«Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы»


Қиыр Шығыс елдері: Жапония және Корея



бет8/21
Дата03.01.2022
өлшемі111.29 Kb.
#450485
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Жаңа-Қаз з АА леция

2.Қиыр Шығыс елдері: Жапония және Корея

(ХҮІІ ғ.соңы жартысы – 1918 жж.)

1867-68 жылдардағы Жапонияның революциясы оның осыған дейінгі ішкі және сыртқы дамуынан келіп шықты. Жапониядағы 1867-68 жылдардан кейінгі оқиғалар, яки буржуазиялық революция дәуірі ұзаққа созылды. Революцияның ішкі жағынан алғышарттарының даярлануында XIX ғасырда натуралды шаруашылықтың күйреуіне, ақша-товар қатынастарының дамуына, буржуазия мен пролетариаттың қалыптасуы, Токучавтың саяси тәртібінің дағдарысына т.б. ерекше көңіл бөлінді. Бірақ Жапонияның сол кездегі Европа елдерінен айырмашылығы Жапония буржуазиясы революциялық күшке айналмады. Осыған байланысты Жапония буржуазиясы сегунатты жоюда феодалдық атақтылардың бір бөлігімен одақ жасады. Ішкі дағдарысты онан әрі қарай тездете түскен шетелдіктердің Жапонияға жасаған экспансиясы болды. Американың экспансиясы және батыс державаларының Жапонияға теңсіздік келісімдер системасын зорлап тануы, күшпен Жапонияның «жабық есік» саясатын жоюы Жапонияны дүниежүзілік капиталистік рынокке тартты. Жапонияның ұлттық тәуелсіздігіне төнген қауіп, сегунатқа қарсы жарылысты күшейтіп, революцияны өрістете түсті.

1867-1868 жылдардағы революцияның және буржуазиялық қайта құрулардың тарихи маңызы- Феодалдық системаны толық жойып жібергенімен ұлттық мемлекетті құрды. XIX ғасырдың 60-жылдары мен 70-жылдардың бас кезіндегі Жапониядағы Қайта құрулар-ауылшаруашылығында Феодализмнің кейбір қалдықтарының сақталуына қарамастан капитализмнің дамуына жол ашты. Аталып отырған кезеңде Жапония мемлекеттік өнеркәсіптің дамуына айрықша көңіл бөлді. Үлгілі өндіріс орындарына, фабрикалар, заводтар, темір жол үйлерінің құрылыстары мемлекет есебінен салынды. Жапонияда өндірістің орталықтануы тез жүргізіліп алғашқы монополиялар пайда болды.

XIX ғасырдың 90-жылдарында Жапония жақсы армия мен флотқа ие болды. Жапонияның отаршылдық экспансиясының объектісі- Корея мен Қытай болды.

XIX ғасырдың 70-80 жылдардағы Жапониядағы буржуазиялық-демократиялық қозғалыстарды қарастырғанда капиталистік елдерден ерекшеліктеріне зер салу керек. «Халық еркіндігі мен правосы» жолындағы қозғалыстың инициаторы тек бурж. Топтар ғана емес, помещиктер болды.

ХIX ғасырдың екінші жартысына дейін Корея феодалдық ел болып қалды. Барлық жер ірі жер иелерінің қолында болды. Шаруаларды қанау әрбір феодалдың, сондай-ақ оның өкілі феодалдық мемлекеттің күшімен жүзеге асырылып отырды. Мемлекеттік шаруалар жер алым рента төлеумен тағы да басқа қосымша қызметтер атқарып отырды. ХYII-XYIII ғасырларда Кореяда өндіргіш күштер едәуір дамыды. Өкімет иелігіндегі қолөнеркәсіп өзінің маңызын едәуір дәрежеде төмендетіп, оның орнына еркін шеберлердің қолөнерлері дами түсті. Ірі сауда орталықтары мен жергілікті рынок пайда болды. Өндіріске сауда капиталы пайдалана бастады.XIX ғасырдың 1-жартысында Кореяда жаңа капиталистік қарым-қатынастар пайда бола бастады.

Кореяның саяси өмірінде аталған кезеңде, халық бұқарасының күресі үнемі өсіп отырумен таптық қайшылықтар шиелене түсті. Сол кездегі ең күшті феодалдарға қарсы Хон Геннэнің басшылығымен 1811-1812 жылдардағы шаруалар көтерілісі XIX ғасырдағы Корея тарихындағы ең ірі көтерілістердің бірі болды. Әсіресе халық қозғалысы осы ғасырдың 2-жартысынан бастап кең өріс алды. Тек 1862 жылдың өзінде ғана 21 шаруалар көтерілісі болып, оған оң мыңдаған адам қатысты. Бұл көтерілістердің жеңіліп қалуының басты себептері: оның стихиялылығы мен бірыңғай басшылығының болмауы еді. XYII-XYIII ғасырларда Кореяда Сирхакпос –нақтылы ғылымды жақтаушылар деп аталатын қозғалыс дами бастады . Мұны жақтаушылар өмір сүріп тұрған әлеуметтік-экономикалық және саяси тәртіпті өзгерту қажет деп есептеді. Бұл қозғалысты жақтаушылар конфуций ілімінен бас тартуға, Кореяның нақты жағдайын зерттеуге, үйретуге шақырды. Оның негізгі өкілдері:Лю Хе Вон, Ли Ик, Хон Дэ Ен, Пак Чи Вон және Чон Як Ен.

Капиталистік державалардың белсенді түрде жүргізген экспансиясы Кореяға да жетті. 1866 жылы Франция үкіметі, 1871 жылы АҚШ үкіметі Кореяның жағалауына бірталай әскер- теңіз флоттарын жіберді. Мұндағы мақсаттары Кореяны күшпен «ашу» оны өз товарларын өткізетін рынокке және шикізат көзіне айналдыру еді. Бірақ бұл экспедициялар Корея халқының наразылығына ұшырап, өз істерін сәтсіздікпен аяқтады.

1876 жылы Кореяға тұңғыш рет Жапония «бейбітшілік және достық» туралы теңсіздік келісімді зорлықпен таңыды. Келісім барысында империалистік мемлекеттердің тоқыма материалдары ағыла бастады, ал Кореядан шикізат өнімдері сыртқа әкетілді. Жапония Кореяның сыртқы саудасының көп бөлігімен кеме қатынастарын т.б. өз қолына алды. Теңсіздік келісімдердің жасалуы феодалдық системада дағдарысты шиеленістіріп, Корея халқының күшті қарсылығын туғызды. Феодалдарға қарсы шаруалар көтерілісі ұлт-азаттық қозғалыс ұйымдастырды. Бұлардың ішіндегі ең күштісі 1882 жылғы Сеул қаласындағы халық қозғалысы мен 1894 жылғы жапондықтарға қарсы партизан отрядтарының соғысы болып есептелді.

1894-1895 жылдардағы Жапон- Қытай және 1904-1905 жылдардағы орыс-жапон соғысынан кейін Жапония Кореяны бүтіндей өзіне бағындыруды көздеп, соғысушы елдерді Кореяны өзіне протекторатқа айналдыру туралы келісімге қол қойғызды. Бұл бойынша Жапония Кореяның ішкі саясатын бақылауға алды және сыртқы саясатта ол ешқандай елмен өз бетімен байланыс жасай алмады. Мұның өзі «Азияның оянуы» жағдайында халық бұқарасының ұлт-азаттық күресінің жаңа өрлеуін туғызды. Корея халқының бұл қозғалысы Жапонияның әскерімен басылып тасталды. 1901 жылы Жапония империалистері Кореяны толық басып алып, мұнда әскери-террорлық тәртіп орнатты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет