Қазіргі құралдармен бақыланып отырған әлемнің бөлігі



бет3/3
Дата31.10.2023
өлшемі23.74 Kb.
#481975
1   2   3
лемні рылысы. К н ж йесіні пайда болуы

Шмидттің болжамы бойынша газ-тозаңды бұлттың бірінші кезеңінде ол тұтас газдан тұрады. Бұл газ біртекті, себебі оның бөлшектері әр түрлі бағытта бейберекет (хаосты) қозғалғандықтан, ол жоғары турбулентті. Дискінің қалыптасу бағытында турбуленттілік төмендейді. Оған 1000 жылдай уақыт қажет. Осы уақыт ішінде газ суып, қатты тозаң бөлшектері түзіле бастады.
Екінші кезеңде бұлттың орталық жазықтығында жұқа тозаң қабаты түзіледі. Бұлттық қабаттарға бөлінуі бөлшектер өлшемінің бірнеше сантиметрге дейін үлкеюімен қатар жүреді.
Эволюцияның үшінші кезеңінде көптеген қоймалжың ұсақ бөліктер түзіледі. Дискінің айналмалы қозғалысының нәтижесінде қоймалжың бөліктер қатты денелердің тығыздығына дейін сығыла алмайды. Алайда бір-бірімен соқтығыса келе олар тығыздалып үлкейе түседі.
Төртінші кезеңде өлшемі бір километр шамасында болатын планетаның түзілуі алдында көптеген денелер түзіледі.
Сонымен, Күнді қоршаған планетаға дейінгі бұлттарда кездесетін бөлшектер мен салқын денелердің бірігуі нәтижесінде планета түзіледі. Оның үстіне Күннің сәуле шығаруындағы ыстық жел Күннің маңынан жеңіл ұшатын заттарды ала кетеді. Заттардың бір-біріне жабысуы нәтижесінде Күннің жанынан кішкене тығыз кремнийлік планеталар, ал Марс орбитасынан әрі қарай сутек пен гелийден тұратын алып планеталар пайда болды. Заттардың бір бөлігі планета құрамына кірмей, планеталардың серіктеріне, астероидтарға, кометаларға (құйрықты жұлдыздарға) айналды.
Қазіргі планеталық ғарыштануда (космогония) серіктердің пайда болуы планеталардың пайда болуымен қатар жүретін процесс қарастырылады. «Планета пайда болғанда, кіші бөлшектердің планетаны құрайтын ірі денемен жақындасу процесінде, кейбір бөлшектер оларға соқтығысып, өздерінің жылдамдықтарын жоғалтып алады да, өз “қауымынан” бөлініп қалып планетаның төңірегінде айнала бастайды. Осылайша жаңа түзіліп келе жатқан планетаның төңірегінде эллипсті орбита бойымен қозғалатын қоюланған бөлшектер жиыны пайда болады. Бұл бөлшектер өзара соқтығысу нәтижесінде орбитасын өзгертеді. Ол бөлшектердің бір бөлігі планетаға құлайды, екінші бөлігі планета жанындағы болашақ серіктердің негізін құрайды…» деп жазды О.Ю. Шмидт. Жер тобындағы планеталардың серіктері аз және бір-бірінен қатты ерекшеленеді. Ал алып планеталардың серіктері керісінше көп және жалпы ғарыштану идеясын тексеру үшін қажет материал береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет