ҚҰБ-інің Веб-сайтына орналастыру үшін инфляция және қаржы нарығының жекелеген сегменттері бойынша талдау ақпараты Инфляция



жүктеу 39.48 Kb.
Дата12.07.2016
өлшемі39.48 Kb.



ҚҰБ-інің Веб-сайтына орналастыру үшін инфляция және қаржы нарығының жекелеген сегменттері бойынша талдау ақпараты
Инфляция (2006ж. маусым)

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша инфляция 2006 жылғы маусымда 0,3%-ды (2006 жылғы мамырда – 0,8%-ды) құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы өзгерген жоқ. Азық-түлік тауарларының бағасы 0,3%-ға, ақылы қызмет 0,9%-ға қымбаттады.

2006 жылғы маусымда азық-түлік тауарларының ішінен еттің және ет өнімдерінің бағаларының біршама 0,6%-ға өскендігі тіркелген. Көкөністер мен жеміс-жидектердің бағасы 0,4%-ға, нан өнімдері 0,3%-ға өсті. Жұмыртқа 3,3%-ға, сүт өнімдері 1,6%-ға, қант пен кондитерлік өнімдер 1,1%-ға, май мен тоң майлар 0,6%-ға арзандады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың тобында бензин бағасының 0,8%-ға, баспа басылымдарының бағасы 0,5%-ға, киім мен аяқ киімнің, жиһаз бен жуу құралдарының бағасы 0,4%-ға, ыдыс-аяқтың бағасы 0,3%-ға, жеке гигиена тауарларының бағасы 0,2%-ға өскені байқалды.

Халыққа ақылы қызмет көрсетудің бағасының 2006 жылғы маусымда өсуі тұрғын үй-коммуналдық саласының қызметі тарифтерінің 1,2%-ға қымбаттауымен негізделген. Бұл ретте электр энергиясы 2,0%-ға, орталық жылу беру 1,5%-ға, суық сумен жабдықтау 0,5%-ға, кәріз 0,7%-ға қымбаттады. Сондай-ақ медициналық қызметтің бағасы 1,1%-ға, көлік қызметінің бағасы 0,7%-ға, мәдени мекемелер қызметінің бағасы 0,4%-ға өскендігі тіркелген.

2006 жылдың басынан тұтыну нарығындағы бағаның өсуі 4,8%-ды (2005 жылғы қаңтар - маусымда 3,5%-ды) құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 5,4%-ға (4,6%), азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 2,6%-ға (2,1%), халыққа ақылы қызмет көрсетудің бағасы 6,4%-ға (2,8%) өскен.

2006 жылғы маусымда жылдық көрсеткіште инфляция 8,9%-ды (2005 жылғы желтоқсанда – 7,5%) құрады, азық-түлік тауарлары 9,0%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 6,3%-ға, ақылы қызмет 11,8%-ға қымбаттады.
Валталық нарық ( 2006 ж. маусым)

2006 жылғы маусымда теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамының өсу үрдісі байқалды, теңгенің АҚШ доллары бағамы 1 доллар үшін 118,26 теңге – 121,26 теңге диапазонында өзгерді. Бір айда теңгенің АҚШ долларына номиналдық айырбас бағамы 2,35%-ға (жылдың басынан 11,48%-ға) нығайды, және де маусымның аяғында теңгенің биржалық бағамы бір доллар үшін 118,41 теңгені құрады. Алты айдағы орташа алынған биржалық бағам 1 АҚШ доллары үшін 126,82 теңгені құрады.

Ішкі валюталық нарықта еуроның айырбас бағамы бір еуро үшін 156,05 - 148,68 диапазонында өзгерді.

2006 жылғы маусымда теңгенің орташа ресми айырбас бағамы 1 АҚШ доллары үшін 119,76 теңгені, 1 еуро үшін 151,81 теңгені және 1 ресей рублі үшін 4,44 теңгені құрады.

2006 жылғы мамырда теңгенің нақты тиімді айырбас бағамының (НТАБ) индексі 1,6%-ға өсті. Бұл ретте ТМД елдерінің валюталарына қатысты теңге 2,2%-ға нығайды, ал қалған елдердің валютасына қатысты 1,3 %-ға нығайды.

2006 жылғы маусымда теңге ресей рубліне қатысты нақты көріністе 2,2%-ға, сондай-ақ еуроға қатысты 3,7%-ға нығайды. 2006 жылғы маусымдағы алдын ала деректер бойынша теңгенің АҚШ долларына қатысты нақты айырбас бағамы 2%-ға нығайды.

Қазақстан Қор Биржасындағы сауда-саттықтың қорытындысы (KASE)

Маусым айында Қазақстан Қор Биржасындағы биржалық операциялардың көлемі қосымша сауда-саттық мәмілелерін ескере отырып, мамыр айымен салыстырғанда 38,7%-ға 1496,8 млн. долларға дейін (жылдың басынан – 12,4 млрд. долл.) төмендеген.

KASE қосымша сессиясындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша ресей рублімен мәміле көлемі 4,2 млн. рубльді құрады, еуропалық валюта бойынша сауда-саттық жүргізілмеді.

Биржадан тыс операциялар

Биржадан тыс валюталық нырақта маусымда операция көлемі 12,8%-ға төмендеген және 6145,9 млн. долларды (жылдың басынан – 26,3 млрд. долл.) құрады.

Банктер арасында еуропа валютасымен операциялардың көлемі маусым айында мамыр айымен салыстырғанда 44,2 %-ға төмендей отырып, 13,5,2 млн. еуроны құрады.


Банкаралық ақша нарығы (2006ж. маусым)

2006 жылғы маусымда банкаралық ақша нарығында банктердің өтімділік құралдарын ұлттық валютада орналастыру бойынша белсенділігінің төмендеуі, және де шетел валютасында орналастыру бойынша белсенділіктің артқаны байқалды.

2006 жылғы мамырмен салыстырғанда банкаралық теңгелік депозиттерді орналастыру 9,1%-ға төмендеп, 1240,9 млрд. теңгені құрады. Банкаралық теңгелік депозиттерді орналастыру бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы мамыр айымен салыстырғанда (3,76%-дан 3,77%-ға) шамалы ұлғайған.

Банкаралық валютаны қарызға алу нарығында ағымдағы жылдың маусым айында доллардағы депозиттерге 17,5 млрд. АҚШ доллары орналастырылған, бұл ағымдағы жылдың мамыр айындағы операциялардың көлемінен 2 есе үлкен. Доллардағы депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 2006 жылғы мамырда 5,02%-дан маусым айында 5,08%-ға дейін ұлғайған.



Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы (2006ж. маусым)

2006 жылғы маусымда Қаржы министрлігі мемлекеттік бағалы қағаздарды (жылдың басынан оларды шығару 72,5 млрд. теңгені құрады) орналастыруды жүзеге асырған жоқ. сыйақы бойынша төлемдерді ескере отырғанда 2006 жылғы маусымда мемлекеттік бағалы қағаздарды өтеу 22,0 млрд. теңгені (ағымдағы жылдың басынан - 67,7 млрд. теңгені) құрады. Нәтижесінде Қаржы министрлігінің маусымның аяғында айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі бір айда шамалы 0,1%-ға азая отырып, 332,2 млрд. теңгені құрады (ағымдағы жылдың басынан – 11,8%-ға өсті).

Ұлттық Банктің ноталары эмиссиясының көлемі 2006 жылғы маусымда алдыңғы аймен салыстырғанда 54,9%-ға 491,7 млрд. теңгеге дейін (жылдың басынан – 1535,0 млрд. теңге) өсті, бұл ретте қысқа мерзімді ноталарының тиімді кірістілігі майда 3,06%-дан маусымда 3,29%-ға дейін өсті. Ұлттық Банктің ноталарын өтеу 2006 жылғы маусымда сыйақы бойынша төлемдерді ескере отырып, 410,1 млрд. теңгені (жылдың басынан – 1298,6 млрд. теңгені) құрады. Нәтижесінде айналыстағы ноталарының көлемі маусымның аяғында алдыңғы аймен салыстырғанда 26,0%-ға ұлғайып 400,0 млрд. теңгені құрады (жылдың басынан – 2,5 есе).

2006 жылғы маусымда репо, кері репо операциялары жүргізілген жоқ. Сондай-ақ Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша операциялар да жүргізілген жоқ.


АТД директоры Д. Ақышев

Орындаушы Пономарева В.А.



Тел. 704-986


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет