Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


социал-демократтарға қарсы күресті қалай жүргізеді?», «Материализм



Pdf көрінісі
бет122/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   217
философия хасанов

социал-демократтарға қарсы күресті қалай жүргізеді?», «Материализм 
және эмпириокритицизм», «Философиялық дәптерлер», «Жауынгер 
материализмнің мәні туралы» деп аталады.
Ол марксизмді, оның философиялық негіздерін жұмысшы класты 
революциялық күреске жұмылдырудың практикалық мәселелерімен 
байланыстырды. Марксизмнің «философиялық негізделгеніне» күмән 
келтірген Н.К. Михайловскийге қарсы шыға отырып, ол халықшылдардың 
идеалистік кӛзқарастарын, олардың метафизикалық әдісін сынға алды. Бұл 
әдіс тарихты түсіндіруде идеализмге, субъективизмге және метафизикалық 
пен эклектизмге бейім деп есептеді.
Ленин философияда партиялылық ұстанымын қалыптастыруға ерекше 


мән беріп, «философиядағы партияның» екі түрін – материализм мен 
идеализмді атап ӛтеді. Маркстік материализмнің бүркеншек идеализммен 
күресін пролетариаттың буржуазияға қарсы күресінің құрамды бӛлігі деп 
есептеді. 
«Материализм мен эмпириокритицизм» еңбегінде Ленин жаңа 
жаратылыстанудың 
жетістіктеріне 
диалектикалық-материалистік 
материализм тұрғысынан философиялық талдау жасайды. Таным теориясын 
дамыта келіп, барлық материяға ортақ – бейнелеу қасиеті туралы мәселені 
кӛтереді, материяның анықтамасын береді. Ақиқат туралы ілімін жасай 
отырып, Ленин абсолюттік ақиқат пен салыстырмалы ақиқаттың 
диалектикалық байланысын, таным барысындағы ақиқаттың басты ӛлшемі 
ретіндегі практиканың рӛлін кӛрсетеді.
Ленин материяны философиялық ұғым ретінде әр қырынан түсіндіреді. 
Ең алдымен, философияның негізгі мәселесін диалектикалық-материалистік 
тұрғыдан шешудегі маңызы мен байланысын кӛрсетеді. Материяны 
антикалық дәуірден бері зат деп сипаттау қалыптасқан. Бірақ Ленин оны 
теріске шығарады, оның ойынша, материя «объективтік шындықты 
білдіретін философиялық категория» болып табылады. Материяның 
философиялық анықтамасын бере отырып, Ленин «оны бір формаға немесе 
түрге бӛлуге» болмайтындығын айтады. Материя мен сананың және олардың 
диалектикалық байланысын кӛрсетіп, объективті дүниені тануға болатынын 
кӛрсетеді. Позитивизмнің екінші формасын ұсынушы ӛкілдерге сын айтып, 
нәтижесінде мынадай тұжырымдар жасайды:

заттар бізден және біздің санамыздан тыс объективті ӛмір сүреді;

«танылмайтын заттар» мен «құбылыстардың» арасында 
ешқандай шек жоқ, тек танылған нәрсе мен танылмаған нәрсенің арасындағы 
айырмашылық бар;

таным теориясында диалектикалық пайымдауға сүйенген дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет