілер.
3.Әдеби тілдің стильдік тармақтары.
4.Тілдік стиль туралы ұғым.
Тақырып бойынша сұрақтар.
1.Ортақ тіл дегеніміз қандай тіл?
2.Ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің ерекшелігі неде ?
3 .Тіл нормасы дегеніміз не?
4.Әдеби тілдің қандай белгілерін білесің?
Пайдаланылған әдебиеттер.
1.К.Аханов.Тіл білімінің негіздері.-А..Санат,1993.
2.Ә.Болғанбаев.Қазақ тілінің лексикологиясы.-А.,1988
3.І.Кеңесбаев,Ғ.Мұсабаев.,Қазіргі қазақ тілі.-А.,1962.
4.Ә.Болғанбайұлы,С.Қалиұлы.Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеолгиясы.-А.,Санат,1997.
5.І.Кеңесбаев.Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.-А.,1995.
№8 Тәжірибелік сабақ
Тақырыбы:Лексикография.
Мақсаты:Тілдегі сөздердің жиналуы мен сөздіктердің жасалуы жөнінде мәліметтер беру.
Жоспары:
1.Түсіндірме сөздік, жасалу мақсаты, практикалық мәні.
2.Аударма сөздік, жасалу мақсаты, практикалық мәні.
3.Терминологиялық сөздік,диалектологиялық сөздіктердің жасалу мақсаты, практикалық мәні.
4.Фразеологиялық,синонимдер сөздігі.
5.Орфоэпиялық,тарихи сөздіктер.
6.Этимологиялық сөздік.
Тақырып бойынша сұрақтар.
1.Лексикография дегеніміз не?
2.Сөздіктердің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?
3.Әрбір сөздіктің қандай ерекшеліктері бар?
Пайдаланылған әдебиеттер.
1.К.Аханов.Тіл білімінің негіздері.-А.,Санат,1993.
2.Ә.Болғанбаев.Қазқ тілінің лексикологиясы.-А.,1988.
3.І.Кеңесбаев,Ғ.Мұсабаев., Қазіргі қазақ тілі.-А.,1962.
4.Ә.Болғанбайұлы,С.Қалиұлы.Қазіргі қазақ тілі.-А.,1962.
5.І.Кеңесбаев.Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.-А.,1995.
№9 Тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Фразеологизмдердің зерттелу тарихы.
Мақсаты:Фразеологизмдердің зерттелу тарихына шолу жасай отырып, оны жан-жақты сипаттау.
Жоспары:
1.Түркі және қазақ фразеологизмдерінің зерттелуі.
2.Қазіргі тіл біліміндегі зерттеу бағыттарына шолу.
3.Ш.Балии,В.Виноградов, Н.Шанский, М.Молотков, В.Телия зерттеу еңбектері.
Тақырып бойынша сұрақтар.
1.Фразеологизм дегеніміз не?
2.Фразеологизмнің зерттелу тарихы жөнінде не білесің?
3.І.Кеңесбаевтың фразеологизм саласына қосқан үлесі айт
4.Фразеология жеріне жеткізе зерттелген ғылым деп ойлайсың ба?
5.Фразеология термині қандай мағынада қолданылады?
Пайдаланылған әдебиеттер.
1.К.Аханов.Тіл білімінің негіздері.-А.,Санат,1993.
2.Ә.Болғанбайұлы, С.Қалиұлы. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.-А.,Санат,1997.
3.І.Кеңесбаев.Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.-А.,1995.
4.К.Аханов. Қазақ тілі лексикологиясының мәселелері.-А.,1995.
5.Г.Сұмағұлов. Фразеологизмдердің варианттылығы.-А.,1996.
6.Н.Уәлиев. Фразеология және тілдік норма.,-А,1996.
№13 Тәжірибелік сабақ
Тақырыбы:Қазақ фразеологиясының стильдік ерекшеліктері.
Мақсаты:Қазақ фразеологиясының қолданысы мен оның стильдік ерекшеліктерін көрсету.
Жоспары:
-
Фразеологизмдердің лексикографиялық стильдік сипаттары.
-
Эмоционалды-экспрессивті реңк әсерлеріне қарай тұрақты тіркестердің түрлі стильдік қабаттары.
-
Ауызекі және қарапайым сөйлеу стиліндегі фразеологизмдердің ара қатынасы.
Тақырып бойынша сұрақтар.
1.Фразеологизмдердің стильдік мәні қандай?
2.Фразеологизмдердің қандай ерекшеліктері бар?
3.Фразеологизмдердің қолданылу аясы жөніндегі өз пікір.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1.К.Аханов.Тіл білімінің негіздері.,-А,Санат.,1993.
2.І.Кеңесбаев.Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.-А.,Ғылым,1997.
3.Г.Сұмағұлова.Фразеологизмдердің варианттылығы.-А.,1996.
4.Н.Уәлиев.Фразеология және тілдік норма.-А,1998.
5.Ә.Болғанбайұлы,С.Қалиұлы . Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.-А.,Санат,1997.
№14 Тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық маңызы бар түпдеректер.
Мақсаты: Қазақ ұлтының мәдени өмірінің көрінісі – фразеологичлық қордан ерекше байқалатындығы. Қазақ фразеологизмдері – халық өмірінің айнасы екендігі. Әр ұлттың мәдени ағымындағы тілдік құбылыстар тамырланып, қалыптаскы үшін оның көптеген алғышарттары мен салалары болады. Қазақ фразеологизмдерінің мәдени ақпарат көздері. Ұлттың дәстүрлі мәдениет үлгілеріндегі дағдылы ұлттық рәсімдердегі тұрақты айтылатын тіркестер. Мәдени деректер түсінігіндегі – мақал-мәтелдер. Образ әталонға айналған тұрақты теңеулер тіркесі. Троп түрлеріндегі образды тіркестердің фразеологизмдерге айналуы.
Жоспар:
-
Қазақ фразеологизмдерінің мәдени ақпарат көздері.
-
Ұлттық дәстүрлі мәдениет үлгілеріндегі дағдылы ұлттық рәсімдердегі тұрақты айтылатын тіркестер.
-
Мәдени деректер түсінігіндегі мақал-мәтелдер.
-
Тұрақты теңеулер тіркесі.
-
Қазақ тіліндегі сөз символдар, символдық мәні бар сөздер мен сөз тіркестері.
-
Троп түрлеріндегі образды тіркестердің фразеологизмдерге айналуы.
Сұрақтар:
-
Фразеологизмдер ұттық тілдің қандай ерекшеліктерін көрсетеді?
-
Абай фразеологиясын зерттеген ғалым?
-
Көркем мәтіннің тілдік талдауларының ең сүбелі жері?
-
Фразеологиялық материалдар үшін ұлттық мәдени маңызы бар түп деректер төркінінің бірі.
-
Фразеологиялық материлдардың мәдени деректер түсінігіне жататын қазақ тіліндегі ұлан-ғайыр паремиологиялық қор.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы С. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы. – А.: Санат, 1993.
-
Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – А.: Ғалым, 1977.
-
Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы – А., 2005.
-
Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері – А., 1998.
-
Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі – А., 1995.
-
Смағұлова Г. Мағыналас фразеологиздердің ұлттық-мәдени аспектілері – А.,1998.
-
Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. – А., 1996.
-
Уәлиев Н. Фразеология және тілдік норма – А., 1998.
Қайдар Ә. Халық даналығы (қазақ мақал-мәтелдерінің түсіндірме сөздігі және зерттеулер). – А.: Тоғанай
№15 Тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы.
Мақсаты: Көркем әдебиет тілі мен фразеологизмдердің стильдік қолданысы мәселелерінің зерттелуіне шолу. Көркем әдебиет тіліне тән ерекшелік – оның коп стильдігі екендігі. Фразеологизмдер ойды әсерлі берудің негізгі тәсілдері. Көркем әдебиет тіліндегі фразеологизмдердің кейіпкер тілі, авторлық баяндау, диалог, монолог, пейзаждық суреттеулерде қолданылуы. Қөркем әдебиет тілінің өзіндік ішкі формасының болуы. Көркем проза фразеологизмдердің стильдік жақтан саралау.
Жоспар:
-
Көркем әдебиет тілі мен фразеологизмдердің стильдік қлданысы мәселелерінің зерттеуі.
-
Көркем әдебиет тіліне тән ерекшелік – оның көп стильдігі.
-
Көркем әдебиет тіліндегі фразеологизмдердің кейіпкер тілі, авторлық баяндау, диалог, монолог, пейзаждық суреттеулерде қолданылуы.
-
Көркем әдебиет тілінің өзіндік ішкі формасы.
-
Көркем проза фразеологизмдердің стильдік жақтан саралау.
Сұрақтар:
-
Фразеологизмдердің идиомалық тіркестерден айырмашылығы.
-
Көркем әдебиетте тұрақты тіркестердің құрамының өзгеруі.
-
«Көз жасым көктен құйған жауын еді» деп Торайғыров қай фразеологизмді өзгертті?
Достарыңызбен бөлісу: |