Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


жалғастыру мүмкіндігі, әрбір жаңа түсіндірушінің жаңа мағынаны



Pdf көрінісі
бет192/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   217
философия хасанов

жалғастыру мүмкіндігі, әрбір жаңа түсіндірушінің жаңа мағынаны, іс 
жүзінде жаңа мәтінді қалыптастыруы ретінде қарастырады.
Уақыт ӛте келе, Гадамер герменевтиканы мәтінді түсіндірудің 
техникалық құралы – әдісі ретінде түсіндіруге кӛбірек қарсы шығатын 
болады. Мұндай герменевтиканың мағынаға ешбір қатысы жоқ. Ол 
герменевтиканы рухани шындықты ұғыну әдісі ретінде түсінуге, мәтінді 
мағынаны білу үшін ұғынуға қарсы шығады, себебі мұндай түсіндіруде де 
герменевтикалық мәтін сӛздің нағыз герменевтикалық мағынасындағы мәтін 
болудан қалып, ғылыми-жаратылыс ілімінің объекті тәрізді зерттеу 
нысанына айналады.
Гадамер бойынша, ұғынудың мақсаты мәтіннің қажетті түсіндірілуінен, 
түсіндірілетіннің идеялары мен пікірлерін қайта құрудан емес, диалогтық 
сұрақ-жауап жүйесін қалыптастыру арқылы жеке ойлау процестерін 
жандандырудан тұрады. Мәтінді түсіндіру герменевтикалық тәжірибенің 
ӛнімді, шығармашылық тұсына айналады. Ұғыну мәселесіне онтологиялық 
тұрғыдан назар аударуға кӛңіл бӛле отырып, Гадамер «ұғынуды болмыстың 
толымдығына жету мүмкіндігін ашатын күй» ретінде сипаттайды.
Гадамер бойынша ұғыну ой талдауының акті емес, мәтінге қатысты ой 
жүгіртуге себеп болып табылады, осының барысында түсіндірушінің ӛзін-ӛзі 
танытуы жүзеге асырылады. Басқамен Кездесу барысында (үлкен әріппен 
беріледі, себебі бұл тұстағы әңгіме онтологиялық кездесу туралы болмақ), 
«Сен-тәжірибе» қалыптасады. Мұндай ұғыну адамның іс-әрекеттерінің, тіпті 
жалпы ӛмірінің базисіне айналады, себебі диалог барысында нағыз шынайы 
мағынаның қалыптасуы басталады. Мағынаның туындауы ұғынудың 
бастамашысы функциясын орындайды. Мағына ӛмірдің ӛзіндік құрылымына, 
тіпті ӛмірдің тереңділігі мен тығыздығына «қоса ӛрілген» деп айтуға болады. 
Осылайша, философияда әлемге деген түбегейлі ашықтық пен соның 
негізінде құрылған мағына қалыптастыру процесі орын тапқан 
«герменевтикалық тәжірибе» терминінің бекітілуі методологиялық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет