Қазіргі заманғы емдеу- тасымалдау шаралары (етш) туралы түсінік және олардың мәнін анықтау. Етш ұйымдастыру түрлерінің дамуы жөнінде қысқаша мәлімет


мамандандырылған медициналық көмек



бет4/9
Дата15.02.2024
өлшемі128 Kb.
#491937
1   2   3   4   5   6   7   8   9
отмс лекц.4каз.

мамандандырылған медициналық көмек – Денсаулық сақтау министрлігінің майдандық және тылдық госпитальдарының госпитальдық базаларында көрсетіледі.



Алғашқы медициналық көмек


Мақсаты –берілген кезеңде жаралы (науқас) өміріне қауіп төндіріп туған себептерді уақытша жою, ауыр асқынулардың дамуының алдын-алу.
Оның құрамында:

  • жаралыларды әскери көлікпен, қауіпті жерлерден, өрт ошақтарынан және қираған үйінділер астынан алып шығу;

  • өртенген киім-кешек пен денеге түскен өртенгіш сұйықтарды өшіру;

  • уланған аймақта противогаз кию;

  • сыртқы қан кетуді уақытша тоқтату;

  • уландырғыш заттармен зақымданғандарға антидоттар енгізу;

  • жоғарғы тыныс алу жолдарын кілегей заттардан, қаннан және бөтен денелерден босату арқылы асфиксияны болдырмау, ауа өткізгіш енгізу;

  • шприц көмегімен жансыздандырғыш заттар енгізу;

  • жараға не күйген жерге, ашық пневмоторакс кезінде асептикалық таңғыш салу;

  • зақымданған жерді табельдік құралдарды пайдаланып қарапайым әдістермен иммобилизациялау;

  • терінің ашық бөліктерін санитарлық тазалау және киім-кешегін жеке химияға қарсы пакет көмегімен дегазациялау;

  • антибиотиктер, құсуға қарсы және басқа да дәрілік заттарды қабылдау.

  • Алғашқы медициналық көмек көрсету барысында бірінші кезекте жаралының (науқастың) медициналық құралдары пайдаланылады, содан кейін ғана көмек көрсетушінің жеке құралдары, санитар сөмкесіндегі немесе медициналық әскери сөмкедегі немесе медициналық әскери сөмкедегі құралдар пайдаланылады.



Дәрігерге дейінгі фельдшерлік көмек


Мақсаты –жаралы мен науқас өміріне қауіп төндіретін жарақат (ауру) зардаптарымен күрес және ауыр асқынулардың алдын-алу.

Алғашқы медициналық көмекке қосымша:



  • Асфиксияны болдырмау (ауа өткізгішті енгізу, портативтік аппараттар, ингаляция көмегімен өкпені жасанды жолмен желдету);

  • Жгут салудың дұрыстығын және тиімділігін бақылау, тоқтаусыз қан кеткенде жгут салу;

  • Қате салынған таңғыштарды қайта салу және түзету;

  • Жансыздандырғыш заттарды, антидоттарды көрсеткіштері бойынша қайталап енгізу, антибиотиктер беру;

  • Табельдік құралдарды пайдалана отырып көліктік иммобилизациялауды жақсарту;

  • Жүрек-қантамырлық және басқа дәрілік заттарды көрсеткіштері бойынша енгізу;

  • Дененің ашық бөліктерін қайталап санитарлық тазалау және киім-кешекті дегазациялау;

  • Жаралылар мен науқастарды жылыту, ыстық сұйық заттар беру (ішінен жарақаттанған жаралыларды есептемегенде).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет