«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы»


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет4/11
Дата09.06.2016
өлшемі0.88 Mb.
#125478
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  • Салыстырмалы фонетика нені зерттейді

  • Орыс және қазақ тілінің қалыптасуынлағы ерекшеліктер.

  • Түркі тілдерінен орыс тіліне енген сөздер.

  • Орыс тіліндегі вокализмдер және консонатизмдер.

  • Қазақ тіліндегі вокализмдер және консонатизмдер.

  • Орыс және қазақ тіліндегі буын.

  • Екі тілдегі фонетикалық процестер.


Әдебиеттер тізімі: 1,2,3,5,7,8,10,12.

3 тақырып: Екі тілдегі сөздердің морфологиялық құрамы.

Дәріс жоспары:
1.Морфема туралы түсінік..

2. Түбір. Жұрнақ. Жалғау.

3. Постфикстер.

Мақсаты: Екі тілдегі морфемалардың көрінісі.Орыс және қазақ тілдердегі түбір,жұрнақ, жалғау. Орыс тіліндегі префикс.

Мазмұны:

Қазақ тілінде де, орыс тілінде де сөздің тұлға-тұрпаты (құрылымы) оныц лексикалық және грамматикалық сипаттары-мен байланысты. Осы себептен сөздер морфологиялык кұрылысы жағынан әрқилы болып келеді. Сол әр түрлілік сөздердің кұрамдарының әр түрлі болуына байланысты да, сөздің құрамының түрлі-түрлі болуы оның бөлшектеріне байла-, нысты. Осындай сөздің лексикалық, грамматикалық мағыналарын білдіретін бөлшектер морфемалар деп аталады. Морфемалар түбір морфема, яғни сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең түпкі негізі, қосымша морфемалар, яғни түбірге қосылып, оған қосымша магыналар үстейтін морфемалар деп бөлінеді.

Қазақ тілінде түбір морфема ездігінен жеке тұрып се-мантикалық жағынан да, қызметі жағынан да дербес сөз бола алады.

Ал орыс тілінде сөз түбірі көбінесе дербес мағына білдіре алмайды іуч-и - ть, об -уч - е - ни - е). Қазақ тілі агглютинативті тілдер тобына жататындыктан. бірнеше косымша бірінен соң бірі жалғана береді. А; орыс тілі флективті тілдер тобына жатады. Флективті тіл де геніміз сөз түлғаларының жалғау арқылы әзгеруі. Осыған бап ланысты екі тілдің грамматикалық қүрылымында төмендегідег айырмаіиылыктар бар:

1, Қазақ тілінде аффикстер бір мағынаны ғана білдір-алады:усигел + дер + дің. Орыс тілінде аффикстер көп магыналы, яғни бір аффикс бірнеше граммати-калық мағына білдіре алады: стол - ов, -ов жалғауы 3 мағынаны білдіреді: көпт. мағына (мн.ч.), І.с (Р.п.), ер тегін (муж.р.). Қазақ тілінде де кейбір қосымшалар көп мағыналы болып келеді: барайық, аталгыз. Мұнда -йың - 1-жак, көпше, -мыз - 1-жақ, көпше. Бірақ бұл қазақ тілінде сирек кездесстін құбылыс.

2. Қазақ тілінде бір грамматикалык мағына бірнеше


вариантты бір аффикспен ғана беріледі. Ал орыс
тілінде бір грамматикалық мағынаны бірнеше
жалғаумен беруге болады:

а) мәселен, стол+ы^ тетрад+и, пол+я, девчат+а.

Бүл сөздерде көптік мағына -ы, -и, -я, -а жалғауларымен берілген.

Қазақ тілінде көптік мағына тек -лар қосымшасы

арқылы ғана ( фонетикалық варианттары -лер, -

тар, -тер, -дар, -дер ) беріледі;

ә) стол+у, кон+ю, парт+е, географи+и. Б.с.

мағынасы -у, -ю, -е, -и жалғауларымен берілген.


  1. Қазақ тілінде жалғаулар дербес мағыналы түбірге жалғанады. Орыс тілінде жалғау көбінесе дербес мағынасы жоқ түбірге жалғанады (окн+о, окн+а, окн+у т.б.).

  2. Қазақ тілінде жалғаулардың түсіп қалуы деген жоқ (устел+дер+дің). Орыс тілінде көп мағыналы жалғаулар жалғанған жағдайда, басқа жалғаулар түсіп қалады (стол+ов, -ов - коит. мағ., І.с; стол+а, стол+ы (-а, -ы түсіп қалған).

  3. Қазақ тілінде түбір морфема өзгермейді. Ассими-ляцияға байланысты түбір морфема өзгерген жағдайда да грамматикалык мағынасы өзгермейді. Орыс тілінде түбір морфема өзгерсе, грамматика-лық мағына да езгереді (избегать избежать; цашу - қутылу).

Бұл қүбылыс орыс тілінде ішкі флексия немесе фузия деп аталады. Ал қазақ тілінде өзгеріске үшырамайтын түбір морфемаға аффикстерді жалғау тіл білімінде агглютинация деи аталады.

Жоғарыда келтірілген жағдайларды төмендегідей түйіндеуге болады: Аффиксация екі тілде де бар. Бірақ бір-бірінен айтарлықтай айырмашылықтары бар. Бүл ең алдымен аффикстердің жалғану тәсіліне және ретіне байланысты. Мәселен, орыс тілінде жүрнақ түбірге кіріге жалғанады және оң жағынан жалғанады. Түбірдің сол жағынан сөз алды қосьшшасы (приставка) қосылады. Осының салдарынан түбірдің дыбыстық құрамы айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды (выпадение, чередование звуков). Мұны былайша көрсетуге болады:

Орыс тілінде бір түбірге бір ғана жұрнақ қосылатыны содан (бір түбірге екі немесе үш жүрнактың қосылуы сирек кездеседі). Жалпы, орыс тілінде қосымшаның көп мағыналы болуы да осы-дан. Ал қазақ тілінде қосымша түбірге орыс тіліндегідей кірікпейді, тіркесе жалғанады және тек оң жағынан ғана3 жалғанады. Тіркесе жалғанғандықтан бір түбірге бірнеше жүрнақ және бірнеше жалғау бірінің үстіне бірі қабаттасып жалғана береді. Бұны былайша көрсетуге болады:

Мысалы: егіншілерімізді, басқармадагыларга.

Сонымен, орыс тілінің грамматикалық қүрылымында айтарлықтай морфологиялық ерекшеліктер бар екендігі байқалды.

Осыган байланысты морфемаларды жеке-жеке қарастырған жөн сияқты.



Тү б ір (Корень)

Қазақ тілінде түбір морфеманың дербес мағынасы болады, негізінен түбір езгеріске ұшырамайды дедік. Кейбір дыбыстардың позициялық өзгерісі де сөз мағынасын өзгертпейді (тарақ - тарагъш).

Ал орыс тілінде түбір морфеманың дербес мағынасы жоқ (улица, улочка, проулок, переулок, закоулок).

Екі тілде де сөздің негізі тек түбір морфемадан тұруы мүмкін және бүл бөлшек негізгі түбір деп аталады, Жалғау мен форма тудырушы жұрнақты алып тастаса, сөздін негізі деп ата латын белшек шығады. Бірақ орыс тіліпде сәздің негізі ме түбір морфема айқын біліне бермейді. Мысалы: орыс тілінде етістіктің 2 түрлі түбірі болады:



  1. Тұйық етістік формасы.

  2. Осы шақтың түбір формасы. Мысалы: бра-ть, бра-л, бра-ші-ш, вы-бря-нн-ый;

Бер-у, бер-еиіь, бер-ет, бер-и, бер-те, бер-ущ -ий, бер-я. Ал кейде негізгі түбір мен түбір морфема бір болады: н^с-ти, нес-у.

Қазақ тілінде де, орыс тілінде де түбір морфема мен сөз тудырушы қосымша морфемадан тұратын сөздің негізі туынды түбілдеп аталады.

Орыс тілінде кейде туынды түбірдің құрылымы күрделі болады (да+ть, да+ва+ть, по+<)а+ва+ть, пре+по+оа+ва+ть, пре+по+да+ва+тель, пре+по+йа+ва+тель+ск+ая).

Жұрнак (Суффиксы)

Салыстырып отырған тілдерде туынды түбірдің қүрамына түбірден басқа сөз тудырушы аффикстер кіреді. Екі тілде де негізгі сөз тудырушы аффикстерге жұрнақтар жатады (сез+гіш, сез+ік; цуб+ок, дуб+нн+а, дуб+о«+ый). Қазақ тілінде де, орыс тілінде де онімді, өнімсіз жүрнақтар бо-лады. Жаңа соз тудырушы жүрнақтар өнімді жүрнақтар деп аталады.

Мысалы:

-ость (грандиозн+ость, многолюдн+ость);



  • ец (бор+ец, продав+ец);

  • шы-ші (колхоз+шы, кой+шы);

  • лас-лес; дас-дес; тас-тес (ел+дес, ат+тас);

Жаңа сөз жасау барысында сирек қолданылатын жұрнақтар өнімсіз жүрнақтар деп аталады:

  • ыръ (пуст+ыръ);

  • нъ (руга+нъ);

  • ім (біл+ім);

  • ын (жау+ын).

Екі тілдегі жұрнақтарды былай топтастыруға болады: Аталған тілдерде жұрнақтар сөз тудырушы және форма тудырушы кызмет атқарады. Мысалы: ауыл+дық, аул - аулъный.

  1. Мағынасына карай жұрнақтардың бір тобы бір ғана мағьшаны білдіріп, тар мағыналы болып келеді, ал енді бір тобы көп мағыналы болады, яғни екі тілде де моносемантикалық және полисемантикалық жұрнақтар бар:

&) су-лы - водян-ист-ый; май-лы - маслян-ист-ый; ә) дос-тъщ, жақсы-лық, орын-дьщ, үш-тік, аудан-дъщ; уче-ник, чай-иик.

  1. Екі тілде де контекске байланысты колданылатын функционалды жұрнақтар бар. Бірақ олар лексема ретінде дербес қолданылмайды. Мысалы: бір қайнат-ым шай, таяқ тастам жер, молот-кас-тый, сер-пас-тый; Екі тілде де синонимдік, омонимдік мағынада колданылатын жұрнақтар бар. Мысалы:

а) уйқы-шыл; тер-шең; шай-қор; ананас-н-ый, ана-нас-ов-ый, грав-ер, гравиров-щик. ә) Малды колхоз бай -Жартасқа бардым.Дом-ин-а, изюм-ин-а, кон-ин-а. Қазақ тіліне антонимдік мағынадағы жұрнақтар тән. Мысалы: белгі-лі - белгі-сіз; орын-ды - орын-сыз.

Жалғау (Флексия)

Қазақ, орыс тілдеріндегі флексияға байланысты айыр-машылықтар төмендегідей:


  1. Орыс тілінде бір жалғау бірнеше мағына білдіре алады (слово - слова - слов - жекеше тұлға (ед.ч.), ортак тек (ср.р.) (о); жекеше түлға (ед.ч), ортақ тек (ср.р.), І.с. (Р.п.) (а); І.с., көпт. түлға (мнч.), І.с. (Р.п.), нөлд. жалғау.

  2. Орыс тілінде бір мағынаны білдіретш жалғаудьщ бірнеше тұрі болады (көнт. жалғау: слов-а, книг-и, сіпол-ы).

  3. Орыс тілінде кейде кейбір жалғаулар сөз тудыру-
    мен қатар форма тудырушы да қызмет атқарады (суп-
    руг - супруг+а, Валентин - Валентин+а).


4. Грамматикалық мағынасы мен қызметіне қарай екі
тілде де жалғаулар бірнеше топқа бөлінеді:

а) көптік жалғаулары. Орыс тілінде септік


жалғаулары септік мағынамен қатар жекеніе,
көпше мағынаны да білдіреді: села, города - сел,
городов;

ә) орыс тілінде жақ мағынасы мен жекеше, көпше мағына етістіктің жіктелетін түлғаларының жалғаулары арқылы беріледі (сиж-у, сид-іш, сид-ишь, сид-ите, сид-ит, сид-ят);

б) тәуелдік жалғау (орыс тілінде жоқ);

в) септік жалғау екі тілде де бар.

Орыс тілінде барлық есім сөз таптарына септік жалғауы жалғанады. Қазақ тілінде де есім сөздер септік жалғауларын қабылдайды. Орыс тілінде әр септік жалғауы бірнеше мағына білдіреді (тек (род), жекеше (ед.ч.), көпше (мн.ч.), септік мағына).

г) жіктік жалғау.

Орыс тілінде есім сез таптары жіктелмейді. Тек етістіктер ғана жіктеледі. Қазақ тілінде етістіктермен қатар кейбір есім сөздер де баян-дауыштың қызметін атқарады.

Сөз алды қосымша(Префикс)

Орыс тілінде сөз тудырушы, форма тудырушы косымша морфемалардың бірі ретінде сөз алды қосымша (пре-фикстер) аталады. Префикс дегеніміз түбірдің алдында түратын сөз тудырушы, форма тудырушы морфема. Мысалы: ло-иск, вы-ход; делать - сделать т.б. Орыс тілінде сөз алды қосымшалар ^пре^икстер) кеиде сөздщ грамматикалық, лексикалық Мағынасын да озгертеді. Мысалы: ня-писал, пере-иясш т.б.

Ал қазақ тілінде сөз алды қосымшасы жоқ, тек кірме ^өздерде -на, -ои, -оеи сөз алды қосымшалары кездеседі және олар тек большсыздық мағынаны білдіреді: бенмаза, бейшара, бейтарап, нахақ, наразы т.б.



Жалғаудан кейінтұратын қосымшалар (Ностфикстер)

Д.Түрсынов, Б.Хасанов, К.Бейсембаева т.б. ғалымдар орыс тілінде сөз тудырушы морфема ретінде тек сөз алды қосымшалар мен жұрнақтарды атаса, С.Исаев, Г.Нуркина қосымша сөз тудырушы морфемалар құрамына аффиксоидтерді, постфикстер мен ишерфикстерді де енгізеді. Постфикс - жалғаудан кейін тұратын, сөз тудырушы және грамматикалық мағынасы бар қосымша морфема (-ся, -те, -нибудъ, -таки, -ка, -либо). Мысалы, постфикстер белгісіздік есімдіктер жасайды (кто-нибудь, кто-то, какой-нибудъ, кто-либо т.б.).

Сонымен қатар постфикстер сөздің формасын да туды-рады (пойдем-те, напиши-те; мыть - мыть-ся, держать -держать-ся т.б.).

Қазақ тілінде ауылдагы, уйдегі дегендерде -да, -де -Жатыс септіктің жалгауы. Ал -ғы, -гі - зат есімнен сын есім жа-сайтын жұрнақ (ңыс+ңы, жаз+гы). Осыкы постфикс деуге бо-латын сияқты.



Аффиксоидтер және интерфикстер

Орыс тілікде сөз тудыру функциясын атқаратын аффик-стер мен түбір морфемадан ерекшеленетін, түбірден кейін де, түбірдің алдында да түратын аффиксоид деп аталатын сөз бөлшектері бар, оғаи -пол, -горе, -стан сияқты элеменггер жата-ды. Мысалы: Казах-стан, горе-учитель, полу-мера, полу-



Интерфикс деп күрделі, біріккен сездерді қосып тұратын дауысты дыбыстар аталады. Интерфикстер о, е, и, ех формаларында біріккен сөздерде кездеседі: семилетка, трех-кратный, водопад, сталевар т.б. Кейбір тілші-ғалымдар (И.Моисеев т.б.) интерфикске -ан, -итан сияқты сирек кездесетін сөз бөлшектерін де жатқызады. Мысалы: американский, неаполияшнский т.б.'

Тағы бір топ ғалымдар сөз тудырушы аффикстерге нөлдік аффикстерді де жатқызады. Нөлдік қосымша деп ешқандай дыбыспен белгіленбейтін бөлшекті атайды2(0). Мыса-лы: нет ламп - кепт. форма, Ілік септік, 0.

Қазақ тілінде де грамматикалық 0 форма кездеседі. Мы-салы: ол студент, кеше келген т.б.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:


  1. Орыс тіліндегі ішкі флексия деген не?

  2. Орыс және қазақ тілдеріндегі түбір морфема.

  3. Орыс және қазақ тіліндегі жұрнақтар.

  4. Қазақ және орыс тілдеріндегі флексияға байланысты айырмашылықтары.

  5. Орыс тілндегі префикс.

  6. Орыс тіліндегі постфикстер.

  7. Аффиксоидтер және интерфикстер.

Әдебиеттер: 1,2,4,6,7,9,10,12.

4 тақырып: Қазақ және орыс тілдеріндегі сөзжасам жүйесі

Дәріс жоспары:

1. Синтетикалық тәсіл.

2. Аналитикалық тәсіл.

3. Лексика-семантикалық тәсіл.



Мақсаты: Қазақ және орыс тілдеріндегі синтетикалық тәсіл арқылы сөздердің жасалуы. Аналитикалық тәсіл сөздердің жасалуы. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы сөздердің жасалуы.

Мазмұны: Сөзжасам тілдегі сөз жасау процесімен байланысты барлык қүбылыстар мен заңдылықтарды зерттейді. Тілдін сөзжасам жүйесінің күрделенуі, баюы, толығуы көбіне сөзжасаушы жүрнақтардың мағыналық күрамының кеңеюі арқылы болады. Сөзжасам дербес тілдік үрдіс ретінде сөз қүрамының толығуына, баюына әсер етіп, жаңа лексикалық бөлшектер тудырады. Жаңа сөз әртүрлі әдіс, тәсілдер аркылы жасалады. «Сөз тудыру дегеніміз - жаңадан сөз жасау заңдары мен ережелерінің жинағы» - дейді А.Ысқақов.' Қазақ тілінде негізінен дәстүрге айналған 3 түрлі тәсіл белгілі:

  1. Синтетикалык (морфологиялық).

  2. Аналитикалық (синтаксистік).

  3. Лексико-семантикалық.

Ал С.Исаев пен Г.Нуркина бүл тәсілдерге қоса аралас. лексико-морфологиялық, морфолого-синтаксистік, лексико-синтаксистік тәсілдерді қоса атайды.

Орыс тілінде негізгі сөз жасау тәсілдері төмендегідей:



  1. Лексико-семантикалық.

  2. Лексико-синтаксистік.

  3. Морфологиялық,

  4. Морфолого-синтаксистік.

Сонымен, екі тілдегі сөз жасау тәсілдерінде айтарлыктай ерекшелік жок, Бірақ сөз жасау қосымшаларында айырмашы-лықтар бар. Осыған байланысты әр тілдің сез жасау тәсілдерін салыстырып қарастырған жөн.

1. Синтетикалық тәсіл

Екі тілде де бүл ең өнімді тәсіл. Синтетикалык тәсілдің ерекшелігі - сөз тудырушы морфемалар косылып, жаңа мағыналы сөз тудырады, сөз тудырушы морфемалардың ең кең тараған түрі - жүрнақ.

Сөз тудырушы жұрнақтар форма тудырушы жұрнақтардан се-мантикалық қасиетімен ғана емес, грамматикалық қасиетімен дс ерекшеленеді.

В.А.Белошапкова орыс тілінде сөзжасамның мына екі негізгі тәсілін атайды:



  1. Жұрнақ аркылы жасалу (Аффиксалькый способ).

  2. Жұрнақсыз жасалу (Безаффиксный способ). Қосымша морфема арқылы сөз жасау тәсілі (Аффик-

сальный способ) іштей төмендегідей бөлінеді:

1. Жұрнак арқылы сөз жасау (Суффиксальный спо-


соб). Бұл тәсіл арқылы барлық сөз таптары жасала-
ды.

2. -О, -е дауыстылары арқылы түбірдің бірігуі мен


жұрнақтьщ қосылуы арқылы сөз жасау (Сложно-
суффиксальный способ): канатоходе^, землепрохо-
дец т. б.

  1. Сөз алды қосымша арқылы сөз жасау (префиксаль-ный способ): яри+город, контр+аіша т. б.

  2. Сөз алды косымша мен жұрнақ арқылы сөз жасау (префиксально-суффиксальный). Бүл тәсілдің өзі іштеи екіге бөлшеді.

а) шылау (предлог) тіркескен зат есімге сөз алды қосымша (приставка) мен жүрнақтың қосылуы арқылы: без денег - бездтежн+ый, под окном -подокон+ник т.б.

ә) кез келген сөз табының түбіріне сөз алды қосымша (приставка) мен жүрнақтың қосылуы арқылы: сокурсник, переносица т.б,



  1. Нөлдік жұрнақ (нулевая суффиксация) тәсілі тек қзна етістік пен сык есімнен зат есімдер жасауда қолданылады: приход, синь, гниль, заика т. б.

  2. Сөз алды қосымша мен нөлдік жұрнақ аркылы (префиксация в сочетании с нулевой суффиксаци-ей): седой - проседь, синий - просинь т.б.

7. -О, -е дауыстылары арқылы түбірдің бірігуі мен
нөлдік жұрнак аркылы (сложение в сочетании с ну-
левой суффиксацией): зубоскал, белозубый, блюдо-
лиз
тб.

2. Қосымшасыз тәсіл (Безаффиксный способ)

В.А.Белошапкова қосымшасыз тәсілдің 4 түрін атайды:

1. Түбірдің бірігуі (чистое сложение). Бүл тәсіл мы-
надай компоненттер арқылы жасалады:

а) екі түбірдің интерфикс арқылы бірігуі: лесо^ степь, морозоустойчив;

ә) интерфикссіз: вагон - ресторан, диван - кровать;


  1. Түбірдің бірігуі (сращение). Сөз тіркестерінің бірігуі арқылы жасалады: быстро растворимый -быстрорастворішый, играющий долго — долгоиг-рающий.

  2. Қыскару (аббревиация). Тек зат ссімдерден жасала-ды. Аббревиатуралар жасалу жолдарына қарай бірнеше түрге бөлінеді:

а) бас әріптерден түратындар: СНГ, ЮНЕСКО;
ә) буындардан түратындар: колхоз, сельхоз;

б) бірінші сөздің бөлшегі мен келесі сөздің


түбірінен түратындар: детсад, подлодка;

в) бірінші сөздің бастапқы дыбысы мен келесі


сәздің бастапқы буынынан түратындар: ИМЛИ —
институт мировой литературы;

г) бірінші сездің бас буыны мен келесі сөздің


ақырғы буынынан түратындар: радио станция -рация, мо/то вслосн/пед -мопед.

Бүл тәсіл орыс тіліне батыс европа тілдерінің ықпалымен қазан төңкерісінен кейін енген.

4. Усечение - аббревиация тәсілінің ықпалымен пай-
да болған тәсіл. Ауызекі тілге тән: заместитель -
залі, ліигнишофон
ліаг.

Жоғарыда аталған тәсілге қазақ тілінде аналитикалық тесіл сәйкескеледі.

Аналитикалық тәсілдің төмендегідей ішкі түрлері бар:


  1. Сөзкосым.

  2. Қосарлану.

  3. Гіркестіру.

4. Қысқарту.

Сөзқосым тәсілі арқылы қазақ тілінде екі не одан да көп түбір сөздер біртұтас дыбыстық құрамға қосылып, бір лексикалық мағына беріп, бір ұғымды білдіріп, бір лексикалық единица жасайды: бас-пасөз, көлбақа.

Қазақ тілінде орыс тіліңдегідей сөз бен сөзді бай-ланыстырушы элементтер жоқ, күрделі сөздердің ком-поненттері бірімен-бірі бірігіп, қосылып кетеді. Күрделі сөздердің компонеіптері фонетикалық өзгерістерге ұшырап, кейде формалары өзгеріп, соған сәйкес лексикалық мағынасы да езгеруі мүмкін: бел+беу (бел - бау).

2. Қайталама қос сөздердің жасалу тәсілі қазак тілінде


жиі кездеседі, орыс тілінде де бұл тәсіл кездеседі, бірақ сирек.
Қайталама кос сөздер антонимдік түсінік білдіреді. Мысалы:
жақсы-жаман, ерте-кеш, алыс-жақын, кәрі-жас т.б.

Қазақ тілінде қосарлама қос сөздер бар. Олар қайталама қос сөздерден магыналарымен, жасалу тәсілімен ерекшеленеді (аяқ-табақ, журіс-турыс - (житъе-бытье, посуда).

Орыс тілінің әсерімен қазақ тілінде де сөз қысқарту тәсілі қалыптасып келеді (АҚШ, ҚазҮУ).

Қазак тілінде аналитикалық тәсілдің тіркесу түрінің әр сөз габының сөзжасам жүйесінен алатын орны әр түрлі. Бұл тәсіл сан есіхМ сөзжасамында негізгі тәсіл болып саналады.



3. Лексика - семантикалық тәсіл

Лексика-семантикалық тәсіл дегеніміз белгілі бір сездердің жаңа мағынаға ие болуы, омонимдік қатарда келуі. Сондай-ақ, прономинализация құбылысы арқылы, яғни сөздердің бір сөз табынан баска сөз табына ауысуы арқылы жаңа сөздің пайда болуы, кейбір сөздердің өз мәнін жоғалтып, не болмаса мағынасы әлсіреп баска сөз табына ауысуы жиі кездеседі

Бұған кірме создер де жатады: рентген, меценат. Бүл тәсілдің барьш алғаш рет В.Виноградов атап көрсеткен, бірак орыс тілінде бүл тәсіл басқа тәсілдерге қарағанда сирек қолданылады.

Лексика-семантикалық тәсілді кейбір ғальшдар (Б.Оразбаева, Ф.Ғаниев т.б.) өте көне тәсіл деп санайды.

Ал енді бір ғалымдар (Ғ.Сәдуақасов т. б.) бүл жолды сөзжасамға тән тәсіл деп есептемейді. Олардың пікірінше, сөзжасамда жаңа сөздер аффиксаңия жолымен ғана жасалады.

М.Балакаев, Қ.Есенов т.б. ғалымдар лексика-семантикалық тәсіл, көбінесе, омонимдік қатарда кездесетін сөздер арқылы жасалады дейді1.

С.Исаев пен Г.Нуркинаның пікірінше, бүл тәсіл қазак тілінде кеңінен колданылады: стол - устел, кроватъ - кереует, ац ~ белый, ак - молочный продукт т. б.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:


  • Орыс тіліндегі ішкі флексия деген не?

  • Орыс және қазақ тілдеріндегі түбір морфема.

  • Орыс және қазақ тіліндегі жұрнақтар.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі флексияға байланысты айырмашылықтары.

  • Орыс тілндегі префикс.

  • Орыс тіліндегі постфикстер.

  • Аффиксоидтер және интерфикстер.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі синтетикалық тәсіл.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі аналитикалық тәсіл.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі лексика-семантикалық тәсіл.


Әдебиеттер: 1,2,4,6,7,9,10,12.
5 тақырып: Морфология.

Дәріс жоспары:
1. Грамматикалық мағына және грамматикалық форма.

2. Грамматикалық категория.

3. Сөздердің таптастыру принциптері.

Мақсаты: Грамматикалық мағына және грамматикалық форма.

Екі тілдердегі грамматикалық категориялар. Сөздердің таптастыру принциптері



Мазмұны: Морфология - гректің тогрһе (форма) деген сөзінен алынған термин. Ол тілдегі сөздердің құрылымын, сөз компоненттерін, олардың қызметін, создердің өзгеру ерекшеліктері мен өзгеру жолдарын, сөз формаларьгаын жасалу және берілу тәсілдерін, сөз мағынасы мен формасының арақатынасын,сөздің грамматикалық мағыналарын зерттейді. Морфологияның негізгі объектісі - морфтар немесе морфемалар.

О.С.Ахманова морфологияны тілдің сөз түрлендіру (өзгерту) тәсілдерін зерттейтін (морфология словоизменения), сөзжасам жолдарын зерттейтін (морфология словообразования), сондай-ақ, сөздердің тіркесу амалдарын зерттейтін (морфология словосочетания) деп үш түрге бөледі.

Морфология сөз түбірі, сөз негізі, туынды түбір, аффикс және оның түрлері, олардың мағыналары мен қызметі, негізгі корсеткіштері (формалары) деген сиякты толып жатқан грамматикалық категорияларды карастырады.

Тілдегі сөздерді грамматикалық мағыналарына, форма-ларына және қызметтеріне қарай бөліп топтастыру да, әр сөз табына тән категорияларды анықтау да - морфологияның міндеті.

Әрбір сөздің өзіне тән нақтылы лексикалық мағынасы мен жалпы грамматикалык мағынасы болады.

Сөздің лексикалық мағынасын айқындай түсетін немесе сөйлемдегі басқа создермен карым-қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынасы грамматикалық мағына деп аталады. Екі тілде де сөздің грамматикалық мағынасы соз формалары аркылы анықталады. Сөздің грамматикалық мағынасы түрлі амал-тәсілдер арқылы беріледі. Екі тілде де ең кең тараған тәсіл ~ аффиксация тәсілі. Мысалы: дәптер+дің, дәптер+ге, дәптер+ді, дәптер+де, дәптер+мен, дәптер+ім, дәптер+ің,



дәптер+і, дәптер+лер т.б.; тетрадь, тетради, тетрадям, тетрадный т.б.

Орыс тілінде грамматикалык мағына білдіруші тағы бір форма - сөз екпіні. Мысалы: дом - дома; узнаю -узнаю; глаза -глаза т.б. Мұнда да грамматикалык мағына скпіннің орнынын өзгеруі арқылы айқындалып түр.

Орыс тіліне тән тағы бір мағына білдіруші форма -дыбыстардың алмасуы (ішкі флексия). Мысалы: собиратъ - со-братъ; выбирать - выбратъ. Бұл жерде и форманты аяқталған (совершенный) - аяқталмаған сипаттың (несовершенный) көрсеткіші.

Қазақ тілінде тарихи дыбыс алмасу нәтижесінде жасалған сөздер көптеп кездеседі: (от) жақ - (от) жанды; жоқ (қылды) - (козін) жой; қур - қор (қурылыс, қорша); дал дел далаңдау — делбеңдеу). Сондай-ақ, соқ — сой, тоқ — той деген сияқтыларды көптеп келтіруге болады.

Екі тілде де супплетивизм құбылысын мағына білдіруші тәсіл ретінде атауға болады. Мысалы: братъ - взять; говорить - сказать; айту - деу - сөйлеу. Бүл сөздер синонимдер, бірак грамматикалық тұрғыдан қарасақ, әр тұрлі түбірден жасалғаннан, осыған байланысты олардың грамматикалық ерекшелігі әртүрлі.

Грамматикалык мағына туғызудың тағы бір формасы -редупликация амалы (сөздердің косарланып, қайталанып келуі). Мысалы: айтып-айтып тастады, жыла-жылама, енді болма-ды; красный-красный, черный-черный т.б. Грамматикалык мағыналар сөздерді қайталап қолдану тәсілі арқылы білінеді. Қап-қара, сап-сары, уп-улкен дегендерді де осы топқа қосуггі болады. Мүны интенсив дейді (күшейткіш буын).

Грамматикалық мағына туғызушы формалардың үлкен бір тобы — аналитикалық тәсілдер. Бұл топқа сөздердің орын тәртібі, сөйлем ішіндегі интонация, көмекші сөздер тәсілдері жатады. Мысалы: қызық кітап - интересная книга - атрибтивтік қатынас, ал кітап қызық - книга интересная - пред-кативтік қатынас. Мысалы: Меи келдім. - Мен сен ушін кечділі. Читаю буду читать т.б.

Қазак тіліндегі күрделі етістіктерді осы топқа жатқызуға болатын сияқты: бала отыр ~ бала оқып отыр; кун шықты - ] кун шыгып келгді. Сондай-ақ, шылаулы тіркестер, көмекші есімді тіркестер: Болат үйге кетті. - Болат үйге қарай кетті. Бөлме ысыды. - Бөлме іші ысыды т.т.

Мұндай қолданыстар орыс тілінде де кездеседі: Когда он уехал, было темно. Вследствие аварии он тяжело заболел.

Орыс тілінде сойлем ішіндегі интонацияға да тән мағына ерекшелігі бар. Мысалы: Придешъ домой, переоденешъся. - Придешь домой - переоденешься.

Сонымен, екі тілде де грамматикалық мағына білдірудің негізгі екі тәсілі бар екен: синтетикалық және аналитикалық.

Д. Э. Розенталь мен М. А. Теленкова үшінші тәсілді де атайды және оны аралас немесе гибрид тәсілі деп атайды. Бұл тәсіл бойынша грамматикалық мағынаны білдіру аталған екі тәсіл амалдарының қатарласа, тіркесе қолданылуы арқылы беріледі. Мысалы: оңыдык - біз оқыдық (жіктеу есімдігі мен жіктік жалғау (к) флексиясы қатарласа, тіркесе қолданылып тұр; в книге - в предлогы мен Б.с. флексиясы қатарласа тіркесіп тұр.

Грамматикалық форма дегеніміз - грамматикалық мағына туғызушы тілдік қүрал. Мысалы: сары - сарылау, саргыш, сап-сары; дом -домик - домище - домишко.

Жалпы, грамматикалық форма - грамматикалық мағына мен грамматикалық тәсілдің бірлігі, грамматикалық мағына мен гпямматикалық тәсіл ара қатынасының көрсеткіші. Ал грамматикалық тәсіл - грамматикалық мағынанын формасы.



Грамматикалық категория біртектес грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалык формалардың жиын-тығынан құралады, яғни тілдегі сөздің грамматикалық мағынасы мен оның формальды көрсеткішінің бірлігін грамматикалық категория дейміз. Мысалы, екі тілде де септік категориясы, көптік категориясы т.б. категориялар бар.

Б.Головин ірі грамматикалық бірліктер, топтар, кластар ерекшеліктерін ескере отырып, тілдегі грамматикалық категорияларды негізгі төрт типке бөледі:



  1. Сөздердің ірі-ірі кластарын жалпы белгілеріне қарай топтастырып, олардың әрқайсысын жеке-жеке топқа біріктіреді (зат есім, етістік т.б.). Бұлар сөздердің грамматикалық категориялары дсп аталады.

  2. Сөздердің осы ірі-ірі топтарының әрқайсысына тән формалардын, яғни сөз түрлендіру амалдарынын ортак белгілері ескеріледі. Мысалы, сөздердің септелу формалары, тек (род), шақ, жақ т.б. белгілі бір сөздер класына тән көрсеткіштер. Соның ішінде жекелік, көптік, тәуелдік, септік т.б. формалар, негізінен, есімдерге тән болса, ал шақ, жақ, рай, етіс т. б. түлғалар етістіктерге тән сөз формалары болып табылады. Бүлар сөз формаларының грамматикалық категориялары деп аталады (септік категориясы, жіктік категориясы, рай категориясы деген сияқты).

  3. Сөз позицияларының грамматикалық категориялары дегенде, жалпы сейлеу процесінде толық мәнді сөздердің белгілі бір орында (позицияда) түру қалпы ескеріледі. Мысалы, бастауыш - сөйлемнің басында, баяндауыш -аяғында, пысықтауыш баяндауыштың алдында қолданылатыны сияқты, демек сөз тіркестері мен сөйлем мүшелерінің тұрақты орындары ескеріледі.

  4. Сөз конструкциялары грамматикалық категориялары дегенде, адам ез ойын жай сөйлем немесе құрмалас сөйлем, я болмаса хабарлы не лепті сөйлем тәрізді белгілі бір конструкциялар арқылы жеткізе алатыны, яғни сөйлемнің құрылымдық ерекшелігі ескеріледі.

Тілде грамматикалық категориялар арасында бірізділік, біркелкілік бола бермейді. Мысалы, қазақ тілінде тек (род) категориясы жок болса, орыс тілінде тәуелдік жалғау категориясы жоқ.

Сонымен, грамматикалық категория дегеніміз белгілі бір формалар арқылы берілетін грамматикалық магыналар жиынтығы, ірі лингвистикалық бірлік. Ондай бірліктердің аса ірілерінің бірі - морфологиялық категориялар, енді бірі - | синтаксистік категоркялар.



Морфологиялық категориялар дегеніміз - сөздер тобыньш біркелкі формаларға біріктіріліп, белгілі бір грамматикалык мағына білдіретін ірі-ірі тармақтары, Морфологиялык категориялардың өзі өз ішінде тольш жаткан категорияларға бөлінеді: зат есімдер категориясы, етістіктер категориясы т.б.

Синтаксистік категориялар дегеніміз - сөйлеу процесінде қолданылатын белгілі бір форманың екінші бір формаларға бағыныштылығын, тәуелділігін, қатынасын білдіретін лингвистикалық бірлік.

Ірі грамматикалық категориялар өз ішінде бірнеше үсақ грамматикалык категорияларға бөлінеді: мысалы, етістік. Бүл үлкен грамматикалық категория. Ал осы категория шақ категориясы, рай категориясы, етіс категориясы деген сияқты категорияларды қамтиды. Зат есім де сол сияқты.

С ӨЗДЕРДІ ТАПТАСТЫРУ ПРИІЩИИТЕРІ (ПРИНЦИПЫ КЛАССИФИКАЦИИ ЧАСТЕЙ РЕЧИ)

Тілдегі сөздерді грамматикалық топтарға бөлу, оларға тиісті грамматикалық сипаттамалар беру, жеке-жеке талдау -грамматиканың негізгі мәселесі. Тілдегі сөздерді топтастырғанда, олардың лексика-семантикалық мағыналары да морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері де бірдей ескеріледі.

Жалпы лексика-грамматикалык сипаггары мен белгілері бәріне бірдей ортақ болып келетін сөздер тобын сөз табы деп атаймыз.

С. Исаев, Г. Нуркина екі тілдегі сөздерді семантикалық және морфологиялық белгілеріне қарай төмендегідей



Қазақ тілі

Орыс тілі

1. Негізгі сөздер

Самостоятельные слова

і) Зат есім

I)Существительное

2) Сын есім

2)Прилагат Имприлагательное

3) Сан есім

3) числительное

4) Есімдік

4) Местоимение

5) Етістік

5) Глагол

6) үстеу

6) Наречие



















А. Жалғаулық 8) Союзы

Б. Септеулік 9) Предлоги

В. Демеулік 10) Частицы


  1. Еліктеуіш сездер Орыс тілінде жеке аталмайды.

  2. Одағай 11)Междометие

  3. Модаль сөздер Жеке сөз табы ретінде аталмайды.

1. Негізгі сөздер - өздеріне тән лексикалық та, грамматикалық та мағыналары бар және ретіне қарай өзге сөздермен әр алуан қарым - қатынасқа түсе алатын дербес сөздер. Олар сөйлемде грамматиканың заңы бойынша түрленін те, түрленбей де жүмсалып, өз алдына сөйлем мүшесі бола алады. Негізгі сөздерге қазақ тілінде зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу жатады, ал орыс тілінде имя существительное, имя ирилагательное, имя числительное, местоимение, глагол, наречие, категория состояния жатады.

Л.В.Щерба, В.В.Виноградов категория состояния деген езі жеке соз табы, оған надо, нельзя, можно, жаль т.б. сөздер жатады дейді. Сөйлемде баяндауыш қызметін атқаратын кейбір үстеулер де категория состояния деп аталатын сөз табына жататындығын айтады, (Гостям стало весело. Мне скучно.) Баяндауыштың қызметін аткаратын грех, срам, пора, время, рад, лень, горазд деген сөздер де осы топқа жатады. (Грех - не беда, молва нехороша (грех - зат есім). Над старостью смеятъся -грех (грех - категория состояния).

Сонымен, категория состояния дегеніміз - етістік болмаса да, еөйлемде баяндауыштың қызметін атқаратьш сөздер тобы. Сөздердің мүндай тобы қазақ тілінде де бар. Мысалы: Корілікке кулу - үят. Сөйле-сөйле тіл мен жақ.. Бірак создердің бүл тобы қазақ тіл ғылымында элі зерттелмей келеді.

2. Кемекші сөздер - өздеріне тән лексикалық мағыналары солғындаған. лексикалык мағыналарынан гөрі грамматикалық мағьшалары басым болу себебінен кәбінесе әр алуан грамматикалық қатынастарды білдіріп, әр қилы грамматикалық кызмет атқаратын жәрдемші сөздер. Олар сөйлемде өз алдына дербес мүше бола алмайды, тек атаушы сөл арқылы жасалған мүшенің құрамына енеді.

Қазақ тілінде көмекші сөздерге шылау (жалғаулық, сеитеулік, демеулік), одағай, еліктеу сөздер, модаль сөздер, орыс тілінде жалғаулықтар (союзы), септеуліктер (предлоги), демеуліктер (частицы), одағай (междометие) жатады.

Орыс тілінде еліктеу сөздер одағай сөздермен бірге қарастырылады. Ал модаль сөздер орыс тілінде ешкандай сөз табына жатпайды.

В.В.Виноградов модаль сөздерді мағынасы мен қызметіне карай терт топқа боледі, бірақ оларды жеке сөз табы ретінде карастырмайды:

А. Біреудің ойына, пікіріне сілтеу жасайтын сөздер: буквалъно -нақты, так сказать - демек т.б.

Ә. Эмоционалдық бағаны білдіретін сөздер: спасибо - рақмет; полно - болды; жетеді, жарар - пожалуй т.б. Б. Айтылған хабардың анықтығын білдіретін сөздер: несомненно - әрине, безусловно — сөз жоқ, очевидно, подлинно -сөзсіз, видимо - шыгар, мумкін, в самом деле - шындыгында т. б.

В. Сөйлемдегі ойды байланыстырудың бірізділігін білдіретін сөздер: кроме того сонымен қагпар; в частности — атап айтсақ; в конце концов - сайып келгенде; во-первых -біріншіден; во-вторых - екіншіден; кстати - айтпакшы т. б.

Бірақ бұл сөздерді сөйлемде кездесетін қыстырма сөздермен шатастыруға болмайды: Он пришел кстати. - Кстати, я получил вчера письмо.

Қазақ тілінде көмекші етістіктер, көмекші есімдер бар. Бұлар бірде негізгі сәз ретінде қолданылса, енді бірде көмекші сөз қызметін атқарады. Мысалы: Ол оны қасына алды. Мен үйдің қасына келемін. Сен жазып журсің. Меи уііде журмін.



  1. Одағай сөздер (Междометия) деп ешкандай ақиқат ұғымдарды білдірмейтін, тек адамнын әр алуан көңіл күйі мен әр қилы сезім райларын білдіру үшін қолданылатын сөздерді айтамыз. Олар өзге сөздермен ешқандай грамматикалық қарым -Қатынасқа түспейді, сөйлем мүшесі бола алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет