Қазіргі әлеуметтік-экологиялық мәселелер және Тұрақты даму. Жоспар



бет3/6
Дата12.09.2023
өлшемі202.91 Kb.
#477366
1   2   3   4   5   6
Лекция 1

Экономиканың орнықты дамысы:
Ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру. Осы бағыттағы Қазақстанның орнықты дамысын қамтамасыз ету үшін:
· шикізат секторының үлесін біртіндеп азайта отырып, экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру;
· ғылымды және инновацияларды ынталандыру негізінде өзіне ұқсас шетелдік үлгілерден асып түсетін «технологиялық озуды» дамыту;
· қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы технологияларын енгізу;
· біріккен экономикалық және экологиялық ұлттық есептерді жүргізу жолымен табиғатты ұқыпсыз пайдаланудан болатын ұлттық байлықтың ысырабын есепке алу;
· жер, су, орман, минералдар және өзге де ресурстарды пайдаланудың экологиялық әдістерін қоса алғанда, табиғат пайдалануға деген осы заманғы ғылыми негізделген көзқарасты енгізу;
· энергетикалық шығындарды еңсеру саласындағы арнайы мемлекеттік бағдарламаларды, біртұтас саясатты іске асыру барысында отандық экономиканың энергиялық тиімділігін арттыру;
· ел экономикасын технологиялық қайта жарақтандыру, осы заманғы технологияларды пайдалануды ынталандыру және ескірген технологиялар мен жабдықтарды әкелуге тыйым салу;
· ұлттық экономика құрылымындағы табиғи ресурстарды пайдаланатын кәсіпорындар үлесін қысқарту, ғылымды қажет ететін, табиғатты сақтайтын жоғары технологиялық өндірістерді дамыту;
· алынған пайдалы қазбаларды және өндірілген биологиялық ресурстарды міндетті пайдаланудың өлшемдерін белгілеу;
· қалдықтарды орналастыру полигондарында жинақталған бағалы материалдарды қалпына келтіру және пайдалану;
· ауыл шаруашылығы жерлерін жайластыру және табиғи ландшафтарға бейімделген ауыл шаруашылығын жүргізу жүйелерін енгізу, экологиялық таза ауыл шарушылығы технологияларын дамыту, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі табиғи топырақ құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру;
· табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланудың қандай да түрін болдырмау және жолын кесу, табиғатқа бағытталған қастандыққа және биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы күрес жүргізу;
· шаруашылық қызметтің барлық салаларына ресурс үнемдейтін және қалдықсыз технологияларды енгізуді ынталандыру;
· қалпына келтірілетін көздерді және қайталама шикізатты пайдалануды қоса алғанда, экологиялық тиімді энергия өндіруді қолдау;
· ресурстарды ұтымсыз пайдалануға, оның ішінде энергия ресурстарын ауада жағуға тыйым салу;
· энергия мен шикізаттың тасымалдау кезіндегі, оның ішінде энергия өндіруді экологиялық негізделген орталықтан алу есебінен олардың ысырабын азайту, ұсақ тұтынушыларды энергиямен қамсыздандыру жүйесін оңтайландыру;
· көліктің, көліктік коммуникация мен отынның экологиялық қауіпсіз түрлерін, оның ішінде көміртекті емес түрлерін жаңғырту және дамыту;
· ірі қалаларда негізгі қозғалыс түрлерін экологиялық қауіпсіз қоғамдық көлікке көшіру;
· экологиялық қауіпсіз технологияларды дамыту, тұрмыстық-коммуналдық кешенді қайта жаңарту;
· барынша ұзақ пайдалануға есептелген тауар өндірісін қолдау жолдарымен жүзеге асырылады.
Орнықты технологияларды енгізу. Республиканың орнықты дамысын қамтамасыз ету шарасы техникалық әлеует құру бағытында өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетикада, сумен жабдықтауда, қала шаруашылығын басқаруда және көлікте орнықты, экологиялық таза және экономикалық жағынан тиімді технологияларды енгізумен тікелей байланысты болады.
Мұндай технологиялар қоршаған орта үшін ыңғайлы және қауіпсіз өндірістік сұлбаларды, қажетті коммуникативтік және ақпараттық құралдарды, сондай-ақ басқару мен есеп берудің жаңа тетіктерін (экологиялық маркетинг және менежмент, сақтандыру, табиғат қорғау қызметін есепке алу, ұтымды табиғат пайдалану жүйесі және басқалар) өз ара үйлестіретін кешенді жүйелер болып табылады.
Қазақстан индустриясын дамытудың стратегиялық бағыттағы болашақ міндеті кешенділікте, қалдықты аз шығаруда, ресурстық және энергиялық тиімділікте, сондай-ақ экологияны бұзу себептерін жоюға басым мән бере отырып, өндірістік жүйені барынша тұйықтауда өнеркәсіптік технология түрлерін қайта жаңарту болып табылады. Орнықты технологиялық үлгі әдеттегі өндірістік сұлбадан жаппай өндіру тәсілімен, жоғары жылдамдығымен, экономикалық тиімділігімен, орталықтан бақылаумен және стандартталуымен, адам факторына бағдарлануымен, қоршаған ортаға ізгілікті қарым-қатынасымен, қалдықтарды қайтадан кәдеге жаратумен және пайдалану жеңілдігімен ерекшеленеді.
Өндірістік салада орнықты дамыс міндеттеріне қол жеткізу үшін:
· өздерінің көрсеткіштері бойынша отандық және шетелдік ұқсас үлгілерден асып түсетін озық технологиялардың басымдығын қамтамасыз ету;
· жаңадан енгізілетін, не импортпен әкелінетін технологиялардың бәсекеге қабілеттілігі мен экологиялық қауіпсіздігіне сараптама жүргізу;
· өндірісті экологиялық тұрғыда қайта жабдықтау және экологиялық жаңғырту аясында алдын алу сипатындағы маңызды шаралар болып табылатын технологияларды басқарудың жаңа үлгілерін енгізу;
· шаруашылық қызмет практикасына ұзақ мерзімді жоспарлау жүйесін, қаржылық реттеу тетіктерін, қоғамдық қолдау шараларын, дамыған инновациялық құрылымдарды, инфрақұрылымды жаңғырту мен өзгерту жағдайларын қоса алғанда, орнықты технологияларды енгізу мақсатында шешімдер қабылдау және жаңа инфрақұрылымды қалыптастыру үшін құралдар әзірлеу қажет болады.
Жаңартылатын ресурстарды және балама энергия көздерін тиімді, әрі ұтымды пайдалану. Қазақстан Республикасында жаңартылатын ресурстарды және балама энергия көздерін тиімді және ұтымды пайдалану мақсатында:
· жер, су, орман, балық, өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы ресурстары мен жаңартылатын энергияларды пайдаланудың неғұрлым қазіргі заманғы технологияларын енгізу;
· гидроэнергетикалық ресурстарды, күн және жел энергетикасы нысандарын және басқа жаңартылатын ресурстар мен балама энергия көздерін ұтымды пайдалануды ынталандыру;
· энергияны, ресурстарды сақтау мен жаңартылған энергия көздерін қолданудағы халықаралық тәжірибені тарату бойынша орталықтар құру сияқты шаралар қабылдау қажет болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет