Қос сөздер
Басқа түркі тілдері тәрізді, қазақ тілінде күрделі сөздерді компоненттерінің бірі – бірімен байланысуы тәсілі тұрғысынан екіге бөледі. Құрамындағы сыңарлары сабақтаса байланысып құрылғандарын біріккен сөздерге, ол ал салаласа байланысып құрылғандарын қос сөздерге жатқызады. Күрделі сөздерді осылай жүйелеу дәстүрге айналып кеткенімен, тіл мамандарының бұл туралындағы пікірлері бір жерден шығады деуге келмейді.
Мәселен, қайталама қос сөз туралында Н.К. Дмитреев «Башқұрт тілінің грамматикасы» деген еңбегінде грамматикалық жолмен жасалған форма болады дейді, ол А.Н. Кононов «Өзбек тілінің грамматикасы» деген еңбегінде: Екі сөзді қосарлау негізінде пайда болған лексикалық комплекс жинақтау, жалпылама, қайталау, экспресивтік мағына білдіреді дегенді айтады.
Ал қазақ тіл мамандарының пікірлеріне келсек, мәселен, І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев «Қазіргі қазақ тілі» атты еңбектерінде : «қалыптасқан тиянақты фразеологиялық топқа жататын сөздердің бір саласы – қос сөздер болады» (А .1962) десе, ал профессор А. Ысқақов «сөздерді қайталап қолданудан лексикалық түсінігі өзгермейді, демек жаңа сөз тумайды тек грамматикаланады (1974. ҚҚТ. 112бет)» дейді. Профессор Қ. Аханов «Грамматика теориясының негіздері» деген еңбегінде қос сөздердің үстеме буынды түрлерінен басқаларын күрделі сөз деп қарайды(1972. 80 бет) .
Қос сөздердің күрделі сөздер қатарына жатуы осылайша әр түрлі пікір тудырғанымен, оларға ортақ кейбір жақтары барлығында ескеру керек. Біріншіден, құрылымдағы сөздердің сыртқы пішіні, дыбысталуы мен іші мәні мен мағынасы негізінде қалыптасқан құрымның болуы, екіншіден, белгілі сөз табына жатуы, үшіншіден, сөйлемге мүше болғанда бірінен – бірі ажырамай бір ғана мүшенің, сондай – ақ сөз тіркесінің бір ғана сыңарының қызметін атқаруы жатады.
Күрделі сөздер құрамы екі сөзбен шектелмей, одан артық сөзден де бола беретіні белгілі. Ал қос сөздер құрамы екіден аса қоймайды. Күрделі сөздер компоненттері арасына басқа сөзді сыналап қою мүмкін болмаса, көпшілік қос сөздер сыңарлары арасына үшінші бір сөзді қоюға болады. М: төсек – орын (төсек те орын), жақсы – жаман (жақсы да жаман), сырт – сұрт (сырт та сұрт).
Көпшілік күрделі сөздерден сөз тудырушы жұрнақтар арқылы басқа бір сөз тудыруға болады.М: биыл – биылғы, қоян-қояншы, аққу – аққудай. Қос сөз бойында ондай қасиет байқалмайды.
Күрделі сөздердің арғы тегі, негізінен, сөз тіркесінен болса, көпшілік күрделі сөздерге негіз болған сөз тіркесін тауып, оны түсіндіруге болады, ал қос сөздерді онай етуге келмейді, өйткені ол сөз тіркесінен ажырамаған.
Оған тарс – тұрс, ет – мет, шай – пай, киім – кешек, қора – қопсы, тері – терсек т.б. жатады.
Морфологиялық сипаты, яғни морфемалық құрамы жағынан қос сөз сыңарлары аса күрделі болады. Мәселен қайталама қос сөздердің компоненттері жалаң түбірінің жай қайталануынан да (биік - биік) қосымшалы сөздің қайталануынан да (өзді - өзімен) бола береді. Қосарлама қос сөздердің компоненттеріне келсек, олар да біріншіден сөздердің қосымшасыз қосарлануынан (құрт – құмырсқа, бау - бақша) екіншіден, қосымшалы – қосымшасыз сөздердің қосарлануынан (төсек-орын, тері -терсек, көрген - білген), үшіншіден күрделі сөз бен жалаң сөздердің қосарлануынан (бүгін –ертең, ағайын – туған, күндіз – түні) жасалады.
Күрделі сөз компоненттері морфологиялық құрамы жағынан жинақы, бір ізділікпен келсе, қос сөздікі бытыраңқы ала –құса боп келеді. Фонетикалық жақтан қос сөздердің компоненттері жақтан буын, дыбыс жақтарынан үлесіп, ыңғайласып, ұйқасып отырады. М: емін – еркін, алып – салып тәрізді сөздердің компонементтері екі меңзеу у- шу тәрізділер бір буыннан тұрады. Абысын – ажын дегендерде екі компоненттері де біріңғай дауысты «а» фонемасынан басталса жүн – жұртқа дегенде бірыңғай «ж» фонемасынан басталып тұр. Қос сөздер ішінде бұл сияқты ассонанс, аллитерация құбылыстары жиі ұшырайды. Ал күрделі сөзде кездеспейді.
Қос сөз құрылымындағы сөздердің сөз табына қатынасына келсек, оның құрамында сөз таптары түгелдей кездеседі. М.: зат есім құрамына кіретін зат есімдерге қап – қап; мая – мая; ұры – қары; жүн – жұрқа; қауіп – қатер; қүрал – сайман сый-сыйпат; бет – ажар.
Сын есім құрамына енетіндерге ұсақ – түйек, ескі – құсқы, үп – үлкен, жап – жақсы, биік – биік.
Сан есімге жататандарға бір – екі, бес – алты, қырық – елу.
Етістік құрамдыларға: шайып – жуу, өлшеп – пілу, бағып – қағу, күйіп – жану тәрізді сөздер жатады.
Еліктеуіш сөздерге: тарс – тұрс, күрс – күрс, шақ – шек, сылқ – сылқ, жалт – жұлт, тық – тік, қалт – құлт, одағай сөздерге моһ-моһ, шөре – шөре.
Қос сөздер мен сөз табының ара қатынасына келсек, оның құрамындағы сыңарлары қай сөз табына жататын сөз болса, олардың қосарлануымен пайда болған қос сөздер сол сөз табына жатады. Тек үстеуде кейде аралас келуі мүмкін. Себебі үстеудің қалыптасу ерекшелігіне байланысты болады.
Күрделі сөз компоненттері дербес лексикалық мағынасын бар сөздерде көмекші сөздерден де бола береді. Тіпті дербес мағынасы бар түріндегі атауын сөздердің өзі де мағына жағынан еркін емес. Әдетте олар мәндес қайшы мәндес ұштас, сыбайлас болады. М: мәндес қос сөздерге аңырап – боздап, ашық – жарқын, алым – салық, бағып – қағып, бау – бақша, дәрі – дәрмек, зере – құрт, іле – шала.
Қайшы мәндес қос сөздер: асты –үсті, әне – міне, әрі – бері, келіп – кетіп, бұрын – соңды.
Ұштас қос сөздер: аты – жөні, апалы – сіңлі, ауыл – үй, ата –баба, үй – жай, іні – бауыры.
Қос сөздерді сөз тудырушы аналитикалық тәсіліне жатқызғанның өзінде де оны біріккен, құрама сөздер тәрізді өнімді тәсіл деуге келмейді.
Қос сөздер, тілде лексикалық мүддені өтеуге жұмсалады. Соның өзінде де барлығы емес, негізінен қосарлама деп аталатын түрі. Бірақ олардың өзі де күрделі сөздер сияқты заттық, сапалық, сандық, іс – әрекет, қимылдық тәрізді ұғымдарды білдіріп, солардың атауы емес, әр алуан жалпылама топшыланған, экспресивтік ұғымның атауы ретінде қызмет атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |