Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


«Табиғат философиясына қатысты ойлар», «Трансценденталдық



Pdf көрінісі
бет114/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   217
философия хасанов

«Табиғат философиясына қатысты ойлар», «Трансценденталдық 
идеализм жүйесі», «Менің философиялық жүйемнің жалғасы» атты 
еңбектерінде кезең-кезеңімен баяндап берді.
Ӛзінің жаңа философиясын негіздеуді табиғаттың шынайы мәнін 
негіздеуден бастап, табиғаттың «әрекет күштері» бар, ол материалдық 
болмыстың – қарапайым формалардан бастап ойлайтын тіршілік иелеріне 
дейін – жаңа түрлерін іске асырады деген тезисті алға тартты. Ол ХІХ 
ғасырдың жаратылыстану ғылымында үстем болып, бір органикалық әлемнің 
екіншіге айналуы табиғи түрде жүреді деген материалистік эволюционизмді 
жоққа шығарды. Ол оны идеалистік ойлармен, шын мәнісінде теологиялық 
түсініктермен алмастырды. Шеллингтің ұсынған тұжырымдамасының 


«ӛзегі» – идеясы бар. Ол идея бойынша табиғаттағы даму қарама-
қайшылықтар күресінің нәтижесінде болады, демек, бұл диалектикалық 
процесс болып табылады. Басқалай айтқанда, ол адам санасы қызметін 
(Фихтеше айтқанда), жалпы әлемдегі процестерді, табиғатты диалектикалық 
тұрғыдан қарастыруды ұсынды.
Шеллинг «Идеализм философиясының транценденталдық жүйесі» деп 
аталатын ең басты еңбегінде «тепе-теңдік философиясын», яғни дүниедегі 
барлық нәрсенің алғашқы негізі ретінде объективтілік пен субъективтіліктің 
абсолютті тепе-теңдігін растайтын кӛқарасын негіздеді. Теориялық бӛлімді 
(«теориялық философияны») ол «практикалық» философиямен, табиғи 
мақсаттылық философиясымен, ӛнер философиясымен толықтырды. 
Шеллинг «практикалық» философиясында «адам еркіндігінің белгілері мен 
іске асу жолдарын» қарастырады. Адам еркіндігіне әлеуметтік-тарихи сипат 
тән, ол о бастан диалектикалық мәнге ие және ол еркіндік пен 
қажеттіліктердің толық бірлігін бейнелейді дейді. Қайшылықтардың 
мұндай бірлігі, Шеллингтің ойынша, «тарихқа тән» нәрсе ретінде қаралуы 
тиіс. Бірақ, «тарихта «белгісіз, мәнсіз қажеттіліктер» (соқыр сеніммен 
белгіленген) кӛп, ӛзіндік субъективтік мақсаттары мен ойлары бар 
индивидтер олардың алдында әлсіз» деп, ойын жалғастырады. Басқаша 
айтқанда, тарихтың, тағдырдың «құпия қолы» адамдардың әрекетін 
басқарады. Ал адамдар «тарихтан тым қашықтап, жат болып кеткен» дегенді 
айтады. Тарихтан алшақтамас үшін, адам Құдаймен (Абсолюттілікпен) қайта 
бірігуге тырысуы керек, сол кезде барлық қайшылықтарды шешу мүмкін 
болады. Тарихтың қасиеттілігі де осында деп кӛрсетеді Шеллинг. Тарих 
Шеллингше, «үздіксіз әрі ол Абсолюттіліктің сырының біртіндеп ашылуын» 
бейнелейді.
Шеллинг ӛзінің ілімінде объективтілік пен субъективтіліктің, 
теориялық пен практикалықтың арасындағы қайшылықты иррационалдылық 
жолымен шешуге тырысады. Ол шығармашылықтың биік шыңы ретінде – 
ӛнерді ерекше бағалайды. Себебі Шеллинг үшін ӛнер – «ӛзіндік мақсатты», 
бұл абсолютті тепе-теңдікке жетудің ең жоғары формасы. Ӛнер – іштегі 
сырдың сыртқа шығуы (откровение). Тек ӛнер ғана «сырды сыртқа 
шығарудың ғасырлар бойы жасап келе жатқан жалғыз» түрі ретінде 
адамдарға абсолютті тепе-теңдікті ұғуға мүмкіндік береді. Ӛнер ғана 
«мәңгілік болмыстың», яғни Құдайдың ақиқаттылығын ұғындырады. Ал 
суреткер бұл жағдайда «туындыны ессіздікпен жасайтын мистикалық 
тіршілік иесі». Ӛнер моральдан да, практикалық пайдадан да, философиядан 
да жоғары, себебі саналылық (ақыл-парасат) пен санасыздықтың (рух) 
арасындағы қайшылықтарды шешуге тек ӛнердің ғана күші жетеді. Осы 
тұжырымға сүйене отырып, Шеллинг «жаңа мифологияның», жаңа діни 
сананың дәуірі келгенін айтады. Бұл дәуірде барлық ғылымдар мен 
философия қайтадан ӛнер мұхитында тоғысып (поэзияда), адамзат мәдениеті 
жаңа ӛрістеген кезде ол мұхиттан шығады.
Шеллингтің ілімі – қайшылықты, себебі объективтік себептерге 
байланысты оның ілімінің логикалық негізі аяғына дейін толық 


жеткізілмеген. Сондықтан да ол замандастарының қолдауына ие бола 
алмады. Алайда ол айтқан тепе-теңдік философиясының мәселелері әлі күнге 
дейін ӛте ӛзекті. Бұл мәселемен орыс діни философиясының да ӛкілдері (Вл. 
Соловьев және т.б.), сондай-ақ қазіргі заманның зерттеушілер де (Г. Брайан. 
«Кербез әлем». М., 2004; Л. Стеклитова, Л. Стрельникова «Абсолюттілік фи-
лософиясы». М., 2004; М. Толбот. «Голографиялық әлем». М. 2005;
Г. Югай. «Әлемнің голографиясы және жаңа әмбебап философия». М., 2007) 
айналысқан болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет