Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


философиялық онтологияны ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі



Pdf көрінісі
бет180/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   217
философия хасанов

философиялық онтологияны ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі 


гносеологияны (таным теориясын) да алмастыруға үндейді. Логикалық 
позитивистер, сӛз жоқ, ғылым әдіснамасы (методологиясы) мәселесімен 
айналысатын философтар мен басқа да мамандардың назарына ілікті, 
логикалық формализация мәселесіне кӛңілдерін аударды және ғылым 
әдіснамасы бойынша зерттеулерге заманауи математикалық логика 
ұғымдары мен әдістерін енгізуге мүмкіндік берді, әрі олардың кӛмегі арқылы 
позитивистер ғылым тілін кең тұрғыда талдаудың ӛзіндік бағдарламасын 
жүзеге асыруға тырысты.
Алайда ғылыми танымның философиялық талдауын «қатаң позитивті», 
«кез келген философиялық алғы шарттардан тыс» ғылым логикасына 
ауыстыруға олардың шамасы жетпеді. Қазіргі кезде бұл – философиялық 
әдіснамалық әдебиеттегі кӛпшілік мойындаған факт. 
Логикалық позитивистер ұсынған ғылым тілін логикалық талдау үлгісі 
философиялық тұрғыда алғы шартсыз емес еді. «Ғылым тілін талдаудың 
кейбір әмбебап әдісіне» үміттене отырып, логикалық позитивситер белгілі 
бір тұжырымдамаға ақиқаттық критерийін орнату тәсілі, ғылыми тілінің 
шындыққа қатынасы және т.б. дәстүрлі әдістемелерге сүйенуге мәжбүр 
болды. Міне, осы барша мәселе мен оны шешу тәсілдері, олар логикалық 
позитивистерде дәстүрлі философиялық гносеологиялық тұжырымдардан 
сырттай, тым алыс түрде кӛрініс тапқанымен, шын мәнісінде философиялық 
сипатқа ие еді. Осы мәселелердің бірталайының қойылуы мен шешімін табуы 
дәстүрлі гносеологияның бірқатар позитивистік және феноменалистік 
тұжырымдамаларымен белгілі бір шектесу нүктелеріне ие екендігіне кӛз 
жеткізу қиын емес. 
Позитивизм жалпы теориялық білімнің белгілі бір түрі ретінде 
философияны теріске шығаруға талаптанады. Ол барлық шынайы теориялық, 
танымдық мәселелер «позитивті» арнайы ғылыми ойлау құралдарының 
кӛмегімен шешілуі мүмкін деп есептейді. Алайда позитивизм философияны 
арнайы ғылыми ойлаумен алмастыру емес, әрі ол примитивті (қарапайым) 
сциентизм де болып саналмайды. Ол философиялық ілім ретінде алға 
шығады, себебі «шекті» философиялық мәселелерді шешу мүмкіндігіне 
қандай да бір теориялық баға беруге тырысады, бұл мәселелерден қашпайды 
және оларды ескереді.
Мұның барлығы ғылыми танымның философиялық талдауын оның 
формалды-логикалық 
талдауына 
алмастырумен 
ғана 
шектелмейтін 
логикалық позитивзмге жатады. Логикалық позитивизм ғылыми танымның 
формалды логика да, танымды зерттейтін қандай да бір басқа арнайы ғылыми 
пәндер де жасауға үміттенбейтін белгілі тұжырымдамасын әзірлеуге басты 
үміткер. Бірақ жоғарыда айтылған таным тұжырымдамасы жалпы танымның 
жекелеген жақтарын зерттеумен байланысты жеке формалды-логикалық 
үлгілер 
негізінде 
қалыптасатындықтан, 
танымның 
философиялық 
мәселелерін осы тұрғыдан (позициядан) шешуге болмайды. Логикалық 
позитивистер білімді талдаудың жеке ғылыми әдістердің бұл шектеулігін 
ӛзіндік философиялық канонизацияға ұшыратады, әрі тиісті философиялық 
мәселелерді теориялық тұрғыда шешу мүмкін емес деп жариялайды. 


Логикалық позитивизмнің соңы деп «Вена үйірмесінің» бұрынғы 
мүшелерінің бірі К.Гемпелдің 1950 жылдары жарық кӛрген мақалалар 
сериясын атауға болады, оларда саналылықтың басты ұғымының ӛзімен 
байланысты принципиалды қиындықтар мен тіпті кӛмескіліктер де кӛрініс 
табады. Логикалық позитивизмнің саналылық ұғымының осы қиындықтары 
мен кӛмескіліктері неопозитивизмнің басқа бір түрі – аналитикалық 
философия шеңберінде қарастырыла бастайды.
Аналитикалық философия – тек әлдебір «мектеп» қана емес, сонымен 
қатар «философиялық ойлаудың белгілі бір стилі. Соңғысы кең мағыналы 
философиялық қорытындыға абайлап қараумен қатар пайдаланылған 
терминологияның қатаңдығы мен дәлдігін жобалап түсіндіреді». Бұл – ХХ 
ғасырдағы философиялық ой шеңберіндегі, әрі айрықша метафилософиялық 
пән шеніндегі ерекше интеллектуалды «қозғалыс». Ол бір текті емес және 
аналитикалық философия дамуының әр түрлі кезеңіндегі оның кӛптеген 
жетекші ӛкілдері антипозитивтік бағыт ұстады. Ұстанбағандар – Вена 
үйірмесінің мүшелері (А.Грицианов). 
Аналитикалық философия ӛкілдері (Дж.Мур, Л.Витгенштейн, 
Дж.Уиздом, Дж. Райл, Дж.Остин) философия ӛздігінен ешқандай жаңа 
ақпарат бере алмайды, «ол тек ғылым мен тәжірибе не айтады, соны ғана 
анықтаумен айналысады» деп түсінген. Танымның Давид Юмға барып 
тірелетін субъективті-идеалистік теориясы тұрғысынан олар логикалық 
талдау әдістерін Расселдің «логикалық атомизм» доктринасымен және 
верификация принципімен толықтырды. Аналитикалық философия ӛкілдері 
ӛзіндік философиялық доктринаны негіздеді, оған сәйкес философия теория 
емес, және де математикалық логика негізінде «бейтарап» аналитикалық 
қызметпен айналысатын пән ретінде ғана қарастырылуы мүмкін. 
«Философияның мақсаты – ойдың логикалық тұрғыдан айқындалуы» 
(Л.Витгенштейн).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет