Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет155/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   217
философия хасанов

Г. Сковороданы (1722-1794 жж.) орыс топырағынан шыққан Сократ 
деуге болады. Ол орыстың ӛзіне ғана тән философиясын қалыптастырды, ал 
оған дейінгілердің бәрі жасанды әрі кӛшіріліп алынған болатын (А. Ф. 
Лосев). Аңыз бойынша бұл кезбе кедей философ ӛзінің құлпытасына «Әлем 
мені сүріндірсе де, құлата алмады» деген эпитафия жазып қалдырған екен. 
Мұнда «әлем» деп кезбе тақуа «сыртқы ӛмірді, әуре-сарсаң ӛмірді» айтады.
Бұл «шаруа философтың» философиялық кӛзқарастарындағы негізгі 
идея – антропологизм. Ол таным тек адам арқылы ғана жүзеге асады деді. 
Адам – микрокосм, танымға негіз болатын ӛмірдің қазығы. Ол болмыс 
мәселесіне үлкен мән берді және онда үш әлем бірдей ӛмір сүреді деді: адам 
болмысы (микрокосма), Жаһан болмысы (макрокосма) және «үлкен және 
кіші әлемдерді әрі байланыстырып, әрі ӛзінде бейнелейтін «символдық» 
шындықтың болмысы».
Сол себепті оның жүйесіндегі екінші басты идея – мистикалық, 
тылсым символизм, ол болмыс пен оның жасырын жақтарының арасындағы 
табиғи байланыстарды аңғаруға мүмкіндік береді. Антропологиялық 
символизмге сүйене отырып, Сковорода Інжілді махаббаттың, тіпті 
ғашықтықтың басты нысаны ретінде қарастырады. Сол себепті де оның 
метафизикасына да, теологиясына да мистикалық тән. «Ерік пен ақылдың 
ғажайып тереңдігі бір», бірақ ӛмірде олар екі бӛлек, сол себепті 
бастапқыдағы тұтастыққа қалай да жетуге ұмтылады. Ерік керемет құдіретті 
күш, бірақ соқыр, ал ақылдың кӛзі ашық болғанымен, күші жоқ. Ӛмірдегі 
мақсат «туған шаңыраққа оралу», сӛйтіп ақылдың кӛмегімен шындыққа кӛз 


жеткізу, ал еріктің күшімен танымға жету. Осылайша Сковороданың 
ойынша, табиғатыңды танып білу, ӛмірде ӛзіңді тану, ӛзіңнің рухыңның 
әмірін терең сезіну, ӛзіңнің «Менің» туралы ойлап-толғану үлкен бақыт 
деген тұжырымға келеді.
Билікті ӛзгерту туралы әлеуметтік-саяси идеялар, тарихи процестің 
қозғаушы күштері мен тарихтың дамуындағы тұлғаның рӛлі декабристердің 
еңбектерінде баяндалады (П. И. Пестель, И. Д. Якушкин және т.б.). Ӛзіңнің 
заманынан озық туған П.И. Пестель (1793-1826 жж.) жаңа буржуазиялық-
демократиялық басқару формасын қалыптастыру үшін революция 
жеткіліксіз, ол елге тәртіпсіздік әкеледі. Әскери тӛңкеріспен ғана шектеліп, 
сосын реформаларды біртіндеп жүргізу керек деді. Ол ӛтпелі кезеңнен – 
уақытша Жоғары билік диктатурасын ӛткеру кезеңінен ӛту үшін 10-15 жыл 
мерзім керек, сол уақыт ішінде аграрлық мәселені шешу керек. 
Крепостнойлық құқықты жойған соң, шаруаларға жер беріп, бостандықтарын 
қамтамасыз ету қажет. Пестельдің әлеуметтік бағдарламасын сипаттай келіп, 
Герцен оны Ресейдің «социализмге дейінгі бірінші социалисті» деп атайды. 
Сӛйтіп, оны «орыс социализмі» теориясының да тікелей кӛшбасшысы деп 
таниды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет