Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени


Қазақстандағы тіл саясаты



бет61/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

Қазақстандағы тіл саясаты



Қазақстан егемендік алған кезде елімізде 1989 жылдың 22 қыр- күйегінде қабылданған «Қазақ ССР-де тілдер туралы» Заңы жəне 2000 жылға дейінгі кезеңді қамтитын 1990 жылдың 28 маусымын- да ҚР Үкіметімен бекітілген «Қазақ тілінің жəне басқа да ұлттар- дың тілінің дамуы» мемлекеттік бағдарламасы қабылданған. Қазақ тілінің мемлекеттік мəртебесі тек ресми түрде болған.

Тілдік құрылыс саласында мемлекеттік саясатты əзірлеу жə- не оны іске асыру үшін нормативтік-құқықтық база негізін қа- лыптастыру кезеңі 1991 – 1995 жылдармен тұспа-тұс келеді.


Тілдік даму жəне ұлттық саясаты саласындағы негізгі мақ- саттар жəне негіз қалаушы принциптер этникалық ерекшелік- тердің дамуы жəне Қазақстанның ұлттық мəдениетінің көптүр- лілігін сақтау, осы негізде ұлтаралық тұрақты ахуалды ел ретінде республиканың əлемдегі беделін нығайту болып табылады. Бұл негіз қалаушы принциптердің ҚР Конституциясында (1995 ж.), ҚР мемлекеттік сəйкестілігін қалыптастыру тұжырымдамасында (1996 ж.) жарияланған. Ал 1996 – 2005 жылдар аралығында мына заңдар мен заңға тəуелді нормативтік актілердің қабылданғаны:

    • Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 4 қа- рашадағы өкімімен мақұлданған «Қазақстан Республика- сының тіл саясатының тұжырымдамасы»;

    • «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР 1997 жыл- ғы 11 шілдедегі Заңы;

    • «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 – 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы» ҚР Прези- дентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығы.

Тілге байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары:

    • «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мем- лекеттік ономастика комиссиясы туралы» 1998 жылғы 21 сəуірдегі №368;

    • «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мем- лекеттік терминология комиссиясы туралы» 1998 жылғы 21 сəурдегі №367;

    • «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылуы аясын кеңейту туралы» 1998 жылғы 14 тамыздағы №769;

    • «Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тəртібі туралы ережені бекіту туралы» 1999 жылғы 8 қаң- тардағы №16;

    • «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2002, 2003-2004, 2005-2006 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарла- масын іске асыру шараларының жоспары туралы» 2001

– 2006 жылдар.

Аталған бағдарламаларға сəйкес мемлекеттік жəне басқа тіл- дерді дамыту стратегиясы негізгі келесідей мақсаттарды іске асы- руды көздейді: мемлекеттік тілдің əлеуметтік-коммуникативтік колданылуын кеңейту жəне нығайту; орыс тілінің жалпы мəдени қолданылуын сақтау; этностық топтар тілін дамыту. Бағдарлама-


ны іске асыру Қазақстан аумағында қолданылатын тілдің қажет- ті функционалдық қатынастарының жетістіктерін айқындайтын тиімді социолингвистикалық кеңістікті құруды көздейді. Мемле- кеттік тіл саясатын іске асыру республика халқының мемлекеттік тіл мəртебесін танумен жəне қолдаумен, оның біріктіруші рөлін арттырумен жəне мемлекеттік тілді белгілі бір деңгейде білу ар- қылы ұлттың қауымдастығын кеңейтуге бағытталған жауапкер- шілікті жүктеуді түсінуімен негізделеді.

Мемлекеттік мекемелерде іс құжаттары қазақ жəне орыс тіл- дерінде жүргізіледі. Бүгінгі кезде мемлекеттік тілде іс жүргізу- ге көшкен облыстар – Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау жəне Жамбыл. Қазақ тілінде жергілікті органдармен құжаттар айналымын жүргізу өңірлердегі халықтың ықыласымен жүруде. 2010 жылға қарай республиканың қалған облыстық жəне қалалық əкімдіктерінде іс жүргізуді мемлекеттік тілге толығымен көшіру іске асырылатын болады. Республикада тілдерге байла- нысты жетістіктер мен мəселелер көп.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет