Қоғамның орнықты дамысы:
Қазақстандағы демографиялық ахуалды алатын болсақ қоғамның дамысы бала туудың одан әрі өсуі мен жас мөлшері құрылымында еңбекке қабілетті халықтың үлесін сақтау жағдайында өмір сүрудің орташа ұзақтығының артуымен сипатталатын орнықтылыққа негізделуі тиіс. Бұл мақсаттарға жету үшін:
· тұрмыстық, өндірістік және жол жарақаты, жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулар, тыныс алу органдарының аурулары себептерінен болатын халықтың жалпы өлім-жітімін азайту;
· халықтың ұрпақты болу денсаулығын қорғау жөніндегі шараларды жетілдіру жолымен сәби мен ана өлімін азайту;
· арнайы геронтологиялық бағдарламалар қабылдау жолымен егде жастағы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту;
· білім беру мен еңбекпен қамтуды, тұрғын үймен қамтамасыз етуді, әлеуметтік төлемдер жүйесін қоса алғанда, демографиялық өсудің мақсаттарына барабар әлеуметтік саясат арқылы бала тууды ынталандыру;
· АҚТҚ/ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау (өсу қарқынын төмендету) жөніндегі шараларды іске асыру;
· ел өңірлері бөлінісінде басқару шешімдерінің нәтижелерін талдаумен және дайындаумен демографиялық ахуалға үздіксіз мониторинг жүргізуді ұйымдастыру есебінен қол жеткізілетін болады.
Орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін қазақстандық ұлт салауатты өмірді қалыптастыру жөніндегі міндеттерді түбегейлі шешуді қажет етеді. Яғни, ұлтты сауықтыру мақсатында мынадай:
· темекі шегуді шектеу, жалпы сауда залдарында темекі өнімдерін сатуға тыйым салу, қоғамдық орындарда темекі тартуға тыйым салу және бұқаралық ақпарат құралдарында темекі өнімдерін жарнамалау мен темекіге қарсы науқандар жүргізу, «әсер ету топтарында», яғни дәрігерлер, мемлекеттік қызметкерлер, білім беру саласы қызметкерлері арасында темекі шегуден бас тартуды ынталандыру;
· алкогольді, әсіресе, күшті ішімдіктерді қолдануды шектеу, күшті спиртті ішімдіктерді жарнамалауға тыйым салу, спиртті ішімдіктердің сапасын бақылауды қатайту;
· есірткіні аластатуды насихаттау және есірткіге қарсы қоғамдық иммунитетті қалыптастыруды қоса алғанда, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейту;
· тамақтану стандарттарын жақсарту, халықтың жан басына шаққандағы табиғи шырындар мен сүт өнімдерін тұтынуын ұлғайту, дұрыс тамақтануды насихаттау, ішкі нарықтағы тамақ өнімдерінің сапасын бақылауды күшейту;
· қозғалыс белсенділігін арттыру, оның ішінде тегін спорт және тренажер залдарының, балалардың спорт секцияларының желісін кеңейту, әлеуметтік жарнама арқылы қозғалыс белсенділігін және салауатты өмір салтын ынталандыру;
· «Менің Отаным–Қазақстан» жобасын іске асыру, сондай-ақ гидтер және экскурсия жүргізуші ретінде экологиялық туризмнің белсенді түрлерін ұйымдастыру кезінде жастарды кеңінен тартуды қамтамасыз ету;
· салауатты өмір салтының қағидаларын енгізу және спорт пен экологиялық туризмнің белсенді түрлерін қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттырудың жаңа идеологиясы ретінде ел азаматтарының қабылдауын қалыптастыру жөніндегі жұмысқа жүйелі көзқарасты қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыруды көздейді.
Қазақстандық қоғамның орнықты дамысын қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мақсатының маңызы ерекше. Оның ішінде:
· денсаулық сақтауды дамытудың оңтайлы экономикалық үлгісін таңдау;
· әлемнің үздік мамандарын тарту арқылы жоғары медициналық технологиялар орталығын құру;
· мемлекеттің және мемлекеттік емес ұйымдардың қатысуы арқылы медициналық нарықты дамыту;
· денсаулық сақтауда жан басына қаржыландыруды үнемі арттыру, денсаулық сақтаудың экономикалық жүйесінің маңызды элементтерінің бірі ретінде ерікті медициналық сақтандыруды қолдау;
· халықаралық деңгейдегі санаторий-курорттық және оңалту мекемелер желісін құруды қоса алғанда, Қазақстан табиғатының сауықтыру ресурстарын белсенді пайдалану;
· ана мен бала денсаулығын қорғау, әйелді босандыру жүйесін түбегейлі жақсарту, ұрпақ әкелетін жастағы ерлер мен әйелдер денсаулығын нығайту қажет.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында орнықты дамысты қамтамасыз ету үшін мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
· өнеркәсіп орындарында халықаралық қауіпсіздік стандарттары мен еңбекті қорғауды енгізу;
· жұмыс берушілердің де, сондай-ақ жұмысшылардың да қауіпсіздік талаптарын сақтауы үшін қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін тарату мен жауапкершілігін арттыру;
· тәуекелді бағалау мен оларды басқару жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
· қауіпсіздік нормаларының сақталуы үшін мемлекеттік бақылауды күшейту;
· өндіріс нысандарында еңбекті қорғау мен қауіпсіздіктің тәуелсіз аудитін жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
Кедейшілікке қарсы күрес және әлеуметтік жіктелуді болдырмау мақсатында Қазақстандық қоғамның орнықты дамысын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар аясында, әсіресе ауылдық жерлерде, өзара байланысты шаралар кешенін қабылдау жолымен кедейшілікті жою жөніндегі шараларды қолға алу қажет. Бұндай нәтижелерге қол жеткізу үшін:
· елдің барлық өңірлерінің экономикасының өсуі;
· ауыл шаруашылығын, оның ішінде неғұрлым тиімді қазіргі заманғы аграрлық технологияларды қолдана отырып дамыту;
· әлеуметтік жәрдемақы алған кезде бюрократтық рәсімдерді оңайлатуды қоса алғанда, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру, еңбекпен қамту саясатын жетілдіру;
· кедейшілік проблемасын шешуге ел өңірлеріндегі бизнес-қауымдастықтарды тарту жолымен қол жеткізілетін болады.
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды одан әрі нығайтып қалыптастыру жөніндегі шаралар қатарында:
· жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту;
· патриоттық бағдардағы саяси партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың қызметі арқылы халықтың азаматтық санасын тәрбиелеу;
· жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу жүйесін дамыту;
· орнықты дамысты қамтамасыз ету процесінде жұртшылықтың рөлін күшейту;
· халықтың ақпаратқа қол жеткізуін кеңейту, «электрондық үкіметті» дамыту жолдары секілді шаралар болады.
Мәдениеттің және ақпараттық саясаттың қазақстандық қоғамдағы орнықты дамысы жүзеге асуы үшін:
· республикалық деңгейде, жергілікті және әсіресе ауылдық деңгейде мәдениет ұйымдарын басымдықпен құру және оларды қолдау;
· Қазақстанның жалпыұлттық және бүкіләлемдік маңызға ие палеонтологиялық, археологиялық және сәулет ескерткіштерін сақтау жөнінде шараларды қабылдау;
· қазақстандық мәдениет пен өнердің озық жетістіктерін халықаралық деңгейде насихаттау;
· отандық мәдениеттің жалпы маңызға ие бағыттарын, ең алдымен, кино өнері, халықтық және симфониялық музыка, драма театры, опера және балет, айтыс, бейнелеу өнерін қолдау;
· бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысында отансүйгіштік бағыт пен кәсіби мәдениетті арттыру;
· ақпараттың қоғамдағы еркіндік қағидалары негізінде жұмыс істейтін Интернет желісінің қазақстандық сегментін құру жолымен қамтамасыз етілетін болады.
Қазақстан Республикасындағы білім беру мен ғылыми зерттеу жүйесі орнықты дамыстың мақсаттары мен қағидаларына сай болады. Орнықты даму мақсатында білім беру мен ғылымды жетілдіру үшін:
· адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру және жеке адам мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының басымдықтарын ескере отырып, көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жаңғыртуды қамтамасыз ету;
· елімізде халықаралық деңгейдегі бірқатар таңдаулы оқу мекемелерін және студенттер қалашықтарын (кампустар) құру;
· ғылыми-әдістемелік деңгейде білім беруді жаңғырту, оқу, ғылыми зерттеу мен өндірістік процестердің өзара байланысын қамтамасыз ететін мүлде жаңа құрылымдар құру;
· оқушылардың жобалау, шешімдер қабылдау және шығармашылық жұмысты орындау, инновацияның жоғары деңгейін қолдау сияқты жаңа қабілеттері мен дағдыларын дамыту мақсатында орта мектепте технологиялық даярлықты енгізу;
· елдің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындау;
· оқушылардың түрлі санаттарының сапалы білім алуға тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, жоғары сынып оқушыларын олардың жеке қабілеттері мен білім алуды жалғастыруға қатысты ынта-ниеттеріне, еңбек нарығында өзін көрсете білуіне және өз орнын табуына сәйкес оқыту үшін жағдай жасау;
· оқушыларды әлеуметтендірудің кең мүмкіндіктерін жасау, мектеп түлектерін кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруге тиімді даярлау;
· республикалық деңгейде де, өңірлік деңгейде де жоғары ғылыми білікті мамандарға деген болжамды қажеттілікті айқындай отырып, республиканың кадр әлеуетіне тұрақты мониторинг жүргізу;
· тез арада нәтижесін беретін ғылыми бағыттарды ғана емес, тұтас алғанда қоғамның орнықты дамуының аса маңызды элементі болып табылатын ғылыми жұртшылықты қолдау арқылы өзіміздің де, сондай-ақ шетелдің дәстүрлерін де бағдарға алатын отандық ғылымды реформалау;
· ғылым мен өндірістің байланысын іске асырудың маңызды шарты ретіндегі ұлттық инновациялық жүйені (ҰИЖ) қалыптастыру;
· отандық ғылыми жетістіктерді практикаға енгізуді ынталандыру;
· мақсатты өндірістік сұлбалар жергілікті жағдайларға бейімделген технологияларға, қоршаған ортаны оңалту технологияларына, сондай-ақ дәстүрлі білімдерге сүйенетін технологияларға негізделуі үшін перспективалы технологиялық әзірлемелер саласында зерттеулер мен ізденістерді орындау үшін технологиялық институттар құру және оларды қаржымен қамтамасыз ету;
· зияткерлік меншікті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, патенттерді пайдалану, ғылыми зерттеулер нәтижелерін пайдалану кезінде шетелдік және отандық инвесторлармен, жеке кәсіпорындармен құқықтық қатынастар орнату арқылы жүзеге асырылатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |