Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени


ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОТІЛДІК ЖАҒДАЙ



бет60/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОТІЛДІК ЖАҒДАЙ





      1. Қазақстандағы мемлекеттік тіл жəне өзге тілдер мəселесі.

      2. Қазақстандағы тіл саясаты.


  1. Қазақстандағы мемлекеттік тіл жəне өзге тілдер мəселесі



Тіл – мəдениеттің бір бөлігі. Қазақстанда əртүрлі тілдер та- ралған. Тіл – этностардың өмір тіршілігінің: қоғамдық, саяси, мəдени, өндірістік, тұрмыстық, отбасылық, т.б. салаларындағы маңызды қатынас құралы. Тілдің екі түрлі жолмен дамуы. Оның бірі – өзінен-өзі арнайы ұйымдастырылмаған түрде дамуы не- месе қолданыстан шығып құруы; екіншісі – қоғам, мемлекет та- рапынан керекті бағытта жоспарлы түрде арнайы дамуы немесе құруы. 1950 жылдардың екінші жартысынан бастап 1980 жыл- дардың ортасына дейін ұлт тілдерінің қоғамдық қызметінің өрісі тарылды. Олардың беделінің түсе бастауы жəне орыс тілінен өзге тілдерді дамыту жөнінде катер төнген.

Ана тілі. Ана тілі – əр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мəдениетінен, ғасырлар бойы жиған рухани азығының нəр алатын кіндік тамыры. Ана тілдің этникалық жəне этнопсихологиялық мəндегі қызметі бар. Ана тілінің қызмет етуіндегі жалпы жəне ерекше жақтары айқын. Тіл этникалық мəдениеттің, этникалық өзіндік ерекшелігінің сақтау жəне дамыту факторы мен құралы ретінде де қызмет атқарады. Мектептер мен жоғары оқу орында- рында ана тілін жетілдіру мəселесі тұр. Республикада қазақ тілі- нің жағдайы жəне қазақ тілін білудің қажеттілігі байқалады. Бір- тілділік жəне республикада 130 тілдің дамуына жағдай жасалған. Қостілділіктің жəне көптілділіктің таралуы. Қолданылатын тілдердің əлеуметтік-коммуникативтік жүйесі құрылған. Ұлттық тіл мен орыс тілінен тұратын қостілділіктің 100-ден астам типі бар. Екі тілде сөйлейтіндердің барлығын санына қарай тізетін бол- сақ, онда бір шетінде қазақ, орыс екітілділігі, екінші жағында саны өте аз қос тілде сөйлейтіндер көп. Қазақ-орыс, ұлттық қазақ, ұлт- тық орыс қостілділігі кең таралған. Əлеуметтік-коммуникативтік жүйесіндегі қазақ, орыс жəне басқа тілден тұратын үштілділік де
тараған. Бұл татарлардың (татар-башқұрт-орыс, татар-башқұрт-қа- зақ), өзбектердің (өзбек-қазақ-орыс), дүнгендердің (дүнген-орыс- қазақ), кəрістердің (кəріс-орыс-қазақ), қырғыздардың (қырғыз-қа- зақ-орыс) жəне басқа этностардың үштілділігі.

Республикада төрттілділіктің дамуы кең өріс жайған. Бұл орайда ұйғырлардың (ұйғыр-қазақ-өзбек-орыс), татарлардың (та- тар-башқұрт-қазақ-орыс), тəжіктердің (тəжік-өзбек-қазақ-орыс), түріктердің (түрік-əзірбайжан-қазақ-орыс), əзірбайжандардың (əзірбайжан-түрік-қазақ-орыс,), күрдтердің (күрд-түрік-əзірбай- жан-қазақ-орыс) жəне т.б. этностардың төрттілділігі анықталады. Қостілділік пен көптілділіктің əрбір түрлерінің – əдеби-əдеби, ауызша-ауызша, əдеби-ауызша, ауызша-əдеби, толық жəне жəне толық емес белгілерінің функциясы өз ісін орындауда. Екі жəне көптілділіктердің компоненттері болған тілдердің туыс болуы мен болмауы деген мəселе де тұр.

Қазақстанда тұратын халықтар тілдерінің, ол тілде сөйлеу- шілердің санына қарай үш топқа бөлінеді: кең, кемдеу жəне аз таралған. Бұлардың біріншісіне қазақ, орыс, украин, өзбек, неміс, татар, ұйғыр тілдері жатқызылады. Екінші топта республиканың əр аймағында шоғырланған белорус, кəріс, əзірбайжан, поляк, дүнген, күрд, шешен, тəжік, башқұрт, молдаван, ингуш, мордва, армян, грек, қырғыз, болгар, лезгин жəне т.б. этностардың тілде- рі. Үшінші топта өз жазуы жоқ, негізінен, өз этностары өкілдері арасында отбасы мен тұрмыста фольклор саласында пайдаланы- латын тілдері жоқ халықтар – рутуль, цахур, коряк, манси, эски- мос жəне т.б.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет