«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы»


Тақырыбы: Сөздің анықтамасы Мақсаты



бет2/7
Дата14.06.2016
өлшемі497.5 Kb.
#135705
1   2   3   4   5   6   7

Тақырыбы: Сөздің анықтамасы

Мақсаты: Сөзге анықтама берудің қиындығын меңгеру. Сөзді лексикалық-семантикалық жүйе жағынан қарастыру.

Жоспары:

  1. Сөзге анықтама берудің қиындығы.

  2. Сөздің мазмұны

  3. Сөзге тән белгілер

  4. Лексика-семантикалық жүйе

Сөз-дыбыстық форма мен мағынаның тұтастығы, ақиқат заттың, құбылыстың жинақты бейнесінің белгісі.

Бұл туралы академик В.В. Виноградов сөз дегеніміз - фонема болатын дыбыстардың белгілі бір жүйеде дыбысталуы мен мағыналық бірлікте болуы деген пікірді айтады.

Заттың, құбылыстың бейнесі адамның миына сыртқы түйсік арқылы әсер етеді. Адам тіл арқылы, яғни белгілі сөз арқылы, яғни белгілі сөз арқылы ойлайды.

Сөз деген терминді тар мағынада заттың, құбылыстың атауы деп немесе сөз ұғымының белгілеген түрі деп аталады.

Сөздің о баста-ақ атқаратын қызметі туралы айта келіп, В.В Виноградов:

«Сөз тек дыбыс пен мағынадан ғана құрылатын болса, онда тілде әрбір жаңа ұғымды, жаңа пікірді, жаңа мәнді белгілеу үшін ерекше дыбыстар шығып, ерекше сөздер болуға тиіс емес пе?» дегенді айтады. Сөз айтушы мен тыңдаушыға ортақ,яғни түсінікті, сөз жасарлық, белгілі мағына берелік ақиқат дыбыстардың бірлестігінен туатын мағыналы дыбыс құрылысын сөз жасаудың бір элементі деп ұғыну керек.

Осыны ескерген профессор А.И. Смирницкий «Звуковая материя языка, крайняя существенная для него ( языка), без которой он не может существовать и развиваться как действительно важнейшее средство общения, составляет все же лишь одно сторону, внешнего; у языка есть и другая сторона, внутренная, смысловая сторона значений» деген еді.

[1, 10-11 бет

Сөздің екі жағы болады. Біріншісі, материалдық жағы, дыбыстық жағы да,екіншісі-идеалдық жағы, мағыналық, ұғымдық жағы. Бұл екеуі өзара тығыз байланыста болады.

[2, 11-12 бет]

Сөз әртүрлі тәсілдермен түрленіп, әлденеше формаға ие болады. Мысалы: қызылдау, қызылырақ, қызғылтым, қып-қызыл дегендер бір ғана қызыл деген сөздің аффикация тәсілі, жартылай қосарлану тәсілі арқылы жасалған формалары болып саналады.

Грамматикалық форма көбіне-көп сөз формаларына байланысты қарастырылады. Сөз, әдетте, әр түрлі формаларға ие болады. Ол белгілі бір сөйлемде немесе сөз тіркесінде қолданылғанда, барлық формаларында емес, бір немесе бірнеше формада қолданылады.Сөйлемдегі немесе сөз тіркесіндегі сөздер мағыналар жағынан емес, сонымен формалары жағынан ажыратылады. Мысалы: Тізімнен сүріндірсе3ң, сүріндер, тілімнен сүріндерме (мақал) деген сөйлемдегі сүріндір етістік бір-бірінен әр түрлі формада қолдануы жағынан ажыратылып жүр.

Сөз қаншама формада қолданылса да, әр басқа сөз емес, бір сөз ретінде

ұғынылады. Профессор А. И Смерницкий ондай сөзді (әр түрлі формада қолданылғанымен, бір сөз ретінде танылатын сөзді) жалпы сөз атаулыдан ажырату үшін лексема деп атауды жөн көрсетеді.

Сөздердің өзгерген түрлерінің ішінен әр басқа лексикалық мағыналарды білдіретіндері өз алдына дербес лексикалық единицалар (әр басқа сөздер) ретінде қаралуға тиісті де, әр басқа лексикалық мағыналарды емес, әр түрлі грамматикалық мағыналарды білдіретін сөздің формалары ретінде қаралуға тиіс.

Өзгеріп түрленген сөздің әр түрлі формалар арқылы қаншама түрленгенімен, өзгеріссіз қалатын негіздері лексикалық жағы, екіншісі-бір ғана сөзге емес, сөздің белгілі бір тобының күллісіне бірдей ортақ, солардың бәріне бірдей тән грамматикалық жағы. Сөздің белгілі бір формасының негізгі форма ретінде саналуы үшін, оның басқа формалаға ұйытқы болуы шарт. Сонда ғана ол негізгі форма ретінде танылады. Мысалы, септік формаларының ішінде атау септік, әдетте, негізгі форма ретінде танылады да, ілік, барыс,табыс, шығыс, көмектес септік формалары туынды форма ретінде саналады.

Тіл-тілде формалардың 2 түрі бар: оның бірі -сөздің синтетикалық формалары, екіншісі- сөздің аналитикалық формалары.

Сөздің синтетикалық формалары 2 түрлі жолмен, атап айтқанда,

1)аффиксация арқылы

2) дыбыстың алмасуы (ішкі флексия) арқылы жасалады.



1. Сөзге әртүрлі аффикцасиялардың жалғануы арқылы оның түрлі-түрлі формалары жасалады. Сөздердің синтетикалық формаларының аффиксация тәсілі арқылы жасалуы көптеген тілдерге тән және ол жиі ұшырасады. Мысалы, қазақ тілінде: етікшілер, етікшілерге, етікшілердің, етікшілері, етікшілеріміз, орыс тілінде: стол-столы, ағылшын тілінде: table-tables Сөздердің синтетикалық формаларының жасалудың афиксация жолы тіл-тілде суффиксация және префиксация түрінде көрінеді, ал түркі тілдерінде мұның бір-ақ түрі-суффиксация түрі қолданылады.

2. Сөздің синтетикалық формалары дыбыстардың алмасуы немесе ішкі флексия тәсілі арқылы да жасалады. Ысалы, ағылшын тілінде man зат есімнің жекеше түрін («ер», «еркек») білдірсе, оның ішкі флексия арқылы өзгерген түрі men («ерлер», «еркектер») зат есімінің көпше түрін білдіреді. Сөздің синтетикалық формалары ішкі флексия тәсілі мен аффиксация тәсілінің екеуінің бірдей қатысуы арқылы да жасалуы мүмкін. Мысалы, неміс тілінде Gast «қонақ» дегенді білдірсе, аффиксация тәсілі мен ішкі флексия тәсілі арқылы жасалған формасы Gaste «қонақтар» дегенді білдіреді.

Сөздің аналитикалық формалары негізгі (атауыш)сөз бен көмекші сөздің тіркесінен жасалады. Сөздің аналитикалық формаларының құрамына енетін атауыш сөз негізгі морфемаға (түбірге) барабар қызмет атқарса, көмекші сөз әр түрлі көмекші морфемаларға, яғни аффикстерге ұқсас қызмет атқарады.

Аналитикалық конструкцияның бөлшегі ретінде қаралатын көмекші сөз өзінің гамматикалық табиғаты мен қызметі жағынан сөз түрлендіруші(форма тудырушы) морфемаға (аффикске)барабар қызмет қызмет атқарып, бүтіндей аналитикалық конструкция атауыш сөздердің формасы болса да, оның (атауыш сөздің) сөз түрлендіру (форма тудыру) жүйесіне (парадигмасына) енеді.

Аналитикалық конструкция немесе сөздің аналитикалық формасының шығу тегі жағынан сөз тіркесіне барып тіреледі. Сөз тіркесі 2 түрлі бағытта- грамматикалану және лексикалану бағытында дамуы мүмкін.

Аналитикалық конструкция туралы мәселе профессор М. М. Гухманның еңбегінде неміс тілінің деректері негізге баяндалады. Ол аналитикалық конструкция «Жартылай сөз бен толық сөздің ажыралмайтын тұрақты тіркесі» деп таниды. М.М.Гухман негізгі тектегі етістіктердің аналитикалық конструкциясына тән 4 белгіні айтады. Ол:

1) аналитикаық конструкцияның байланыстылығы;

2) бөлініп ажыратылмағанда негізделген «идиомалылығы»

3) етістіктердің күллі лексикалық жүйесін түгел қамтиындығы;

4) етістіктің өзара шарттас формаларының жүйесіне парадигматикалық қатардың элемет ретінде енетіндігі. [3, 422-434 беттер]

Омофондар. Тілімізде айтылуы бірдей, бірақ жазылуында айырма бар сөздер кездеседі; оларды омофон деп атайды. Мысалы, 1.ащы-дәмі ащы, 2.ашшы-есікті аш деген сөздердің айтылуында ешқандай айырмашылық жоқ. Бірақ олардың жазылуы әр түрлі.

Жазылуы бірдей, бірақ әр түрлі айтылытын сөздерді омографтар немесе омограммалар дейді. Алайда қазақ тілі лексикасында олар жоқтың қасы. Мұндай сөздердің алдымен, тілдегі дауыс екпіні әсерін тигізеді. Соның салдарынан қазақ тілінде омографтарды кездестірмейміз.[16 61-62 беттер]



Сөз варианттары. Тілдегі синонимдер иен омонимдер мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан болсын әрқайсысының өзіндік дербестігі бар жеке-жеке сөздер деп танылады. Бұларды белгілі бір сөздің әртүрлі варианттарымен шатастыруға болмайды.

Сөздің лексикалық бірлігінде ешқандай өзгешелігі жоқ, морфемдік құрамы ұқсас құрылымдарды сөз варианттары деп атаймыз. Мысалы, риза-разы-ырза, дәнеме-дәнеңе, әжуа-ажуа, жұбану-жуану-уану, т.б.

Сөз варианттары мынадай 3 түрлі белгі арқылы ажыратылады:

а) сөздің түбірлерінде ортақ ұқсастық болуы қажет.

б) лексика-семантикалық жалпылығы (ұқсастығы)сақталу қажет.

в) дыбыстық өзгешілігі лексика-семантикалық өзеріс тудрмауға тиіс.

Шеттен кірген сөздердің кейбіреулері басқа тілге ауысып келгенде, екі не одеа да көп вариантта айтылады да, жүре-жүре сол варианттың әрқайсысы әр түрлі мағына алып, бір-бірінен сараланып бөлініп, өз алдына дербес сөз болып қалыпстасады. Мысалы, әл-хал, қисп-есеп, қарекет-әрекет, қағида-кәде, хайуан-айуан, табиғат-тәбет, мағлұмат-мәлімет.

Бір түбірден таралған, дыбысталуы бір-біріне өте ұқсас келген сөздердің бәрін вариантты сөздер тобына жатқыза беруге мүлдем болмайды. Мысалы, садақ-садаға, кузеу-күзек, қыстау-қыстық, қоңырсу-көңірсу,пысылдау-пышылдау.

Сөз варианттарының тағдыры негізінен екі түрлі жолмен шешілу мүмкін. Сөз варианттарының

1. екі түрлі мағына алып, бір-бірінен сараланып бөлінуі мүмкін. Мысалы, ащы-ашты, ыстық-ыссы, тәрізді сөз варианттары.Орыстың горький-соленый, горячий-жарко сөздерінің баламасы ретінде екеуі 2 бөлініп кетуі ғажап емес.

2. Әдеби тіл мен сөйлеу тілінің ыңғайына қарай 2 салаға телінді болып қолданғандығы сөзсіз. Мысалы, әне-әні, кәне-қане, міне-мінеки, өйткені-үйткені, қария-кәрия, қазір-кәзіргі дегендердің алғашқы варианты әдеби тілде жиі қолданылады. [46 118-120 беттер]

Фразалық тіркестер. Қазақ тілінің бай қабаттарының бірі- фразалық тіркестер. Бұларда қазақ тіліндегі жеке сөздер сияқты ұзақ дәуірлердің жемісі. Егер осыдан 900 жылдан бұрын «Дивану-лұғат-ат-түрік» атты сөздікте кездесетін көп мақалдар ағыз йесә көз уайазұр- ауыз жесе, көз ұялар, Бір қарға бірлә қыш келмәс, сүсэгэн удқа тәңрі мөңүз бермес- сүзеген сиырға құдай мүйіз бермес.

Сөздердің жеке мағынасы сақталып, сақталмау жағынан фразалық тіркестер 2 топқа-идиомға, фразаға бөлінеді.



Сөздің лексикалық мағынасы деп, әрбір сөздің өзге сөздермен қарым-қатынасқа түспей, жеке-дара тұрғандығы(статистикалық күйдег) нақтылы я негізгі мағынасын айтады. Сөздің лексикалық мағынасын сөздердің тура, негізгі мағынасы деп атайды. Мысалы. Бала, кітап, жолдас, алып, оқыды деген сөздердің әрқайсысының лексикалық мағынасы бар және жеке –дара күйде тұр.

Ал сөздің нақтылы лексикалық мағынасымен жарыса отырып, оны айқындап, саралай түсетін, я сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынасын грамматикалық мағына дейміз.



Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Сөз дегеніміз не?

2. Сөздің лексикалық және грамматикалық жағы дегеніміз не?

3. Тіл-тілде сөз формасының неше түрі бар?

4. Сөз варианттары дегеніиіміз не?

5. Сөздің лексикалық мағынасының грамматикалық мағынадан айырмашылығы.

Пайданылған әдебиеттер:

1. І.Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев «Қазіргі қазақ тілі» Алматы.1962

2. М. Белбаева «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы» Алматы. 1976

3. К. Аханов «Тіл білімінің негіздері»

4. Ә. Болғанбайұлы, Ғ. Қалиұлы «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы » Алматы. Санат 1997

2 Дәріс



Тақырыбы:Сөз мағынасының өзгеру себептері

Мақсаты::Сөз мағынасының өзгеруінің, оның жаңа мағынаға ие болуының себептерін қарастыру. Сөз мағынасын функционалды семантика заңы бойынша қарастыру

Жоспары:Сөз мағынасы өзгеруінің, жаңа мағына иеленуінің сыртқы (экстралингвистикалық) және (лингвимстикалық) себептер болатындығы. Ауыспалы мағынасы тудыратын тәсілдер. Сөз мағынасының функционалды семантика заңы бойынша да өзгеретіндігі.

Сөз-дыбыстық форма мен мағынаның тұтастығы, ақиқат заттың, құбылыстың жинақты бейнесінің белгі.

Бұл туралы академик В.В. Виноградов сөз дегеніміз - фонема болатын дыбыстардың белгілі бір жүйеде дыбысталуы мен мағыналық бірлікте болуы деген пікірді айтады.

Заттың, құбылыстың бейнесі адамның миына сыртқы түйсік арқылы әсер етеді. Адам тіл арқылы, яғни белгілі сөз арқылы, яғни белгілі сөз арқылы ойлайды.

Сөз деген терминді тар мағынада заттың, құбылыстың атауы деп немесе сөз ұғымының белгілеген түрі деп аталады.

Сөздің о баста-ақ атқаратын қызметі туралы айта келіп, В.В Виноградов:

«Сөз тек дыбыс пен мағынадан ғана құрылатын болса, онда тілде әрбір жаңа ұғымды, жаңа пікірді, жаңа мәнді белгілеу үшін ерекше дыбыстар шығып, ерекше сөздер болуға тиіс емес пе?» дегенді айтады. Сөз айтушы мен тыңдаушыға ортақ,яғни түсінікті, сөз жасарлық, белгілі мағына берелік ақиқат дыбыстардың бірлестігінен туатын мағыналы дыбыс құрылысын сөз жасаудың бір элементі деп ұғыну керек.

Осыны ескерген профессор А.И. Смирницкий «Звуковая материя языка, крайняя существенная для него ( языка), без которой он не может существовать и развиваться как действительно важнейшее средство общения, составляет все же лишь одно сторону, внешнего; у языка есть и другая сторона, внутренная, смысловая сторона значений» деген еді. [1, 10-11 бет]

Сөздің екі жағы болады. Біріншісі, материалдық жағы, дыбыстық жағы да,екіншісі-идеалдық жағы, мағыналық, ұғымдық жағы. Бұл екеуі өзара тығыз байланыста болады. [2, 11-12 бет]

Сөз әртүрлі тәсілдермен түрленіп, әлденеше формаға ие болады. Мысалы: қызылдау, қызылырақ, қызғылтым, қып-қызыл дегендер бір ғана қызыл деген сөздің аффикация тәсілі, жартылай қосарлану тәсілі арқылы жасалған формалары болып саналады.

Грамматикалық форма көбіне-көп сөз формаларына байланысты қарастырылады. Сөз, әдетте, әр түрлі формаларға ие болады. Ол белгілі бір сөйлемде немесе сөз тіркесінде қолданылғанда, барлық формаларында емес, бір немесе бірнеше формада қолданылады.Сөйлемдегі немесе сөз тіркесіндегі сөздер мағыналар жағынан емес, сонымен формалары жағынан ажыратылады. Мысалы: Тізімнен сүріндірсе3ң, сүріндер, тілімнен сүріндерме (мақал) деген сөйлемдегі сүріндір етістік бір-бірінен әр түрлі формада қолдануы жағынан ажыратылып жүр.

Сөз қаншама формада қолданылса да, әр басқа сөз емес, бір сөз ретінде ұғынылады. Профессор А. И Смерницкий ондай сөзді (әр түрлі формада қолданылғанымен, бір сөз ретінде танылатын сөзді) жалпы сөз атаулыдан ажырату үшін лексема деп атауды жөн көрсетеді.

Сөздердің өзгерген түрлерінің ішінен әр басқа лексикалық мағыналарды білдіретіндері өз алдына дербес лексикалық единицалар (әр басқа сөздер) ретінде қаралуға тиісті де, әр басқа лексикалық мағыналарды емес, әр түрлі грамматикалық мағыналарды білдіретін сөздің формалары ретінде қаралуға тиіс.

Өзгеріп түрленген сөздің әр түрлі формалар арқылы қаншама түрленгенімен, өзгеріссіз қалатын негіздері лексикалық жағы, екіншісі-бір ғана сөзге емес, сөздің белгілі бір тобының күллісіне бірдей ортақ, солардың бәріне бірдей тән грамматикалық жағы. Сөздің белгілі бір формасының негізгі форма ретінде саналуы үшін, оның басқа формалаға ұйытқы болуы шарт. Сонда ғана ол негізгі форма ретінде танылады. Мысалы, септік формаларының ішінде атау септік, әдетте, негізгі форма ретінде танылады да, ілік, барыс,табыс, шығыс, көмектес септік формалары туынды форма ретінде саналады.

Тіл-тілде формалардың 2 түрі бар: оның бірі -сөздің синтетикалық формалары, екіншісі- сөздің аналитикалық формалары.

Сөздің синтетикалық формалары 2 түрлі жолмен, атап айтқанда,

1)аффиксация арқылы

2) дыбыстың алмасуы (ішкі флексия) арқылы жасалады.

1. Сөзге әртүрліаффикцасиялардың жалғануы арқылы оның түрлі-түрлі формалары жасалады. Сөздердің синтетикалық формаларының аффиксация тәсілі арқылы жасалуы көптеген тілдерге тән және ол жиі ұшырасады. Мысалы, қазақ тілінде: етікшілер, етікшілерге, етікшілердің, етікшілері, етікшілеріміз, орыс тілінде: стол-столы, ағылшын тілінде: table-tables Сөздердің синтетикалық формаларының жасалудың афиксация жолы тіл-тілде суффиксация және префиксация түрінде көрінеді, ал түркі тілдерінде мұның бір-ақ түрі-суффиксация түрі қолданылады.

2. Сөздің синтетикалық формалары дыбыстардың алмасуы немесе ішкі флексия тәсілі арқылы да жасалады. Ысалы, ағылшын тілінде man зат есімнің жекеше түрін («ер», «еркек») білдірсе, оның ішкі флексия арқылы өзгерген түрі men («ерлер», «еркектер») зат есімінің көпше түрін білдіреді. Сөздің синтетикалық формалары ішкі флексия тәсілі мен аффиксация тәсілінің екеуінің бірдей қатысуы арқылы да жасалуы мүмкін. Мысалы, неміс тілінде Gast «қонақ» дегенді білдірсе, аффиксация тәсілі мен ішкі флексия тәсілі арқылы жасалған формасы Gaste «қонақтар» дегенді білдіреді.

Сөздің аналитикалық формалары негізгі (атауыш)сөз бен көмекші сөздің тіркесінен жасалады. Сөздің аналитикалық формаларының құрамына енетін атауыш сөз негізгі морфемаға (түбірге) барабар қызмет атқарса, көмекші сөз әр түрлі көмекші морфемаларға, яғни аффикстерге ұқсас қызмет атқарады.

Аналитикалық конструкцияның бөлшегі ретінде қаралатын көмекші сөз өзінің гамматикалық табиғаты мен қызметі жағынан сөз түрлендіруші(форма тудырушы) морфемаға (аффикске)барабар қызмет қызмет атқарып, бүтіндей аналитикалық конструкция атауыш сөздердің формасы болса да, оның (атауыш сөздің) сөз түрлендіру (форма тудыру) жүйесіне (парадигмасына) енеді.

Аналитикалық конструкция немесе сөздің аналитикалық формасының шығу тегі жағынан сөз тіркесіне барып тіреледі. Сөз тіркесі 2 түрлі бағытта- грамматикалану және лексикалану бағытында дамуы мүмкін. Аналитикалық конструкция туралы мәселе профессор М. М. Гухманның еңбегінде неміс тілінің деректері негізге баяндалады. Ол аналитикалық конструкция «Жартылай сөз бен толық сөздің ажыралмайтын тұрақты тіркесі» деп таниды. М.М.Гухман негізгі тектегі етістіктердің аналитикалық конструкциясына тән 4 белгіні айтады. Ол:

1) аналитикаық конструкцияның байланыстылығы;

2) бөлініп ажыратылмағанда негізделген «идиомалылығы»

3) етістіктердің күллі лексикалық жүйесін түгел қамтиындығы;

4) етістіктің өзара шарттас формаларының жүйесіне парадигматикалық қатардың элемет ретінде енетіндігі. [3, 422-434 беттер]



Омофондар. Тілімізде айтылуы бірдей, бірақ жазылуында айырма бар сөздер кездеседі; оларды омофон деп атайды. Мысалы, 1.ащы-дәмі ащы, 2.ашшы-есікті аш деген сөздердің айтылуында ешқандай айырмашылық жоқ. Бірақ олардың жазылуы әр түрлі.

Жазылуы бірдей, бірақ әр түрлі айтылытын сөздерді омографтар немесе омограммалар дейді. Алайда қазақ тілі лексикасында олар жоқтың қасы. Мұндай сөздердің алдымен, тілдегі дауыс екпіні әсерін тигізеді. Соның салдарынан қазақ тілінде омографтарды кездестірмейміз.[16 61-62 беттер]



Сөз варианттары. Тілдегі синонимдер иен омонимдер мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан болсын әрқайсысының өзіндік дербестігі бар жеке-жеке сөздер деп танылады. Бұларды белгілі бір сөздің әртүрлі варианттарымен шатастыруға болмайды.

Сөздің лексикалық бірлігінде ешқандай өзгешелігі жоқ, морфемдік құрамы ұқсас құрылымдарды сөз варианттары деп атаймыз. Мысалы, риза-разы-ырза, дәнеме-дәнеңе, әжуа-ажуа, жұбану-жуану-уану, т.б.

Сөз варианттары мынадай 3 түрлі белгі арқылы ажыратылады:

а) сөздің түбірлерінде ортақ ұқсастық болуы қажет.

б) лексика-семантикалық жалпылығы (ұқсастығы)сақталу қажет.

в) дыбыстық өзгешілігі лексика-семантикалық өзеріс тудрмауға тиіс.

Шеттен кірген сөздердің кейбіреулері басқа тілге ауысып келгенде, екі не одеа да көп вариантта айтылады да, жүре-жүре сол варианттың әрқайсысы әр түрлі мағына алып, бір-бірінен сараланып бөлініп, өз алдына дербес сөз болып қалыпстасады. Мысалы, әл-хал, қисп-есеп, қарекет-әрекет, қағида-кәде, хайуан-айуан, табиғат-тәбет, мағлұмат-мәлімет.

Бір түбірден таралған, дыбысталуы бір-біріне өте ұқсас келген сөздердің бәрін вариантты сөздер тобына жатқыза беруге мүлдем болмайды. Мысалы, садақ-садаға, кузеу-күзек, қыстау-қыстық, қоңырсу-көңірсу,пысылдау-пышылдау.

Сөз варианттарының тағдыры негізінен екі түрлі жолмен шешілу мүмкін. Сөз варианттарының

1. екі түрлі мағына алып, бір-бірінен сараланып бөлінуі мүмкін. Мысалы, ащы-ашты, ыстық-ыссы, тәрізді сөз варианттары.Орыстың горький-соленый, горячий-жарко сөздерінің баламасы ретінде екеуі 2 бөлініп кетуі ғажап емес.

2. Әдеби тіл мен сөйлеу тілінің ыңғайына қарай 2 салаға телінді болып қолданғандығы сөзсіз. Мысалы, әне-әні, кәне-қане, міне-мінеки, өйткені-үйткені, қария-кәрия, қазір-кәзіргі дегендердің алғашқы варианты әдеби тілде жиі қолданылады. [46 118-120 бетте

Фразалық тіркестер. Қазақ тілінің бай қабаттарының бірі- фразалық тіркестер. Бұларда қазақ тіліндегі жеке сөздер сияқты ұзақ дәуірлердің жемісі. Егер осыдан 900 жылдан бұрын «Дивану-лұғат-ат-түрік» атты сөздікте кездесетін көп мақалдар ағыз йесә көз уайазұр- ауыз жесе, көз ұялар, Бір қарға бірлә қыш келмәс, сүсэгэн удқа тәңрі мөңүз бермес- сүзеген сиырға құдай мүйіз бермес.

Сөздердің жеке мағынасы сақталып, сақталмау жағынан фразалық тіркестер 2 топқа-идиомға, фразаға бөлінеді.



Сөздің лексикалық мағынасы деп, әрбір сөздің өзге сөздермен қарым-қатынасқа түспей, жеке-дара тұрғандығы(статистикалық күйдег) нақтылы я негізгі мағынасын айтады. Сөздің лексикалық мағынасын сөздердің тура, негізгі мағынасы деп атайды. Мысалы. Бала, кітап, жолдас, алып, оқыды деген сөздердің әрқайсысының лексикалық мағынасы бар және жеке –дара күйде тұр.

Ал сөздің нақтылы лексикалық мағынасымен жарыса отырып, оны айқындап, саралай түсетін, я сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынасын грамматикалық мағына дейміз.



Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Сөз мағынасының өзгеруінің неше түрі бар?

2. Лингвистикалық себеп дегеніміз не?

3. Сөз мағынасының ауысуы, келтірінді мағынада жұмсалуы қандай тісілдер арқылы іске асады?

4. Метафора тәсілі дегеніміз не?

Пайданылған әдебиеттер:

1. І.Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев «Қазіргі қазақ тілі» Алматы.1962

2. К. Аханов «Тіл білімінің негіздері»

Қосымша әдебиеттер:

1. И.В Арнольд. «Лексикология современного языка» М. 1959

2. А. А. Реформатский «Введения в языковедения» М. 1967

3 Дәріс



Тақырыбы: Көп мағыналылық.Омонимдер.

Мақсаты: Лексикалық мағыналардың түрлерін қарастыру Сөздердің мағыналық қатысына қарай жіктелуін қарастырыу.Омонимдердің жасалу жолдары мен типтерін анықтау.

Жоспары:

1. Лексикалық мағыналардың түрлері: тура (номинативті) мағына фразеологиялық байлаулы мағына,синтаксистік шартты мағына

2.Сөз мағыналары н затпен, құбылыспен байланысу сипатына қарай, функциялық- стильдік реңктеріне қарай топтастыру.

3. Сөздердің мағыналық қатысына қарай жіктелуі

4. Омонимдердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы. Омонимдердің жасалу жолдары. Омонимдердің типтері.

1. Тіл-тілдің сөздік құрамында бір емес, бірнеше лексикалық мағыналары бар сөздері жиі ұшырасады. Сөздің лексикалық мағыналарының әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері боады. 1. Ананың сүті-бал, баланың тілі-бал (мақал) 2. Сүйемін туған тілімді- анам тілін. Бесікте жатқанымда-ақ берген білім (С. Торайғыров). 1-мысалда ана деген сөз шеше деген мағынаны білдірсе, 2- мысалда басқа мағына туған дегенді білдіреді. Ана деген сөздіңң әр түрлі мағыналары бір-бірінен семантикалық әр тектестік жағынан ғана емес, қолданылуы, басқа сөздермен тіркесіп жұмсалуы жағынан да ажыратылады.

Сонымен, сөз негізгі мағынасынан басқа туынды мағыналарға ин болып, әр түрлі мағыналарда қолдануға икем болады. Әр түрлі мағынасы бар сөз полисемантизмді (көп мағыналы) сөз деп аталады. Ал жалпы көп мағыналылық полисемия деп аталады.

Сөздің көп мағыналылығы- негізінде сөздік қордағы сөздерге тән қасиет. Себебі бұлар- ұзақ жылдар бойы өмір сүріп, тілде жаңа сөз, тың мағыналар жасауға ұйытқы болып келе жатқан байырғы тума сөздер. Соның нәтижесінде сөздік қордағы сөздер сан жағынан да, сапа жағынан да қарыштап дамып тұрақтанып әбден қалыптасқан. Сондықтан да бұлар көп мағыналы болып кездеседі.

Сөздің негізгі мағынасы белгілі бір шындыққа байланысты жалпы тарихи практиканың негізінде жасалады. Сөздің туынды қосымша мағыналары тілдік фактілердің негізінде ойлау қабілетінде сүйеніп қолданудан кейін шығады. Өмірдегі танылған әрбір ұғым жаңа атаумен атауды керек етеді. Ең алғашында бір сөз бір ғана ұғымды я құбылысты білдіргені үшін жұмсалған болса, кейіннен ол әлденеше ұғымды білдіру үшін қолданылады. Бұған, біріншіден, адам баласының өмір заңдылығын терең тануы, білуі, сезінуі арқылы әсер еткен болса, екіншіден, оның мағына жағынан қорланып дамуына, оның алғашқы тура мағынасы негіз болған. Мәселен, адамзат пен жан-жануарлардың көру мүшесін көз деп атайды. Сонымен қатар иненің көзі, есктің көзі, терезенің көзі, күннің көзі, бұлақтың көзі деп те қолданамыз. Түптеп келгенде осылардың көбеюіне семантикалық жағынан байып көбеюіне себеп болған сөздің ең алғашқы атауыш мағынасы екендігі даусыз

Бүгінде академик В.В Виноградовтың сөздік лексикалық мағыналарына жасаған классификация кең түрде қолданылып жүр. В. В Виноградов сөздердің лексикалық мағыналарының 3 түрлі типін көрсетеді. Оның біріншісі- тура немесе номинативті мағына, екіншісі- фразеологиялық байлаулы мағына, үшіншісі- синтаксистік шартты мағына. Сөздің лексикалық мағыналарының осы аталған түрлерін бір-бірінен ажырата білудің сөздерге мағыналық жақтан талдау жасау жұмысында, әсіресе лексикографиялық жұмыста маңызы айрықша зор.

1. Сөздің тура немесе номинативті мағынасы. Тілдегі көптеген зеттар мен құбылыстардың және олардың әр түрлі белгілерінің бейнесімен тікелей байланысты лексикалық мағынасы тура мағына немесе номианивті мағына деп аталады. Сөздер өзінің номиеативті мағынасында аталатын заттар мен құбылыстарға жанама түрде емес, тікелей бағытталады. Тура немесе ноимнативті мағынада қолданылған сөздердің басқа сһөздермен байланыстары мен қатынастары сол сөздер арқылы белгіленетін шындық болмыстағы құбылыстардың арасындағы байланыстар мен қатынастарға сәйкес келеді. Номинативтік мағынасы бар сөздердің басқа сөздермен байланыстары мен қатынастары заттық- логикалық тұрғыдан айқындалып белгіленеді. Сондықтан да сөздердің тура немесе ноимнативті мағынасында басқа сөздермен ғана шектеліп қоймайды. Сөз номинативті мағынасында алуан түрлі сөздермен қарым-қатынасқа түсіп, олармен емін-еркін тіркесе алады. Сөйтіп, оның басқа сөздермен тіркесіп жұмсалу мүмкіндігі мол болады. Мысалы, оқу деген етістік кітап деген сөзбен де, жақсы және тағы басқа сөздермен тіркесіп қолдана береді. Сөздің тура немесе номинативті мағынасында көптеген сөздермен қарым-қатынасқа түсіп, олармен емін-еркінтіркесе алу қабілеті ескеріліп, номинативті мағына кейде еркін мағына деп аталады.

Бір сөзде бірнеше номинативті мағына болуы мүмкін. Алайда соның ішінде біреуі негізгі болады да, қалғандары туынды болады. Академик В.в Виноградов мұндағы мағыналарды номинативті туынды мағыналар деп атайды. Мысалы, қазақ тілінде аяқ деген сөз негізгі нминантивті мағынасында ( Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ Абай) дене мүшесін білдіреді. Ал жұмыстың аяғы, жиналыстың аяғы т.б осы тәріздес тіркестерде «соң» деген мағынаны білдіреді. Бұл соңғы мағынада- аяқ деген сөздің номинантивті туынды мағынасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет