Қазіргі кезеңде бүкіл көлік және ауыл шаруашылығы техникасының қозғаушы күші механикалық энергия негізінен органикалық отынның қызуынан алынады


Курстық жобаның көлемі, құрамы және жасалуы



бет2/5
Дата25.02.2016
өлшемі0.61 Mb.
#19553
1   2   3   4   5

2.2 Курстық жобаның көлемі, құрамы және жасалуы

Курстық жоба ПМУ ҰС 7.18.3-10 стандартқа сай А4 форматта компьютерде терілген көлемі 25 – 35 бет түсіндірме-есептемелік жазбадан және А3 форматта жасалған графикалық бөлімнен тұрады.

Түсіндірме жазбада тапсырма шартын ескере отырып, мотордың жұмыс циклін есептеу, жылу балансын құру, индикаторлық диаграммасы мен сыртқы жылдамдық сипаттамасын есептеу мен тұрғызу және мотордың салқындату немесе майлау жүйесін есептеу беріледі. Сонымен қатар мұнда мотордың сыртқы жылдамдық сипаттамасы (СЖС) бойынша есептемелік көрсеткіштер мен түпнұсқа мотордың техникалық сипаттамасында (мотор құжатында) келтірілген тиімділік көрсеткіштері салыстырмалы түрде талданып, қорытынды жасалады.

Мотордың жұмыс циклі мен жылу балансын есептеу микрокалькулятордың көмегімен атқарылады. Аяқталған есеп нәтижесін көрнекі түрде кестеге жинақтаған ыңғайлы. Мотордың СЖС-ын есептеу үшін арнайы жасалған компьютерлік бағдарламаны пайдалану қажет.

Жазбада есептеме өрнектері, коэффициенттер мағынасы мен есеп нәтижелері, графикалық бөлімге енбеген сызбалар көрсетіледі. Есеп өрнегі бір жолда, нәтижесі келесі жолдарда жазылуы қажет (өлшем бірлігі мәтінде көрсетіледі).

Түсіндірме-есептемелік жазбаның құрылым үлгісі :



Мазмұны





Кіріспе

3

1

Бензин моторының (дизельдің) жұмыс циклін есептеу

4

1.1

Жұмыстық зат өлшемдері

4

1.2

Енгізу процесі

7

1.3

Сығымдау процесі

9

1.4

Жану процесі

10

1.5

Ұлғаю процесі

13

1.6

Жұмыс циклінің индикаторлық көрсеткіштері

15

1.7

Мотордың тиімді көрсеткіштері

17

2

Мотордың жылу балансын есептеу

19

3

Индикаторлық диаграмма тұрғызу

20

4

Мотордың сыртқы жылдамдық сипаттамасын есептеу және талдау

22


4.1

Сыртқы жылдамдық сипаттаманы есептеу

24

4.2

Мотордың сыртқы жылдамдық сипаттамасын және тиімді көрсеткіштерін талдау

25

5

Мотор жүйесін (салқындату немесе майлау) есептеу

26

5.1

Жалпы мәлімет

26

5.2




27




Әдебиеттер

Қосымша (қажет болса)



30

Кіріспе тарауда студент тапсырманы зерделеген соң курстық жобаның мақсаты мен орындалатын жұмыс көлемін қысқаша сипаттайды. Сонымен қатар өз варианты бойынша тапсырмалық мәліметті келтіруі қажет.


Тапсырмалық мәлімет
Вариант – №... (шифрдің соңғы 2 саны)

Мотор үлгісі –

Сығымдау дәрежесін Δε ұлғайту (бензин моторы үшін) –

Үрмелеу қысымы рк (дизель үшін) –

Тиімді қуат – ... кВт

т.б. 2-кестеден алынған техникалық сипаттама өлшемдері


4.2-тарау студенттің өздік жұмысының деңгейін көрсетеді, сондықтан бұл тарау есеп нәтижелеріне негізделіп, мұқият жасалуға тиіс.

Жобаның графикалық бөлімі КОМПАС, T-flex, Auto-CAD бағдарламаларының көмегімен А3 форматтағы 3 парақта жасалады:

1-парақ – р-V координат жүйесінде салынған индикаторлық диаграмма және оны тұрғызуға қажет есеп өлшемдері жинақталған кесте;

2-парақ – сыртқы жылдамдық сипаттама мен оны бейнелеуге қажет есеп өлшемдері жинақталған кесте;

3-парақ – мотордың салқындату немесе майлау жүйесінің сұлбасы мен есептемелік өлшемдері.

Графиктер бейнеленген жүйенің координат өстерінде әрбір өлшемнің белгісі мен бірлігін көрсету өте маңызды, ал тең аралықтарға бөлінген шкала өлшемнің өзгеру ауқымын толық қамтуы қажет. Мысалы, СЖС бойынша Ne 48,5 кВт (min) шамасынан 156 кВт (max) дейін өзгерсе, шкала 40–160 кВт ауқымында бейнеленіп, аралық интервал 20 кВт болғаны дұрыс.

Графикалық бөлімді бейнелеу үлгісі А қосымшасында көрсетілген.
3 Бензин моторының жұмыс циклін есептеу
3.1 Жұмыстық заттың өлшемдерi

Автомобиль бензинiнiң орташа элементтiк құрамы:

- көмiртегi ;

- сутегi ;

- молекулалық массасы  кг/кмоль;

- төменгі қызуы  кДж/кг.

1 кг бензиннiң толық жануы үшiн ауаның теориялық тұрғыдан қажеттi мөлшерi:



Берілген қосынды құрамына (a = 1) сәйкес нақты ауа мөлшерi, кг



Жанғыш қосындының жалпы мөлшерi



Қоламта газ компоненттерiнiң мөлшерi (К = 0,5), кмоль/кг





a = 1 болғандықтан .





Қоламта газдың жалпы мөлшерi, кмоль/кг



Қоламта газдың көлемдiк өзгеруi, кмоль/кг



Mолекулалық өзгерудiң теориялық коэффициентi




3.2 Толтыру процесi

Есептеуге қажет кейбір өлшемдерді – атмосфералық ауа қысымы ро = 0,1 МПа, температурасы То=288 К, таза түсiмнiң жылыну дәрежесi ΔT = 288 К, қалдық газ қысымы рr = (1,10–1,25)·ро МПа, температурасы Тr = 900–1100 К деп aлдын-ала тұспалдаймыз.

Таза түсiм нығыздығы, кг/м3

мұндағы  – ауанын молекулалық массасы,  кг/кмоль;



– әмбебап газ тұрақтысы,  кДж/(кмоль·град).

Толтыру соңындағы газ қысымы





 – енгiзу жүйесiнің қарсылық коэффициенті. Бензин бүркіп берілетін қазіргі моторлар үшін 

ωен – енгiзу жүйесiндегі газдың орташа ағыны ωен = 50–130 м/с.

Ескертпе: ωен шамасы мотордың айналым жиілігіне байланысты: егер nном жоғары болса, ωен мөлшерін ұлғайтып алу қажет!

Аталмыш қысымның өзгеру ауқымы, МПа

Қалдық газ коэффициентi



Бұл жерде ε – сығымдау дәрежесі. Есептеу барысында ε шамасын тапсырма шартына сай қабылдау қажет!

Толтыру соңындағы температура, К

Толымдылық коэффициентi




3.3 Сығымдау процесi

Сығымдаудың политроптық көрсеткiшiн n1=1,34-1,38 аралығында қабылдаймыз.



Ескертпе: Осы арада және бұдан әрі белгілі бір аралықта өзгеретін шаманың орташа мөлшерін қабылдайды!

Сығымдау соңындағы газ қысымы, МПа



Сығымдау соңындағы температура, К




3.4 Жану процесi

Молекулалық өзгерудiң нақты коэффициентi



Мұндағы μТ және γr ілгері есептелген.

Жұмыстық қосынды жанғанда бөлінетін жылу мөлшері, кДж/кмоль.



Ни – бензиннің төменгі қызуы (жоғарыда берілген).

ΔНи  әсерінен шала жану нәтижесiнде бөлiнбейтiн жылу мөлшерi. Тапсырма шарты бойынша , демек ΔНи = 0.

Жұмыс циклінің максимум температурасын жану теңдеуінен табамыз



Жану барысындағы жылуды пайдалану коэффициентiн лайықталған режим үшін = 0,90 – 0,98 аралығында қабылдаймыз.

Таза түсiмнiң жылу сыйымдылығын ауаның жылу сыйымдылығына тең деп есептейміз, кДж/(кмоль·град)

мұндағы , ˚ С.

Қоламта газдың жылу сыйымдылығы оның компоненттерiнiң жиынтық жылу сыйымдылығына тең, олай болса, кДж/(кмоль·град)







Ескертпе: Компоненттер мөлшері есептеу басында анықталған!

Анықталған жылу сыйымдылығын жану теңдеуіне (1) қойсақ, ол бір белгісізі  бар квадраттық тендеуге айналады, ºС







а, в және с – белгілі сандық шамалар.

(4) теңдеуді шешу нәтижесінде жану температурасын анықтаймыз, К



Жану процесiнiң есептемелiк максимум қысымы, МПа



Нақты циклдің максимум қысымы, МПа



Қысым көтерiлу дәрежесi





3.5 Ұлғаю процесi

Ұлғаю политропасының көрсеткiшiн n2=1,23 – 1,30 аралығында қабылдаймыз.

Ұлғаю соңындағы газ қысымы, МПа

Ұлғаю соңындағы температура, К



Мұнан әрі бұрын қабылданған қалдық газ температурасының Tr дұрыстығын тексеру қажет, %





Ескертпе: Егер Δ шамасы 10 % асып кетсе, Tr шамасын жаңадан қабылдап, есепті қайта жасау керек.
3.6 Циклдің индикаторлық көрсеткiштерi

Индикаторлық орташа қысым, МПа



Индикаторлық диаграмманы жұмырлау коэффициентi jи = 0,95 – 0,98 деп есептеп, нақты индикаторлық орташа қысымды анықтаймыз, МПа



Индикаторлық үлестiк отын шығыны, г/кВт сағ



Циклдің индикаторлық ПӘК





 шамасын МДж өлшемімен есептейді.
3.7 Мотордың тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Лайықталған (nном) режимдегі пiспектiң орташа жылдамдығы, м/с



Бұл жерде S – піспек жүрісі, м.

Механикалық шығынның орташа қысымы, МПа

Циклдің тиiмдi орташа қысымы, МПа



Мотордың механикалық ПӘК



Тиiмдi үлестiк отын шығыны, г/(кВт·сағ)



Мотордың тиiмдi ПӘK



Жұмыстық көлемі белгілі мотордың тиімді қуаты, кВт



мұнда τ – ырғақтылық коэффициенті, τ = 4.

Сағаттық отын шығыны, кг/сағ

Мотордың тиімді айналдырғыш моменті, Нм





4 Дизельдің жұмыс циклін есептеу
4.1 Жұмыстық заттың өлшемдерi

Дизельдiк отынның орташа элементтiк құрамы:

- көмiртегi C = 0,870;

- сутегi Н = 0,126;

- ерiген оттегi Ое = 0,004.

-төменгі қызу Hu = 42500 кДж/кг

1 кг отынның толық жануы үшiн қажет теориялық ауа мөлшері (массалық l0, кг, және көлемдік L0, кмоль)



Цилиндрге түсетiн ауа мөлшерi, кмоль





α – жанғыш қосындының құрамдық коэффициенті. Үрмелеу қысымы жоғары дизель үшін α = 1,8 – 2,0 аралығында қабылдауға болады.

Қоламта газдың жалпы мөлшерi, кмоль



Қоламта газ компоненттерiнiң мөлшерi, кмоль









Mолекулалық өзгерудiң теориялық коэффициентi




4.2 Толтыру процесi

Есептеуге қажет кейбір өлшемдерді – атмосфералық ауа қысымы ро = 0,1 МПа, температурасы То = 288 К, таза түсiмнiң жылыну дәрежесi ΔТ = 0 – 10 К деп aлдын-ала тұспалдаймыз.

Газ турбиналық үрмелі дизель үшін қалдық газ қысымын рr = (0,90 – 0,98)·рk, МПа, аралығында (баяу жүрісті мотор үшін рr төмендеу!), температурасын Тr = 700 – 900 К аралығында қабылдайды.

Үрмелі моторда цилиндрге түсетін ауа компрессордан өткенде қызады. Сондықтан оның температурасын анықтау қажет, К



мұндағы рк – үрмелеу қысымы (тапсырмаға сәйкес).

Таза түсiм нығыздығы, кг/м3



 – ауаның үлестік газ тұрақтысы, кДж/(кмоль·град).

Толтыру соңындағы газ қысымы, МПа





b2+x – енгiзу жүйесiнің қарсылық коэффициенті, b2+x = 2,5–3,5;

ωен – енгiзу жүйесiндегі газдың орташа ағыны, ωен=50 – 130 м/с.

Ескертпе: ωен шамасы мотордың айналым жиілігіне байланысты: егер nном жоғары болса, ωен мөлшерін ұлғайтып алу қажет!

Қалдық газ коэффициентi



Толтыру соңындағы температура, К



Толымдылық коэффициентi




4.3 Сығымдау процесi

Сығымдаудың политроптық көрсеткiшiн  = 1,34 – 1,38 аралығында қабылдаймыз.



Ескертпе: Осы арада және бұдан әрі белгілі бір аралықта өзгеретін шаманың орташа мөлшерін қабылдайды!

Сығымдау соңындағы қысым, МПа



Сығымдау соңындағы температура, К




4.4 Жану процесi

Молекулалық өзгерудiң нақты коэффициентi



Мұндағы μТ және γr ілгері есептелген.

Жұмыстық қосынды жанғанда бөлінетін жылу мөлшері, кДж/кмоль


 – дизельдік отынның төменгі қызуы (жоғарыда берілген).

Жұмыс циклінің максимум температурасын жану теңдеуінен табамыз





Газ турбиналық үрмелі жүрдек дизельде жану барысындағы жылуды пайдалану коэффициентiн лайықталған режим үшін , қысым көтерілу дәрежесін  аралығында қабылдаймыз.

Таза түсiмнiң жылу сыйымдылығын ауаның жылу сыйымдылығына тең деп есептейміз, кДж/(кмоль·град)

Мұндағы .

Тұрақты қысым жағдайында қоламта газдың орташа жылу сыйымдылығы, кДж/(кмоль·град)

Тұрақты көлем жағдайында қоламта газдың орташа жылу сыйымдылығы, Дж/(кмоль·град)










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет