Әдебиеттер:
1.Қазақ тілінің грамматикасы. -Алматы: Білім. 1967. 1том.
2.АхановК.Тіл білімінің негіздері. -Алматы. 1978.
3.ШәкеновЖ.Қазақ тіліндегі күрделі тұлғалар. -Алматы. 1991.
4.Жәркешова Г.Біріккен және кіріккен сөздер . -Алматы. 1959.
5.ҚайдаровА.Парные слова современном уйгурском языке. -Алматы. 1958.
№10 дәріс
Күрделі сөздер.
1.Тіркескен күрделі сөздер.
2.Құрама күрделі сөздердің ұқсас құбылыстардан айырмасы.
3.Тірек сыңар, ауыспалы сыңар.
4.Қысқарған сөздер.
Тіркескен күрделі сөз деп екі не одан да көп мағыналы сыңарлардан жасалып, біртұтас лексикалық мағына беретін сөздер аталады. Олар - сөйлемге дайын лексема қызметінде алынып, бір сұрақка жауап беріп, сөйлемнің бір мүшесі кызметін атқаратын, арасы бөлінбей бір ырғақпен айтылдатын сөздер. Тіркескен күрделі сөздердің де сыңарлары және олардың орны тұрақты. Тіркескен күрделі сөздер құрамы, мағынасы, атқаратын қызметі жағынан біріккен және қос сөздермен бірдей, сөзді тануға қойылатын белгілерге толық жауап береді, айырма емлемен байланысты. Біріккен сөздің сыңарлары бірге жазылады, қос сөздің сыңарлары дефис арқылы жазылады. Тіркескен күрделі сөздердің сыңарлары бөлек жазылады.
Тірек сыңар деп түрлі сөздерден күрделі сөз жасаушы кызмет атқаратын сөз танылады. Мысалы, көріп бер, алып бер, әкеп бер, жинап бер деген кұрделі етістіктерде бер деген сыңар түрлі етістікке тіркесіп, одан күрделі сөз жасап тұ Қара торғай, боз торғай дегенде торғай сөзі тірек сыңар болып, бірнеше сөздерден күрделі сөз жасап тұр. Тірек сыңардың қызметі түрлі сөзден туынды түбір жасайтын жұрнақгың қызметіне ұқсас. Әр тірек сыңар кандай сөздерден күрделі сөз жасаса да, бәрінде ол бір мағына береді. Осы ерекшелік түрлі туынды түбір жасаушы жүрнақта да бар екені белгілі. Мысалы, мал қора, сиыр қора, кой қора деген түрлі затгың атын жасаған күрделі сөздердің бәрінде соңғы сыңардың мағынасы бірдей. Ал жұмысшы, етікші, малшы, оқытушы, егінші деген туынды түбірлердің бәрінде —шы /-ші жүрнағының мағынасы бірдей. Тірек сыңар да, жұрнақ та түрлі сөздерден туынды сөз жасап тұр. Тірек сыңардың күрделі сөздердегі орны тұрақты, әдетте ол күрделі сөздің екінші сыңары болады. Мысалы, тоқпан жілік, асықты жілік, ортан жілік, қара көк, күлгін көк, ашық көк, алып кайт, келіп кайт, көріп кайт, екі мың, үш мың, бес жүз, сегіз жүз, тоғыз жүз т.б.
Дегенмен бүл кағидаға кайшы жағдай да кездеседі. Сан есімнін бірінші жасалу жолында тірек сыңар бірінші орында тұрады. Мысалы, он бір, он екі, он үш, отыз төрт, отыз бес, қырық алты, қырық жеті т.б. күрделі сандарда тірек сыңар бірінші сыңарда тұрады. Күрделі сөздің ауыспалы сыңары - олардан тірек сынар арқылы күрделі сөз жасайтын түрлі сөздер.
Ауыспалы сыңарларға тірек сыңар тіркесу арқьшы күрделі сөз жасалады. Мысалы, екі+жүз, үш+жүз, төрт+жүз, бес+жүз т.б. Тілде күрделі сөздің ауыспалы сыңары кызметіндегі сөздерде саны тірек сыңарлар санынан әлдеқайда көп. Өйткені бір тірек сыңар арқылы түрлі сөздерден бірнеше күрделі сөз жасалады, сондықтан тілдегі ауыспалы сыңар қызметіндегі сөздер мен тірек сынар қызметіндегі сөздердің саны тең бола алмайды.
Сөзді қысқартып, ықшамдап айту, жеңілдетіп қолдану тілде көне замандардан бар. Бұл тілде кең орын алатын ықшамдау заңдылығымен байланысты. Ол заңдылық дүние жүзіндегі барлық тілдерде бар, оның түрлері, қатысты салалары да мол. Соның бірі - қысқарған сөздер. Кеңес дәуіріне дейін сөздерді әдейі қысқарту адам аттарымен байланысты тілден орын алған. Қазақ тілінде адам атын қысқартып қолданудың түрлі жолы бар: 1) үлкен адамды сыйлау, құрметтеу мақсатында кісі атын қысқарту: Жұмабай-Жұмеке, Бейсен-Бәке, Өмірзақ-Өмеке, Асқар-Асеке т.б. 2) бала атын еркелету ретінде қысқарту. Мысалы, Айнагүл-Айнаш, Қалихан-Қанаш, Қожабек-Қожаш, Сағынғали-Сағынжан, Өмірғали-Өміртай т.б.
1. Кеңес үкіметі кезінде бірнеше сөзден тұратын мекемелер, ұйымдар аты көбейді. Оларды бір мәтінде, сөйлеу кезінде қайталау қажет болғанда, сөз көп орын алады, уакыт кетеді. Сондықтан оны қысқарту кажеттігі туды. Осьмен байланысты оларды қысартып қолдану пайда болды. 2. Бұнымен бірге тар көлемде де кысқартулар қолданылды. Бұл ғылыми еңбектерден көп орын алды. Ғылыми диссертацияларда, монографияларда зерттеу мәселесіне катысты күрделі атаулардың еңбекте жиі қайталануы бар, ол — заңды құбылыс. Ондай күрделі атау еңбекте жиі қолданылатын болғандықтан, автор көп орын кетірмеу үшін, оны қысқартып қолданады. Мысалы, ТЖ - топтық жұмыс, ЖЖ - жұптық жұмыс, 3. Кісі атын, әкесінің атының басқы әрпін алып фамилиясын толық жазу. Мысалы, Р.Ғ.Сыздыкова, А.Ысқақов, А.С.Аманжолов.
Ондай сөздерді қысқартуда орыс тілінің заңдылығын пайдалану қалыптасты. Олар төмендегідей:
1. Күрделі атаудың әр сөзінің бірінші әрпі алынды. Мысалы, ҚҚС - қосымша кұн салығы, ОСҚ - Орталық сайлау комиссиясы, ҰҚК - Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ;
2.Күрделі атаудың бірінші сөзінің бас буыны, қалған сөздердің басқы әрпі. ҚазМҰУ - Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университеті, АлМУ - Алматы Мемлекетгік университеті.
3. Күрделі атаудың басқы буындары алынады. Мысалы, Кармет - Карағанды металлургиясы, Сеймар - (концерн) Сейсенбаев Марғұлан, Санбат - санитарлық батальон.
4. Күрделі атаудың 1-сөзінің басқы буыны, келесі сөзі толық. Мысалы, партбилет, қазпочта –қазақ почтасы.
Әдебиеттер:
Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.
Оралбай Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. -Алматы, 1988.
Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999.
Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.
Қасымова Б. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі етістіктер.КДА. -Алматы.1992.
АлдашевН.Қазіргі қазақ тіліндегі қысқарған сөздер. КДА.-Алматы.1996.
№ 11 дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |