ƏОЖ 391/395(075.8)
КБЖ 63.5я73
© Қалыш А.Б., 2015
ISBN 978-601-04-1228-6 © Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2015
Кіріспе 3
КІРІСПЕ
«Қазіргі Қазақстандағы этникалық жəне этномəдени процес- тер» пəні Қазақстан Республикасы мемлекеттік білім стандар- тына сай, типтік бағдарлама негізінде беріледі. Пəн қазіргі көп ұлтты Қазақстан жағдайында этномəдени үрдістердің этнология саласындағы рөлін айқындайды. Жүзден астам этностар мекен- деген Қазақстандағы этникалық процестерді, халықаралық қаты- настарды, этностың əлеуметтік-мəдени қалпының жалпы жəне ерекше түр-сипатын оқытады. «Қазіргі Қазақстандағы этномəде- ни процестер» пəні – магистранттардың кəсіби бағытталған ква- лификация алуына ықпал ететін пəннің бірі. Бітірушілер болашақ мамандығына қажетті білім деңгейін осы пəннің теориялық база- сы арқылы көтере алады.
Ұсынылып отырған оқу құралы болашақ мамандарға Қазақ- стан халықтарының этникалық жəне этномəдени процестерінің өрбу, даму, қалыптасу мəселесін теориялық тұрғыдан терең қа- растыруға, бағытты түрде білім беруге сəйкестендірілген. Соны- мен қатар бұл басылым көп ауқымды мəселеге қатысты ғылыми еңбектермен, статистикалық мəліметтермен жан-жақты танысты- рады, талдау, ой-тұжырым жасалған.
Пəннің мақсаты мен міндеттеріне сəйкес оқу құралы да дай- ындалған.
Мақсаты: магистранттарға қазіргі этностық, мəдени, демог- рафиялық, тілдік процестердің сипаты мен ерекшеліктерін, соңғы кезеңдегі жағдайын кешенді түрде оқыта отырып, қазақтардың мəдениеті мен тұрмысындағы өзгерістерді, республикамыздың басқа халықтармен байланысын қарастыру болып табылады.
Міндеттері:
осы уақытқа дейін қарастырылмаған тақырыптарға жаңа концептуальдық көзқарас қалыптастыру, қазіргі этника- лық процестерді дұрыс саралау;
Қазақстан халықтарының этникалық жəне ынтымақтастық дамуындағы жалпы жəне ерекше белгілерін айқындау;
4 Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі этникалық ...
еліміздегі қазіргі заманғы этникалық процестердің негізгі принциптерін, зерттеу əдістерімен деректерін оқу;
этностар арасындағы ынтымақтастық пен дифференция процестерін Қазақстан халықтары мысалымен көрсету;
республикадағы этникалық біртілдік, қостілдік жəне көп- тілдік жағдайларды талдау;
бір ұлтты жəне ұлт аралас отбасылардың этникалық ас- пектілерін, сондай-ақ мұндай отбасылардан шыққан жас- өспірімдердің өзіндік этникалық идентифекациясын ай- қындау;
этномəдени процестердің əлеуметтік, аймақтық аспектіле- рімен танысу;
этнос пен мəдениет арасындағы өзара байланысты зерде- леу;
этносаралық неке мен оның қазіргі дəстүрлер мен ғұрып- тардағы көрінісін қарастыру.
Негізгі атаулар, түсініктерге келесілерді жатқыздық. Эт- ностардың этникалық тарихы, олардың қызметіндегі өзектілік, этникалық мəселелердің талдануы. Этнологияның əлеуметтік функциялары: ғылыми-танымдық, этностың өзін-өзі тану қыз- меті. Этникалық топтардың қызметі мен əлеуметтік аспектісінің дамуы, олардың ұқсастықтары, өзіндік ұйымдастыру формала- ры, этникалық топтардың өзара байланыс типтері. Этникалық стереотиптердің қалыптасу, этникалық өзін-өзі тану мен бірегей- лік мəселесі. Этникалық қауымдастықтардың географиялық сан- алуандығы, тарихи-этнографиялық аймақтар жəне олардың топ- тастырылу рангілері мен ерекшеліктері. Тарихи-этнографиялық бірлестіктердің типологиясы. Этностың жүйелі параметрі, эт- никалық қауымның құрылымдылығы. Этногенетикалық инте- рпретация. Этникалық процестерді этногенетикалық тұрғыдан түсіндіру. Этникалық қауымдастықтардың географиялық сан- алуандығы, тарихи-этнографиялық аймақтар жəне олардың топ- тастырылу орындары мен ерекшеліктері. Тарихи-этнографиялық бірлестіктердің типологиясы. Бірлестіктердің этникалық өзіндік санасы жəне өзіндік атауы.
Осындай көптеген түсініктерді біз өз кітабымызда жан-жақ-
ты ашып көрсетуге тырыстық. Қаншалықты бұл іске асқанына оқырман өз бағасын бере жатар. Ең басты, студенттер мен маги- странттарға бұл оқу құралы үлкен қолғабыс болатыны күмəнсіз.
Кіріспе 5
Деректер. Этнографиялық дерек, факт, шындық: фактілердің репрезентативті жүйесін құру мəселесі өзекті болып тұр. Дерек- терді сыннан өткізу, жан-жақты талдау, бір-бірімен салыстыру, шынайылық дəрежесін анықтау, сыныптау жолдарын меңгеру мəселесі тағы бар. Ресми мекемелердің (статистикалық, мұрағат, т.б.) материалдары кеңінен пайдаланылды. Статистикалық мə- ліметтердің жалпы сипаттамасы жасалынды. 1959, 1970, 1979,
1989, 1999, 2009 жылдардағы халық санақтарына байланысты демографиялық статистика мəліметтері өте құнды болып келеді. Мерзімді баспасөз материалдары (газеттер мен журналдар), олар- дың сипаты, бағыт-бағдары, мақсаты мен ерекшеліктері анықта- лып, бұл оқу құралын дайындауға тартылды. Кино, фото, фоно жəне бейнефильмдер, олардың деректік ерекшеліктері мен маңы- зын атап өтпеуге болмайды. Ел арасынан жинаған этнографиялық материалдарды, этносоциологиялық зерттеулердің мəліметтерін, социологиялық-математикалық талдау тəсілдерін қолдану арқы- лы ғылыми айналымға енгізіп отырмыз.
Тарихнама. Қорытылған теориялық-əдістемелік зерттеулер пайдаланылды: тарихи-əдістемелік, философиялық, социология- лық, жалпы тарихи жəне тарихи-демографиялық, тарихи-мəдени, этнографиялық жəне этносоциологиялық. Əсіресе М.Х. Асылбе- ков, Ф.Н. Базанова, М.Б. Тəтімов, А.Н. Алексеенко, А.Б. Галиев, У.М. Искаков жəне т.б. сынды ғалымдардың еңбектері сараланып, оқу құралын дайындауға көмегін тигізгенін жасырмаймыз.
Зерттеулердің əдістері. Нақты нысанды барлық қолда бар білім көлемімен зерттеу қажет. Тарихи-этнологиялық зерттеу жұмыстары тəсілдерінің спецификасы өз алдына, этностарды қарастырудағы тарих пен этнология ғалымдарының зерттеулері мен сипаттамалары, фольклорлық жəне көркемдік мəтіндер, эт- носоциологиялық жəне этнопсихологиялық зерттеулер, публи- цистикалық материалдар, ресми құжаттар, тарихи жəне қоғам- дық саяси əдебиеттер кеңінен пайдалануы тиіс. Сонымен қатар этностарды зерттеу барысында қолданылатын басқа да тəсіл- дердің құндылығы жоғары. Мысалы, бұлармен тікелей қатынас кезінде кездесетін əртүрлі жағдайлар, пайымдаулар мен түрлі дəлелдер, əңгіме жəне талас кезінде қолданатын логикалық пай- ымдаулар, қоршаған ортаның өзіндік іс-əрекетін түсіндіруде жиі кездесетін басқа да тəсілдер мен құнды құбылыстар бар екенін ұмытпаған жөн.
6 Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі этникалық ...
Жоғарыда көрсетілген əртүрлі мəліметтерді алу жəне өңдеу барысындағы қолданылатын түрлі тəсілдер бар. Олардың да- му кезеңдері мен ерекшеліктерін анықтау, тарихнамалық талдау əдістерін тиімді пайдалану керек.
Сонымен, бүгінгі таңда тарихи-демографиялық, тарихи-эт- нологиялық жəне т.б. зерттеу тəсілдерінің тұтас жиынтығының жан-жақты қалыптасуы жүріп отыр. Салыстырмалы-тарихи, құ- рылымдық-функционалдық жəне жүйелі тəсілдері жəне т.б. өз да- му деңгейін біршама көтерді.
1.1. Этникалық процестердің теориялық мəселелері 7
І бөлім
Достарыңызбен бөлісу: |