Қазіргі заманғы емдеу- тасымалдау шаралары (етш) туралы түсінік және олардың мәнін анықтау. Етш ұйымдастыру түрлерінің дамуы жөнінде қысқаша мәлімет


Жау жаппай қырып-жою қаруын қолданған жағдайда емдеу-тасымалдау шараларын ұйымдастырудың негізгі принциптері



бет9/9
Дата15.02.2024
өлшемі128 Kb.
#491937
1   2   3   4   5   6   7   8   9
отмс лекц.4каз.

Жау жаппай қырып-жою қаруын қолданған жағдайда емдеу-тасымалдау шараларын ұйымдастырудың негізгі принциптері

Жау жаппай қырып-жою қаруын қолданған жағдайда, оның зардаптарын жою мақсатында ұйымдастырылатын емдеу-тасымалдау шаралары жалпы принциптерге сай ұйымдастырылады.


ЕТШ ұйымдастыру бірінші кезекте санитарлық шығындар сипатына қарай жүргізіледі. Ядролық, химиялық және токсикологиялық қару бір мезетте жаппай санитарлық шығындардың пайда болуына әкеліп соғады. Зақымданғандар сондай-ақ, салыстырмалы түрде шектеулі аумақта, яғни зақымдану ошағында болуы себепті медициналық қызмет бұл шарттарда аз уақытта ЕТШ үлкен көлемін көрсетуі тиіс, олардың белгілі бөлігі тікелей зақымдану ошағында көрсетіледі.


Жау жаппай қырып-жою қаруын қолданған жағдайда оның орнын, уақытын және көлемін анықтаудың күрделілігі медициналық қызмет жұмысының маңызды сатысы болып табылады.


Аталған жағдайларға байланысты медициналық қызметке дер кезінде жаппай зақымдану ошақтары жөнінде ақпарат беру, сондай-ақ, резервте күштер мен құралдардың тұрақты түрде болуын қамтамасыз ету, оларды пайдаланудың жалпы тәртібін анықтау, жау жаппай қырып-жою қаруын қолданғанда оның зардаптарын жою жаппай шараларын жүргізуге үнемі дайын болуын бақылау қажет.


Жау жаппай қырып-жою қаруын қолданған жағдайда соғыс жағдайының сипаты, бірінші кезекте жаудың жаппай зақымдану ошағына кіру қаупінің болуы немесе болмауы медициналық қызмет жұмысының маңызды шарттарының бірі.


Мұндай қауіп болған жағдайда негізгі мақсат зақымданғандарды бұл ауданнан тез тасымалдау. Ал қауіп болмаған кезде медицина қызметінің күштері мен құралдары зақымдану ошағына барынша жақын әкелінеді және медициналық көмекті толық көлемде көрсетуді қамтамасыз етеді.


ЕТШ жаппай зақымдану ошақтарына бөлімдер (бөлімшелердің) басқару және ұрысқа қабілеттілігін қалпына келтіру шараларымен қатар жүргізіледі. Олар жаппай қырып-жою қаруы әсеріне ұшыраған бөлімдер (бөлімшелер) арқылы, зардаптарды жою жасақтарының (ЗЖЖ) көмегімен іске асырылады. Бригада командирі тағайындаған зардаптарды жою жасақтарының құрамында жалпы әскери бөлімшелер мен химиялық, инженерлік, байланыс, тыл қызметтерімен қатар батальон медициналық пункті құрамындағы медициналық бөлімшелер және БрМП(Р) және ЖмебБ жаралыларды жинау және тасымалдау бөлімшелері сәйкес медициналық мүлкімен бірге болады.


Жаралылармен науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін оларды БрМП(Р) немесе ЖмедБ құрамаларына тасымалдайды.


Жоғарғы дәрежеде радиацияға ұшыраған немесе уландырғыш заттармен зақымданған аудандағы жаралылар мен науқастарды тез тасымалдау мүмкін болмаған жағдайда олар бірінші кезекте бұл ауданнан тыс жерге әкетіледі.


ӘДЕБИЕТТЕР:




1. Құрлық әскерлерінің ұрыс қимылдарын медициналық

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет