Түрлі тарихи дəуірлердегі қазақтар мен өзге де байланыста- ғы этностардың ойын-сауықтарын зерттеу күн тəртібінен түспе- ген. Ойын-сауықтардың қоғамдық, əлеуметтік, ғұрыптық, салт- тық жəне т.б. қызметтері бар екені белгілі.
Қазақтар жəне Қазақстанда тұратын басқа да халықтардың ұлттық ойын-сауық түрлерінің саналуандығы байқалады. Олар түрлі мереке-мейрамдарда, жұрт жиналып бас қосқан той, ас сияқты ұлы дүбір жиындарда ойналады. Ойын-сауықтардың көп
тараған əдеби-көркемөнерлік түрлері: күй шерту, əн салу, билеу, өлең айту, дастан-қиссалар айтысу. Бұл жоғарыдағы ұлы дүбір той жиындарында орындалуымен қатар, шағын көлемді сауық кештерінде де, мысалы: жас нəрестенің туу қуанышына арнал- ған шілдехана, ұзатылатын қызға дос-құрбыларымен қоштасу ретінде өткізілетін сауық кеші «қызойнақ», дос-жарандар бірігіп кезекпен мал сойып, қызық-думан өтікізетін «серне» қонақасы- ларында да, тіпті киіз басу сияқты үдемелі еңбек кезінде де орын- далады. Жастар бас қосқан жиындарда «Үкілі орамал», «Балтам- тап», «Хан уəзір», «Көрші», «Қол соқпақ», «Мыршым» сияқты көңіл ашар, күлдіргі ойындар болған.
Қазақтардың жəне басқа да халықтардың ойын-сауықтары- ның бір сыпырасы балалар мен жасөспірімдерге арналған («Ты- ғылу», «Əйгөлек», «Белбеу тастау», «Саққұлақ», «Ақсүйек»,
«Соқыр теке», «Тымпи», асық ойындары, т.б.).
Қазақ жəне қырғыз, өзбек, қарақалпақ халықтарының ерте- ден келе жатқан ұлттық ойындарының бірі – «тоғызқұмалақ».
Қазақ жəне т.б. түркі тектес халықтар ойындарының мол тү- рі – спорттық шынығу сипатындағы ойындар («Ақпа таяқ», «Ба- луан күрес», «Садақ тарту», «Арқан тарту», «Жаяу бəйге», «Се- кіру»). Аталмыш халықтардың ат үстіндегі спорттық ойындары:
«Аламан бəйге», «Бəйге шабу», «Сайыс», «Аударыспақ» «Қыз қуу», «Жорға салу» жəне т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |