Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет200/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   217
философия хасанов

Освальд Шпенглер (1880-1936 жж.) ӛзінің атақты танымалдығымен 
ӛзінің бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде жазылған «Еуропаның құлдырауы» 
еңбегінің бірінші томына қарыздар. Дәл осы еңбектен тарихты дискретті 
ұғыну дәстүрі бастау алады. Ол дүниежүзілік тарихты тұтас, шексіз ағымды 
процес ретінде санамағанын былай қойғанда, оны ӛздігінен белгісіз процесс 
деп санаған. Ол кӛршілес әрі кезектес болып келетін түрлі жергілікті 
мәдениеттердің жиынтығы ретінде ұғынылады. Бұл мәдениеттер ӛз 
дамуында қатал, дегенмен ұғылатын заңдылықтарға бағынып, қалыптасу, 
даму, ӛркендеу және құлдырау кезеңдерінен ӛтеді, бұл тарихи циклдердің 
тұжырымдамасын құрайды. Сонымен қатар, Шпенглер әрбір мәдениетті тірі 
ағза ретінде қарастырады, ал мәдениеттердің әрқайсысы жеке «рухқа» ие. 
Мұндай тұжырымдама тарихтың биологиялық философиясы деп аталып 
кеткен.
Мәдениеттің ӛмір сүру уақытын Шпенглер 1000 жыл деп бағалайды, 
себебі оны мәдениет биологиясының әмбебап константасы ретінде 
қарастырады. Дүниежүзілік тарих небары 8 ұлы мәдениетті біледі. Олардың 
барлығы жеке ӛркендеу дәуірінен ӛтті, ӛтуде немесе болашақта ӛтеді, және 
олардың барлығы да ӛркениет, тоқырау, сүйектену (окостенение) 
дәуірлеріне, сондай-ақ, қандай да болмасын ұлы рух туындыларын тудыру 
(ӛнер; ғылым, дін, философия) мүмкін болмайтын дәуірге тұрақтамай 
кетпейді. Ӛркениет кезеңінде мәдениет тек техника мен ұйымдастыруды ғана 
іске асыруға қабілетті болады, бұл оған ӛзінікін арттыруға мүмкіндік береді. 
Шпенглер ӛзі ойлап тапқан ілім мен әдіс жаратылыс ғылымдары тәрізді 
дәл болатындығына, ӛткеннен келген историографиялық материалды таңдау 
үшін ғана емес, еуропалық мәдениеттің бүгінгі жағдайын талдау үшін де, 
тіпті одан бетер, болашаққа дәл болжам жасау үшін де қолданылатындығына 
сенген. Осыған сүйене отырып, Шпенглер ӛзін қапаландыратын еуропалық 
мәдениеттің қазіргі жағдайына талдау жасауға әрекеттенеді. Жаңа және тың 
жаңа дәуірдің техникалық дамуының барлық жетістіктері оған еуропалық 
мәдениеттің ӛркениет фазасына ӛткендігі туралы ой салады. Ал бұл – 
құлдырау фазасы, одан кейін ыдырау басталады, кітаптың атауы да осыдан 
алынған болса керек – «Еуропаның құлдырауы». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет