ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі айқындалып, мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы мен негізгі қағидалары, зерттеу пәні, тақырыптың зерттелу деңгейі мен әдеби деректерге сипаттама жасалды.
Диссертацияның «Кеңес өкіметі және тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы» деп аталатын бірінші тараудың Қенес өкіметінің ауыл шаруашылығы және оның тоқыраудан шығару жолындағы саяси әлеуметтік және экономикалық шараларының нәтижесіздіктеріне, ахуалдарына, осы кезеңдегі аграрлық қатынастардың даму кезеңі мен оның жаңа әлеуметтік-экономикалық мазмұнына талдау жасалады.
Қазақстанда ауыл шаруашылығы дағдарысы республиканың егемен ел ретінде дамуы барысында (1991 ж.) басталған жоқ. Оның түп тамыры Кеңес Одағы агроөнеркәсіптік кешені (АӨК) кезіндегі 80-ші жылдарда жатыр. Нақ сол кезде советтану саласындағы көптеген батыстық сарапшылар АӨК-тің құрылымдық дағдарысы ретінде қарастырып, бұл ауылшаруашылық өндірісін толық қожыратып, Кеңестер елінің азық-түлік импортына, негізінен сырттан астық сатып алуға, тәуелділігін күшейтуге әкелетінін болжаған еді.
Кеңес Одағы кезінде КОКП аграрлық саясатының кателіктері мен кемшіліктеріне қарамастан, Қазақстанның ауыл шаруашылығы сол жүйеде дамудың айтарлықтай жоғары деңгейіне көтерілгенін мойындау қажет. Ауыл шаруашылығында қоғамдық меншіктің қалыптасуы оның орнығуында, нығаюында және ауыл шаруашылығы халқының тұрмысын қайта құруда ауыл шаруашылық еңбектің өнімділігін арттыруда маңызды роль атқарды. Алайда, техникасыз егіншілік пен мал шаруашылығының пәлендей алға басуын қамтамасыз ету мүмкін болмас еді. Ауыл адамдарының еңбегі тиісінше бағаланбай, олар қалаларға, басқа аймақтарға көшіп кетуге мәжбүр болды. Жүздеген иесіз қалған кішігірім ауылдар саны шексіз өсіп жатты. КСРО-ның бүкіл экономикасы сияқты, Қазақстанның ауыл шаруашылығында да тоқырау кезеңі кең етек алды. Оның басты себебі, бұл сала өндірісті бұрынғысынша қарадүрсін әкімшілік-әміршілдік жүйе арқылы басқарылды. Интенсивті факторлар жүзеге асырылмады, керісінше экстенсивтік тұғырда шаруашылық жұмыстары жүргізілді. Ғалымдар мен өнер тапқыштардың егіншілік пен мал шаруашылығындағы ауыр жұмыс процестерін механикаландыруға бағыттылған құнды ұсыныстары өндіріске енгізілмеді. Осы кезеңде аграрлық саланың артта қалуының басты себептері, ол әкімшіл-әміршіл жүйе кезінде жүргізілген реформалар қиратып-бүлдіруші сипатта, орасан зор қаржы талап ететін мазмұнда іс-жүзіне асырылды; басқару жүйесінде өндірісті ұйымдастырудың экономикадан тыс әкімшілік-бюрократиялық тәсілі үстемдік етті. Аграрлық салада жүзеге асырылған жаңаша өзгерістер жоспарлы-әкімшілік қатынастарына сүйеніп, олардың қызметі ұзаққа бармай, шаруашылық есепті бойынша жүргізілген жүйесіз реформалар соңғы қортындысында мемлекеттік меншік пен орталықтан басқаруға негізделген жүйеге төтеп бере алмады. Сондықтан, да басқару тәсілі ретінде, ауыл шаруашылығы саласының экономикалық, саяси зорлық-зомбылық, күш көрсету ұтымсыз болып шықты. Шаруаның жерден, еңбек нәтижесінен аластатылуы экономиканың дамуына кері әсерін тигізді. Әкімшілік басқару жүйесі жағдайындағы аграрлық қатынастардың дамуының бір тармағы бұл ауыл шаруашылығындағы өндірісті интенсивтендіру жұмысы. Оның нәтижесі еңбекшілердің әл-ауқатын өсіруге, өндірістік потенциалды қосымша өсіруге тигізетін жалпы әсері, халық шаруашылығындағы орны мен роліне, материалдық-техникалық базасының сипатына, технологияның, әлеуметтік-экономикалық құрылымның ерекшеліктеріне байланысты біршама әр қилылығымен ерекшеленді. Ауыл шаруашылығы саласында ең алдымен аграрлық-өнеркәсіптік кешенді интенсивтендіру жалпыхалықтық іс болып табылды. Бүкіл ауыл шаруашылығы потенциалын қалыптасқан жүйе мен нарықтық емес қатынастар тұншықтырып, көп жағдайда экономикалық тиімділігін мардымсыз етіп, кейде бос жұмыс істетіп келді. Сөйтіп, Кеңес өкіметі мен Компартияның аграрлық саясаты ауыл шаруашылығын бүлдіріп қана қоймай, сонымен бірге бүкіл қоғамның дамуында елеулі қиыншылықтар туғызды. Көп укладты экономика талаптарына сай, экономикалық қарым-қатынастарды қайта құру, кәсіпорындар мен ұйымдарды (мемлекеттік агроөнеркәсіп жүйесіндегі) толық шаруашылық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруға өткізу жұмыстары Қазақстан бойынша 1988 жылдан бастап облыс шаруашылықтарында бірінші болып жүргізілді. 1990 жылдардың бас кезінде республиканың аграрлық секторында жүргізілген экономикалық реформа нәтижесінде біріншіден, агроөнеркәсіптік өндірісте көп укладтылық қалыптасты, шаруашылық субъектілеріне толық дербестік беріліп, олардың өз қызметтерін жүзеге асыруына және өндірген өнімдеріне ие болуына мүмкіндік жасалды, нарықтық қатынастардың дамуы бір орталықтан басқару жүйесін әлсіретті, екіншіден, асығыс жүргізілген институционалдық өзгерістер, экономикалық қатынастардағы салааралық теңсіздіктің күшеюі, агроөнеркәсіптік интеграция мен кооперативтердің дамуы үшін жағдай жасаудың орнына ауыл шаруашылғы өнімдерін өңдеуші және қызмет көрсетуші кәсіпорындарды жекешелендіру, ауылдық тауар өндірушілердің басым бөлігінің ұсақ, жеке өндіріске бағыт ұстануы нәтижесінде, барынша тиімді ұйымдық қалыптастырмастан, нарықтық қатынастарға өту ауылдық тауар өндірушілердің негізгі бөлігінің ұсақ, жеке өндіріске бағыт ұстануы нәтижесінде барынша тиімді ұйымдық құрылымдар қалыптасты.
Аграрлық саясатты жүргізу барысында келесі проблемаларды шешуде келіспеушіліктер де кездесті: ол шаруашылық жүргізу нысандарын анықтау; АӨК-індегі жекешелендіру және кооперация, жер қатынастарын реттеу, аграрлық реформа жүргізу мерзімдері; нарықтық экономика шараларын ұйымдастыру мен реттеу еді. Алайда, ауыл шаруашылығын аяғынан тік тұрғызып, сала өндіретін өнімдер көлемін айтарлықтай өсіру, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету шеңберін кеңейту, ондағы халықтың тұрмыс деңгейін көтеру үшін алдағы кезде қаражат пен үкімет көмегін көп талап ететін өте күрделі мәселелері республиканың күн тәртібіндегі мәселер болып саналды. Көп укладты экономика талаптарына сай, экономикалық қарым-қатынастарды қайта құру, кәсіпорындар мен ұйымдарды (мемлекеттік агроөнеркәсіп жүйесіндегі) толық шаруашылық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруға өткізу жұмыстары Қазақстан бойынша 1988 жылдан бастап, облыс шаруашылықтарында бірінші болып жүргізілді. Республикада жүргізілген ұйымдық-экономикалық шараларға қарамастан, АӨК жағдайы қанағаттанғысыз болып қала берді. Мемлекеттік сатып алу, көтерме сауда жекелеп сату бағалары арасындағы айырмашылық арта берді, соның арқасында тауар өндірушілердің қаржы қиындықтары арта түсті, инфляция тұрақтамады, базардың құрылуы және дамуы қиындай түсті.
Осы тарауға қорытынды жасасақ – Кеңес өкіметі және тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына үлкен терең өзгерістер әкелді. Кеңес экономикасының орталықтандырылған басқару әдістерінің мемлекеттік монополизмнің ұзаққа созылған үстемдігінен кейін, нарықтық механизмі қалыптастыру қажет болды, нарықтық механизм мемлекет пен кәсіпорын арасындағы өндірістік қатынастар жүйесімен тұтасымен өзгертті. Егемен Қазақстан экономикасын мемлекеттік басқару тұжырымдамасы да өзгерді. Қатаң әміршілдік-әкімшілдік әдістер біртіндеп мемлекеттік реттеудің икемді жүйесімен ауыстырылды [15, 156-б.]. Мемлекет ішінде демократия мен жариялық біршама дамыды. Дегенмен, өкінішке орай, экономикалық аяда ешқандай жақсы қозғалыстар бола қоймады. Оның үстіне тоқырау құбылыстары қайта орын ала бастады, олар нағыз шығынға ұласты.
Жұмыстың екінші тарауы «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстандағы аграрлық саланың ахуалы» деп аталады. Бұл тарауда тәуелсіздік жылдарындағы республика аграрлық саласының дағдарыс себептері қарастырылып, нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында ауыл шаруашылығының проблемаларын одан әрі теориялық негізі, өтпелі дәуірдегі мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің бағдарлмасының кезеңдері, ауылдағы жекешелендіру процессінің қателіктері талданған. Қазақстандағы аграрлық сектор кеңестік теңгермешілік экономикадан нарықтық қатынастарға көше бастаған кезде, өтпелі кезеңге аса күрделі проблемалардың шешімі табылмаған күйде келді. Экономикалық қайта құрулар басталған кезде аграрлық реформаны жүргізудің екі жолы ұсынылды: біріншісі – совхоздарды толық жекешелендіру мен колхоздарды қайта құру, ұжымдар мүшесіне мүлік пайы мен ауылдың әр тұрғынана жер үлесін белгілеу, ұйымдық-құқықтық формалардың қай түрін таңдау еркіндігі, мемлекеттің агроөнеркәсіп кешенінің экономикасына ешқандай араласпауы, екіншісі – агроөнеркәсіп кешенінің жұмысын мемлекеттік реттеп отыруды сақтай отырып, колхоз-совхоздарды жайлап, біртіндеп реформалау, өңдеу-ұқсату кәсіпорындарын кооперациялау, Үкімет алғашқы жолды таңдады және аграрлық саясат тек осы бағытта жүргізілді [16,46-б]. Ауыл шаруашылығындағы нарық жағдайы мен оның дамуы елдегі жалпы әлеуметтік-экономикалық саясатқа және жеке проблемаларға байланысты көптеген факторлармен анықталды. Республикада 90 жылдары Ресей жолына сәйкес экономикалық қатынастарды өзгертіп, баға құру жүйесін еркіне жіберіп, мемлекеттің саларалық байланыстарды реттеуден алшақтап кетуі мен әлеуметтік кепілдіктің қысқаруына негізделген нарықтық қатынастар моделі қабылданды. Тәжірибие көрсеткендей, оның жүзеге асырылуы бірқатар кері ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік салдарға алып келді. Нарық және нарықтық қатынастардың мемлекеттік реттеуді керек етпейтін еркін алып сатуға негізделген қарапайым, тұрпайы жүйесі қалыптасты. Іс жүзінде бұл салааралық қатынастың бұзылуына, ауыл шаруашылық және өнеркәсіп өніміне бағаның күрт төмендеуіне тұрақты түрдегі құлдырауға, өндірістің тиімсіздігіне алып келді. Нарық субъектілері құрылымының қалыптасуына, ескі тәсілдің ықпалының көп болуы және еркін нарықта тек жеке меншік иелері тиімді қызмет ете алды. Көпшілігінде бұл ірі мемлекеттік және ұжымдық кәсіпорындардың, олардың нақты тиімділігін ескермей, жедел қайта ұйымдастыру туралы заң актілерінің қабылдануына, шаруа қожалықтарын ұйымдастырудың кең етек жаюына, елді азық-түлікпен қамтамасыз етуде жеке көмекші шаруашылықтың ролін асырып айтуға негіз болды. Нарық жағдайында аграрлық өндіріс тиімділігіне институционалдық өзгерістер ғана емес, ғылыми техникалық прогресс жетістіктерін пайдалану дәрежесі мен масштабы, өндірісі потенциалының сапасы, жұмыскерлердің мамандандырылуы және олардың жоғары сапалы нәтижеге жетуге мүдделі болуы септігін тигізді. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға өтпелі кезең тереңдеген экономикалық дағдарыс, яғни экономиканың барлық салаларында өндірістің құлдырауы, халықтың әл-ауқатының төмендеуі мен әлеуметтік мәселердің күрделенуі жағдайында жүзеге асты. Қазақстандағы аграрлық дағдарыс себептерін зерттеудің жүйелі тәсілі оның сонау қайта құру кезеңіне дейінгі уақыттан бастау алғанын көрсетті. Әлі күнге дейін елімізде азық-түлік мәселесі шешілмегендігі шындық. Реформа басталғалы он жылдың ішінде (1991-2001 ж.ж) егістіктің жалпы көлемі республика бойынша 7,5 млн.гектарға азайды, ауыл шаруашылығы дақылдары егісінің көлемі 13,7 млн.гектарға қысқарған. Ауыл шаруашылығы минситрлігінің мәліметтеріне қарағанда 1990 жылы ауыл шаруашылғы өнімдерін өндіру мен сатудың рентабельдігі 46 % болған, оның ішінде егіншілік 105,4%, мал басының (жылқы – 33%, ірі қара малы – 56%,қой және ешкі – 71%,) қысқаруы нәтижесінде, республикамызда ет өндірісі 2,4 есеге, сүт – 1,7 есеге және жұмыртқа 3,4 есеге төмендеген. Ал, астық өндірісі, 1998 жылы 1992 жылдың дәрежесімен салыстырғанда 2,4 есе, оның экспорты 6 есе төмендеп, дәнді дақылдардың орта жылдық өнімділігі 1991-1995 жылдары гектарына 9,3 ц, 1996-1997 жылдары – 8 центнер құраған [17, 54-55-бб.]. 1996 жылдан бастап, жалпы рентабельділік теріс баланс берді, өнім өндіруге кетекеншығын оны сатудан алынған табыстан 20,8% асып кетті, оның ішінде егіншілік – теріс 1,9 %, мал шаруашылығы - теріс 43,7 %. Бес және одан көп жыл пайдаланылып келе жатқан техника 1997 жылдың 1 қантарына 93 % болды. Шет ел бақылаушыларының пікірінше, аграрлық реформада 1992-1994 жылдары консервация жағдайы болды. 1994-1995 жылдары нарықтық өзгерістер аса асығыстықпен жүргізілді, 1996-2000 жылдары экономикалық қайта құрулардың қарқыны қайтадан бәсеңдеді. Бұны бақылаушылар реформа аумалы-төкпелі жүргізілді деп бағалады. Еліміздің аграрлық саласындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға сүйене отырып, Қазақстандағы аграрлық дағдарыстың негізгі себептеріне: халықшаруашылығы көлемінде агроөнеркәсіп кешеніндегі ұдайы өндірістің терең үйлеспеушілігі, яғни қоғамдық өндірістің және қоғамдық қажеттіліктің сәйкессіздігін, аграрлық экономиканың шығындылық сипаты мен экономикалық тиімділігінің төмендеуі; теңгермешіліктің және өсу резервін, өндірістің шығындылығын жасыруды тудыратын орталықтан табыстарды бөлудің орын алуын, жоғары өнімділікті еңбекке ынталылықтың болмауын айтуға болады. Ал, аграрлық дағдарыстың одан әрі тереңдеуіне – колхоз, совхоздарды тарату нәтижесінде материалды-техникалық базаның бұзылуы, ауылшаруашылығы мен агрокешеннің басқа екі саласы арасындағы экономикалық байланыстың үзілуі және агроөнімге тереңдеген еркін баға диспоритеті, фермерлер мен басқа да меншік формасындағы шаруашылықтардың бастапқы капиталдарының қалыптасуына қажетті шарттардың жоқтығы басты себеп болды. Жалпы алғанда, жекешелендіру кезінде тәжірбиенің жоқтығы салдарынан көптеген ауылдар да қаңырап бос қалды. Мұндай елді мекендердің саны 276-ға жетіпті. Дегенмен, оң нәтижелер де жоқ емес. 4770 нысан –өз қожаларын тапса, 470-ке тарта кеңшарлар жекеге өтті. Осылайша, төгілген саланы қалпына келтіру үшін үш жыл қатарынан ауылға арнаулы заңдылық деп ортақ игілікті бөлу процесі аяқталды.Жекешелендіру саясатының алғашқы кезеңінде-ақ көптеген қателіктер жіберілді, соның арқасында дағдарыстан шыға алмай, ауыл шаруашылығы саласының дамуы нашарлады. Сол жіберген қателіктердің негізгілері мыналар еді:
- Халыққа жария жасалынбады, түсіндірілмеді, көбі білмей қалды. Түсінген басшылар барлығына түсіндіріп айтпады, айтса да өз адамдарына айтты, солар мемлекеттік объектілерді сатып алды.
- Нарық деп халық арасында жар салынды да, нарықтық бағамен барлығын сату керек еді. Сатылған колхоз техникасы, мал, т.б. өте арзанға сатылды.
- Жекешелендірілген ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының орнына шаруа (фермер) қожалықтарының құрылғанына қарамастан, олардың көбінде бұрынғы ұжымдық тәсіл мен психология сақталып қалды, ал ол өз кезегінде агроөнеркәсіптік кешенде жеке сектордың болуын қиындатты.
- Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қайта-қайта түрлене беруі де істі дұрыс ұйымдастыруға зиянын тигізді.
Аграрлық реформаны жүргізушілер ауыл шаруашылығында нарықтық қатынастардың дамуының стратегиялық проблемаларын жаңа нарықтық құрылымдардың қалыптасу заңдылықтарын нашар білуден көптеген қателіктер жіберді. Аграрлық сектордағы өндірістің төмендеуі, экономикалық дағдарыстың болуы осымен байланысты. Кеңестік кезеңнен кейінгі, уақытта пайда болған елдерде, оның ішінде Қазақстан агроөнеркәсіптің өндіріс дамуының, агробизнестің қалыптасуы мен оның жұмыс істеуіндегі қиыншылықтардың объективті шарттар мен субъективті себептер, негізінен алғанда, міне осындай еді. Алдыңғы талдаулар көрсеткеніндей, нарықтық қатынастарға өту және бизнесті, әсіресе агробизнесті дамыту, кейбір мамандар болжағандай, соншалықты жеңіл болмады. Қазіргі экономикалық дағдарыстан өтіп, барлық елдер мен халықтар жүріп өткен нарықтық қатынастардың кең даңғыл жолына түпкілікті жаңғыру мен бизнесті, экономиканың барлық салаларында оның, ішінде ең алдымен агроөнеркәсіптік өндірістегі бизнесті игерудің негізінде түсіне аламыз. Егеменді Қазақстан экономикасы өтпелі кезеңнің қиыншылықтарынан арылып, бүгін де тұрақты даму жолына түсті. Аграрлық қатынастар теориясы, нарықтың даму барысындағы жіберілген қателіктер, оны түзету жолдары, отандық тауар өндірушілерге мемлекет тарапынан көңіл бөлу, кәсіпорындардың еңбегі ұйымдастырудың тиімді формаларын іздестіру жолдары, ауыл шаруашылығында нарықтық қатынастар жағдайындағы шаруашылықты жүргізудің көптеген формаларын дамытудың мәселелері т.б. қосымша зерттеуді талап етеді.
«Қазіргі ауылдың әлеуметтік – экономикалық ахуалы» деп аталатын Ш тарауда қазіргі кездегі ауылдың әлеуметтік экономикалық жағдайы, «ауыл жылы» бағдарламасының орындалуының нәтижелері, Жер кодексі және оның ауыл шаруашылығы саласын дамытудағы әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері баяндалған. Ауыл шаруашылығы – экономиканың негізгі және өмірлік маңызы зор салаларының бірі. Еліміздің экономикалық өсу қарқыны адамдардың бірінші кезекті материалдық қажеттерінің қанағаттандырылуына көбінесе оның ойдағыдай өркендеуіне байланысты. Қоғамда орын алып отыратын әр түрлі әлеуметтік-экономикалық, саяси байланысты халық саны өсіп, жас-жыныстық құрылым, ұлттық құрам түрлі өзгерістерге ұшырады [18, 12-б.]. Ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін алғашқы екі жыл ішінде (2004-2005 ж.ж.) ішінде түрлі қаржы көздерінен 126,9 млрд.теңге қаржы, соның ішінде республика бюджетінен 41,5 млрд. теңге бөлінді. Оған қоса бюджеттерден және бюджеттен тыс қаржы көздерінен (қарыз қаражаттары, тікелей инвестициялар, гранттар және басқа қаржы институттарының қаражаты) жалпы сомасы 85,4 млрд.теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржы есебінен ауылдарда 541 білім беру және денсаулық сақтау нысандарының, 550 ауыз сумен қамту нысандарының 82,8 километр жолдардың құрылысы жүргізілді, 1473 білім беру нысандары, 1191 денсаулық сақтау нысаны, 305 мәдениет ошақтары, 247 сумен қамту нысандары, 608 километр жолдар күрделі жөндеуден өтті. Ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасы 2004-2005 жылдары ішінде АЕМ саны 7367-ге, ал халқының саны 7,5 млн. адамға жетті, соның ішінде жоғары даму әлеуеті бар 1583 АЕМ (2520 мың адам) немесе 21,5%, орташа даму әлеуеті бар 5505 АЕМ -74,7%, даму әлеуеті төмен 207 АЕМ – 2,8%, экологиялық жағдайы қолайсыз АЕМ жоқ. 1999-2001 жж. аралығындағы жекелеген жылдары халықтың 80 %-ға дейінгі үлесі жан басына айына 3000 теңгеден төмен кіріс кірген. Ауыл шаруашылығында 2001 жылы бір жұмыскердің орташа айлық атаулы еңбекақысы әйелдерде 5411 теңге, ер адамдарда 7473 теңге болып, әйелдер еңбекақысының мөлшері ер адамдардыкімен салыстырғанда 72,5 % құрады. [19,45-б]. Бүгінгі таңдағы ауыл шаруашылығындағы алға басулар және өзгерістер, нарықтық қатынастарға көшу ауыл шаруашылығын реформалауды де талап етті. Аграрлық салада тың өзгерістер жасау үшін өткен тарихи кезеңнің келеңді, келеңсіз тәжірбиелерінен үйрене отырып алға басу үшін, Елбасы 2002 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан халқына Жолдауында қоғам ауылға аудару керек деп 2003-2005 жылдарды “Ауыл жылдары” деп жариялау жөнінде шешім қабылдады, 2003 жылдан бастап, бұл бағытта көптеген іс-шараларды жүзеге асыру бюджетте көзделген еді. Бұл құжаттың басты тақырыбы – ауыл мәселесіне баса назар аударылды. «Алдағы кезеңді, яғни, 2003-2005 жылдарды ауылды түлетуге арнау үшін көптеген себептер бар, - деді Елбасы. Кез келген революциялық сілкіністер кезінде жанға бататын өзгерістер ауыртпалығының ауылға түсетіні мәлім, әрі мұны тарих та дәлелдеп отыр. Мұны Қазақстан бастан кешті. Сонымен қатар, ауылды көтеруде таза экономикалық себептер де бар. Бүгінгі таңда іске асырылып келген аграрлық реформаның нәтижелерін талдау төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Аграрлық реформа, меншік түрлерін өзгерту, нарық қатынастарын реттеудегі мемлекеттік дәрменсіздігі және оның әлеуметтік-экономикалық зардаптарын жан-жақты болжамдамау, бағдарламау өндіріс тиімділігін арттыру, көлемін ұлғайту сияқты оң өзгерістерге қол жеткізбеді. Бұрынғы ірі шаруашылықтар (кеңшарлар, ұжымдық шаруашылықтар) ұсақ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге, шаруа қожалықтарына ыдыраған, ауылдық мекендерде экономикалық тоқырау әлеуметтік тоқыраумен ұштасқан еді. Бұлар материалдық-техникалық негіздері өте нашар, қол еңбегін көбірек пайдалануға бағытталған, негізінен бүгінгі күн тіршілігімен ғана өмір сүрген ұжымдар. Мал шаруашылығында тиімділікті арттырудың негізгі көздерінің бірі, мал тұқымын асылдандыру ісі де соңғы кезде терең күйзеліске ұшырады. Облыс мамандарының осы аймақ жағдайына бейімдеп шығарған тұқымдары: қазақтың ақбас сиырлары мен еділбай қойлары, тағы да басқа жыл санап азайып, құрып кетті. Аграрлық сала - бүкіл халық шаруашылығы кешенінің бір бөлігі болып табылатындықтан, бүкіл экономикамен, қоғаммен және мемлекеттік құрылымдармен тығыз байланысты, ал оның қалыпты дамуы елдегі саяси тұрақтылық пен ұтымды, қаржы экономикалық жағдайда мүмкін болмақ. Ал, нарықтық қатынастарға өтумен байланысты, жүзеге асырылған реформалардың кемшілігін өтпелі кезеңннің объективті заңдылықтарын, ең алдымен оның тарихи сипатын ескермеуге болмайды. Ондаған жылдар бойы қалыптасқан экономикалық жүйенің ауысуын көздеген реформаны жүзеге асырудың көп жағдайда стихиялы болып, өтпелі процесстердің реттелмеуінен көруге болады. Бұл процесстің нәтижесін қазіргі ауыл шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық жағдайы көрсетіп отыр. Сондықтан да меншік пен шаруашылық жүргізудің барлық түрлеріндегі ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін мемлекеттік көмек беру мен қолдау арқылы Бүкіл дүние жүзілік Сауда Ұйымына бәсекелік қабілетті еркін нарықтық ауыл шаруашылығына негізделген аграрлық қатынастар жүйесін құру, біріншіден, ұзақ өтпелі кезеңге, екіншіден аграрлық қатынастардағы өзгерістердің эволюциялық сипатына негізделеді. Бүгінгі таңда республикада көкейтесті мемлекеттік мәселе ретінде
– ол елге жерді үлестіріп беруде емес, оны тиімді пайдаланулы ынталандыруда, ауыл шаруашылығына күрделі қаржының шын мәніндегі бет бұрысын қамтамасыз ету болып отыр. Осындай жер базасын негізге ала, әлемдік тәжірбиеге сүйене отырып, Үкіметтің жұмыс тобы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жеке меншік институтын енгізуді көздеген құжаты бұл Жер кодексі еді. Бұл құжат ауыл шаруашылығындағы экономиканың аграрлық секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қолданылып жүрген жер қатынастарын сақтауды және оларды одан әрі жетілдіре түсуді көздейді. Жер пайдаланудың барлық үш түрі сақталатын болады. Олар тұрақты, уақытша жер пайдалану және жерді жеке меншік құқығымен иемдену. Жерді тұрақты пайдалану институтына ешқандай өзгерістер енгізілмеді. Жоғарыда айтқандарымызды қортындылай келе, Елбасының сөзімен қортындылауға болады: «Ауыл жылдарында бұл салаға бүкіл халықтың көңілін аударуды ойлағанда мен жерге жеке меншік енгізу мен ауыл тағдыры ажырағысыз екенін қатты ескергенмін»,- деді. Иә, ауыл өркендеп, көркейе түсуі үшін оның негізгі нысаны – жердің жеке меншікте болғаны жөн деп санаймыз [20, 30-б.].
Қорытынды бөлімде зерттеу жұмысның мазмұнынан туындайтын негізгі ойлар жүйеленіп, ғылыми нәтижелер жасалған. Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған іс-шаралардың нәтижесі ауылдағы ең басты сала болып табылатын ауыл шаруашылығының өнімдерін молайту және оның сапасын арттыру, жерді тоздырмай, ұтымды пайдалану, суландыру көздерін реттеу, жердің меншік иесін толық анықтау арқылы несие жүйесін азаматтарға қызмет етуіне қол жеткізу, шаруаларды қажетті мерзімде қаржыландыру, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту, ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру еліміздің басты міндетіне айналып отыр. Ел болашағы үшін ауылдың маңыздылығын қоғам санасымен сезінсе, биліктің түрлі бұтақтары, жергілікті қауымдастықтар қазақстандық ауылды жандандырудың стратегиялық міндеттерін жүзеге асыру жолында мақсатты қызмет етсе, осы мақсатқа жету тек уақыт мәселесі ғана болар еді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Назарбаев Н.Ә. Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа кезеңі //Егемен Қазақстан, 2005, 1 ақпан.
2 Козыбаев М.К. История и современность. - Алматы: Ғылым, 1991. –С.254; Тулепбаев Б.А. Социалистические аграрные преобразования в Средней Азии и Казахстане. -М: Наука: 1984. -269 с.; Дахшлейгер Г.Ф., Нурпеисов К. История крестьянства советского Казахстана. -Алма-Ата, 1985. -247 с.;
3 Омарбеков Т. Зобалаң. -Алматы: Санат, 1994. - 272 бет.
4 Берденова К.А., Иманбердиева С.И. Аграрная политика тоталитарного государства как фактор кризисного состояния сельского хозяйства Казахстана. -Алматы: Ғылым, 1994. -142 с.
5 Байтілен С.А. Кеңес мемлекетінің Қазақстандағы аграрлық саясаты: ауыл шаруашылығындағы экстенсивті бағдар және дағдарыс (1965-1990): т.ғ.д... авторефераты. –Алматы, 2000. -36 б.
6 Байсарина Қ.Қ. Қазақстанда ауыл шаруашылығының дамуы: тарихы және сабақтары: т.ғ.д. ... автореф. – Алматы, 2006. -37 б.
7 Медеуов Т.Ж. Қазақстандағы колхоз құрылысының соңғы кезеңі: дағдарыстан шығу жолдарын іздестіру тәжірбиесі (1981-1991): т.ғ.к. ... авторефераты. –Алматы, 1999. - 27 бет.
8 Мұқатова Д. Тоқырау жылдарындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік жағдайы. (1971-1991): т.ғ.к. ... авторефераты. - Алматы, 2007. - 27 б.
9 Берлібаев Е.Т. Возникновение межколхозных производственных связей Казахстана ее огрехи в 70-е годы / Некоторые вопросы социально-экономического демографического развития Казахстана. Межвузовский сборник научных трудов. –Алматы: АГУ им. Абая. –1996. –С.18-25.
Достарыңызбен бөлісу: |