Ерте дәуірдің архитектурасы



Дата18.11.2023
өлшемі5.07 Mb.
#483603
сәулет өнері


Сәулет өнері және оның түрлері
Орындаған:Жеңіснұр Назира
Тексерген: Шарипходжаева Жеңіскүл Бейсенбековна


Ерте дәуірдің архитектурасы. Қәзіргі Қазақстан терриоториясындағы құрылыс ісінің мыңдаған жылдық тарихы бар.Бұл өнер Қазақстанның таулары мен жазықтықтарын ертедегі адам бірте -бірте игеріп, бұлар алғашқы қоғамның өндіргіш күштерін дамыту үшін негіз болған заманда болатын.Бұл адам жетілуінің ұзақ жолын басынан өткерген ,адамзат мәдениетінің ірнгесі жасалып, құрылыс техникасының негізі қаланған бір ұзақ дәуір еді. Ертедегі материалдық өндірістің бізге келіп жеткен ескерткіштерінің көрсетуі бойынша, алғашқы адам ұзақ уақыт бойы орныға алмай, өзіне азды-көпті қолайлы тұрақ таба алмаған, өйткені ол тіршілік ету қиыншылығымен, табиғатпен күресу қиыншылығымен жаншылып келген еді. Өзінің еңбек ету дәрежесінің алғашқы шағында адам жауын-шашыннан, жыртқыштардың шабуылынан қорғану үшін тек табиғи паналарды ғана пайдаланды.
Сәулет өнерінің дамуына зор үлес қосқан, елдің бірі – Грекия.
Грек сәулетшілерінің дүниежүзілік архитектураға қосқан бір жаңалығы – архитектуралық ордерлер жүйесі. Ордерлік жүйе бірнеше құрамдас бөліктен тұрады және олардың өзара орналасу тәртібі бар. Ең басты белгісі – бағана, олардың ұшар басы капитель деп аталады. Бағаналар – антаблементті (арқалықты) көтеріп тұрады. Ордерлік жүйенің үш негізгі түрі болған: дори, ионика және коринф ордерлері. Рим сәулет өнері дамудың үш кезеңінен өтті: патшалық дәуір (біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 6 ғасырлар); республика кезеңі (біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 1 ғасырлар) және императорлық дәуір (біздің заманымыздан бұрынғы1 ғасыр – біздің заманымыздың 5 ғасыры)
Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер.
Ежелгі құрылыстар
1)Алғашқы адамдардың мекенжайы,үйі қандай болды?
2)Олар қайда өмір сүрді?

Ең алғашқы адамдардың баспанасы
үңгірлер
тау – қуыстары
Ежелгі замандағы құрылыстар
жер бетіндегі үй
жер кепе
Көшпелі мал шаруашылығы
киіз үй
күймелі арба
Ол замандағы тұрғын үйдің көне үлгілері,Қазақстан
жеріндегі ежелгі құрылыс қалдықтары бізге сол заман-
дағы сәулет өнері туралы мәлімет береді.
Еңбек құралдары, шаруашылық түрлерінің көбеюіне
байланысты адамдар біртіндеп тұрғын үй салуды
үйренді.

Орта ғасырлардағы сәулет ескерткіштері.


Мемлекеттің қалыптасуы,шаруашылықтың өркендеуі орта ғасырларда қазақ жерінде құрылыстың көп салынуына негіз болды.Біртіндеп құрылыс салудың үлгілері көбейіп,үнемі жаңарып отырды.Осылай сәулет өнері дамыды.
Құрылыс тұрғын үй салу өнерін сәулет өнері дейді.Бұл жобалау,салу деген береді.
Қазақ жерінде сәулет өнерінің тарихы қола дәуірінде жасалған
Беғазы-Дәндібай

Қола дәуірі
Түгіскен қоныстары мен қорымдары
кесене
Сәулет өнерінің жарқын туындылары ғұн заманда дүниеге келді.
Олардың ішіндегі ең айшықтылары – «дың»аталатын құрылыстар.
Қозы Көрпеш-Баян сұлу
Семей өңірінде Аягөз өзенінің сол жағала
уында орналасқан.
Домбауыл
Орталық Қазақстанның Жезді ауданындағы
Кеңгір өзеннің жағалауында орналасқан.

Бұндай құрылыстарды – “дың”-үйтас.

Темір дәуірінің ескерткіштері
X-XIIғасырлардағы ескерткіштер
Бабаджа қатын кесенесі
Айша бибі кесенесі
Орта ғасырларда Қазақстан жерінде сарай , мешіт ,кесене,монша сияқты құрылыстар көптеп салынған.Бұлардың біразы тарихи-мәдени ескерткіш ретінде қазіргі күнге дейін сақталған.Сол ескерткіштерге қарап біз орта ғасырларда қазақ жерінде сәулет өнерінің жақсы дамығанын көреміз.
Орта ғасырлардағы кейбір ескерткіш құрылыстар атақты адамдарға ерекше үлгіде салынған.Құрылыс салуға жақсы сапалы материалдар қолданылған.Мысалы тас,күйдірілген кірпіш.
Жошы хан күмбезі
XIII ғ.Жезқазған қаласынан 40 шақырымдай
жерде Қаракеңгір өзенінің жағасында орналасқан.
Алаша хан кесенесі
XIV-XV ғ. арасындағы сәулет өнерінің
басты бір ескерткіші. Күмбез Ұлытау
ауданындағы Қаракеңгір өзенінің
жағасында салынған.
Ұлттық мәдениет және қазіргі архитектура
Қазіргі қазақстандық архитектураның да ерекшелігі сол – заманауи сәулет ғимараттарына ұлттық нышан мен нақыштың келбетін беруге назар аударуы. Алайда бұл ерекшелік құрылыс пен архитектурада басқа да басым бағыттар жоқ дегенді білдірмейді. Қазір негізгі басымдық архитектура ісіне инновациялық шешімдердің, жаңа технологиялардың көптеп енуіне беріліп отыр.Есімдері әлемге танымал архитекторлар Қазақстанның жаңа астанасына келіп, заманауи келбетке сай ұлттық нақыштарды сәулет өндірісіне енгізіп, ғаламдық жаңалықтарға қол жеткізді.
Қазақстанның 7 сәулет өнерін ұсынады.
1. Киіз үй
2. "Хан Шатыр"
3. Қожа Ахмет Яссауи мен Арыстан-Баб кесенелері
Арыстан баб кесенесі
4. "Қазақстан" қонақ үйі
5. Вознесенский соборы
6. "Көк-Төбе" телемұнарасы
7. Бекет ата жерасты мешіті

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет