Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет156/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   217
философия хасанов

Чаадаев П.Я. (1794-1856 жж.) – орыс батысшылдығында діни-
философиялық бағыттың ӛкілі. Оның басты назарында – тарих пен 
бостандықтың метафизикалық мәні мен тарихи мәселелері, Батыс пен 
Ресейдің ӛзара қарым-қатынасы, адамның жеке арналып қойылған орны 
болды.
Ол Әлемнің діни маңызы мен жоғары санасы (әлемдік ақыл-ой), адам 
табиғатының маңызын құрайтын ұрық туралы ілімнің негізін қалады. 
Чаадаев адамның әлемдегі орны мен арналып қойылған орнын «ақыл-есі бар 
тіршілік негізінің соңғы шегінің күш салуы», рухтың әлемдегі соңғы арналып 
қойылған орнын табуы деп анықтайды.
Адамзаттың мақсаты «біздің ӛмір сүру мәніміздің әлемдік мәнге 
қосылуында» дейді. П.Я. Чаадаев Ресейдің бұрынғысы мен қазіргісін сынға 
алады. «Философиялық хаттар» трактатында Құдай патшалығының 
жасампаздығы жүріп жатқан трагедиялық қарама-қайшылыққа қарамастан, 
мәдени-тарихи үдеріс сакральды (қасиетті) сипатқа ие екендігін кӛрсетеді. 
Бұл тарихи нәрсе провиденциализм базасында оның философиялық 
кӛзқарастарын құрайды. Ойшыл осыны ӛзінің бүкіл ӛмір бойы негіздеп, 
дәлелдеді. Тургеневке жазған хатында Чаадаев Ресей туралы: «кӛрегендік 
эгоист болу үшін бізді ӛте күшті қылды, ол бізді ұлттардың мүддесінен тыс 
қылды да, барлық адамзаттың мүддесін тапсырды... біздің ұзақ уақыт бойы 
жалғыздығымыздың логикалық нәтижесі осындай», – деді.
Ол дамудың барлық жолдарын сыни тұрғыда бағалады. Чаадаев ӛзінің 
«Хаттарында» Ресей халқы туралы былай деді: «әлемдік дамудың тарихи 
жолдарынан қалып қойған», сондықтан «...әлемде жалғызбыз, әлемге ештеңе 
берген жоқпыз»; бірақ «Ресейдің «ӛнім бермейтін» тарихи бұрынғысы 
танымал мағынада «оның игілігі болып есептеледі»: біздің болашағымыз әлі 
алда». 


Ол еуропалықтарға артық прагматизмді, «механицизмді», соңғы 
индивидуализмді және рухсыздықты күнә ғып қойды: «Еуропа елдерінде бәрі 
де ақылмен, рақымшыл, адамгершілікті діни сезіммен жасалмайды». 
Ол ӛзінің кӛзқарастарын тарих жолына негіздей отырып, «Мәдени-
тарихи үдеріс үлкен күшпен алға бағытталуда» деді. Ол дамудың барлығына 
бірдей жолының тарихи болашағы туралы ойларынан шабыт алды. Дамудың 
барлығына бірдей жолы қайырымды, ізгілікті, заңды ойларға негізделген 
болатын. 
Батыс адамдары үшін «...аманат, әділеттілік, құқықтық, тәртіп 
идеялары» әлеуметтік әдет-ғұрыптың элементтеріне айналған болатын, 
сондықтан Батыстан үлгі алуға болатын еді. Руханилық, жалпылық, 
ортақтық, қайырымдылық Ресей халықтарына тән нәрселер еді.
Бірігуге қалайша қол жеткізуге болады? Чаадаев бұл сұраққа былайша 
жауап береді: біз «ӛз еркімізге қарама-қарсы жақсылыққа керемет күшпен 
ұмтыламыз, соған толығымен сенуге болады».
Чаадаев Ресей діни синтезді іске асыруға тиіс деп таныған: православие 
ӛте күшті механикаландырылған католик шіркеуінің денесін жандандыруға 
қабілетті деп есептеді. Біз Еуропада бар құндылықтардың бәрін игеруге 
тиіспіз деді. 
«Телескоп» журналында орыс тілінде жазылған бірінші хатына 
байланысты І Николай оны «жынды» деп хабарлап, үй тұтқыны ретінде 
ұстай отырып, қоғамнан аластатты. «Философиялық хаттар» мен мақалалар 
тыйылды. Мақалалары тек қана ХХ ғасырдың басында «Философия мен 
психология мәселелері» атты журналда жариялана бастады. Чаадаев 
Батыстың даму жолдарын қолдаушы бола тұра, батыс-еуропа тарихын 
насихаттаушы болған жоқ әрі Ресейдің дүниежүзілік рӛл атқаратынына 
сенімді болды: болашақта «Біз Еуропаның ақыл-ой түйіні боламыз». 
«Жындының апологиясы» мақаласында ол: «Біз әлеуметтік тәртіптің үлкен 
бӛлігін шешуге, адамзатқа тән маңызды сұрақтарға жауап беруге тиіспіз». 
И.В. Киреевский, А.С. Хомяков, К.Н. Леонтьев сияқты славянофилдер 
мен тағы басқалар орыс діни философиясының шыңы болып саналатын 
философиялық қозғалыстың негізін салды. Орыстың дербес философиялық 
ойлары ХІХ ғасырдың басында пайда бола бастады. Н. Лоссковскийдің 
анықтамасы бойынша «орыс қоғамы Кант, Фихте, Гегельдің неміс 
идеализміне Шеллингтің табиғат пен эстетика философиясына еліктеу 
кезеңін бастан ӛткерді. Бұл дербестіктің бастауы Киреевский мен Хомяков 
сияқты славянофилдердің аттарымен тығыз байланысты. Олар ешқандай 
философиялық жүйе құрған жоқ, бірақ христиандық философияның 
(соборлық пен рухтың тұтастығы тұжырымдамасының) негізін салды және 
орыс рухани-тарихи үдерісінің ӛзіндік ерекшелігін дәлелдеді.
Таным теориясында Хомяков пен Киреевский орыс интуитивизмін 
ұстанды. Оны Н. Лосский «гносеологиялық реализмнің формасы» деп атады. 
Олар «тұтас білім» тұжырымдамасын дәлелдеуге ерекше мән берді. Онда 
сезімдік, 
ақыл-ой, 
мистикалық 
кӛкейкӛздерді 
үйлестіре 
отырып 


«металогиялық ұстанымдарының» дайын білімін алуға болады деді. Кейіннен 
В.Соловьев бұл идеяны ӛзінің тұтас білім тұжырымдамасында қолданды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет