Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары



бет9/16
Дата19.06.2022
өлшемі225 Kb.
#459345
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
dip -qazirgi-pedagogikadagy-tarbie-adisteri-quraldary

Қоғамдық пікір. Тәрбиешінің балаларға қоятын талабы ең алдымен ұжымның талабы екендігін түсіндіру керек. Ал ұжымның талабы жалпы қоғамдық пікірдің көрінісі болып табылады. Сондықтан ұжым жағдайында іс - әрекетті ұйымдастыру және мінез – құлықты қалыптастыруда қоғамдық пікірді туғызу негізгі әдістің бірі болып табылады.
Қоғамдық пікір ұжым мүшесінің, кей жағдайда жекелеген топтардық іс - әрекетін, қылығын бағалағанда тәрбие әдісі ретінде іске асады. Ұжым мүшелерінің жиналыста, линейкада, жиындарда, митингте, жергілікті баспасөзде және дөңгелек стол басында, ашық әңгімеде сөйлеуі қоғамдық пікірдің негізгі формалары болып табылады. Олардың пікірлерінде немесе қабылдаған шешімдерінде тек қана кемшіліктердісынау емес, алда тұрған міндеттерді жүзеге асырудың да жолдары айтылады.
Қоғамдағы жаңару процесі және қайта дамыту, тереңдету шын мәніндегі қоғамдық пікірді орнатумен байланысты. Жастардың демокра-тиялық – жариялылық, принцип негізінде өздерінің позициясын білдірудегі ашық пікірлері, таластары, мүдделерін жүзеге асыруы әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге белсене қатысуымен ұштасуы керек. Бұл бүгінгі күн тәртібіндегі педагогиканың ірі проблемасы екені мәлім.
Сондықтан соңғы кезеңде мектеп тәжірибесінде тәрбие әдісі ретінде балалармен тең дәрежеде, кеңінен, ашық, адал, еркін сөйлесе білуге, шындықты бүкпесіз айтуға үйрету қоғамдық пікірді орындатудың тиімді әдісіне айналып отыр. Мектеп оқушыларының әлеуметтік – саяси бағыттарын анықтау мақсатымен мынадай тақырыптарда қоғамдық пікір алысу әңгімелерін өткізуге болады: «Демократиялық және жариялылық жағдайында еңбек және тәртіптің орны қандай?», «Халықтың рухани байлығын игеруде көркем әдебиет пен өнердің алатын орны туралы пікіріңіз?», «Ұлттық мәдениетті дамытуға сіздің қосатын үлесіңіз», «Жеке адамның құқығы дегеніміз не?», «Оны сақтаудың, қорғаудың жолдарын білесіз бе?», «Экология проблемасы неге қазіргі кезде күн тәртібіне қойылып отыр?», «Оның болашағы туралы пікіріңіз?».
Тәрбие әдістерінің тобына тәрбиелеушілердің мінез – құлықтары мен іс - әрекеттерін ретке келтіру, дер кезінде түзету және ынталандыру қызметін атқаратын әдістер біріктірілген. Бұл әдістерді қолдануда педагогикалық – психологиялық тұрғыдан ескеретін жағдайдың бірі – бала тәрбиенің тек қана объектісі емес, сонымен бірге ол тәрбиенің субъектісі екендігі.
Баланың табиғатында «мен өзім» деген белсенділігі бар, сондықтан ол тәрбиеленушілердің әрекетіне және өздерінің мінез – құлықтары мен іс - әрекеттеріне тәрбиешілердің берген бағасына олар селсоқ қарай алмайды. Сондықтан адамды тәрбиелеу кезінде баланың үнемі өзін - өзі тәрбиелеуі қатар жүріп отыруы қажет екендігі ескеріледі.
Тәрбие әдісінің үшінші тобына мадақтау, жазалау және ұйымдастыру әдістері жатады. Олар мектеп оқушыларының қылықтары мен іс - әрекет-терін қуаттау немесе айыптау, олардың жағымды қылықтарын мадақтау, ал теріс қылықтарын тежеу мақсатында қолданылады.
Мадақтау – оқушылардың тәртібін, мінез – құлқын бағалап және көтермелеп отыруда педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы болып табылады.
Мадақтау оқушының өзінің адамгершілігіне сезінуіне, өзінің мінез – құлқы мен көңіл – күйіне бақылау жасауға, өзін - өзі тәрбиелеуге көмектеседі. Мадақтау әдісі арқылы оқушы өзінің мінез – құлық қандай болуы керектігін түсінеді, өзінің бойындағы жағымды мінез – құлықты дамытып, өз ісінің дұрыстығын көріп, өзіне сенімділігі артады. Жақсы істерді жал мінез – құлық қандай болуы керектігін түсінеді, өзінің бойындағы жағымды мінез – құлықты дамытып, өз ісінің дұрыстығын көріп, өзіне сенімділігі артады. Жақсы істерді жалғастыруға тырысады. Мадақтаудан алған әсері оқушыны теріс әрі келеңсіз істерден сақтандырып отырады.
Мадақтаудың түрлері өте көп. Мектеп тәжірибесінде мадақтау, мақұлдау, алғыс айту, мақтау, сыйлық беру сияқты түрлері бар.
Жазалау – педагогикалық ықпал етудің бір жолы. Мұғалім мектептегі жазалау шарасына ерекше ептілікпен әрі ойланыпқарауы тиіс. Жазалау баланың жағымсыз мінез – құлқы мен іс - әрекетінің теріс екендігін түсіндіру және оқушының ұжым алдында жасаған қылмысына айыпты екендігін ұғындыру және істеген теріс іске қынжылатындай мақсатын көздейді. Жазалау әдісін қолдануда ескерілетінкейбір талаптар:

  • оқушыға жаза қолданғанда талап қоя білу және оқушының басына құрметпен қарай білу принципін ұштастыру керек;

  • жазаның еш уақытта кек алу, баланың жеке басының адагершілік қасиетін кеміту, намысын қорлау, жәбірлеу түрінде болмауын ескеру керек;

  • жаза қолдануда әділеттілік қажет. Әділетсіз және негізсіз жаза балаларды тәрбиеленушілерден алыстатып, олардың ұжымнан бөлектенуіне әкеліп соғады;

  • жаза қолдануда педагогтік әдепті сақтау жазалаудың тәрбиелік тиімділігін арттыра түседі;

Тәжірибелі педагогтер жаза қолдануда оқушылар ұжымының көмегіне қолдауына арқа сүйеді.
Жазаның түрлері оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сай болуы керек. Сонымен қатар жазалау тәрбиенің басқа тәсілдерімен байланысты болуы шарт. Мектеп тәжірибесіне арнайы қабылданған нұсқау бойынша жазалаудың түрлері: ескерту, сөгіс, оқушының тәртібі жөнінде бағасын төмендету шаралары қолданылады.
Жарыс. Мектеп жағдайында мінез – құлық пен іс - әрекетті ынталандыру әдісі. Жарыс әлеуметтік – психологиялық фактор ретінде жастардың бір – бірімен еңбектегі, спорттағы, өнердегі табыстарын көрсету үшін қолданылады. Жарыс оқушының іс - әрекетіне жаңа серпін жаңа ой – сезім және баланың өзіне жаңа талап қоюына мүмкіндік туғызады.
Тәрбие әдісінің төртінші тобына тәрбие процесін жетілдіру талаптары мен оның барысында, нәтижесінде объективті баға беру әдістері жатады. Тәрбиенің бұл топтағы әдістерін қолдануда тәрбиеші мен тәрбиеленуші-лердің тәрбие процесіндегі бағыт – бағдары үйлеспеген жағдайда тәрбие әрекеті, тәрбие ықпалының нәтижесі жоққа шығады, ал кейде келеңсіз оқиғаларға душар болады. Ондай кезде қайта тәрбиелеу ісімен шұғылдануға тура келеді.
Сонымен, тәрбие әдістерінің ықпалын, оның сапасын және нәтижесін зерттеу, дәрежесін айқындау және талдау үшін мінез – құлықпен іс - әрекетке бақылау жасау, адамның өзін - өзі бақылауын ұйымдастыру және өзіне - өзі баға беруді жүзеге асыру әдістері қолданылады.
Тәрбие процесінде әр әдістің жеке оқшауланған құралдары шешуші орын алмайды, керісінше, ол әдістер бір – бірімен үйлесімді ұйымдастыры-лып, жүйелі қолданғанда ғана нәтижесі болады.
Тұтас педагогикалық процесте оқушылардың мінез – құлқы мен іс - әрекетіне педагогикалық байқау, бақылау жүргізу, олардың өзін - өзі тәрбиелеуін ұйымдастыру тәрбие жұмысының нәтижелерінің көрсеткіші бола алады.
Осыған орай тәрбиі әдісі ретінде педагогикалық теорияда педагогикалық байқау, тәрбиелікті анықтауға арналған әңгімелер өткізу, ауызша және жазбаша анкета толтыру, тестілерұйымдастыру, тәрбиелік мақсат көзделген шығармалар жазу, оқушыларды өзін - өзі сендіруге үйрету, оқу – тәрбие процесінің барысындағы оқушылардың барлық іс - әрекеттеріне талдау жасау, қорытынды шығару әдістері айқындалған.
Қазіргі мектеп тәжірибесінде бұл әдіс әрбір баланың өзіндік педагогикалық – психологиялық ерекшелігін тану, дамыту мақсатында кеңінен қолданылып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет