Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет142/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   217
философия хасанов

кітабында» ол ескірген кӛзқарастарды жеңіп, ӛзінің құндылықтарына қайта 
баға бере алған рухы еркін адамдар туралы айтады. Ницше әлемді танудағы 
ғылымның жетістіктері мен мораль, дін, мәдениет, мемлекет, отбасы және 
адам туралы түсініктерді қайта бағалау қажеттілігін кӛрсетеді. Ғылымдағы 
кӛпшілікке белгілі жетістіктер, қоғамдық сананың формалары мен қоғамдағы 
әлеуметтік институттар туралы түсініктердің қалыптасу себебі – әуестік пікір 
тудырады, ал ескірген рух пікірге нандырады, ол нанымды қайта бағалаудан, 
сүзгіден ӛткізу керек.
Ӛзінің шығармашылығының үшінші кезеңінде Ницше нанымды 
ӛзгертудің жолдарын табуға тырысты. «Кӛңілді ғылым» еңбегінде 
Шопенгауэр қайта оралу идеясын бейнелеу үшін құм сағаттың образын 
пайдаланады, Заратустра, адамнан да жоғары әлем, Құдайдың ӛлімі 
туралы айтады. Сондай-ақ, ойын семантикасы мәселесін кӛтереді, ол сӛздің 
тіркесімділігі мен мағынасына үңілу, ену және ықпал етуден тұрады. Бұл 
еңбектегі ойын тақырыбы И.Хейзингтің, Л.Витгенштейннің, М.Хайдеггердің, 
М.Фуконың, Ж.Делезаның, Ж.Деридтің ойларына әсер етті.
«Есуас адам» атты үзіндісінде ол ӛзінің атақты «Құдай ӛлді! Біз де 
оны ӛлтірдік!» деген сӛздерден тұратын пайымын ұсынады. Ницше біз үшін 


бүгінде рухтың дамуы ӛте маңызды болғандықтан да, «Құдайға лайықты 
болу үшін біз ӛзіміз оған бет бұруымыз керек» дейді. Адами кӛзқарастарды 
ауыстыру идеясы «сенімсіздікке сенуді» уағыздайды. Сенімсіздік, яғни ӛлім 
мен іштей ойран болу сырттан мәжбүрлеумен келген, қоғамдық сананың 
әсерінен қорытылмаған кӛзқарастардан бас тартып, құндылықтарды қайта 
бағалауға әкеледі.
Осы мәселелер «Заратустра депті» деген кітабында жан-жақты 
қарастырылады. Бұл кітап Ницшенің философиялық ғұмырындағы үлкен 
бетбұрыс әкелген туынды болып есептеледі. Ол бұл кітабын «адамзат қол 
жеткізген барлық кітаптардың ішіндегі ең мазмұндысы» деп бағалайды. 
Заратустраның образы – адамның санасынан жоғары қалыптасушы адамның 
бейнесі болып табылады.
Ницше рухтың адамға айналуының үш сатысын Заратустраның сӛзімен 
жеткізеді: «рух – нарға, нар – арыстанға айналған соң, арыстан сәбиге 
айналады». Рух еркіндігіне жету жолында, ең алдымен, әлсіздігіңді жеңу 
үшін қиындықты кӛру керек. Ендеше «менменділігіңді басу үшін қорлық 
кӛру керек дегенді білдірмей ме бұл? Тӛзімі мықты рух қандай қиындыққа 
болсын тӛтеп бере алады, ол жүк артылған нар сияқты ӛте тӛзімді... ол ӛзінің 
шӛл даласына асығады», сӛйтіп ӛзін жалғыздыққа душар етеді.
Дәл осы сияқты адам да «қиындықтың бәрін кӛтерем деп», ӛзімен-ӛзі 
күреседі. Бұл күресте ең соңғы қарсыласы – адамгершілік заңдарды
«міндеттісің» деген моральдық императивті жеңуі керек. Ол адамның ең 
соңғы қарсыласы – соңғы «аждаһа» да, «тӛре» де, «Құдай» да. Бұл майданда 
адам арыстанға айналады: «арыстанның рухы: мен осыны қалаймын» дейді». 
Осылайша, ол ӛмірдегі құндылықтарын қайта бағалап, жаңасын 
қалыптастыру құқығын жеңіп алады. Бала болу деген сӛз – бұрынғы 
қалыптасқан кӛзқарастарды қабылдамай, «жасампаздық ойынына» деген 
ықылас-талғамға қайта ие болу дегенді білдіреді. Әлемді және ӛзіңді ойын 
деп қабылдап, онымен бала сияқты ойнау дегеніміз – ӛзіңдегі дионистік 
бастауларды ояту деген сӛз. «Иә, бауырларым, жасампаздық ойыны үшін, 
наныммен айтылатын қасиетті сӛзіңізді табуыңыз керек: енді рух ерікті 
болғысы келеді, адасқан рух ӛзінің орнын тапқысы келеді». Жоғары Адам 
болудың жолы осы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет