Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары


Тәрбие әдістеріне сипаттама, оларды таңдау және тиімді пайдалану



бет8/16
Дата19.06.2022
өлшемі225 Kb.
#459345
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
dip -qazirgi-pedagogikadagy-tarbie-adisteri-quraldary

2.2. Тәрбие әдістеріне сипаттама, оларды таңдау және тиімді пайдалану.

Педагогикалық талап әдісі әртүрлі іс - әрекеттердің бір түріне тежеу, ал енді бір түрін күшейту мақсатымен тәрбиеленушінің санасына педагогикалық ықпал жасау екендігі тәрбие әдісінің теориясында айқындалған.


Оқушылардың ұжымын ұйымдастыруда педагогтің талап қоюы шешуші роль атқарады. Мұнда нақтылы педагогикалық жағдайға байланысты талаптың түрі, мазмұны іріктелінеді. Тәрбиешінің қатынасы педагогикалық талаптың нәтижелі болуына ықпал жасайды. Тұтас педагогикалық процестер тәрбиеленушіге педагогикалық талап қоюмен, дұрыс іс істеуге мәжбүр етуді сабақтастырып отыру заңдылығын жүзеге асыру көзделінеді.
Жаттығу әдісі. Тәрбие әдісінің жүйесінде жаттығу елеулі орын алады. Жаттығу мінез – құлықтың нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешінің әр түрлі іс - әрекетті ұйымдастыру арқылы оқушыларды тәрбиелеудің ерекше әдісі ретінде қарастырылады.
Жаттығу әдісінің құндылығы мынада: педагогикалық процесте тәрбиеленушілердің орындайтын жаттығулары тәрбиешінің талаптарын орындаумен ғана емес, ең алдымен, осы жаттығуларды орындау барысында өзінің адам игілігіне қажет еңбегімен көріне алатындығында.
Адамның басқалар үшін қамқорлық жасай алатынын сезінуі оның қуаныш, ризашылық көңіл – уүйін білдіруінде.
Жаттығудың басқа әдістерден ерекшелігі тәрбие процесінің екі жақты заңдылығы жүзеге асыратын ең тиімді әдіс екендігінде. Себебі жаттығу әдісі бойынша оқушы объект жағдайынан субъект жағдайына жеткізуге мүмкіндік береді. Біз қарастырып отырған жаттығу әдісінің ішкі құрылысының күрделілігі мынада: мектеп тәжірибесінде үйрету әдісін қолданғанда бала көбіне тапсырманы сырттай механикалық тұрғыда орындауға әуес келеді. Ал жаттығу әдісінің педагогикалық – психологиялық ерекшелігі – орындалатын жаттығулар мен әрекеттер баланың жеке басының ішкі қасиетіне айналуымен сипатталатындығында. Сондықтан тәрбиеленушіге арнайы тапсырма беруде ең алдымен баланың ішкі мүмкіндігін, күшін, бағытын жан – жақты терең зерттеп білу керек. Сол арқылы тәрбиеленушінің қоғамдық белсенділігін басқарып, оның бойында әлеуметтік жалпы адамзаттық адамгершілік қасиеттің дамуын және оның дұрыс іс – қимыл мен мінез – құлық дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туады.
Қоғамдық мінез – құлықты қалыптастыру және іс - әрекетті ұйымдастыру тобындағы әдістің бірі – тәрбиеленушілік ситуацияларды туғызу әдісі.
Тұтас педагогикалық процесте жеке адам әртүрлі әрекеттер барысында қалыптасып дамиды. Сондықтан бала өмірінің, оның өзін айнала қоршаған ақиқатпен қарым – қатынасын ұйымдастыру ісі белгілі міндетті шешуге барынша жауап беретіндей, оның талабына сай ұйымдастырылуы керек. Дәлірек айтқанда жеке басының іс - әрекетінде педагогикалық тәрбиелеу-шілік ситуациялар туғызу керек.
Балаға өмірде әртүрлі ситуацияларды шешуге тура келеді. Арнайы зерттеулер тәжірибесі бұл жағдайда баланың дайындығы жеткіліксіз екендігін дәлелдейді. Сондықтан тәрбие процесінде ситуацияларды қолдану, қазіргі қоғамның жариялылық – демократиялық талаптары үшін қажет және тиімді әдіс деп есептейміз. Тәрбиенің әрбір жеке әдісі әмбебап әдіс бола алмайтыны белгілі. Дегенмен, педагогикалық ситуация әдісінің өзіндік мәні бар. Кез келген педагогикалық ситуация ең алдымен шығармашылық әрекет болып есептеледі. Себебі ол көптеген педагогикалық сұрақтарды, шешімдерді таңдап алуды қажет етеді. Мектеп өміріндегі әртүрлі ситуациялардың шешілуіне қатыса отырып, бүтіндей ұжым немесе жеке оқушы өздерінің тәрбиелік дәрежесін көрсетеді. Әрбір педагог белгілі проблеманы шешуге немесе қайшылықты мәселелердің дұрыстығын анықтауға арналған шартты ситуацияларды туғызуына болады. Мұнда арнайы ұйымдастырылған педагогикалық жағдай тәрбиелеушілік ситуация деп аталады.
Өз мәні жағынан ситуацияларды еркін таңдауға болады. Мәселен, оқушы бірнеше варианттың біреуін ғана дұрыс шештім деп есептейді. Автобусқа отырғанда жаныңа келген қарт кісіге орын бересің бе? Әлде сезбеген болып қаласың ба? Ескерту жасағанда естімеген боласың ба? Мұғалімнің ұсынған осы ситуациясынан кейін шығатын дұрыс жолды табу үшін оқушы өзінің көзқарасына, мінез – құлқына қайта ойланып, қайта оралып, қайта қарап, ақыры жаңа талаптарға сай іс - әрекеттерімен қарым – қатынасын өзгертеді.
Қорыта айтқанда, тәрбиелеушілік ситуацияны педагогикалық тұрғыдан дұрыс қолданған жағдайда ол жас ұрпақты тәрбиелеуде өте икемді және маңызды әдіс болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет